Сұрақтары. Жарнамадағы зерттеулердің негізгі типтері. Зерттеу бағыттары: мотивтік зерттеу. Марка бейнелерімен танысу, каналдармен танысу, жарнамалық хабарламалардың эффектілі бағалаулары, анализдің түрлері мен параметрлері.
Жарнаманы безендіру технологиясы
Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен:
- Жарнамадағы өнімге белгілі қызығушылық танытатын және оқырманның назар аударатын;
тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету;
бірнеше ұсақ безендіруден гөрі, бір ғана көлемді безендіру пайдаланған жөн;
мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс.
Көркемсурет жәй суретке қарағанда оқырмандардың назарын аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б бейне көріністерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде фотосурет шынайы көрінеді, адамның көңілінде сенім ұялатады. Бірақ фотосурет адамды тауар артықшылығын назарын «тартпауы» керек. Бір жарнамадағы сурет немесе фотосуретті бірге қолданбаған жөн.
Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар
Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.
Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек:
жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі;
қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».
Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске асады.
«Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының атауын еске түсіреді.
Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.
Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек.
Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес.
Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:
1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.
2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның ұтымдылығы 28 пайызға өседі.
3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.
4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу керек.
5. Жеке қызығушылықты ояту.
6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.
7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына емес, өнім сапасына аударып бағыттау.
8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.
9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық стилімен тарту.
10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
№1 Қазіргі шынайылықтағы жарнаманың рөлі
1. Жарнаманың ақпарат құралдарымен өзара байланысы. Бұл ықпалдың қайсысы жағымды және жағымсыз аспектілері
2. Қазіргі жарнама. Оның сапасы, саны, тақырыбы, формасы
3. Жарнама біздің қзіміз және басқалар туралы ойларымызға қалай әсер етеді? Жағымды және жағымсыз жақтары
Мақсаты: оқушының жарнама туралы өзіндік қатынасын және қазіргі шынайылықтағы оның рөлін қалыптастыру.
Әдісі: «Дискуссиялы ойын»: студенттерге мәселеге байланысты екі командаға бөліну ұсынылады.
№2 Жарнаманы құру технологиясы
Жарнамалық объектінің және біртұтас аудиторияны анықтау
Мақсаты: жарнамалық ақпаратты ойлап құрастыру іскерлігін қалыптастыру және зерттеу іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.
№3 Жарнамалық концепцияның өңдеуі
1. Концепция түсінігі, жарнамалық концепция ерекшеліктері және негізі.
2. Жарнамалық концепцияның функциялары, рөлдері
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру.
№4 Жарнамалық концепция құрылымы
1. Жарнамалық стратегия. Түсінігі, негізі.
2. Жарнамалық стратегияның мақсаты, тапсырмалары.
3. Болжам және оның әртүрлілігі
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.
№5 Жарнамалық стратегия өңдеу және жарнамалық жоспар
1. Жарнама түсінігінің спецификалық бейнесі әлеуметтік-мәдени және психологиялық феномен ретінде.
2. Жарнама функциясы және негізі.
3. Жарнаманың рөлі және функциялары жарнаманың құрылымдық элементтері.
Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.
№6 Жарнаманы қабылдау психологиясы
1. Жарнаманы қабылдау психологиясы.
2. Қабылдау түсінігі және оның спецификалық бейнелері.
3. Жарнамалық ақпаратты қабылдау модельдері
№ 7 Жарнамалық ақпараттардың конструкциялау мазмұны
1. Жарнамалық мәтін туралы түсінік
2. Оның түрлері, жарнамалық мәтіндердің
Мақсаты: жарнамалық ақпараттардың конструкциялау області бойынша теориялық білімді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.
№8 Жарнамалық бейнелерді құрудың әдістері мен ережесі
1. Жарнамалық кескін және оның құрастырушысы
2. Жарнамалық кескін: қызметі мен қасиеттері
Мақсаты: жарнамалық бейнелерді психологиялық-сауатты құрылымдау області бойынша теориялық білімдерді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.
№9 Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиялары
Жарнамадағы манипуляция психотехнологиялары: тереотиптер, аңыздар, автоматизм.
Мақсаты: жеке тұлғаның өміріне жарнамалық іс-әрекеттің әсері туралы студенттерде ой қалыптастыру.
№10 Хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары
1. Радио-жарнамалар. Түсінік, аудио жарнамалық каналдардың мінездемесі мен спецификасы
2. Бейне жарнама. Түсінік, телевизиялық жарнамалық каналдардың мінездемесі, телевизиялық роликтардың құрылымдық элементтері
Мақсаты: Жарнамалық хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары бойынша жинақталған теориялық білімді практикамен ұштастыру.
№11 Зерттеу жұмыстарын жарнамаға бағыттау
1. Жарнамадағы зерттеу жұмыстары және олардың мінездемесі.
2. Жарнамадағы зерттеу жұмыстары бағыттарының мазмұны: жарнамалық мәліметтердің психологиялық бағасы және жалпы жарнамалық компаниялар, практикалық зерттеу жұмыстары.
3. Жарнамалық компания этаптарына сәйкес зерттеу міндеттері
№12 Пошталық жарнама
1. Пошталық жарнамалық каналға мінездеме, құрылымдық элементтері, классификациясы
2. Пошталық жарнамаларды өндірудің технологиясы, құрудың негізгі құралдары
3. Пошталық жарнамаларды безендіру мен өндірудің талаптары.
№13. Жарнамадағы зерттеулердің негізгі типтері
1. Зерттеу бағыттары: мотивтік зерттеу.
2. Марка бейнелерімен танысу, каналдармен танысу, жарнамалық хабарламалардың эффектілі бағалаулары, анализдің түрлері мен параметрлері.
№14. Жарнамалардағы зерттеудің негізгі типтері және оларды жүзеге асырудың әдістері
1. Жарнамадағы зерттеулердің негізгі типтері.
2. Зерттеу бағыттары: мотивтік зерттеу.
4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Студенттер белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.
3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.
4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.
5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.
5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау
Студенттердің өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттердің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студентөздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттердің табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттердің оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
БӨЖ тақырыптарының тізімі
1 Жарнама психологиясы ғылымы объектісі туралы көзқарастар
2 Жарнама функциясы және мәні
3 Жарнамалық концепцияның өңделуі
4 Жарнамалық стратегия құрылымы
5 Жарнамалық жоспардың өңдеу
6 Жарнаманы қабылдау психологиясы
7 Жарнамалық мәтіндерді даярлаудың әдістері мен ережелері.
8 Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиялары
Бақылау сұрақтары
Жарнамалардың психологиялық зерттеулердегі мазмұны және формальді-динамикалық мінездемесі.
Жарнаманы психологиялық экспертизалау мәселесі.
Жарнаманың эффективтілік бағасы.
Жарнамадаға диалогтық қызмет
Аудан көлемі бойынша әр-түрлі жарнамалық топтар өзара қалай сәйкестендіріледі?
Сапасы мен саны бойынша қандай хабарландыру топтары маңызды?
Жарнама көп мөлшерде кімге бағытталған?
Қандай психотехникалық әдістер қолданылған
Жарнамаларды психологиялық зерттеу кезіндегі мазмұнды және формальді-динамикалық сипаттамасы.
Жарнамадағы психологиялық экспертиза мәселесі.
Жарнамадағы эффектіні бағалау.
Диалог түріндегі жарнамалық қызмет
«Жарнама психологиясы» пәнінен
студенттердің білімін бағалауға арналған сұрақтар
1. «Жарнама» термині қай тілден шыққан, нені білдіреді?
А. Грек тілінен шыққан, «жарнамалау» дегенді білдіреді.
Ә. Араб тілінен шыққан, «сөйлеу» дегенді білдіреді. Б. Латын тілінен шыққан, «айқайлап сөйлеу, хабардар ету» дегенді білдіреді.
В. Орыс тілінен шыққан, «жазу» дегенді білдіреді.
Г. Ағылшын тілінен шыққан, «жариялау» дегенді білдіреді.
2. Жарнамалық ақпараттың ағымдағы ақпараттан айырмашылығы неде?
А. Жарнама адамға, бір тауарға немесе қызмет түрін пайдалануға насихаттау арқылы әсер ету.
Ә. Жарнама адамның тауарды пайдалануға сұраныс тудыратын құралы.
Б. Жарнамалық ақпарат тез көндіретін тіркестерден тұрады.
В. Жарнамалық ақпарат қоғамның маңызды мәселелерін көтереді.
Г. Жарнамалық ақпарат жедел тарайды, шапшаң жылдамдықпен халықты хабардар етеді.
3. Ең алғаш жарнама қай елде пайда болды?
А. Үндістанда. Ә. Ұлыбританияда. Б. Ресейде. В. Египетте. Г. Францияда.
4. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған? А. Жарнамалаушы. Ә. Глашатайлер. Б. Клишаттар. В. Жарнама беруші. Г. Рекламист.
5. Ежелгі Римде жарнамалық жазбалар қайда жазылды? А. Ағаш тақтайшаларына Ә. Папируске Б. Қағазға В. Оқулықтарға Г. Қабырғаларға.
6. Гутенберг баспа станогын қай жылы ойлап тапты? А. 1444ж. Ә. 1404ж. Б. 1450ж. В. 1478ж. Г. 1446ж.
7. Алғаш Лондонда басылған жарнамалық хабарландыру қай жылы шықты?
А. 1449ж. Ә. 1472ж. Б. 1401ж. В. 1467ж. Г. 1471ж.
8. Бенджамин Франклин негізін қалаған «Газетт» басылымы қай жылы жарық көрді?
А. 1777ж. Ә. 1778ж. Б. 1743ж. В. 1729ж. Г. 1735ж.
9. Жарнама агенттіктері нешінші ғасырда құрылды?
А. ХХ ғ. Ә. ХІХ ғ. Б. ІХ ғ. В. ХҮІІ ғ. Г.ХХІ ғ.
10. Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?
А. Италияда Ә. Ұлыбританияда Б. Америкада В. Жапонияда Г. Францияда.
11. Жарнама агенттіктерінің қызметіне берілетін төлемнің неше әдісі бар?
А. 2 Ә. 6 Б. 8 В. 10 Г. 4
12. Алғаш жарнама мәтінімен қоса фотоиллюстрациялар қай жылы пайда болды?
А. 1800ж. Ә. 1824ж. Б. 1839ж. В. 1886ж. Г. 1806ж.
13. Директ - маркетинг дегеніміз не?
А. Тұтынушымен тікелей қатынасқа түсетін сауда қызметі. Ә. Тұтынушының көңіл-күйін, талабын орындайтын сауда түрі. Б. Тұтынушының тауарға деген сұранысы. В. Кірістен түсетін пайда. Г. Бір тауарды жарнамалдайтын шаралар.
14. Жарнаманың адамның сезім мүшелеріне әсер етуінің неше түрі бар?
А. 12 Ә. 8 Б. 10 В. 6 Г.
15. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама қалай жіктеледі?
А. Ішкі, сыртқы, аймақтық, әлемдік Ә. Мемлекеттік, қоғамдық, мемлекетаралық, шекаралық Б. Аймақтық, жалпыұлттық, халықаралық, жергілікті В. Ұлттық, қоғамдық, жеке, әлеуметтік, танымдық Г. Бүкілхалықтық, жалпы, арнайы, салалық.
16. Жарнама құралдарын неше топқа бөледі?
А. 6 Ә. 4 Б.10 В. 2 Г. 8
17. Жарнаманы құрайтын негізгі элементтер?
А. Шрифт пен сурет Ә. Графикалық элементтермен дыбыс Б. Сурет пен дыбыс В. Мәтін мен дыбыс Г. Мәтін мен сурет
18. Баспасөздегі жарнаманың неше түрі бар және қалай аталады?
А. 3 түрі (жалпы, ұлттық, қоғамдық сипаттағы жарнама) Ә. 4 түрі (салалық, жарнамалық хабарландыру, жаңалықтар, қоғамдық) Б. 2 түрі (жарнамалық хабарландыру, жалпы жарнамалық сипаттағы публикациялар) В. 1 түрі Г. Баспасөздегі жарнама бөлінбейді.
19. Аудиовизуальді жарнамаға нені жатқызуға болады?
А. Кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы) Ә. Кинофильмдер, видеофильм, слайд-фильмдер Б. Жарнамалық хабарландыру, үгіт насихаттау В. Интернетті Г. Баспа өнімдері
20. Жәрмеңке дегеніміз....
А. Тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар. Ә. Айналымға кеткен тауардың шығыны. Б. Тауардан түскен пайда. В. Тауарды өндіруге жұмсалған ақша. Г. Ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған коммерциялық шаралар.
21. «Директ мейл» дегеніміз....
А. Тікелей қоғамдардың қатысуымен берілетін жарнама. Ә. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама. Б. Дыбыспен берілетін жарнама. В. Тікелей пошта арқылы берілетін жарнама. Г. Баспасөз арқылы берілетін жарнама.
22. Сыртқы жарнамаға қойылатын талаптар нешеу?
А. 1 Ә. 5 Б. 10 В. 8 Г. 4.
23. Жалпы шрифтінің неше түрі бар?
А. 3 Ә. 12 Б. 2 В. 4 Г. 14.
24. Жарнама мәтінінің неше түрі бар?
А. 4 Ә. 8 Б. 10 В. 2 Г. 5.
25. Транспарант дегеніміз не?
А. Үнемі беріліп тұратын жарнама. Ә. Жарнаманың мәтіні. Б. Жарнама беруші. В. Белгілі бір уақытта жарнама. Г. Таблоидтарда берілетін жарнама.
26. Тауарды қандай принципке байланысты жіктейді?
А. Тауардың өнімділігіне орай Ә. Өндірушінің көңіл-күйіне Б. Салалық және пайдалану әдісі бойынша В. Тауардың сапалылығына сүйенеді Г. Жіктелмейді.
27. «Паблик рилейшнздің» жарнамадан айырмашылығы неде?
А. PR ұсынылатын өнімді өндіруші ұйымның қоғаммен байланысын қалыптастырады. Ә. PR-дың жарнамадан айырмашылығы жоқ. Б. Астыртын, жасырын түрде тауарды пайдалануға үгіттейді. В. Тауарды өткізу үшін түрлі алдау-арбау әдістерін пайдаланады. Г. Жанама жарнама жасайды.
28. «Имидж» сөзі қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
А. Француз тілінен шыққан, «түр» дегенді білдіреді. Ә. Орыс тілінен шыққан, «өзгешелік» дегенді білдіреді. Б. Чех тілінен шыққан, «жаңару» дегенді білдіреді. В. Түркі тілінен шыққан, «танымал» дегенді білдіреді. Г. Ағылшын тілінен шыққан «бейне» деген мағынаны білдіреді.
29. Алғаш РR сөзін кім қолданды? А. В.И. Ленин Ә. Ф. Кастро Б. Т. Джеферсон В. Э. Бернауз Г. В. Сухомлинский.
30. PR қызметінің негізгі функцияларының неше түрі бар?
А. 8 Ә. 4 Б. 10 В. 1 Г. 6.
31. Ақпарат агенттіктері дегеніміз......
А. Жедел ақпарат тарататын мекеме. Ә. Халық игілігі үшін тегін таратылатын маңызды ақпарат беруші ұйым. Б. Ғылыми зерттеулерге талдау беретін орталық. В. БАҚ-та мемлекеттік, қоғамдық қаржылай негізде жаңалықтармен қамтамасыз ететін ұйым. Г. Тауарды шетелде жарнамалайтын агенттік.
32. АҚШ-тың ең ірі ақпарат агенттігі қалай аталады?
А. Юнитед – Пресс Ә. Прайм –Тасс Б. Итар –Тасс В. Голден Пресс Г. Ассошайтед Пресс.
33. Жарнама беруші дегеніміз...
А. Жарнама мәтінін жасаушы адам. Ә. Тауарға деген сұраныстың мөлшерін белгілеп отыратын тұлға. Б. Жарнаманың пайдасын ойлаушы. В. Жарнаманың таралуымен, хабарлануына жауап жауапты болатын, заңды немесе жеке тұлға. Г. Жарнаманың бейнеролигін жасаушы.
34. Смета....
А. Жарнамалық іс-шаралардың қаржылай жоспары. Ә. Тауардың кемшіліктерін жинайтын. Б. Жарнама компанияларының шығыны. В. Фирманың жарнамалық қызметі. Г. Қаржылай жоба.
35. Тауар белгісінің негізгі типтері нешеу?
А. 1 Ә. 4 Б. 5 В. 8 Г. 12.
36. Ұжымдық белгі дегеніміз...
А. Біріккен ұйымның белгісі. Ә. Шаруашылық ассоциациялар, одақтар белгісі. Б. Тауарды пайдаланып, экспортқа шығаруға қойылатын талап. В. Тауарды лицензиялау. Г. Қарапайым белгі.
37. Бэкграунд ...
А. Сенсация Ә. Тауар өндіруші Б. Қоғамдық пікір В. Өсек-аяң Г. Ағымдағы жаңалық.
38. Верстка ....
Жазу, бояу Ә. Талдау жасау Б. Графикалық элементтерді, мәтінді фотография қажетті, дұрыс формада орналастыру В. Компьютердегі бейнені қағазға түсіру Г. Жарнаманы интернетте қолдану.
39. Инфожарнама дегеніміз....
А. Ойын-сауық, көңіл көтеретін жарнама. Ә. Халықты күнделікті жарнамамен хабардар ету. Б. Тауарға сұраныс тудыру үшін жүргізілетін насихат. В. Тауарды сату мақсатымен берілетін бағдарлама. Г. Алып-сату жарнамасы.
40. Кегль ...
А. Жазудың өлшемі Ә. Символ, баспа белгісі, қаріптің өлшемі Б. Жарнама орналасқан беттің өлшенуі (баспасөзде) В. Сызу Г. Қысқартылған мәтін.
41. Логотип ...
А. Фирманың графикалық белгісі Ә. Белгіні ойлап табу Б. Сызба түрі
В. Жазба түрі Г. Жаңалық.
42. Радио немесе теледидардан берілетін жарнамалық сипаттағы материалды қалай атайды?
А. Слайд Ә. Самплинг Б. Спичи В. Девиз Г. Ролик
43. Дискетада сақталған дайын иллюстрациялар .....
А. Тұрақты Ә. Жазба Б. Сызықты В. Стандартты Г. Фото.
44. Регламент талаптарына сәйкес демонстрация немесе көруге ғана арналған тауарды қалай атайды?
А. Эмблема Ә. Спич Б. Экспонат В. Ролик Г. Слайд.
45. Факт – лист нені білдіреді?
А. Пресс-конференцияда таралатын парақшалар. Ә. Ұйымның қызметінен хабардар ететін қысқаша түрдегі қызмет. Б. Маңызы жоқ ақпарат. В. Ағымдағы жаңалық. Г.Маңызды ақпарат көзі.
46. Спич дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |