Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Тақырыпқа қатысты
диалог, монолог, полилог құрастырады
|
1
|
халықаралық терминдерді қолданады;
|
1
1
|
ғылыми деректерді орынды қолданады;
|
1
1
|
тақырыпқа сай монолог құрастырады;
|
1
1
|
Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады
|
өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
|
1
1
|
Барлығы
|
8
|
«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні_______________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог құрастырады
|
Тақырыпқа сай монолог құрастыруда, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізуде қиналады
|
Тақырыпқа сай монолог құрастыруда, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізуде қателеседі
|
Тақырыпқа сай монолог құрастырады, өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді
|
Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады
|
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды қолдануда қиналады
|
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды қолдануда қателеседі
|
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды қолданады
|
«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі
2-нұсқа
Оқу мақсаты:
|
8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты монолог құрастырады.
Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай - күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан - жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми - техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы – орны қайта толмайтын нәрсе. Бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. (238 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/
2-тапсырма. «Жер-Ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Тыңдалым мәтінінде берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі жеткізіңіз. Сөз саны 90-100.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |