Пму хабаршысы


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ



жүктеу 1,28 Mb.
Pdf просмотр
бет33/54
Дата25.08.2020
өлшемі1,28 Mb.
#31335
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
economika 4 2017

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ 

ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Бұл мақалада автор өңірдің аграрлық экономикасын жетілдірудің 

негізгі  бағыттарын  айқындады.  Мақалада  Павлодар  облысының 

экономикасының аграрлық секторының даму үрдістеріне талдау 

жасалып, дамудың негізгі мәселелері мен бағыттары анықталды. Қазіргі 

уақытта бәсекелес күрестің шарттары өзгерді. Өнімнің өзіндік құнын 

және бағасын максималды төмендетуге негізделген баға бәсекелесінің 

орнына жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие қасиеттері бойынша 

бірегей өнімді құрумен байланысты бәсекелестік келеді. Өңдейтін 

саланың өнімі күрделенеді, шығарылатын тауарлардың ассортименті 

және тұтынушылық қасиеттерінің әр-түрлілігі кеңейеді. Ескірген 

технологиялар  нарықта  талап  етілетін  өнімді  жасай  алмайды. 

Ресурстық қамтамасыз етілу, капиталдың айналымының жоғары 

жылдамдығы, тұрақты және бірқалыпты сұраныс, сонымен қатар 

нарықтың қолайлы конъюктурасы саланы облыстың экономикасының 

жетекші саласына айналдыру үшін барлық алғы шарттарды тудырады.

Кілтті сөздер: аграрлық сектор, аймақтық даму, стратегиялық 

даму, азық-түлік қауіпсіздігі. 

КІРІСПЕ


Ауыл шаруашылығы барлық дерлік елдерде кездесетін маңызды салалардың 

бірі болып табылады, өйткені оған елдің азық-түліктік қауіпсіздігі байланысты.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен елдің ауыл шаруашылық өніміне және азық-

түлігіне негізгі мұқтаждықтарын негізінен меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз 

ету керек. АӨК маңызды ерекшеліктерінің арасында ауыл шаруашылық 

өндірісінің маусымдылығын және табиғаттық-климаттық жағдайларын әсерін, 

меншік түрлерінің көптігін, меншікті өнімнің есебінен (тұқымдар, жемдер, мал 

және т.б.) өсіп-өну қорларының қалыптасуын бөлу керек. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

АӨК дамуын болжаудың және жоспарлаудың басты міндеттері АӨК 

соңғы өнмінің көлемін максимизациялау және өнімді өндірудің көлемін және 

құрылымын оған деген мұқтаждықтардың көлемдеріне және құрылымына 

жақындату болып табылады.

Осыған байланысты үлкен және жауапты міндет тұр – экономиканың 

аграрлық секторын дамуының сапалы жаңа деңгейіне көтеру, және соныменен 

оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл Ресеймен және 

Белоруссиямен бірігу жағдайларында, сонымен қатар БСҰ мүшелері. 

Ауыл кәсіпкерлігінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін кешендік 

бағалау  үшін  ауылдық  территориялардың  кәсіпкерлік  құрылымдарына 

бейімделген көрсеткіштер жүйесін енгізетін әдістемені пайдалану ұсынылады. 

Көрсеткіштердің  ұсынылған  жүйесі  ауыл  кәсіпкерлігінің  әлеуметтік-

экономикалық тиімділігінің жалпылайтын кешендік сипаттамасын беруге 

мүмкіндік береді.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу Павлодар облысының табиғи-климаттық 

аймақтарының ерекшеліктерін ескерумен АӨК дамуының басымдылықтарын 

анықтаумен ажырамастай байланысты.

Павлодар облысының ауыл шаруашылығының дамуының стратегиялық 

мақсаттары 1 – суретке сәйкес келтірілген.

Саланың дамуының «өсу нүктелерін» таңдаған кезде негізгі факторларды 

ескеру керек:

– өңірдің зональдік-географиялық ерекшеліктері;

жемшөп базасының жағдайы;

– ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық-өнімдік қасиеттері;

– жаңа технологияларды ендіру;

– сату нарықтарының болуы.

Осылайша, облыстың территориясы бойынша ұзындығы 700 км астам Ертіс 

өзеніне ағып жатыр, оның бірегей алқабы бар (200 мың га), арзан жемдермен 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыста кең жайылымдық (1974,9 мың га) 

және шабындық (112,7 мың га) жерлер бар, олар жыл бойы отарлап мал ұстау 

үшін ыңғайлы. 




Вестник ПГУ,  ISSN: 1811-1793                                                   Серия экономическая. № 4. 2017 

ПМУ Хабаршысы, ISSN: 1811-1793                                        Экономикалық сериясы. № 4. 2017                                                     

82

83

Суландыруда жем өндірісін дамытудың потенциалды мүмкіндігі бар: 



жайылмалық суарудың 73,3 мың га және жүйелі түрде суару жерлерінің  

59530 га бар, олардың ішінен бүгінгі күні сәйкесінше тек 12,3 және 14,3 мың га 

ғана пайдаланылады.

Сурет 1 – Павлодар облысының ауыл шаруашылығының дамуының 

стратегиялық мақсаттары облысының АӨК дамуының тұжырымдасының 

негізінде құрастырылған

Ірі қалалардың жақындығы (Астананың, Қарағандының және облыстың үш 

қаласының) өнімді сатудың тұрақты нарығын қамтамасыз етеді.

Өңірлердің  табиғи-климаттық  және  географиялық  ерекшеліктерін 

ескерумен, сонымен қатар малдардың генетикасы мен селекциясы бойынша 

инновациялық-ғылыми жетістіктерді пайдаланып, аудандардың дәстүрлі 

қалыптасқан мамандандырылуын қарқынды дамыту керек:

–  сүтті  мал  шаруашылығы  –  80–100  км  радиусында  өңдеудің  ірі 

кәсіпорындары шоғырланған облыстың 3 қаласының айналасындағы өңірлер 

(қалалардың а.а., Павлодар, Қашыр, Шарбақты және Успенка аудандары), шалғай 

аудандарда – Ақтоғай, Железинка, Ертіс – меншікті өңдеудің болуының шартында;

–  етті мал шаруашылығы – әрбір ауданда кем дегенде бір бордақылау алаңы 

болу керек, етті өндіруді өсіру малдардың рентабельді, жылдам өтелетін түрлерінің 

есебінен жүзеге асырылады, басымдылық – қазақ ақ бас, әулиекөл тұқымдары;

– қой шаруашылығы және үйірлеп жылқы өсіру – ауқымды жайылымдық 

жерлері бар жыл бойы жайылымда бағу мүмкіндіктері бар өңірлерде дамиды 

(Май, Баянауыл, Лебяжбе, Екібастұз қ. а.а.). Қойлар бойынша басымдылық – 

еділбай және қазақ құйрықты тұқымдарының етті-майлы бағыты және жартылай 

дөрекі жүнді бағыт, жылқылар бойынша – жергілікті жағдайларға бейімделген 

Джабе типті қазақ тұқымы;

– шошқа шаруашылығы негізінен астық егетін аудандарда, сонымен қатар 

меншікті жемшөп базасы болған және сату нарықтарына жақындық кезінде басқа 

аудандарда шоғырланған, басымдылық – орыстық ақ тұқымы;

–  құс  шаруашылығы  –  жұмыртқалы  бағыттағы  өнеркәсіптік  құс 

шаруашылығы Ақсудың а.а. және Шарбақты ауданында және құс фермалары 

негізінен астық себетін аудандарда. Халықтың меншікті өндірістің құс етіне 

мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін облыста инвестицияларды тарту есебінен 

бройлерлік бағыттағы құс фабрикасын салу керек.

Облыс  балық  шаруашылық  су  қорына  және  балық  шаруашылығын 

және балық аулауды қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайларға ие. Су 

қоймаларында балықты жыл сайын аулау 120 тоннаны құрайды, Қ. Сәтбаев ат. 

каналдың су қоймаларында – 90 тонна.

Жергілікті мәнге ие 268 су қоймалары бар, оның ішінде 178 табиғат 

пайдаланушыларына бекітілген, 90 – резервтік қорға.

Қ. Сәтбаев ат. республикалық маңызға ие каналдың 9 су қоймаларының 

өнімділігі өте төмен және 5-6 кг/га құрайды. Биологиялық мелиораторларды 

(ақ амурды, дөңмаңдайды) бақылаусыз аулаудың салдарынан су өсімдіктерімен 

шамадан тыс өсіп кету байқалады. Уылдырықтау кезеңінде судың төмен 

деңгейі табиғи өніп-өсудің тиімсіздігіне әкеледі. «Қашыр балық көшеттігі» 

ЖШС кәсіпорынымен су қоймаларын жыл сайын тұқының сеголеткаларымен 

балықтандыру күтілетін нәтиже бермейді, сол уақытта сапалы балықтау кезінде 

балықты аулауды 200 тоннаға дейін жеткізуге болады.

Павлодар облысның ауыл шаруашылығының дамуының қарқындарын 

талдау көрсеткендей:



Вестник ПГУ,  ISSN: 1811-1793                                                   Серия экономическая. № 4. 2017 

ПМУ Хабаршысы, ISSN: 1811-1793                                        Экономикалық сериясы. № 4. 2017                                                     

84

85

– ауыл өндірісінің құрылымының 52,6 % өсімдік шаруашылығына тиесілі 



және 47,4 % – мал  шаруашылығына;

–  облыста құс етінің, шайдың, қанттың, қойылтылған сүттің жетіспеушілігі 

сезіледі;

–  ауыл шаруашылық бірлестіктерінің жұмыскерлерінің еңбек ақыларының 

деңгейі жалпы республика бойынша еңбек ақының орташа деңгейінен төмен;

–  ауыл шаруашылық бірлестіктері артықшылығымен шаруа және фермерлік 

қожалықтармен ұсынылған;

– өңдеуді дамытуда бірқатар проблемалар да бар: өңдеудің төмен деңгейі 

және оны баяу өсіру, өңдейтін кәсіпорындардың қуаттарының толық жүктелмеуі, 

тамақтану өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз деңгейі, азық-түліктің 

сапасының халықаралық стандарттардың негізгі талаптарына сәйкес еместігі, 

ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі түрлерін өндірудің маусымдық сипаты;

–  шаруа  қожалықтарын  айтпағанда,  ірі  өңдейтін  кәсіпорындарда 

әртараптандыру үшін дайындамалар бар. Берілген жағдайларда белсенді 

мемлекеттік қолдау жүргізілуі керек. 

Ресурстық  қамтамасыз  етілу,  капиталдың  айналымының  жоғары 

жылдамдығы, тұрақты және бірқалыпты сұраныс, сонымен қатар нарықтың 

қолайлы конъюктурасы саланы облыстың экономикасының жетекші саласына 

айналдыру үшін барлық алғы шарттарды тудырады. Сонымен бірге, тағамдық 

өндірістің шикізат құраушысының потенциалын жоғарылатудың қарқынды 

әдістерін жеткіліксіз пайдалану саланың шетел және көршілес өңірлерден 

дамуының қарқындары және деңгейі бойынша қалыс қалуға әкеледі, тағамдық 

кешеннің тиімділігін төмендетеді және оның дамуын тежейді.

Қазіргі уақытта бәсекелес күрестің шарттары өзгерді. Өнімнің өзіндік 

құнын және бағасын максималды төмендетуге негізделген баға бәсекелесінің 

орнына жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие қасиеттері бойынша бірегей өнімді 

құрумен байланысты бәсекелестік келеді.

Өңдейтін  саланың  өнімі  күрделенеді,  шығарылатын  тауарлардың 

ассортименті және тұтынушылық қасиеттерінің әр-түрлілігі кеңейеді. Ескірген 

технологиялар нарықта талап етілетін өнімді жасай алмайды. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Өңдейтін салада оптимизациялауды талап ететін негізгі факторлар:

– терең өңдеу үшін бастапқы өнім (шикізат);

– соңғы өнім (тауарлық ассортименттің сапасы және шығару, өнімдердің 

сақтау мерзімін, өмірлік циклін ұлғайту және оларды өндірудің технологиялық 

циклін қысқарту);

– өнімнің сыртқы түрі (орамның дизайны және сапасы);

– өндірістің технологиясына және ұйымдастырылуына инновациялар, 

тауарды маркетингтік қостау;

– өндірістік циклді транспорттық қамтамасыз ету.

Соңғы жылдары аграрлық сектор елеулі өзгерістерге ұшырады. Біздің 

еліміздің және өңірдің экономикасын сапалы трансформациялау жоспарларының 

жаңалығы мен масштабын ескере отырып, бүгінгі күні ауылшаруашылық 

өндірісіндегі ғылым, техника және технологиялар саласындағы ең соңғы 

жетістіктерді енгізу білікті қызметкерлерге қажет.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1 Концепция развития АПК Павлодарской области  [Электронды ресурс]. 

– http://www.analitika.kz/images/Akmaral/concept.pdf.

2  Кабдулшарипова,  А.  М.  Основные  направления  повышения 

конкурентоспособности аграрного сектора экономики Республики Казахстан. 

[Электронды ресурс]. – http://www.be5.biz/.

3 Официальный сайт [Электронды ресурс]. – http://pavon.kz/.

Идрисова, А., Капсалямова, С. С. Специальный налоговый режим для 

крестьянских (фермерских) хозяйств // Сборник статей 20 лет независимости 

Республики  Казахстан  в  свете  формирования  гражданского  общества  II 

[Электронды ресурс]. – http://rudocs.exdat.com.

6 Официальный сайт [Электронды ресурс]. – http://agrointernet.org/.

Абдрахманова, М. Ж. Экономические проблемы развития аграрного 

сектора Казахстана / [Электронды ресурс]. – Режим доступа http://www.rusnauka.

com/6_ SWMN_2015/Economics/12_188223. doc. htm.

8  Мусина,  Л.  С.  Новые  механизмы  финансирования  развития 

агропромышленного комплекса в рамках Государственной агропродовольственной 

программы до 2020 года // АгроИнформ–2–2013. – № 3 – С.8–10.

Материал баспаға 11.12.17 түсті.




жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау