Жоспар қалай жасалады және оның әрбір бөлімінің мазмұны қандай?
Бірінші бөлім – алғысөз немесе кіріспе.
Мұнда балаларға тәрбие-білім беру жөніндегі өткен жылғы жұмысқа және белгіленген міндеттердің әрқайсысының және тұтастай «Программаның» орындалуына қысқаша талдау жасалады. Жоспарда іске асырылған шараларды жай ғана тізіп қоймай, балаларға тәрбие-білім берудің нәтижелілігін көрсету керек. Мұнда жылдық жоспарды орындау барысында жіберілген қателіктер мен қиыншылықтарды да сөз ету керек.
Екінші бөлім – балаларға тәрбие-білім берудің басты міндеттері.
Мектепке дейінгі мекеме мектепке дейінгі жастағы балаларға жан-жақты тәрбие мен білім берілуін қамтамасыз етеді, сондықтан жылдық жоспар жасағанда осы балалар мекемесі үшін ненің негізгі болып саналатынын көзге айқын елестете отырып, жаңа оқу жылындағы жұмыстың негізгі міндеттерін белгілеу қажет. Бұл – балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру ісін жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Жылдық жоспардың өзекті міндеттерін анықтағанда мектепке дейінгі мекеменің типін (балабақшасы, ясли-бақша, арнайы мекеме, балалар тәулік бойы болатын санаторий балабақшасы, түрлі жастағы топтардың болуы), бүкіл коллективтің педагогикалық шеберлігі деңгейін, сондай-ақ әрбір тәрбиешінің күшті және осал жақтарын ескеру қажет. Жұмыс міндеттері анық, нақты белгіленуі шарт.
Үшінші бөлім – жыл бойында жүргізілетін жұмыстар. Барлық шаралар «Балабақшадағы тәрбие программасы» мен осы жылға белгіленген нақты міндеттерді орындауға бағытталуы тиіс.
Жылдық жоспарда: педагогикалық коллективтің идеялық-саяси даярлығын және педагогикалық шеберлігін жетілдіру: тәрбиешілермен жүргізілетін методикалық жұмыс, педагогикалық совет, консультациялар, тәжірибені жинақтау және қорыту, педагогикалық тәжірибе алмасу: балалардың сабағын, ойынын, серуенін, тұрмыстағы қызметін және т.б. көру және талдау, оның іске асуын ұйымдастыру және көмектесіп отыру, методикалық кабинеттің құрал-жабдықтары және жабдықталуы; программаның орындалуын бақылау, ата-аналармен жұмыс (ата-аналардың жалпы және топтық жиналыстары, балаларды семьяда тәрбиелеу мәселелері жөніндегі лекциялар мен консультациялар, көрнекі насихат); әкімшілік-шаруашылық жұмыс (мебельді, үйді жөндеу, физкультура, стол үстіндегі ойындар жабдығын алу, учаскеде мұз айдынын жасау, жеміс ағаштарын отырғызу, қыс кезінде балалардың күндіз таза ауада ұйықтауын ұйымдастыру және т.б.); қызмет көрсететін адамдардың (шаруашылық меңгерушісі, бала күтуші, аспаз) шеберлігін жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |