30
алайда күрделі логикалық байланыстармен мәліметтерді операциялау кезінде
иерархиялық үлгі тым үлкен болуы мүмкін.
Желілік үлгіде мәліметтер ерікті кескін түрде ұйымдастырылады.
Желілік үлгінің кемшілігі болып құрылымның қатаңдығы мен оны жүзеге
асырудың қиындығы табылады.
Сонымен қатар, иерархиялық және желілік үлгілердің маңызды
кемшілігі болып мәліметтер құрылымының мәліметтер базасын жобалау
кезеңінде берілетіндігі және мәліметтерге кіруді ұйымдастыру кезінде
өзгертуге болмайтындығы.
Нысаналы-бағытталған үлгіде мәліметтер базасының жеке жазбалары
нысана түрінде көрсетіледі. Мәліметтер базасының жазбалары мен оларды
өңдеу қызметінің арасында бағдарламалаудың нысаналы-бағытталған
тілдерінің құралдарына сәйкес келетін механизмдердің көмегімен байланыс
орналастырылады. Нысаналы-бағытталған үлгілер желілік және реляциондық
үлгілердің ерекшеліктерін үйлестіреді және күрделі мәліметтер құрылымын
құрайтын ірі мәліметтер базаларды құру үшін қолданады.
Мәліметтер базасының реляциондық үлгісі өзара қатынасқан
кестелердің байланысын құрайды. Мәліметтердің реляциондық үлгісінің
жетістіктері болып жай түрі құрылымның икемділігі, компьютерде жүзеге
асырудың ыңғайлылығы, теориялық жазбалардың болуы табылады. Дербес
компьютерлер үшін арналған көптеген мәліметтер базалары реляционды
болып келеді.
Төменде энергетикалық жүйелердегі апаттық үрдістерді сандық
тіркеушілермен жазылып отыратын ақпаратты өңдеумен байланысты
қолданбалы сауалдар қарастырылады.
Мәліметтерді өңдеу нәтижелерді кестелі және графикалық формада
көрсететін жеткілікті түрде түсінікті математикалық формулалар бойынша
орындалады.
- Бағдарламаны орындау ортасын таңдау кезінде бірнеше факторлар
ескерілді, атап айтқанда:
- бағдарламалық қамсыздандыруды нақты орта үшін жобалау үрдісінің
- күрделілігі мен еңбек сыйымдылығы;
- бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудегі көмектес құралдарың
болуы;
- пайдалану үрдісі кезінде түзетілердің енгізу мүмкіндігі;
- пайдаланушылық интерфейсті жобалаау құралдарының болуы;
- бағдарламаны орындау жылдамдығы;
- бағдарлама жұмысының сенімділігі мен бөтендерден қорғалуы.
Сонымен аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау
жүргізілді. Жасалғандарды талдай отырып, таңдалған құралдардың мынадай
сипатты көріністерін атап өтіге болады:
-әзірленетін
жүйе
аппаратты
қамсыздандырудың
техникалық
сипаттарына төмен шарттар қояды:
31
-қажет бағдарламалық қамсыздандыру едәуір таратылған;
-бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істеу жай және сенімді.
Осыған байланысты, таңдап алынған бағдарламалық қамсыздандыру
қойылған талаптарға толық түрде сай және қанағаттандырылған.
Барлық жүйелердің ішінде мәліметтер базасының реляциондық үлгісі
әлемдегі ең тараған түрі болып саналады. Бұл жүйелердің бұрыңғы кездегі
реляционды емес өнімдермен жұмыс жасауды қиындатқан мәселелерді
шешуге
мүмкіндіктері
бар.
Осындай
мәліметтер
базаларының
бағдарламаушылары мен әкімгерлері, ақпарат қалай құрылымдалған және
мәліметтер базасында орналасқаны туралы мұқият оқуларына тура келді, бұл
сол бағдарламаларды түрлендіру мен қосымшаларды әзірлеуде талай
қиындықтар туғызды. Мәліметтермен жұмыс істеудің барлық операциялары
DBMS деп аталатын бағдарламамен әзірленген(мәліметтер базасын басқару
жүйесі). Онымен жұмыс істеу тек жоғарғы деңгейдегі тіл операторларының
көмегімен жүзеге асырылады. Кейбір өнімдер әлі де өз тілдеріндегі
терминдермен жұмысты жасап жатқан болса да, SQL тілі азды-көпті
танымал, реляционды өнімдерді құрудың негізгі базасы болып табылатын
технологиялық стандарт ретінде білуге болады.
Delphi-дің көмегімен құрылған және мәліметтер базасымен жұмыс
істеуге арналған бағдарламалардың сипаттамалы ерекшелігі болып арнайы
бағдарлама кітапханасына тәуелді болуы саналады, ол BDE (Borland Database
Engine - Borland корпорациясының мәліметтер базасын сақтау машинасы).
BDE бағдарламасы DLL кітапханаларының жинағын көрсетеді, олар әртүрлі
форматтағы мәліметтерге кірудің төменгі деңгейін қарастырады. BDE
автоматты түрде Delphi орналастыру үрдісі кезінде орнатылады және
Windows-тың 32-деңгейлі нұсқасының реестрінде тіркеледі. BDE ең кең
тараған МББЖ-нің кестелерімен, тіпті файл-серверлі (dBase, Paradox, FoxPro,
Clipper) қалай болса, сондай-ақ клиент-сервер (InterBase, Microsoft SQL
Server, Oracle және тағы басқа) түрінде дежұмыс «істей» алады. BDE-нің SQL
тілін өздігінен түсіндіріп берушісі бар, ол сауалдарды тек МБ серверлерінде
ғана құрып қоймай, сондай-ақ файл-серверлік кестелерге де құрады.
Заманауи МББЖ маңызды аспектісі болып мәліметтерді қорғау
табылады. Реляционды МББЖ қауіпсіздігіне жалпы түрдегі талаптары
келесідей қалыптастырылады:
- кез-келген кестедегі мәліметтер барлық пайдаланушыларға емес, тек
кейбіреулеріне ғана рұқсатты болуы тиіс;
- кейбір пайдаланушыларға кестелердегі мәліметтерге жаңартуға
рұқсат берілсе, кейбіреулеріне тек осы кестелерден тек мәліметтерге
таңдауға рұқсат беріледі;
- кейбір кестелерге оның бағаналарына таңдаулы рұқсатты қамтамасыз
ету қажет;