ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениеті. Еуразияның далалалық аймақтары мал өсіруге өте қолайлы. Тянь-Шань мен Алтай таулары он екіге бөліп жатыр. Жартылай далалары өсімдіктерге бай, әсіресе шығыста, тау беткейлерінде жаздық жайлаулары болды. Далалардың көпшілік бөлігінің жайылымдарында түрлі өсімдіктер өссе, тек аздаған далалық бөліктерінде саздар мен сусыз шөлдер басым. Жазық рельеф далада жылқылармен жылдам жылжуына мүмкіндік береді (әскери жорықтар кезінде күніне 50 км.).
Алғаш қолға үйретіліп, өндірісте негізгі күшке айналған жылқы малы болды. Осы орайда белгілі түрік тарихшысы А.Синардың: «бүкіл түркі әлеміндегі тарих пен мәдениетте жылқының алатын орны өте жоғары. Біз оны бірінші орынға шығарсақта қателеспейміз», – деп жазуы өте орынды. Оның үстіне аталған зерттеушілердің және біздің пікірлерімізді тарихи деректер де растай түседі. Мәселен, Әл-Джахиздің ІХ ғ. ортасында жазылған шығармасында былай деп келтіреді: «Егер де сен түріктің өмір сүру уақытын есептеп шығарсаң оның өмірінің басым бөлігін жер бетінде емес, аттың үстінде өткізгендігін аңғарасың».
Жылқы өсіру көшпелі түркі тайпалардың негізгі кәсібі. Ол кездерде олардың тобындары жүздеген не мыңдаған жылқылардан тұрады. Дерек көздері қазақ шаруашылығындағы жылқының зор маңызы болғандығын көрсетеді. Оның көмегі арқылы жүруге қиын жерлерді игерді, басқа малдарды бағуға пайдаланды.
Өндірістің тірі құралы ретінде малдың да пайдалануға жарамды өз уақыты болады. Көшпелі малшы қой мен ешкінің өмір сүру уақыты 6-7, жылқынікі 18-19, түйенікі 20-25 жылға сәйкес келетінін жақсы білді. Өзінің өндірістік маңызын жойған малдың әр бір түрі өндірістік процестен шығып сойылуға жіберіліп отырды.
Жылқылар көшпелілердің негізгі қозғалыс көлігі және әскери күші болды. Сай аттылар соғыс кезінде басты роль атқарып, қарсыластарынан басым болуға мүмкіндік береді. Олар әскери жылқыларды жақсы дайындады, ал атты садақшыларды қуатты күшке санады. Олардың тактикасының негізінде тез қозғалғыштық жатты. Негізгі қаруларға садақ, найза және семсер жатты.
Түркілердің негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан тамақ құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой малшысы. Көшпенділердің сүйікті жұмысы бұл аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған.
Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүніyен киіз жасады, киіз үй тікті. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын (жүннен жасалған бұйым, киіз, кілем, былғары, тондарын) басқа заттарға айырбастаған. Келісімнің өзіндік түрлері қарапайым айырбас немесе қытайдың жібегімен бағаланды, болмаса жүннен жасалған мата мен белгіленіп мөшерленген. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған. Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |