С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797). Бұл ұлт-азаттық қозғалыс үш кезеңнен тұрады. 1-кезең 1783-1785 жылдарды қамтиды. Қозғалыстың басталу кезеңі жылдарында Сырым батыр жайық казак-орыстарының қазақ жұртына көрсеткен озбырлығына тойтарыс берді. 2-кезең 1785-1790 жылдарда патша әкімшілігін қолдаған хан мен сұлтандарға қарсы тежеу, билікті халық қолына беру. 3-кезең 1790-1797 жылдар аралығы жеті жыл бойы Сырым, оның жақтастары патшам, Ресейге ашықтан-ашық соғыс жариялап – бостандық пен тәуелсіздік үшін қантөгіс соғыс азабын бастан кешті.
1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.
Сырым батырдың алғашқы қарсылыстары қазақ ауылдарын шапқан казактарға қарсы бағытталады. Басты себептердің бірі аты шыққан казак-орыс Чагановты қолға түсіріп, Хиуаға сатып жіберген. Алғашқы әскери қақтығыс Орынбор казак-орыстарға мен 1500 башқұртты басқарған жүзбасы С.Харигоновтың тама Қадыр, Садыр сарбаздардың болған. Қазақ даласына тұрақты әскермен ішкерілеп еніп, әйел, балаларды тұтқындап, малдарды айдап әкету қазақ руларының наразылығын туғызды. 1783 жылы жылтоқсан Сырым батыр казак-орыстар қолына түсіп қалады. Бірақ Сырымды, Орал қаласындағы түрмеден Нұралы хан көктемде тұтқыннан босатып алды. Хан казак-орыстарға 70 жылқы мен 350 руб.төлеген деп көрсетеді. Нұралы ханның Сырымды түрмеден шығырып алуының себебі, екеуі бір-біріне құда жекжат болып келеді. Сырымның Орын деген қарындасы Нұралы ханның әйелі болып келеді.
1784 жылы мамырда тұтқыннан оралған соң, шекарадағы әскери күштер озбырлығына қарсы күресті ұйымдастыра бастады. 1784 жылы 14 қазанда Орал және Бударин арасындағы Прорвы мекенінен өтіп, Көшім өзені бойындағы орыс-казак бекіністерін талқандайды. Олар 1145 жылқы, 757 ірі қараны қуып алып, 34 адамды тұтқындаған. Сырым және оның серіктестері кердері руынан Садыр, Телей, Әлекбай, табын руынан Барақ батырлардың үлкен соққысы Орынбордан жоғары Таналы қорғанында болып 176 адамдарын тұтқындайды. Сырым батыр, Тіленші бастаған қазақтар Нұралы ханға бірнеше рет адамдар жіберіп көтерілісшілер жағына шығуға үгіттейді. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың бірнеше кезеңінде Кіші жүздегі саяси дағдарыс Нұралы ханның кетуіне әкелді, қазақтар біршама жеңістерге жетіп, Сырым батырдың беделі өсті. 1786 жылы 3 маусымда патша Нұралыны хандықтан айырып, Уфаға жер аударды.
1786-1790 жылдарда Кіші жүз қазақтарының қоғамдық-саяси өміріне жаңаша сілкініс әкелуі. О.М.Игельстром қазақ жеріне жаңа орыс билігін орнату үшін дәстүрлі хандық биліктің орынына орыс әкімшілік-басқару жүйесін іске асыру үшін, реформа жүргізуге кірісті. Хандық жойылғаннан кейін патша әкімшілігі мен сұлтандар арасында халықты қалпына келтіру үшін күрес күшейе түсті. Сырым батыр мен старшындар халық билігін орнату үшін күресін жалғастырды. Халық кеңесін құру және оны шақыру XVIII ғасырдың 80-90-жж. қазақ демократиясының тұңғыш идеясы болды. Тарихшы С.Мәшімбаевтың пайымдауынша, Дала демократиясының іске асуына жетекші жасаған Сырым Датұлы болды.
О.А.Игельстромның орнына жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сәйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарын қайта үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық бас көтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері және Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдарды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін және өзінің патша үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық күресі жалғасып, негізінен шекара өңіріндегі руларды қамтиды. 1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек қаласына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады.
1786 жылы хандық биліктің орынына «Халық Кеңесін» еңгізді. Әрбір руды старшындар басқарып, ел арасында тыныштық орнату үшін арнай жасауылдар құрған. Жасауыл аға старшындарының сенімді адамына айналды. Бас старшын болып Сырым Датұлы тағайындалды. Кіші жүзде 1785, 1786 және 1787 жылдарда Халық Кеңесінің съездері шақырылды.
1786-1787 жылдар қысында Кіші жүз қазақтары тыныштықта Еділ-Жайық аралығын қыстады. Олар ішкі бетке өтерде орыс әкімшілігіне адалдық танытып, ант берумен қатар, шекара бекіністеріне аманат қалдырған. Бұл старшындар билігі негізінде жүзеге асты. Сырым батыр бастаған ұлттық азаттық қозғалыстың басты нәтижесі Еділ-Жайық өзені аралына қазақ -руларының көшуі болды. Сырым Датұлы Нұралының ұлы замандасы Бөкей ақыл-кеңісін беріп жігерлендіріп отырған.
Үшінші кезеңде 1790-1797 жылдарда орыс-казак бекіністеріне шабуылдарын жалғастырылды. 1792 жылы Сырым бастаған 1000 қазақ жігіттері 29 қыркүйекте Елек бекінісіне шабуыл жасайды. Сырым батырдың казактарға қарсы соғысы, 1792 жылдың желтоқса айына дейін, жалғасты.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. Сырым батыр мен Есім хан арасындағы қарым-қатынастар қүн санап шиеленісе түсті. Старшындар Есім хан Сырымды кездестіруді ойластырды. Бірақ Есім хан Сырым батырмен жолығудан өз еркімен бас тартады. Сырым мен Қаракөбек Есімді ел ортасына алып келуге үгіттеген, бірақ сұлтан патшаның рұқсаты жоқ деп бармаған. Кездесуді ұйымдастырушы Сырым батырдың қарындасы Орын ханым болды.
1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. Есім ханды қазақтар орыс тыңшысы дер білген. Мұның арты ханның өліміне әкелді. 1797 жылы 27 наурызда таң сәріде Красноярск бекінісінің маңында өлтірілген. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Орынбор әкімшілігі жаңа хан сайлауға кірісті. Айшуақ сұлтан басқарған Хан Кеңесі Орынбор әскери губернаторының иелігіне өтті. 1797 жылы 16 қазанда хан сайлауында 74 жастағы Айшуақ хан болып сайланды.
Бұдан да кейін Сырым батыр мүмкіндігінше күресін жалғастыра берді. Кіші жүз қазақтарының күн көрістері нашарлай түсті, 1796-1797 жылдарда қыс қатты болып, ауа райы суық болып, жер бетін көк мұзға айналды. Жем, Сағыз өзен бойындағы қазақтардың малы қырылды. 1797 жылы Сырым батыр Қобдада өткен кеңесте сөз сөйледі. «Маңдайына сор біткен жұртым – міне бірнеше жыл қатарынан елге тыныштық жоқ. Халық күйзеліске ұшырады, қазақтың жаны – малы. Ендеше, елім еңсеңді көтер, жермен жексен бола берме, ынтымақ жерде өшпенділік өрттей өршиді. Өшпенділік халықтың өркенін өшіреді». Осылай деп халқымен тілдесіп, ел тыныштығына жол ашу үшін күресті тоқтатты. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 14 жылға созылып, сол заманындағы қазақтардың басындағы мәселелерді шешуге жол ашты. Біріншіден, демократиялық идея Халық Кеңесі құрылды. Екіншіден, Нұралы хан тақтан түсті. Үшіншіден, жер, жайылым тапшылығы мәселелері шешімін тауып, қазақтардың ой-арманы Еділ-Жайық өзені арасындағы жерге көше бастады. 1801 жылы орыс патшасы Бөкей Ордасын құру туралы жарлық шығаруға мәжбүрледі.
Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805-1809 жж.) сайланады.Осы кезде Орынбор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.
Бақылау сұрақтары:
Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздерге талдау жасаңыз және олар қалай аяқталды?
1797 жылы Сырым батыр Қобдада өткен кеңесте сөйлеген сөзінің мәні қандай?
О.А.Игельстром кім?
Айшуақ сұлтан қай жылы хан тағына тағайындалды?
Достарыңызбен бөлісу: |