Пјні бойынша оќыту баєдарламасыныѕ (Syllabus) титулдыќ параєы


Пәннің мақсаты және тапсырмасы



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/3
Дата28.02.2018
өлшемі0,53 Mb.
#10885
түріБағдарламасы
1   2   3

4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

– болашақ мамандарды терең де жан – жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру;

– кәсіби педагогикалық білімінің ғылыми негіздерін қалыптастыру;

– болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру;

– болашақ педагог–психологтардың тұлғалық – кәсіби тұрғыда өзін–өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру .

Міндеттері:

– студенттерде өркениеттік – антропологиялық тұрғыдан тарихи – педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

– тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;

– жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи – салыстырмалы сипатта қарастыру;

– педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту;

– тарихи – педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің бастапқы біліктерін қалыптастыру;

– педагогикалық сана мен тарихи – педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыруына ықпал жасау.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

– болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру;

– болашақ педагог–психологтардың тұлғалық – кәсіби тұрғыда өзін–өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру .

Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:

– тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;

– жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи – салыстырмалы сипатта қарастыру;

– педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту;

– тарихи – педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің бастапқы біліктерін қалыптастыру;

– педагогикалық сана мен тарихи – педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыруына ықпал жасау.



6 Пререквизиттер: «Педагогика», «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогикалық шеберлік».

7 Постреквизиттер: «Қазақстандағы педагогикалық ғылым», «Әлем халықтарының педагогикасы», «Этнопедагогика», «Шетелдік педагогика ғылымының дамуы».

8 Пәннің тақырыптық жоспары (к/о бөлімі)

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары (к/о бөлімі)




Тақырыптардың атауы

Сағат саны

к/о бөлімі ОСО


Дәр

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5




1 тарау. «Педагогика тарихы» курсының теориялық- әдіснамалық негіздері.










1.

Кіріспе. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері.

2

1

5




2 тарау. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы.










2.

Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы

1

1

5

3.

Ежелгі мектеп пен тәрбие

1

1

5

4.

Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар

1

1

5

5.

Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы – XYIII ғасырдың аяғы)

1

1

5

6.

Батыс Европа елдеріндегі XIX –XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие

2

1

5




3 тарау. Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика










7.

X – XYII ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру










8.

XYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика

2




5

9.

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу

2




5

10.

Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы

2

1

5

11.

Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика

2

1

5




4 – тарау. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой– пікірлер

2

1

5

12.

Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI XY ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер

2

1

5

13.

XY ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер

2

1

6

14.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер

2

1

6

15.

Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.)

2

1

6

16.

XX ғасырлардың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері

2

1

6

17.

Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін)

2

1

6




Барлығы: 135с.

30

15

90


9 Пән туралы қысқаша мәлімет

Аталған курс студенттердің педагогика теориясын талдауды және тарихи құбылыстарға диалектикалық тұрғыдан қарауды меңгеруіне көмектеседі, тәрбие процесінің, сондай–ақ педагогика теориясының даму процесінің ішкі заңдылықтарын танып білуге жол ашады. Сабақ түрлері ұжымдық, топтық және жеке дара. Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер емтихан тапсырады.


10 Курс компоненттері

Теоретикалық курстың мазмұны

1 тарау. «Педагогика тарихы» курсының теориялық- әдіснамалық негіздері.

1 тақырып. Кіріспе: «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері.

«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихының пәні және мәндеттері. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі. Педагогика тарихының философиямен, мәдениет тарихымен, азаматтық тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әдебиетпен және басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.

2 тарау. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы.

2 тақырып. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.

3 тақырып. Ежелгі мектеп пен тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу. Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.

4 тақырып. Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар. Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар. Ортағасырлық Шығыстағы мектеп пен тәрбие. Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту. Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.

5 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы – XYIII ғасырдың аяғы). Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. XYII–XYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу – ағарту мекемелерінің жаңа типтері.

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары. К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы. Мектептік білімнің даму тенденциялары және оқу мекемелерінің жаңа түрлері (типтері). (Педагог– филантроптардың оқу – тәрбие мекемелері).

6 тақырып. Батыс Европа елдеріндегі XIX –XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие. Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. XIX ғасырдың педагогика классиктері. И.Г.Песталоццидің, Ф.А.Вильгельм Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі. Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика. Педагогикалық ойлардың дамуының негізгі бағыттары. Оқу мен тәрбиелеудің мектептегі тәжірибесі. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау.

3 тарау. Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика

8 тақырып. XYIII ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика. Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі. Тұңғыш мемлекеттік тәрбие – білім мекемелері. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.

9 тақырып. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу. Оқу –тәрбие мекемелері. Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі.

10 тақырып. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.

11 тақырып. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика. Ғылым мен гуманизм – үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы. Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективтік қажеттілік. Педагогикалық технологияларға шолу. Тұлғаға бағдарланған технологиялар. Негізгі тұжырымдамалық идеялар. Ынтамақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвилидің гумандық – тұлғалық технологиясы. Орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерінің сипаты.

4 – тарау. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой– пікірлер

12 тақырып. Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI XY ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, әл–Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі. Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселер. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Ұлы Дала ойшыларының педагогикалық ой – пікірлері (Қорқыт – Ата, Қ.А.Иассауи).

13 тақырып. XY ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік- қолданбалы және идеялық – эстетикалық мәні. Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс – ұлттық мектептер.

14 тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой–пікірлер. Мұсылдмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер. Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой – пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.

15 тақырып. Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.). ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық–педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.

А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.

М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсаты, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.

Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс–әрекеттері. Ж.Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мәнез–құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.

С.Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.

Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез – құлықтың, ақыл–ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы. Тәрбие әдістерін жасау.



16 тақырып. XX ғасырлардың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г.Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік – танымдық оқу іс–әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.

Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. Ауыл балаларының тәрбиесі туралы. Халықтық педагогика негіздерін қолдану. Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеуді психологиялық тұрғыдан қарау. Дене тәрбиесінің негіздері. Саналы тәртіпті тәрбиелеу, оқушылардың өзін–өзі басқару мәселесі. Тәрбие әдістері мен құралдары. Тұтас педагогикалық процесс жайлы идеялар. Оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың білімін есепке алу және бағалау, дидактикалық принциптер мәселелері. Тұрақты оқулықтар жасау жөніндегі идеялар. Эстетикалық тәрбие мәселелері. Педагогика тарихы мәселелерін оқу.

Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы. Қазақ ұлттық мектептерінің даму тарихы, осы дамудағы қазақ және орыс мұғалімдердің ынтымақтастығы. XX ғасырдың басындағы қазақ педагогикасы және оның дамуына орыс педагогикалық ғылымының ықпалы.

17 тақырып. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін). Бастауыш, орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі оқу-тәрбие орындары. Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру жөніндегі аспектәлері, Қазақстан Республикасының Білім Заңы, Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары. Мұғалімдер даярлаудағы өзгермелі әлем жағдайында үздіксіз білім беруді дамытудың ұлттық жүйесін жасау мәселелерінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметі.

Тәжірибелік сабақтарының мазмұны

1 тақырып. Педагогика тарихы пәні және міндеттері.

1. Педагогика тарихы ғылым ретінде.

2. Педагогика тарихының пәні және міндеттері.

3. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.



2 тақырып. Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие.

1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.

2. Месопотамиядағы мектеп және тәрбие процесі.

3. Ежелгі Египеттегі мектеп.

4. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.

3 тақырып. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.

1. Я.А.Коменскийдің көзқарастарына жалпы сипаттама.

2. Ұлы чех педагогының негізгі педагогикалық идеялары (табиғатқа сәйкестілік принципі, демократиялық және гуманистік идеялары, мектептің ана тілінде болуы).

3. «Ұлы дидактика» еңбегін талдау.

4. Я.А.Коменскийдің идеяларының мектеп пен педагогиканың дамуындағы маңызы.

4 тақырып. Джон Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.

1. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктері.

2. «Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары.

3. Ағылшын –философ – педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен құралдары.

4. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.

5. Ж.Ж.Русо бойынша жас кезеңдері олардың әрқайсысындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

6. Ж.Ж.Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясының мәні.

5 тақырып. Француз философ – материалистері К.А.Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары.

1. К.А.Гальвеций мен Д.Дидроның адам тұлғасы және тәрбиесінің мәніне көзқарастары.

2. К.А.Гальвецийдің негізгі педагогикалық идеялары.

3. Д.Дидроның педагогикалық көзқарастарына сипаттама.

4. Француз материалистерінің ағартушылық идеяларының маңызы.

6 тақырып. Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі.

1. Н.И.Пирогов бойынша жалпы адамзаттық тәрбиесінің мәні.

2. Н.И.Пирогов бойынша халықтық тәрбие жүйесі.

3. Мұғалім үшін оқытудың ережелері.

4. Тәрбиенің мәні, мақсаты және принциптері туралы түсінік.

10 тақырып. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

1. Ы.Алтынсариннің негізгі педагогикалық идеялары.

2. Оқытудың дидактикалық негіздері.

3. Ы.Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы.

4. Қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.

11 тақырып. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі.

1. А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі.

2. А.Байтұрсынов бастауыш мектептің типтері туралы. Ана тілінде оқыту туралы.

3. А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.



12 тақырып. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі.

1. М.Жұмабаевтың тәрбие мақсаты және тәрбие процесінің құрылымы туралы.

2. М.Жұмабаевтың көзқарастарындағы халықтық принциптер.

3. Педагогика пәнінің құрылымы және оның негізгі категориялары (ұғымдары).



13 тақырып. Р.Г.Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі.

1. Р.Г.Лембергтің педагогикалық қызметі.

2. «Дидактикалық очерктер» еңбегінің дидактикалық идеялары.

3. Р.Г.Лембергтің жұмысындағы педагогика тарихы мәселелері.


Күндізгі оқу бөлімінің СӨЖ мазмұны (ОСО)



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Тексеру түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарға дайындалу.

конспект

Сабаққа қатысу

30

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабаққа қатысу

15

3

СӨЖ сабақтарына дайындалу

Баяндама

Сабаққа қатысу

20

4

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

конспект

Есеп беру


11

5

Тест құрастыру

Жұмыс дәптері, конспект

Тест

4

6

Бақылау іс-шараларына дайындалу




РК1, РК2, тестілеу

10

Барлығы







90


Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының тақырыптары (СОӨЖ)

  1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктері.

  2. Ортағасырлық ислам әлеміндегі педагогикалық ойлар мен оқытудың даму кезеңдері.

  3. Ортағасырлық Қытайдағы мектептердің даму кезеңдері.

  4. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.

  5. Я.А.Коменский теориясы бойынша білім беру мен тәрбиенің табиғилығы.

  6. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі қағидалары.

  7. Ж.Ж.Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» педагогикалық еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

  8. И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы.

  9. А.Дистервегтің табиғатқа сәйкестік педагогикалық идеясы.

  10. Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі және педагогикалық идеялары.

  11. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеялары.

  12. Л.Н.Толстой педагогикасына тән ерекшеліктер.

  13. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы.

  14. А.Байтұрсыновтың пдагогикалық қызметі.

  15. Мемлекеттік және қоғам қайрактері Ә.Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.

  16. М.Дулатов - педагог.

  17. М.Жұмабаевтың педагогикалық идеялары.

  18. Р.Г.Лембергтің педагогикалық қызметі.

  19. Н.Құлжанованың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі.

  20. 1960-1990 жылдарындағы Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) такырыптары

  1. Шығыстың ежелгі өркениетіндегі алғашқы оқу орындарының пайда болу және дамуының негізгі факторлары.

  2. Конфуцийдің және оның ізбасарларының идеяларының педагогикалық мәні.

  3. Л.Н.Толстой педагогикасына тән ерекшеліктер.

  4. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы.

  5. Тәрбиедегі халықтық педагогика – ғылым және тәрбие өнері. Осы қағидалардың мазмұнын сипаттандар.

  6. Түрлі типті мектептерге қатысты Қазақстандағы ресми ағарту саясатының өзіндік ерекшеліктері.

  7. Орта ғасыр дәуіріндегі түрлі типті мектептердің ерекшелігі. Олардағы оқыту сипаты.

  8. XXI ғасырдағы білім беру стратегиясы.

  9. Шетелдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мектептер мен педагогикалық ойлардың дамуы.

  10. Үздіксіз білім беру жаңа педагогикалық жүйенің сапалық сипаттамасы.

  11. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық қызметі мен көзқарастары.

  12. А.С.Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі.

  13. Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.

  14. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы философиялық және педагогикалық ағымдардағы білім берудің аксиологиялық мәселелері.

  15. Педагогика тарихында мінез – құлық тәрбиесінің дамуы.

  16. Тарихи тұрғыдан қарағандағы қазақ ұлттық мектептерінің мәселелері.

  17. Шығыс елдеріндегі (әр түрлі тарихи кезеңдердегі) білім берудің дамуы.

  18. Ортағасырлық шығыс ойшылдарының педагогикалық көзқарастары.

  19. Орыс педагогтарының тәрбие жүйесіндегі еркін тәрбие теориясы.

  20. Кеңес дәуіріндегі мектеп реформалары.


Реферат тақырыптары

  1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктері.

  2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарасы.

  3. Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесі. «Ұлы дидактиканың» негізгі идеялары.

  4. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының әлемдік педагогикаға ықпалы.

  5. И.Г.Песталоцийдің педагогикалық жүйесі.

  6. Ж.Ж.Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы» педагогикалық еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

  7. И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы.

  8. А.Дистервегтің табиғатқа сәйкестік және мәдениетке сәйкестік туралы педагогикалық идеялары.

  9. П.Ф.Каптерев дидактикасындағы дамыта оқыту.

  10. Қазақстандағы этнопедагогика және оның мектептегі білім беру және тәрбие теориясы мен практикасының дамуы үшін маңызы.

  11. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ойлары.

  12. Л.Н.Толстой педагогикасына тән ерекшеліктер.

  13. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары.

  14. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі.

  15. Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың педагогикалық ойлары.

  16. М.Дулатов - педагог.

  17. М.Жұмабаевтың педагогикалық идеялары.

  18. Р.Г.Лембергтің педагогикалық қызметі.

  19. Н.Құлжанованың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі.

  20. 1960-1990 жылдардағы мектептер мен педагогиканың дамуы.

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Педагогика тарихы» пәні бойынша 050103-педагогика және психология бакалавр мамандығы бойынша іштей оқу нысанындағы студенттерге арналған



бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (2 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Максималды балл

11

39

26

24

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

8

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

16

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

2

4

4

4

4

СӨЖ жұмыстарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

1зертх

ҮТ


2 зертх

ҮТ


3 зертх

ҮТ


3 зертх

ҮТ


8

Бақылау нысаны

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

2

2

2

2

СӨЖжұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

12

Бақылау нысаны

 

 

1ЗҚ

 

2 ЗҚ

 

3 ЗҚ

 

4 ЗҚ

Макс.балл

 

 

3

 

3

 

3

 

3

Баяндаманы орындау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

КЖБ1

 

 

 

КЖБ

 

26

Бақылау нысаны

 

 

 

Т

 

 

 

Т

 

Макс.балл

 

 

 

13

 

 

 

13

 

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

 

ӨОҮТ1

 

ӨО

ҮТ2


 

 

10

Бақылау нысаны

 

 

 

 

К

 

К

 

 

Макс.балл

 

 

 

 

5

 

5

 

 

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ПТД

 

 

ПТД

 

 

20

Бақылау нысаны

 

 

 

Т1

 

 

Т2

 

 

Макс.балл

 

 

 

10

 

 

10

 

 

2 рейтинг (2 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Максималды балл

13

33

17

37

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

8

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

2

2

2

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

16

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

2

4

4

4

4

СӨЖ жұмыстарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

1зертх

ҮТ


2 зертх

ҮТ


3 зертх

ҮТ


3 зертх

ҮТ


8

Бақылау нысаны

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

2

2

2

2

СӨЖжұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

12

Бақылау нысаны

 

 

1ЗҚ

 

2 ЗҚ

 

3 ЗҚ

 

4 ЗҚ

Макс.балл

 

 

3

 

3

 

3

 

3

Тест құрастыру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

КЖБ1

 

 

 

КЖБ

 

26

Бақылау нысаны

 

 

 

Т

 

 

 

Т

 

Макс.балл

 

 

 

13

 

 

 

13

 

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

 

ӨОҮТ1

 

ӨО

ҮТ2


 

 

10

Бақылау нысаны

 

 

 

 

К

 

К

 

 

Макс.балл

 

 

 

 

5

 

5

 

 

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ПТД

 

 

ПТД

 

 

20

Бақылау нысаны

 

 

 

Т1

 

 

Т2

 

 

Макс.балл

 

 

 

10

 

 

10

 

 

Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; 1 зертхҮТ – №1 зертханалық сабаққа дайындалу үшін үй тапсырмасы; Д – рұқсат қағазы; Е – есеп; 1ЗҚ – №1 зертханалық жұмысты қорғау; КЖБ 1– курстық жұмыстың №1 бөлімі; Т – тексеру; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; К – коллоквиум; 1Т –№1 тест.


Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. «___»________№_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Е.И.Бурдина 20__ж. «___» ____________

11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтырылуы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерген жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дерт кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысуы міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыс шайнауға, дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында төмендегідей баллдары қойылады:

- дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл

- тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау – 3 балл, сұраққа жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау – 2 балл)

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты баллды шегеруімен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда сырттай оқу бөлімі студенттер үшін келесі критерийлер ескеріледі:

РД=Р1 или РД=Р1*0,7+КР*0,3
Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша анықталады:

мұндағы Р1, Р2, АҮ– бірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары;



РД=(Р1+Р2)/2 – (емтиханға жіберілуі)

Қорытынды=РД*0,6+ҚБ*0,4

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100-90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл - материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырылмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсыруымен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әр қайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.

Егер студент емтиханда Ғ деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомосқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.


12 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы. Алматы, 1999.

  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1995.

  3. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта білім берудің Мемлекеттік Жалпыға міндетті стандарттары. Алматы,2002.

  4. Қазақстан Республикасы білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасы. 2001.

  5. Бала құқығы туралы Конвенция. Алматы,2000.

  6. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Алматы, 1995.

  7. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.Алматы,1994.

  8. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы. Алматы,2000.

  9. Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1998.

  10. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана,2003.

  11. Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы,1995.

  12. Әсіпов С.Ы. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1989.

  13. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы,2006.

  14. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз.1999.

  15. Бержанов Қ.,Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы,1984.

  16. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы,1995.

  17. Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. Москва,1998.

  18. Джуринский А.Н. история педагогики. Москва, 1999.

  19. Коменский Я.А. Ұлы дидактика (аударған Ә.Қоныратбаев). Алматы,1993.

  20. Қалиев С. Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұрасы. Алматы,1991.

  21. Из истории школьного образования Казахстана. Алматы,2002.

  22. Латышина Д.И. История педагогики. (История образования и педагогической мысли). Москва,2006.

  23. Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР с древнейших времен до конца XYII веке. М.,1989.

  24. Титов В.А. История педагогики. Конспект лекций. Москва,2003.

  25. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 1 Том. Алматы,2005.

  26. Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы,1992.

  27. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. Алматы,1964.

  28. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995.

  29. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы, 1992.

  30. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 7 Том. Алматы,2004.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау