Кафедра меңгерушісі ________________ Демесінова Г. Х .
ГП факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған
200_ж. «_____»______________№____ хаттама
ӘК төрағасы_________ Е.Н. Жуманкулова
1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
1.1 Пәннің мақсаттары: Балама жазбаша аударма арқылы тіларалық қатынастар жагдайында баламалы жазбаша аударманы қамтамасыз ету үшін оқушылардың лингвистикалық және аудармашылық хабардарлығын қалыптастыру.
1.2 Пәннің міндеттері:
білім алушыларға жазбаша аударма ерекшеліктері, түрлері, кезеңдері және технологиясы туралы түсінік беру және бастапқы /соңғы мәтінді талдау, қайта түзу, редакциялау жөніндегі іскерлігін қалыптастыру.
Пәнді зерделеу нәтижесінде студент:
-аудармашылық қызметтің қазіргі жағдайдағы ерекшеліктерін;
-жазбаша аударма түрлерінің жіктелуін;
-жазбаша аударма процесінің еркшеліктерін, жазбаша аударма процесінің кезеңдерін, әр кезенде жұмыс істеудің технологиясын;
-аудармашыға жазбаша аударма саласында қойылатын талаптарды білуі тиіс.
1.4 Пәнді зерделеу нәтижесінде студент:
-түпнұсқа мәтінің талдау, аудармашылықтың стандартқа сәйкес және стандартка сәйкес емес мәселелерін анықтау,
-әр түрлі аудармашылық өзгертулер қолдана отырып, оларды шешудің тәсілдерін таңдау;
-бастапқы мәтін авторының түпкі ойы және өзге тілді алушыға бейімдеу негізінде қайта түзу істеу білу тиіс.
1.5 Пәнді зерделеу нәтижесінде студент:
лексикалық, грамматикалық, стилистикалық өзгерту жүйесін бастапқы мәтінді тілдік қайта қүру қүралы ретінде меңгеруі керек.
2 Пререквизиттер: Бұл курсты оқудан бұрын өтілген жэне онымен байланысты пәндер тізімі: Тіл біліміне кіріспе, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Тілдің практикалық курсы, Тіл теориясының негіздері, Мамандыққа кіріспе, Әлем әдеби және аударманың жалпы мәселелері, Аударма теориясы.
3 Постреквизиттер: Студенттер меңгерген білімдері мен іскерліктерін оқу және кәсіптік практикадан өту кезіндегі аудармашылық қызметтерін атқару барысында, сонымен қатар дипломдық жұмыс жазу барысында іс жүзінде қолдана алады.
Пәннің тақырыптық Нысан
жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
ПӘН МАЗМҰНЫ
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
Зертх.
|
CӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Аударманың грамматикалық мәселелері
|
қ
|
10
|
қ
|
20
|
2
|
Аударманың лексико-семантикалық және фразеологиялық мәселелері
|
қ
|
10
|
қ
|
20
|
3
|
Аударма мәтіннің авторлық тұжырымдамасын ескеру
|
қ
|
12
|
қ
|
25
|
4
|
Аударма тілден тыс факторларды және аударылган мәтіннің адресаты
|
қ
|
13
|
қ
|
25
|
|
Барлығы:
|
|
45
|
|
90
|
Курстың компоненттері
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Аударманың грамматикалық мәселелері.
Сөйлемді талдау. Аударма процесінде күрылымын таңдау. Шетел және ана тілдеріндегі күрылымдардың түрлік пішіндік және қызметтік сәйкестері. Грамматикалық қүрылымдарды берудің қызметтік қағидасы. Аударма процесіндегі грамматикалық өзгерістер: күрылымның толық және ішінара өзгеруі, сөздер ретінің өзгеруі, сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің ауыстырылуы.
Тақырып 2. Аударманың лексико-семаитикалық және фразеологиялық мәселелері
Сөз мағынасы және аударма. Сөздің мағыналығы және сөз мағынасының бөлшектелмеуі, ана тілі мен шет тілінде сөз бірліктерінің мазмүны мен келемінің сай келмеуі. Жалпы есімдер мен географиялык атауларды, баспасөз орындарының атауларын беру ерекшеліктері. Көп мағыналы сөздердің лексикалық-семантикалык варианттары және оларды контекстке сәйкес таңдау. Сөз аудармасы және контекст.
Тақырып 3. Аударма мәтіннің авторлық түжырымдамасын ескеру
Автордың түпкі ойына аудармашының салыстырмалы талдау жасауы. Мәтіншілік байланыстарды талдау. Сипатталған оқиғалардың, жағдайлардың әрекет етуші түлғалардың авторлық түжырымдамасын беру. Аудармашының өзіндік жүйелі мәтін түжырымдамасын қалыптастыру қажеттігі. Бір ғана шығарманың әр түрлі аудармашылар жүзеге асырған аудармаларын авторлық түжырымдаманы әр түрлі аудармашылық түсіндірмелер түрғысынан алып, қарастыра талдау.
Тақырып 4. Аударма тілден тыс факторларды және аударылған мәтіннің адресаты
Аударма тілден тысқары факторларды ескеру: туындыны жасаудың дәуірдің және автор жекетүлғасының жағдайлары, сипатталатын оқиғалар мен жағдаяттар туралы қосымша мәліметтер. Шетел және ана тілдеріндегі мәтінді қабылдаушылардың этномәдени өзгешеліктерін ескеру. Әр түрлі мәтіннің тындаушыларға тигізетін әсерінің айырмашылықтары. Мәтін аудармасының қабылдаушының ықтимал категориясына байланысты және ол үшін үйреншікті мәтінді қабылдауға қойылатын талаптарға сәйкес қоршаған ортаға бейімделуі
Қолданылатын әдебиет:
Негізгі
Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика.-С.П., 2001г.
Комиссаров В.Н., Кораллова А.Л. Практикум по переводу с английского на русский.-М., 1990г.
Казакова Т.А. Практические основы перевода.-С-П., 2003г.
Қ.Қ.Кәрімова. Көркем аударма практикум, Павлодар, 2010
Қосымша:
Казакова Т.А. Практикум по художественному переводу.-С-П., 2003г.
Чужакин А., Палажченко П. Мир перевода.-М., 1997г.
Дмитриева, Кунцевич. Курс перевода английского языка.
Достарыңызбен бөлісу: |