Бақылау сұрақтары:
Жаңа педагогикалық технологияларының мақсаты қандай?
Жаңа педагогикалық технологияларды физика сабақтарында қолданудың қандай жолдары бар?
Оқыту процесіндегі компьютерлік технологияның орны мен ролі қандай?
Компьютерлік технологияны қолданып физика сабағын өткізуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесін көрсетіңдер.
Физика сабақтарындағы оқушылардың компьютермен өздік жұмысын қалай жүзеге асыруға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике: учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений /А.В.Смирнов-М.:«Академия»,2008. – 240с.
2. Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы /под ред.С.Е.Каменецкого,М.: 2000
3. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы /под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000
Зертханалық сабақтар
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 1
ТАҚЫРЫБЫ: «Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі (1 с.)
Мақсаты: Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу технологиясымен танысу, оларға әдістемелік нұсқаулар жиынтығын жасау.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Фронталь лабораториялық жұмыс деген не?
2.Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу мұғалімнен қандай іс-әрекеттерді талап етеді?
3.Фронталь лабораториялық жұмысты өткізудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген фронталь лабораториялық жұмыстарын орындау әдістемесін көрсетеді.
1.Өздеріңе бөлінген фронталь лабораториялық жұмыстарды, фронтальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастырудың төмендегі кезеңдері бойынша, орындау әдістемесін көрсетіңдер.
2. Әзірлік кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1) зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орнын анықтау; 2)сабақ жоспарын жасау; 3) құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру, жұмысты істеп қарау; 4) тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау. Оқушының іс-әрекеті: 1) теориялық материалды қайталау; 2) құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру; 3)қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару; 4)жұмысты орындаудың жоспарын құру.
3. Орындау кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)кіріспе әңгіме өткізу; 2)оқушының іс-әркетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау; 3)оқушының жұмысының нәтижесін тексеру. Оқушының іс-әрекеті: 1)фронтальды лабораториялық жұмысты істеу; 2)жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу; 3)жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру.
4. Қорытындылау кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)оқушылардың жұмыстарын тексеру; 2)жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру. Оқушының іс-әрекеті: 1)жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу; 2)өз жұмысын талдау.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды орындаудағы мұғалімнің іс-әрекеті қандай?
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастырудың кезеңдерін атаңдар.
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды орындаудағы оқушының іс-әрекеті қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 2
ТАҚЫРЫБЫ: «Экскурсияларды дайындау және өткізу» (1 с.)
Мақсаты: Физика бойныша экскурсиялардың міндеттерін, мақсатын негізге ала отырып, экскурсия жоспарын жасау.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
Экскурсия ұйымдастыру және өткізу не үшін қажет?
Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсияларды қандай түрлерге ажыратуға болады?
Экскурсия өткізуге тән ерекшелікті атаңдар.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша экскурсия өткізу жоспарын жасап көрсетеді.
1.Өздеріңе бөлінген тақырыптар бойынша экскурсия ұйымдастырудың жоспарын жасап көрсетіңдер.
2.Экскурсия ұйымдастырудың және өткізу жоспары төмендегідей болуы мүмкін, мысалға 7-сынып алынған.
Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физикадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.
Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.
Экскурсияның қорытындылау тәсілдері. Экскурсия қорытындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көрген-білгендерін сыныпта баяндап береді.
Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.
Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
Экскурсия өткізудің жоспары қандай болуы мүмкін?
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар қандай мақсатты көздейді?
Қорытынды экскурсиялар қандай мақсатпен өткізіледі?
Ілеспелі экскурсиялардың мақсаты қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 3-4
ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)
Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолдануда мұғалім қандай мәселелерді білуі керек?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша компьютерлік техниканы қолданудың жолдары көрсетілген сабақтың жоспарын жасап көрсетеді.
Бүгінгі сабақта өздерің дайындап келген тест тапсырмалары бойынша компьютерлік тест жасаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік тестілеу кеңінен қолданылады. Бұл әдістің маңызы, біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, тест сұрақтары кез-келген тақырыпты қамтиды. Тестік қабықша – тестер үшін контейнер функциясын атқаратын арнайы дайын программа. Тест тапсырмаларын құрудың бірінші қадамдық жұмысы: Экзаменатор деп аталатын тест қабықшасын қарастырайық.
Ол үшін берілген бағдарламаны енгізу үшін Пуск – Программы – Экзаменатор – Quest Editor командаларын орындаңыз. Сонда сұрақтар файлын құру үшін бағдарлама терезесі ашылады (18-сурет).
18-сурет. Сұрақтарды редактирлеу бағдарламасының терезесі.
Достарыңызбен бөлісу: |