Пікір жазғандар: Махаева А. Ш.– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі



жүктеу 0,5 Mb.
бет3/70
Дата12.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#44252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
treatise44845

1 ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


1.1 Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
Тас ғасыры мына кезеңдерге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін), Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар), Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Ертедегі палеолит үлкен үш дәуірден тұрады: олдувай (2,6 млн – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын). Барлық тас ғасыры кезеңінде еңбек құралдары тастан жасалды. Түрі мен сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір, т.б. болып бөлінді. Ежелгі еңбек құралының біріне Қаратау қыраты, Арыстанды өзені алқабында жатқан Көңірдек поселкесі жанынан табылған тік бұрышты ауыр кремний сындырғыш жатады.
Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Жамбыл облысы, Талас ауданында орналасқан. Бұл жерден табылған заттарды археолог Х.А. Алпысбаев мынадай төрт топқа бөлген: бір жақты, екі жақты шапқыш құралдар; көне заманның салмақты сындырғышы; ірі-ірі кедір-бұдыр домалақ тастар. Шапқыш құралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель дәуірінің олжасы табылған жерлеріндегі тас құралдарынан онша айырмашылығы жоқ.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылған. Бұл жердегі құралдар қара және сұр жасыл түсті кремний жынысынан жасалған. Құдайкөл тұрағы Сарыарқаның теріскей-шығыс жағында орналасқан. Одан бифастар, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралдар, жануарлар терілерін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштар, домалақ тастар табылған.
Мустье кезеңінде тас өңдеудің жаңа тәсілі пайда болды, ал кей жерлерде малтатас техникасы бұрынғыдай қолданылды. Мұндай ескерткіштер Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан жерінен табылған. Соның біріне 1958 ж. Х.А. Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уәлиханов атымен аталған көп қатпарлы тұрақ жатады. Бұл тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, жылқы, қодас, ақбөкен, бұғы сияқты жануарлардың сүйектері табылған. 1984 ж. Жезқазған облысы Ақадыр ауданынан Өгізтау І, Өгізтау ІІ, Үлкен Ақмая атты мустье ескерткіштері бар.
Кейінгі палеолит 35-30 мың жылдықтан 12-10 мың жылдық уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезде адам жер шарының барлық климат зонасына қоныстанып, нәсіл мен нәсілдік топтар құрылды. Кейінгі палеолитте саналы адам пайда болды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Пещера деревнясынан табылған тұрақ ерекше назар аударады. Жоғары палеолитте тас құралдарын өңдеу күрделі болды; нуклеустерден жұқа қабаттары бөлініп алынды, оны сүйектен, ағаштан жасалған заттарға енгізіп қойды, сонымен қатар пышақ және қырғыш ретінде қолданылды.
Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың жылдықты қамтиды. Бұл кезде тас өңдеу техникасы дамыған болатын. Неолит дәуірінің адамдары өндіргіш күштерін дамытты, басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтарды әкелді. Қазақстанның ежелгі адамдарында тау-кен істері мен тоқымашылықтың негізі қаланып, керамикадан ыдыстар жасады. Бұл қоғамды ұйымдастырудың жоғары формасы еді, яғни тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірді зерттеген Ә.Х.Марғұлан неолит дәуіріне баса назар аударған. Сонымен қатар В.Ф.Зайберт, В.Н.Логвин, Ж.Қ.Таймағамбетов пен Т.И.Нохрина сынды ғалымдар неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихына айтарлықтай үлес қосқан. Зертеулерге қарағанда бірнеше неолиттік мәдениеттердің бар екенін анықтауға болады. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеудің аралау, бұрғылау, сүргілеу сияқты жаңа технологиялары пайда болды.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 500-ден артық неолит және энеолит ескерткіштері белгілі, алайда олардың бәрі толық зерттеліп бітпеген. Орналасу сипатына қарай неолит тұрақтары төрт типке бөлінеді: бұлақ, өзен, көл, үңгірдегі. Қазақстан территориясында бұлақ жағасында орналасқан тұрақтар көп, әсіресе аңшылардың уақытша, мерзімге байланысты келіп орналасқан тұрақтары баршылық. Қазақстанның шөл далаларындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі, олардың көпшілігі ашық (жердегі) тұрақтар. Барлық тұрақтардан жергілікті материалдардан жасалған тас құралдары табылған: садақ және найза ұштары, балталар, пышақтар, қырғыштар.
Қазақстан территориясында, әсіресе Солтүстік Қазақстанда бірнеше неолит молалары бар. Бірде-бір моланың сыртқы белгілері жоқ. Барлық молаларда сүйектермен бірге садақ ұштары кездеседі, ал бұл аңшылықпен ежелгі адамдардың айналысқанын крсетіп қана қоймай, олар жиі қақтығысқа түскенін де дәлелдейді. Молаларда керамика аз, кейбіреуінде жоқ та.
Неолит соңына (энеолит) Леньки 2 тұрағы жатады. Ондағы тастан жасалған құралдар Леньки 1 тұрағындағы тасты өңдеу техникасындағы дәстүр сабақтастығын көрсетеді. Сонымен қатар ол уақыты жағынан алғанда кейінгісі, өйткені құралдардың типі өзгерген, пластиналардың пайызы ғана қысқармаған, сонымен бірге олардан жасалған заттар да өзгерген. Құралдар әмбебап сипатта болып келеді. Садақ ұштары иіліп келген, олардың бет жағы екі жағынан өңделген. Тұрақтан көп балталар табылған.
Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.
Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарыарқа жерінен неолит пен энеолит дәуірінің тұрақтарын тауып, қазба жұмыстарын жүргізген.
Мәдениет. Кейінгі палеолитте, әсіресе оның бірінші жартысында, климат суығанда, адамдардың тұрақтары жоғары төбешіктерге салынып, бұрынғыдан жақсы жабдықталды. Ол жерлерден археологтар көптеген орларды тауып, онда өрт болғанын байқаған.
Жерлеу рәсімі және энеолит тұрақтарынан табылған бірқатар символдық заттар бұл кезде тотемизмнің болғанын дәлелдейді. Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру. Әр ру өз тотемінің атын алды. Оны өлтіруге, тамақ ретінде қолдануға болмады. Туыстарды тұрақтағы ескі үйде жерледі, аруақтың айналасына ондаған жылқының бас сүйегін қойған.
Палеолит өнерінде хайуанаттар мен әйелдер бейнеленген. Қазақстандағы кейінгі палеолит тайпаларының көркемдік өнерінде, негізінен, шатқалда салынған алғашқы өгіз – турлар, бизондардың гравюралары тән.
Хайуанаттардың өлуі мен көшуінің себебі Қазақстандағы кейінгі палеолит тұрақтарының жоғалуы себеп болып табылады. Хайуанаттар ізімен Сарыарқаның палеолит тайпаларының Сібірге қарай миграциясы жүрді. Шамамен 40-35 мың жыл бұрын мамонт сияқты хайуанаттардың бейнелері жасалды. Сарыарқаның палеолит гравюраларында жартастың жоғары жағы картина сияқты көрінеді. Жалпы Сарыарқа жазығында гравюралардың орналасуы микролит мәдениетінің дамуымен байланысты (жебе ұшына қолданылатын миниатюралық тас пластиналар). Неолит дәуірінде Сарыарқа климаты тарихи уақытпен салыстырғанда ылғалды болды. Аридтік жағдайда (аридтік климат құрғақ климат, ауада температура жоғары болады, шөл және жартылай шөл жерлерге тән) тамақ табу үшін аң аулап күн көру, соған сай өмір салтын талап етеді. Демек, аң аулау жартастағы өнердің дамуының алғы шарты болды деп пайымдауға болды.
Гравюрамен қатар Қазақстанда таңбалы тас үлгілері табылды. Олардың ішінде архаикалық шығармалар ерекше (архаика – грекше ескі, ежелгі, сөздің шынайы мағынасы). Ол Тешиктастан табылған бұқалардың бейнелері, Баянауылдағы Әулиетас үңгірінен және Бұхтармадан табылған неолит суреттері.
Бақылау сұрақтары:



  1. Тас ғасыры қандай кезеңдерге бөлінеді және олардың хронологиясы неше мың жылдықтарды қамтиды?

  2. Қазақстанның қай жерінен Мустьер дәуірінің ескерткіштері табылған?

  3. Ашель дәуірінің тұрақтары қандай?

  4. Неолит дәуірінің революциясы не болды?


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау