10 – дәріс: Абай ілімі.
1.Адамның жоғары мақсаты
2.Абай іліміндегі имандылық
3.Әлем болмысы: Алла тағаланы танып-түсіну, адам болмысын білудің маңызы. Өзін-өзі тану
4. Адамның рухани болмысы
Әдебиеттер:
1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.
2. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы, 1982.
3. Әліпханов М. Абай – адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын / Абай және қазіргі заман. – Алматы: Ғылым, 1994. – 258-275 бб.
4. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. - 279 б.
Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене түсетіні бар. Гуманист атаулы ғалымдардың бәрі де бұл дүниедегі асылдың асылы, ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы қалыптасатын мінез-құлықтың ең басты сипаты неден тұрмақ деген сұраққа әр заман ойшылдары өзі жасаған заман талабына орай жауап беруге ұмтылған. Бұған исламият әлемінде, әсіресе, Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге әл-Фараби бастаған XI ғасырдағы Жүсіп Қас Хаджиб, XII-XIII ғ-ғы Ясауи, Ш. Табризи (Тарази), Ж. Руми жалғастырған жәуанмәртлік, хал ілімі, камили инсани жайындағы ой-толғаныстары танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында Абай бұл мәселеге айрықша назар аударып, өзіне дейінгі ойшылдар дәстүрін жалғастырып дамытып, толық адам туралы ілімнің негізін салса, XX ғасыр басында өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы жалғастыра дамытты.
Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі», – деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, –
деп адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы ұғымдардың сырын 7- қара сөзінде айтылатын «жанның тамағы» дейтін пәлсапалық мағынасы бар ұғыммен салыстыра отырып сырын ашсақ, көп мәселенің тамырын дөп басамыз. Осы өлеңде ерекше мән бере аталатын Шығыстың озық ойлы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) атақты шәкірті Жүсіп Қарабағи (XVIII ғ.) «Рисаласында» «жанның азығы» деген ұғымды еске (память) байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» (духовная пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азығы (шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік) екіншісі – жанның зиянды азығы (күншілдік, жалған сенім) деп атайды.
Абай танымындағы «жанның тамағы» да жан қуаты арқылы біртіндеп қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені Абай «...құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп көрсетуі арқылы әрбір талапкер жас өзінің дүниетанымының қалыптасу жолында жанның пайдалы тамағымен сусындауға саналы түрде бет бұрса ғана толық адам жолына түсе алмақ, болмаса жоқ.
Ақынның «бес нәрседен қашық бол» деп таңбалап отырғаны адамды аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар, әсіресе, ақынның қарасөздерінде молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам, жарым адам, толық адам, адамның адамдығы, адамшылық, адамшылығының кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы, инсанияттың кәмаләттығы т. б. терминдік мәні бар сөздердің бәрі де толық адам жайлы пікірлерімен сабақтасып жатады.
Абай өз шығармаларында адам болудың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан жастардың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып іздегені - толық адам. Абайдағы толық адам – жан-жақты дамыған, рухани жетілген, кемеліне келген адам. Абайдың толық адам жайындағы танымын ғылыми тілмен оқырманға тереңінен түсіндіріп берген ғалым М.Мырзахметұлының 1982 жылы жарық көрген «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясында алғаш Абайдың исламиятқа қатысы мен мораль философиясына қатысы зерттеліп, бір ізге түсіріледі. Ғалым сөзіне ден қойсақ былай делінген: «Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды».
«Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында «адам» ұғымының алатын орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге көш басы болған философ – Сократ.
Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы. Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай адам баласына қажетті үш нәрсе ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, -.
дегенде Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды атайды. Осы үш ұғымнан туындайтын әділет, рахым, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Бұл Абайдың отыз сегізінше қарасөзінде қолданылатын «толық адам» деп аталатын терминдік сөздің тікелей баламасына келеді. Кемел адам мәселесі мұсылмандық әлемнің сопылық ағымында ХІ-ХІІ ғасырда-ақ қалыптасып, шырқау биігіне жетіп, сол негізде 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» дастанында толық баяндалып суреттелген болатын. Сопылық «хал ілімі» саласында негізі қаланып, даму жолына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай өз заманы талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамыту арқылы қазақ даласында – адамшылықтың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді.
Адам баласы өмірде түрлі көңіл-күйді бастан кешеді. Оның қалай көрінуі адамның болмысы мен парасатына, мінезі мен ауылына байланысты. Абай лирикасы - оның барлық қуанышы мен қайғысының, үміті мен күдігінің жалпы көңілінің айнасы. Абай лирикасын сөз еткенде, ақынның тікелей адам сезіміне құрылған, ауыл жанын тебіренткен кейбір лирикалық өлеңдермен ғана тақталмақпыз. Мазмұны, тақырыбы жағынан оумау тұрған бірсыпыра өлеңдер баласы Абдрахман мен інісі Оспанға арналған. Сүйікті інісі мен баласының қазасына қайғырған ұлы ақынның адамгершілік сипаты танылады. Бұл қайғылар м.Әуезов айтқандай «өзі оқымысты, білгір және халық қамы үшін ойланған қамқор ойшылдың қайғысы болды» (Әуезов М. А.Құнанбаев. Алматы: санат 1995. 156 б)
1891 жылы Абайдың ең жақсы көретін інісі, адал дос серігі Оспан қайтыс болғанда «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай соқпа, енді!» сияқты «Жақсы-жаман көргені». «Ойлай-ойлай у болып», «Сені серге жан таба алмай, сенделген ет жүрегінен» түңілген көңіл шері, жалғыздық мұңы шертілген зарлы шер жарлары туды. Аллитерация тәсілі арқылы аса бір екпінді шебер үйлесіммен Оспанның өліміне қабырғасы қайыса отырып жазған «Оспанға» деген шап-шағын өлеңде азаматтың алып тұлғасы, адамдық қасиеті, қайтпас қайрат жігері, жалыңды жас өмірі, жақсы істері жіпке тізілгендей ап-айқын көз алдына келіп, нағыз адами қадір-қасиетін шын сезінесің.
Жайлаған туың жағылмай,
Жасқанып жаудын тығылмай.
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жайдарлы жүзің жабылмай,
Жандақтап қашып сабылмай,-деп Оспан өліміне ... де өмір барлығын көңіліне сүйеніш етіп, жақсы інісінің игі істерімен жалын жұбатуын ақын өлең соңында:
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай, деп түйеді.
Бұл ақын басындағы трагедиялық жайдың оптимистік рухқа толы, түйінде тұсы. Ет жүрегін езген қайғыдан жаншыла бермей, інісінің өлген өміріне сүйсіне отырып, көкірегін қасіреттен тазартқысы келеді.
«Кешегі Оспан Бір бөлек жан» делінетін Оспан қайғысынан туған екінші өлең де адамгершіліктің үлгісі балалықтай жаңа көркемдік түрмен жазылған.
Ұзақ уақыт қатты ауырып жатқан Әбдрахман 1895ж қараша, Алматы қаласында қайтыс болды. Ардақты баласы Әбіштің өлімі, жан күйер інісі Оспанның өлімінен де ауыр, тағы бір қалық қайғыға өзегі өртеніп дертте енген, мейірбан әкенің зар-шер жырларын туғызады. Әбіш қазасына арналған осы алғашқы өлеңі жоқтау сырыпылда жазылмаған... Өзінің «қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме» дейтін қағидасы бойынша жазылған «Арғы атасы қажы еді», - деп бастап қадір-қасиетін сипаттай келіп:
Олар да тірі қалған жоқ,
Тірлік арты өлмек-ті.
Оны да алды бұл өлім,
Сабырлық қылсаң керек-ті,-
деп ауыр қайғыны ақылға жеңгзіп, өзін-өзі жұбатып, дертіне дәрмек тапқандай болады.
«Кешегі Оспан ағасы»
Өлең алғаш рет 1933 ж. Жинақта басылған. Бұл өлеңінде де Әбдрахманның қайғысына толғанып, Әбдрахманды, Оспанды есіне алады:
«Оны да алған бұл өлім,
Сабырлық қылса керек-ті», -
деп өзін -өзі жұбатады.
Өкінер уақытын болды ғой,-деп күңіренеді. Өзі жасаған тұстағы халқының бойындағы кейбір жағымсыз қылықтарды Абай көп сынады.
Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен, 1994. - 120 б.
Достарыңызбен бөлісу: |