Пікір жазғандар


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



жүктеу 0,6 Mb.
бет52/83
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#43262
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
Пікір жаз андар

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика
Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис


2-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіннің жалпы мазмұнын қысқаша түсіндіріп, оның негізгі ойын анықтаңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Қазақ еліне қажет мамандықтар

Сарапшы мамандардың пікірінше, бүгінде елімізде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласының мамандары жетіспейді. Ал астроном, астрофизик сынды ғарыш саласының мамандары мен механик, геодезист картогроф сынды мамандарға еліміз аса зәру. Бұл мамандықтарды таңдаушылар қатары жоқтың қасы, сәйкесінше, қажеттілік жыл санап артып келеді.


Қазіргі таңда заманауи технологиялардың сан түрі шығарылуда. Ғажайып ғарыш әлемін де адамзат баласы зерттеу үстінде. Яғни төрткүл дүние техникаға телмірген заман болды. Осыған байланысты еліміз экономиканың басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға ерекше назар аударып отыр. Бірақ бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен.
2016 жылғы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жалпы практика дәрігері, терапевтер, анестезиолог, реаниматолог, балалар дәрігері еніп отыр. Биылғы статистикалық мәліметтер бойынша қалалық медициналық мекемелерге 154 жалпы практика дәрігері қажет болса, ауылдарда 147 маманның орны бос тұр. Қалалық жерлерде 140 терапевт жетіспесе, ауылға 68 маман керек. Қалалық мекемелерде 114 балалар дәрігерінің, ауылда 38 дәрігердің орны бос тұрған көрінеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы секілді салаларға да жас мамандардың аса қажет екенін көріп жүрміз. Әсіресе, ауылдық аймақтарда мұндай мамандарға сұраныс жоғары. Жас мамандардың ауылдарға барып жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан да қолдаулар көп. Бүгінде оқу бітірген жас маман мемлекеттік бағдарламалар арқылы тәжірибе жолын ауылдан бастай алады. (201 сөз). https://yvision.kz/post/724894
2-мәтін

Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. Еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.


Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез - келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. (197 сөз). https://surak.baribar.kz/499571/


3-мәтін

Әр салада жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мамандардың керек екені анық. Ғарыш қызметін дамыту үшін кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру міндеті тұр, сондықтан да мемлекет осы күрделі саланы игеруге талаптыларға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Осыған байланысты Қазғарыштың ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындары анықталып, сол жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жұмысы бастау алды. Бұған қоса, базалық оқу орындарында аэроғарыш факультеттерін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде шетел жоғары оқу орындарында студенттер білім алуда.


Қазіргі таңда ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде оқу семинарлары ұйымдастырылуда. Әрине, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де Қазғарыштың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Осы орайда Елбасымыздың көреген саясаты негізінде қанат жайған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыш технологиялары мен техникалары бағытында білім алған алғашқы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бастама алды. Қазіргі кезде Қазғарышта және оған бағынысты ұйымдарында «Болашақ» бағдарламасы түлектері қызмет етуде.
Елбасымыз: «Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша», – ­демекші, біз үшін де ғарыш саласын құруда бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің маңызы зор. «Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады», – деп дана халқымыз айтпақшы, біздің байтақ еліміздің дүниежүзілік ғарыштық нарықта өзінің орнын табуы үшін бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет.(203 сөз). https://qa.bilim-all.kz/57



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау