«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»



жүктеу 186,88 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі186,88 Kb.
#12100


Петропавл қаласы әкімдігінің

2016 жылғы « »________№

қаулысымен бекітілген

Петропавл қаласы әкімдігінің

2005 жылғы 2 шілдедегі № 533

қаулысымен бекітілген



«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»


коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ



Петропавл қаласы

«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже




1. Жалпы ережелер

1. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Петропавл қаласы аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат басшылығын жүзеге асырушы, коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген міндеттерін жүзеге асыруға қала әкімдігімен уәкілеттенген атқарушы орган болып табылады.

2. Бөлім құрылтайшысы Петропавл қаласының әкімдігі болып табылады.

3. Тиісті салада уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ болып табылады.

4. Құрылтайшы Заң және басқа заңнамалық актілерге сәйкес Бөлімді құру, оның қызметінің мәні мен мақсатын анықтау, оны қайта құру және тарату мәселелерін шешеді, Бөлім Ережесін бекітеді, Бөлімге тиесілі мүлікті тағайындау және сақтау бойынша пайдалануға бақылауды жүзеге асырады.

5. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық қарасты мекемелері бар, олармен қарым-қатынаста басқару органы атынан әрекет етеді:

1) «Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Петропавл қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

7. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

8. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

9. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер ол бұған заңнамаға сәйкес уәкіл етілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапынан әрекет жасауға құқығы бар.

10. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте басшы бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

11. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық лимит саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

12. Заңды мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная к., 36, индекс 150008.

13. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі», мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы «Коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата города Петропавловска».

14. Осы Ереже «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

15. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

16. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға рұқсат етілмейді.

Егер «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.



2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі мақсаттары, қызметтері, құқықтары мен міндеттері
17. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Петропавл қаласы аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

18. Мақсаттары:

1) Петропавл қаласы аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында Петропавл қаласы аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты тағайындалған нысаны бойынша пайдалану;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асуын қамтамасыз ету;

3) жұмыссыздық деңгейін төмендету, кедейлік ауқымын қысқарту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

4) әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) зейнеткерлерді, жұмыссыздарды, мүгедектерді, кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларды және әлеуметтік қолдауға мұқтаж жұмысқа қабілетсіз халықтың өзге топтарын қолдау мақсатында ұйымдардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық қорларының өзара іс-әрекетін үйлестіру;

6) бөлім құзыретіне енетін мемлекеттік қызметтерді көрсету.

19. Қызметтері:

1) халықты жұмыспен қамту саласында:



өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайды;

жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

әлеуметтік жұмыс орындарын құруға ұсыныстар мен сұраныстарды қалыптастырады;

жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

жергілікті атқарушы органдардың қарастыруына:

мүгедектер үшiн жұмыс орындарына вота белгiлеу бойынша ұсыныстарды; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ұсыныстарды; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ұсыныстарды; ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;

халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады.

атқарушы билік органдары өкілдерінен, жұмыс беруші бірлестіктер мен кәсіподақтардан құрылатын, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі мәселелерді қарайтын консультативтік комиссия жұмысы мен жұмыс тобына қатысу;

жасырын жұмыссыздық туралы, қысқартылғандар және жартылай жұмыспен қамтылған қызметкерлер туралы, жалақы бойынша берешек мәліметтері бойынша мониторинг жүргізу;

ұжымдық шарт, әлеуметтік серіктестік бойынша меморандум жасау жөнінде қала кәсіпорындары және ұйымдарымен түсініктеме жұмысы;



жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы
білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға
байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық
жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін, әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

2) халықты әлеуметтік қорғау саласында:

тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, 18 жасқа дейнгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындауға құжаттарды тіркеу және есептеу, үйде оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсету;

жергілікті және республикалық бюджеттен тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу;

төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету;

атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыға өтініш жасаған тұлғаларға (отбасыларға) тексеру жүргізу бойынша участкелік комиссия жұмысын ұйымдастыру;

әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың деректер қорын құру;

өңірлік деңгейде халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

мүгедектерді, еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру;

мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру жұмысын ұйымдастыру;

бөлінген бюджеттік қаражат шегінде Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде атаулы және мерекелік даталарға;

жалғызбасты және қарт азаматтар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емдеумен, мүгедектерге жеке көмекші және ымдау-тіл маманы қызметін, әлеуметтік такси ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

20. Құқықтары мен міндеттері:

қаланың жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан Бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және басқа да материалдар сұрауға және алуға;

тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында ақпараттық-түсініктеме жұмысын жүргізуге, өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте хаттарды, азаматтардың шағымдары мен жеке өтініштерін қарауға;



өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындау;

жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлау;

мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрату;

жергілікті атқарушы органдардың қарастыруына:

мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу бойынша ұсыныстарды; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ұсыныстарды; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ұсыныстарды; ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;

жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;

әлеуметтік жұмыс орындарын құруға ұсыныстар мен сұраныстарды қалыптастыру;

жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру.

атқарушы билік органдары өкілдерінен, жұмыс беруші бірлестіктер мен кәсіподақтардан құрылатын, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі мәселелерді қарайтын консультативтік комиссия жұмысы мен жұмыс тобына қатысу;



өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындау;

уәкілетті органға жүгінген азаматтарды қабылдау, есепке алу және тіркеу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

жасырын жұмыссыздық туралы, қысқартылғандар және жартылай жұмыспен қамтылған қызметкерлер туралы, жалақы бойынша берешек мәліметтері бойынша мониторинг жүргізу;

ұжымдық шарт, әлеуметтік серіктестік бойынша меморандум жасау жөнінде қала кәсіпорындары және ұйымдарымен түсініктеме жұмысын жүргізу;



жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы
білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға
байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық
жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін, әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту.

қажет болған жағдайда өтініш берушінің тұрғын үй көмегін, әлеуметтік көмек, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға, сондай-ақ жалғызбасты және қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға күтімді жүзеге асыру туралы құқығын растау үшін, өтініш берушінің және оның отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу;

тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, 18 жасқа дейнгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындауға құжаттарды тіркеуді және есептеуді жүргізу, үйде оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсету;

жергілікті және республикалық бюджеттерден тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындауға және төлеуге;

атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыға өтініш жасаған тұлғаларға (отбасыларға) тексеру жүргізу бойынша учаскелік комиссия жұмысын ұйымдастыру;

әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың деректер қорын құру;

өңірлік деңгейде халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

мүгедектерді, еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру;

мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларын іске асыру жұмысын ұйымдастыру;

бөлінген бюджеттік қаражат шегінде Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде атаулы және мерекелік даталарға;

жалғызбасты және қарт азаматтар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

мүгедектерді арнайы қозғалыс құралымен, протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен, мүгедектерге жеке көмекші және ымдау-тіл маманы қызметін ұсыну, сондай-ақ мүгедектер мен ардагерлерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруға;

Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге;

арыз талап етуге, сотта арызданушы, жауапты, үшінші тұлға, куәгер, мемлекеттік мекеменің қызметімен байланысты істер жөніндегі маман ретінде қатысуға;

өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.
3. Коммуналдық мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
21. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауапкершілік атқаратын басшысымен жүзеге асырылады.

22. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымға Петропавл қаласының әкімімен тағайындалады және босатылады.

23. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары бар, олар лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.

24. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттіктері:

1) Бөлім орынбасарлары мен құрылымдық бөлімше басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) Бөлім қызметкерлерін және ведомстволық қарасты кәсіпорын басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;

3) Бөлім қызметкерлері мен ведомстволық қарасты кәсіпорын басшыларына тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

5) өз құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;

6) оның құзыретіне енгізілген басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндетін атқарушы адаммен жүзеге асырылады.

25. Басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

26.jБөлім құрамына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді: - ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторы;

-j аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету секторы;

- бухгалтерлік есеп жүргізу, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу секторы;

- тұрғын үй көмегі секторы;

- халықты жұмыспен қамту секторы;

- құқықтық және ұйымдастыру – кадрлар жұмысы секторы;

- үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
27. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекетпен берілген мүлік есебінен, сондай-ақ құны «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде көрсетілетін басқа мүлік есебінен қалыптасады.

28. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Петропавл қаласының коммуналдық мүлкіне тиесілі.

29. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және егер басқасы заңнамамен белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебіне сатып алынған мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе басқа әдіспен пайдалануға құқығы жоқ.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:

Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша.

Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқаруындағы ұйымдар тізбесі:
1) «Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Петропавл қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


__________________





жүктеу 186,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау