Пәннің оқу әдістемелік кешені «Статистика» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Типтік оқу бағдарлама ҚР-ның БҒМ-нің 11. 05. 05. ж. №289 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген



жүктеу 1,03 Mb.
бет15/80
Дата12.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#28829
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80



Экономиканың секторлық- салалық классификациясы.

  1. Секторлық-салалық классификацияның ғылыми негізі

  2. Институттық бірліктің мәні, түрлері мен резиденттік мәртебесі.

Елдің экономикасы- бұл түрлі операцияларды атқаратын көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметтерінің нәтижесі. Осыған байланысты біртектес топтар құру мақсатымен экономикалық бірліктерді классификациялау ,топтастыру жүргізіледі. Экономикалық бірліктердің біртектестілігі үш аспектіден қарастырылады.

  1. Экономикалық іс-әрекет түрі

  2. Экономикалық аудандарға тиесілі болуы

  3. Шарушылық жүргізуші субьектінің нарықтағы тәртібі

Экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық стандарттық салалық классификациясына сәйкес Ұлттық Есептер Жүйесінде экономикалық бірліктердің келесі түрлері бар: жергілікті бірлік, қызмет түрінің бірлігі , мекеме.

Жергілікті бірлік – бір орында , бір географиалық ауданда бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпорын.

Қызмет түрінің бірлігі – тұрған жерінің географиалық ауданына байланыссыз , біртекті қызмет немесе қызметтің бір түрін атқаратын бірлік

Мекеме- бұл бір орында, қызметтің бір түрімен айналысатын, кәсіпорыннан немесе кәсіпорын бөлімінен тұратын өндірістік бірлік.

Бір кәсіпорында қызметтің бір және одан да көп түрі болуы мүмкін. ХССК-ға сәйкес өндіруші бірліктің бүкіл қызметі негізі, көмекші және қосалқы б.б.

Өндірістік бірліктің негізгі қасиеті деп, айналысатын қызметтің қосылған құны, осы бірліктің басқа да қызметтерінің қосылған құнынан артық болатын қызметін айтады.

Көмекші қызмет дегеніміз – негізгі және қосалқы қызмет түрлерінің жүзеге асуына жағдай жасау мақсатымен кәсіпорында орындалатын қызмет.

Ұлттық Есептер Жүйесінде негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші қызметтің келесі түрлері бар.


  1. өндірісті басқару

  2. машиналар мен құрал жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;

  3. жүк және жолаушы тасымалдау(өндірістік бірлік ішінде және сыртында)

  4. мат-ды сақтау, қойма

  5. жабдықтау мен өткізу

  6. жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары көмекші қызметте қосылған құн анықталмайды, өйткені, ол негізі және қосалқы қызметтің қосылған құнымен біріктірілуі;

Қосалқы қызмет – бұл жеке өндірістік бірлікте негізгі қызмет толықтырушы қосымша атқарылатын қызмет.

Ол басқа салалардың өнімін өндірумен байланысты. Мыс өнеркәсіп кәсіпорынында қосалқы ауыл шаруашылығы , немесе ағаш өңдеу цехы т.т болуы мүмкін.

Қосалқы қызметтің қосылған құны негізгі қызметтің қосылған құнынан кем болуы тиіс.

Экономикалық бірліктерді классификациялау негізінде өндірістік қатынастардың типтері жатады:

1)өндірістік – технологиялық қатынастар

2)нарықтық қатынастар

Өндірістік – технологиялық қатынастарды зерттеу үшін халық шаруашылығының салалық классификациясы қолданылады. Шаруашылық жүргізу субьектілерінің нарықтың қатынастарын зерттеу үшін секторлық классификация қолданылады. Салалар бойынша топтастыру өндіріс процентін зерттеу үшін , өнімдер мен қызметтер ресурстары мен оның қолданылуы арасындағы балансты құрастыру үшін қажет.

Сондай- ақ , ұйым мәселелерін , нарық жағдайын, меншіктің типін талдауүшін керек.

Салалық классификацияның негізі келесі принциптерге байланысты:

а) өндіріс технологиясының бірлестігі

б) пайдаланылатын шикізаттың біркелкілігі

в) өндірілетін өнімнің бағыты

Салалардан нарықтық емес өнімді өндірушілерді шығарып тастауға болмайды.

Нарықтық өндірушілер мен нарықтық емес өндірушілердің арасындағы айырмашылық қызмет классификациясының белгісі ретінде қарастырылмайды.

Мысалы білім беру сферасындағы нарықтық және нарықтық емес өндірушілердің ұқсас қызмет көрсетуін , түрлі тәсілдермен қаржыландыруына байланысты әртүрлі деп классификациялауға болмайды.

Экономиканы секторлар бойынша топтастыру институционалдық бірліктегі табыстар мен шығыстар ағымын , активтер мен пассивтерді зерттеу мақсатымен жүргізіледі. Секторлық классификация негізінде институционалдық бірлік жатады. Институционалдық бірліктер экономикалық қызметіне, мақсаттары менміндеттеріне қарай топтастырылады.

Сектор- бұл атқаратын қызметі мен шығындарды қаржыландыру әдістері тұрғысынан біртекті институционалдық бірліктердің жиынтығы.

Секторға экономикалық тәртібі мен мақсаттары ұқсас бірліктер топтастырылады.

Осыған байланысты экономикалық секторларға бөлінуі экономикалық талдау мақсаттары үшін шоттардың маңыздылығын арттырады.

Институционалдық бірлік бұл шаруашылық қызметті жүзеге асыру құқығы бар , өз ресурстарын өз бетінше жұмсайтын , активтері бар, өз міндеттемелері бойынша жауапкершілігі бар және бухгалтерлік шоттардың толық жиынтығын жүргізетін шаруашылық бірлік.

Бірақ, әрбір институционалдық бірлікте бұл келтірілген барлық белгілер болмауы да мүмкін.

Мысалы: үй шаруашылығы бухгалтерлік шоттардың толық жиынтығын жүргізбесе де, өз ресурстарын өз бетінше жұмсайды, сондықтан да институционалдық бірлік деп саналады. Институционалдық бірлікке тән ерекшеліктер:



    • Институционалдық бірліктің тауарлар мен активтерді иелену құқығы бар , ол басқа институционалдық бірліктермен операциялар жүргізу кезінде, меншігіндегі тауарлар мен активтерді алмастыруға мүмкіндік береді.

    • институционалдық бірлік өз атынан қабылданған міндеттемелері бойынша жауап береді, басқа да міндеттемелер қабылдап, келісім-шартқа отыру құқығы бар , сот процестерінде өз атынан қатысушы бола алады;

    • ол шешімдер қабылдауға өкілетті және қызметі үшін тікелей жауапкершілігі бар және заң алдында тікелей есеп береді.

    • әрбір институционалдық бірлікте активтер мен міндеттемелер бойынша баланстық ведомостарды қосқанда , шоттардың толық жиынтығы болуы тиіс;

Институционалдық бірліктің белгілері бар шарушылық субьектінің екі тобы бар. Бұл заңды және жеке тұлғалар. Заңды тұлғаларға корпорациялар, коммерциялық емес мекемелер және мемлекеттік басқару органдары жатады.

Корпорация –бұл акция ұстаушылардың меншіктің ұжымдық формадағы кәсіпорыны. Корпорациялар тауарларды өндіру мен нарық үшін қызмет көрсету мақсатымен құылады. Олардың иелері, яғни институционалдық бірліктер үшін пайда көзі болып табылады.

Коммерциялық емес мекемелер – бұл мақсат, міндеттеріне сәйкес, корпоративті кәсіпорындарға, мемлекеттік басқаруоргандарына, үй шаруашылығына қызмет көрсету үшін құрылған қоғамдық ұйымдар. Коммерциялық емес ұйымдарды экономикалық түрлі секторларының институционалдық бірліктері құратындықтан, олар нарықтық немесе нарықтық емес қызметпен айналысуы мүмкін.

Нарықтық қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдар , кімге қызмет көрсетуіне байланысты қаржылық немесе қаржылық емес секторға жатады.

Нарықтық емес өндіріспен айналысатын коммерциялық емес ұйымдар екі топқа бөлінеді: а)үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

б) үкіметтің қаржыландыратын және бақылайтын коммерциялық емес ұйымдары

Мемлекеттік басқару органдары үй шаруашылығына және жалпы қоғамға тұтас нарықтық емес тауарлар мен қызмет көсетеді, ұйымдастырады және қаржыладырады.

Сондай-ақ, салық салу арқылы бөлу және қайта бөлумен айналысады.

Жеке тұлғаларға жекеклеген индивидтер немесе үй шаруашылығы формасындағы индивиндтер тобы жатады. Бірнеше адамнан тұратын үй шаруашылығының мүшелерінің әрқайсысы жекелеген институционалдық бірлік болып табылмайды.

Үй шаруашылығының иелігіндегі корпоротивті емес кәсіпорындар жеке институционалдық бірлік емес, осы үй шаруашылығының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Институционалдық бірліктер резидент және бирезидент болуы мүмкін. Егер институционалдық бірліктің экономикалық қызмет орталығы елдің экономикалық аумағымен байланысты болса, онда мұндай бірлік осы елдің резиденті деп саналады.

Осылайша, егер осы елде өндірісінің айтарлықтай көлемін жүргізіп отырса және пайдаланылатын кемінде бір өндірістік бірлігі болса, белгілі бір уақыт немесе ұзақ мерзім бойы осы ел кәсіпорынның экономикалық қызмет орталығы бар деп айтуға болады.


3. Нарықтық экономиканың секторлық құрылымы.

Экономиканы секторлар бойынша топтастыру – нарықтық экономиканың орталық моделі болып табылады. Секторлар біртекті топтарды, яғни институционалдық бірліктер резиденттердіалу мақсатымен экономиканы құрамдас бөліктерге бөлу арқылы құрылады. Тұтас экономиканы құрайтын резиденттік институционалдық бірліктер алты секторға топтастырылады:



  1. қаржылық емес сектор

  2. қаржылық сектор

  3. жалпымемлекеттік басқару секторы

  4. үй шаруашылығы секторы

  5. «қалған әлем» сектороы.

Қаржылық емес сектор. Бұл секторға өндіріс шығындары тауарлар мен қызметтерді өткізу бағасының есебінен өтелінетін кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік , кооперативтер,арендалық біріккен жеке кәсіпорындар жатады.

Қаржылық емес секторға сондай-ақ немесе өндірушілердің түрлі топтары құрған және олар қаржыландыратын кәсіпкерлердің ассоциациялары, сауда палаталары және т. б кіреді.

Қаржылық емес секторлардың негізгі функциолары – бұл өндірістің шығындарын өтейтін бағамен өткізу үшін өнімдер мен қаржылық емес нарықтық қызметтерді өндіру. Бірақ кейде өндіріс шығынының бөлігі мемлекттік бюджеттің дотациясы мен субсидиялары есебінен жабылуы мүмкін.

Қаржылық емес сектор ақырғы тұтынушы емес, оның өнімі мен қызметтері аралық тұтыну үшін қолданылады. Бұл сектордың табысы негізінен өнімдер мен қызметтерді өткізуден түсетін түсім есебінен қалыптасады.

Бұл сектордың мақсаты – пайда алу.

Қаржылық сектор – коммерциялық негіздегі қаржылық операциялар мен сақтандыру бойынша операциялар жүргізеді. Бұл секторға:

а) коммерциялық несие мекемелері ( коммерциялық банктер , несиелік қоғамдар, ассоциациялар);

б) сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары;

в) Қаржылық делдалдықпен айналысатын немесе өздерін тәелділікке ұшыратпайтын қызмет көрсететін көмекші компаниялар.

Коммерциялық несиелік мекемелердің негізгі функциолары – бұл қаржылық құралдарды шығару , алу, сақтау, бөлу, құнды қағаздарды шығару, ақша қаражаттарын сақтау және кәсіпорындар мен үй шаруашылығына несие беру.

Сақтандыру ұйымының негізгі функциолары – сақтандыру бойынша қызмет көрсету (өмірді кездейсоқ жағдайлардан сақтау, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін сақтау).

Зейнетақы қорлары зейнетақыға шыққаннан кейін жалдамалы жұмысшылардың жекелеген топтарын табыспен қамтамасыз ету үшін құрылады.

Коммерциялық несиелік мекемелердің табысы қабылданған міндеттемелер нәтижесінде құралатын қорлардан (депозиттер,депозиттік сертификаттар,облигациялар) және алынған проценттерден қалыптасады. Сақтандыру контрактілері бойынша сақтандыру жарналары есебінен құралады.

Қаржылық секторлардың мақсаты- пайда алу.


Жалпымемлекеттік басқару секторына – мемлекеттік бюджетте тұрған орталық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік мекемелер кіреді.(денсаулық сақтау,білім беру, мәдениет пен өнер, спорт және дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары, басқару, қорғаныс,тәртіп сақтау органдары ). Сондай-ақ оған мемлекеттік мекемелер қаржыландыратын және бақылайтын , жалпы қоғамға қызмет көрсететін коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар кіреді. (мысалы денсаулық сақтау немесе қоршаған ортаны қорғау облыстарында мемлекеттік стандарттарды орнатумен айналысатын мекемелер).

Бұл секторолардың функциолары- нарықтық емес қызметтер көрсету және салықтар жинау арқылы ұлттық табысты және ұлттық байлықты қайта бөлу.

Жалпымемлекеттік басқару секторы мынадай қызмет көрсетеді :

а) тегін білім беру,денсаулық сақтау,мәдениет пен өнер,спорт,демалыс, әлеуметтік қамсыздандыру обылыстарында

б) ұжымдық сипатта басқару ,тәртіп сақтау мен қауіпсіздік, қорғаныс, ғылым мен ғылыми қызмет көрсету , жол шаруашылығы , нвгонпаговекн қызмет көрсету , экономиканы реттеу және жоспарлау , қоршаған ортаны қорғау облыстарында.

Секторлық табысы негізінен тікелей немесе жанама түрде алынатын басқа секторладың бірліктеріне салынатын міндетті салықтар және меншіктен түсетін табыстар ретінде құралады. Бұл сектор әлеуметтік және саяси мақсаттарды жүзеге асырады.

Үй шаруашылығы секторына үй шаруашылықтары – осы елдің резиденттері , олардың көлемі мен формасына байланыссыз , оның ішінде жұмысшылар мен қызметшілердің қосалқы шаруашылықтары, жеке шаруа қожалықтары ,тәуелсіз заңдық мәртебесі жоқ жеке кәсіпорындар кіреді.

Үй шаруашылығы – бұл бір тұрған жайда тұратын , өздерінің табыстары мен материалдық құндылықтарын біріктіріп және өнімдер мен қызметтерді бірге тұтынатын адамдардың шағын тобы.

Жанұя мен салыстырғанда үй шаруашылығы деп бірге тұратын және бірге шаруашылық жүргізетін адамдарды (туыс болуы міндетті емес) түсінеді. Үй шаруашылығы өзін материалды қамтамасыз ететін бір адамнан да тұруы мүмкін. Мекемелерде тұратын адамдар (діни қоғам, шіркеу мүшелері,психиитриялық аурухана пациенттері, түрмеде отырғандар ,қарттар үйінің мүшелері) бір институционалдық бірлік ретінде қарастырылады.

Бұл сектордың функциялары – жұмыс күшін беру, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну, тауарлар мн қаржылық және қаржылық емес нарықтық қызметтерді өндіру. Кейде жеке тұлғалар жеке тәуекелділікке барып қаржылық делдалдылықпен айналысады (несие беру, шетелдік валюта сатып алу мен сату ).

Бұл секторлардың табысы келесі көздерден құралады:

а) жалдамалы жұмысшылардың компенсацияларынан;

б) меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, рента, процент)

в) басқа секторладан түсетін құндық және натуралдық формадағы ағымдағы трансферттер;

г ) үй шаруашылығында өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсім.

Бұл сектордың мақсаты – тауарлар мен қызметтерді ақырғы тұтыну.

«Қалған әлем» секторы осы елдің резиденттерімен операциялар жүргізетін шетелдік экономикалық бейрезидент бірліктерді қамтиды. Бұл операциялар сыртқы экономикалық қызметке жатады және әлемнің басқа елдерінің экономикалық қызметін ескеретін шоттар бойынша топтастырылады. Қалған әлемге ел шекарасы ауқымында орналасқан институционалдық бірліктер кіреді: шетелдік анклавтар ( елшіліктер, консулдықтар, әскери базалар, халықаралық ұйымдар)

Әлемнің қалған елдері шоты бұл резидент бірліктер мен бейрезидент бірліктер арасында жасалынатын операциялар шоты, бірақ оны резидент бірліктермен келісім-шартқа отыратын барлық бейрезидент бірліктердің шоты ретінде қарастыруға болады.

Экономиканың әрбір негізгі секторы подсекторларға бөлінеді. Ол жүргізілетін талдау түріне, деректердің және экономикалық жағдайлардың болуына, сондай-ақ елдегі институционалдық шараларға байланысты. Мысалы, қаржылық секторды қаржылық қызмет түріне, сондай-ақ бақылау белгісі бойынша подсекторларға бөлуге болады.

Қаржылық қызмет түріне байланысты подсекторлар :



  1. Ұлттық банк;

  2. Басқа депозиттік мекемелер;

  3. Басқа қаржылық делдалдар;

  4. Қаржылық көмекші компаниялар(құнды қағаздармен операциялар бойынша маклерлік конторалар, акциялар мен басқа құнды қағаздарды орналастыру бойынша агенттіктер );

Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары;

Бақылау белгісі бойынша қаржылық сектор мынадай подсекторларға бөлінеді:



  1. Мемлекеттік қаржылық кәсіпорындар;

  2. Ұлттық жеке қаржылық кәсіпорындар;

  3. Шетелдік бақылаудағы қаржылық кәсіпорындар;

Басқа секторлардың подсекторлары:



  1. Қаржылық емес сектор

    1. Мемлекеттік қаржылық емес кәсіпорындар;

1.2. Ұлттық жеке қаржылық кәсіпорындар;

1.3. Шетелдік қаржылық емес кәсіпорындар;




  1. Жалпымемлекеттік басқару секторы

    1. Республика Үкіметі;

    2. Билік пен басқарудың облыстық органдары;

    3. Басқарудың жергілікті органдары;

    4. Әлеуметтік қамсыздандыру қорлары;




  1. Үй шаруашылығы секторы

    1. Жұмыс берушілер;

    2. Жалдамалы емес еңбек жұмысшылары;

    3. Жалдамалы жұмысшылар;

    4. Меншіктен және трансферттерден табыс алушылар:

Оның ішінде:

      1. Меншіктен табыс алушылар;

      2. Зейнетақы алушылар;

      3. Басқалай трансферттерден табыс алушылар;

«Қалған әлем» секторы

Әлемнің қалған елдері;

Секторлардың бөлінуі міндетті методологиялық стандарт ретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырылады. Ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне қарай толықтырылып отырады.




  1. Экономиканың қызмет түрлерінің салалық классификациясы.

Өндірістік- технологиялық белгілері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикалық қызметтің барлық түрлерінің халықаралық стандарттық салалық классификациясы көмегімен зерттеледі.

Халықаралық стандарттық салалық классификация-ны Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Еңбек Ұйымы, ЮНЕСКО, ВОЗ т.б. халықаралық және ұлттық ұйымдар қолданады. Ол өндіріс көлемін, бағаны, өндіріс шығындарын, халықтың жұмыспен қамтылуын, негізгі капитал мен қаржылық активтердің көлемін салыстыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық стандарттық салалық классификация түрлі елдердегі өндірісті ұйымдастырумен еңбек бөлінісінің түрлі деңгейіне байланысты көпдеңгейлі негізде құрастырылған. Оның құрамында салалық классификацияның төрт деңгейі бар: бөлімдер, бөлімшелер, қызмет түрлерінің топтары мен кластары.

Бөлімдер экономиканың ірілендірілген салаларын көрсетеді. Халықаралық стандарттық салалық классификацияда латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленген он жеті бөлім бар.

Классификацияның екінші деңгейі – бөлімшелер. Әрбір бөлім бір немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Әрбір бөлімше қызмет түрі топтарынан, ал әрбір топ қызмет түрлерінің кластарынан тұрады. Мысалы:


А. «Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы»






Ауыл шаруашылығы, аң аулау және олармен байланысты қызметтер


Орман шаруашылығы, ағаш дайындау және олармен байланысты қызметтер

Өсімдіктер өсіру, тауарлық көкөніс өсіру, бағбандық


Мал шаруашылығы






Дәнді дақылдар және басқа категорияға енгізілмеген басқа да өсімдіктер өсіру


Көкөніс өсіру, арнайы бағбандық және питомниктердің өнімін өндіру

Жеміс-жидек, жаңғақ, сусындар мен дәмдеуіштер өндіру үшін өсімдіктер өсіру


Халықаралық стандарттық салалық классификацияның құрылымы

Көрсеткіш



Топтар саны

Барлығы

Оның ішінде деңгейлері бойынша

1 бөлім

2 бөлім

3 бөлім

4 бөлім

1

2

3

4

5

6

А. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аң аулау

18

1

2

6

9

В. Балық шаруашылығы

4

1

1

1

1

С. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер жасау

28

1

5

10

12

D. Өңдеу өнеркәсібі

210

1

23

61

125

E. Электроэнергия, газ және сумен қамтамасыз ету

11

1

2

4

4

F. Құрылыс

12

1

1

5

5

G. Көтерме және бөлшек сауда, автомобиль, мотоцикл, тұрмыс тауарларын жөндеу

50

1

3

17

29

H. Қонақ үйлер мен мейрамханалар

6

1

1

2

2

I. Көлік-қойма шаруашылығы және байланыс

33

1

5

10

17

J. Қаржылық делдалдық

21

1

3

5

12

K. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, аренда және коммерциялық қызмет

54

1

5

17

31

L. Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік сақтандыру

13

1

1

3

8

M. Білім беру

11

1

1

4

5

N. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

11

1

1

3

6

O. Басқалай коммуналдық, әлеуметтік және персоналды қызметтер

36

1

4

9

22

P. Жалдамалы персоналы бар жеке үй шаруашылықтары

4

1

1

1

1

Q. Экстерриториялдық ұйымдар мен органдар

4

1

1

1

1

Барлығы

526

17

60

159

290

Ұлттық есептер жүйесі туралы түсінік және оның мақсаты мен міндеттері.

Ұлттық есеп – экономикалық қызметтің барлық түрлерін қамтитын, әдістемелік принциптердің бірлігіне негізделген және макродеңгей мен секторлар деңгейінде Ұлттық есептер жүйесін құрумен аяқталатын бастапқы, оперативті бухгалтерлік есеп пен статистиканы жүргізу жүйесі.

Ұлттық есептер жүйесі – экономикалық процестер мен олардың нәтижелерін кешенді өзара байланысты сипаттайтын баланстық әдіс.

Ұлттық есептер жүйесін макроэкономикалық қызмет нәтижелерін сипаттайтын белгілі бір шоттар жиыны мен кестелер түрінде көрсетілген, өзара байланысты статистикалық көрсеткіштер мен классификаторлар жүйесі деп те анықтауға болады.

Ұлттық есептер жүйесі барлық институционал бірліктері мен меншіктің барлық формаларының шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметін қамтиды; өндірілген және өндірілмеген, қаржылық және қаржылық емес, материалдық және материалдық емес активтермен жүргізілетін барлық операцияларды есептейді.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі деңгейі кәсіпорындар, салалар, республика аймақтарының басқа мемлекеттермен, әсіресе тарихи қалыптасқан тығыз өндірістік қатынастары бар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара байланыстарды күшейтумен анықталады. Бұл халық шаруашылығындағы экономикалық өзара байланыстар мен пропорцияларды жан-жақты зерттеудің қажеттілігін, қалыптасқан заңдылықтарды және оларды сандық бейнелеуді танып-білу үшін әлеуметтік-экономикалық статистиканың әртүрлі әдістерін кеңінен қолдануды қажет етеді. Сан алуан экономикалық-статистикалық әдістердің ішінен баланстық әдіс ерекше орын алады. Ол қоғамдық ұдайы өндірістің бүкіл процесін сипаттайды.

Ұдайы өндіріс процесін, оның факторлары мен нәтижелерін, экономиканың салалары арасындағы маңызды өзара байланыстарды жжиынтық көрсеткіштері түрінде кестеде сандық бейнелеу, экономиканың статистикалық моделі болып табылатын халық шаруашылығының балансын көрсетеді және ол көптеген жылдар бойы қолданылып келді.

Халық шаруашылығы балансындағы макроэкономикалық көрсеткіштер, материалдық өндірістің басымдығы, сыртқы экономикалық байланыс пен төлем балансы, жалпы экономика мен жекелеген секторлардың қаржылық жағдайының халықаралық нұсқаулар мен стандарттарға сәйкес болмауы халық шаруашылығын экономикалық әдістермен басқаруға мүмкіндік бермеді.Мемлекеттік бюджет, қаржылық ресурстар, несие сияқты экономикалық категориялар халық шаруашылығы балансында қажетінше кеңінен көрсетілмеді және макростатистикалық модельдеудің қазіргі заманғы талаптарына жауап бермеуіне байланысты нарықтық экономикаға көшу жағдайында баланстық құрылымдарды, бастапқы статистикалық ақпарат, бухгалтерлік, қаржылық және банктік есепті теориялық және әдістемелік жағынан қайта қарау қажеттігі туындады.

Ұлттық есептер жүйесі нарықтық экономикаға өткенге дейін біздің елде қолданылып келген халық шаруашылығы балансынан ерекшелігі, материалдық өндіріс пен материалдық емес қызметтер сферасының тең қатарға қойылуы. Мұндай жағдайда нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу құралдары ретінде ұсыныс пен сұраныс, бәсеке танылады.

Өз көрсеткіштер жүйесі негізінде Ұлттық есептер жүйесі экономикалалық процестер мен олардың нәтижелерін сипаттайды, осы процестер арасындағы өзара байланыстарды бейнелейді , яғни Ұлттық есептер жүйесі – елдің , оның аймақтары мен секторларының экономикалық қызметін кешенді зерттеу үшін қолданылатын экономиканың ерекше моделі. Оған түрлі экономикалық операцияларды жүргізу процесінде экономикалық агенттер арасындағы өнімдер мен олардың қаржылық эквиваленттері қозғалысының ағымын бейнелейтін өзара байланысты баланстар (шоттар) жатады.

Нарықтық экономикалық статистикалық моделі ретінде Ұлттық есептер жүйесі экономикалық саясатты құруға, оны жүзеге асыру нәтижелерін талдауға, тиімділігін бақылауға, сондай-ақ экономиканы модельдеу, болжау және басқару үшін әлемнің 155 елінде , ал 1993 жылдан бастап Қазақстанда да қолданылып келеді.

Сонымен , Ұлттық есептер жүйесі- нің мәні ұдайы өндіріс процесінің келесідей кезеңдеріндегі : өнімдер мен қызметтерді өндіру ; табыстарды құру, бөлу, қайта бөлу және ақырғы қолдану,түрлі активтерді жинақтау үшін жалпы жинақты қолдану; сыртқы эконоикалық байланыстар және экономикалық қызметтің басқа да кезеңдеріндегі жалпылама макроэкономикалық көрсеткіштер мен осы көрсеткіштердің өзара байланыстарын есептеу.

Ұлттық есептер жүйесі – елдің, халық шаруашылығының жекелеген салалары мен секторларының дамуын талдау үшін , содай- ақ белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдап , экономикалық саясатты жүргізу үшін әлеуметтік – экономикалық статистика көрсеткіштерінің әртүрлі жүйелерін біріктіріп қолдану және үйлестіру.

Ұлттық есептер жүйесі бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, оның негізгілері :

-мемлекеттік реттеудің шараларын жасау

Ұлттық есептер жүйесі – де экономикалық қызметтің түрлері мен сан алуан облыстарын және экономиканың әртүрлі секторларын сипаттайтын міндеттер бар.

Бұл мәліметтер мемлекетке мемлекеттің өзінің , сондай- ақ шаруашылық жүргізуші субьектілерінің тұтынуын қадағалауға , қажетті құрылымдық инвестициялық саясат жүргізуге , экспорт – импортты, еңбекақыны, салықтарды, несие, субсидияларды, ақша эмисиясын, яғни мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің барлық құралдарын бақылауға мүмкіндік береді;



    • Динамикадағы түрлі экономикалық айналымдар арасындағы арақатынастарға макроталдау жүргізу және экономикалық дамудың макроэкономикалық модельдерін құрастыру

    • Халық шаруашылығы дамуының экономикалық стратегиясынын және оны жүзеге асыру үшін шаралар жасау.

    • Жүйенің негізгі көрсеткіштері – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс(ҰТ) – барлығы және жан басына шаққандағы, күрделі қаржыландырудың жалпы ішкі өнімге қатынасы және тағы басқа негізінде халықаралық салыстыруларды жүргізу, ұлттық экономика дамуының негізгі параметлері туралы ақпаратты Біріккен ұлттар ұйымы, ЮНЕСКО, Халықаралық валюталық қор және тағы басқа халықаралық ұйымдарға беріп отыру.

Ұлттық есептер жүйесі – нің мазмұны мен құрылымы ( Жалпы ішкі экономика, секторлар , салалар , шарушылық жүргізуші субьектілер тұрғысынан )

Қоғамдық өнімді ұдайы өндірудің түрлі кезеңдерін, табысты қалыптастыру , бөлу, қайта бөлу және ақырғы қолдануды, негізгі қорларды ұлғайтуды, жер сатып алу, материалдық емес активтерді алуды жан – жақты сипаттап, толық бейнелеу үшін экономикалық операциялар нәтижелерін арнайы баланстың кестелер- шарттар түрінде көрсетуге болады.

Әрбір шот жалпы экономика деңгейінде , сондай- ақ салалар мен секторлар деңгейінде құрастырылады, басқаша айтқанда шаруашылық жүргізуші субьектілерінің экономикалық қызметінің тек бір жағын ғана бейнелейтін, бірақ түрлі басқару деңгейіндегі шоттар тобы құрылады.

Шоттар екі бөлімнен - ресурстардан және ресурстарды пайдаланудан тұрады. Бұл екі бөлімнің қортындысы бір- біріне тең.

Шоттар көрсеткіштерінің өзара байланысы, бір шоттан екіншісіне өту мүмкіндігі жүйеде қабылданған қос жазу принципіне негізделген , яғни әрбір операция екі рет бейнеленеді, бір рет бір шоттық ресурсында, екінші рет басқа шоттық ресурстарды пайдалану бөлімінде.

Ұлттық есептер жүйесіне кіретін барлық кестелерді екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топты ішкі экономиканың шоттары құраса, екіншісін сыртқы -экономикалық байланыстар немесе « қалған әлем » «остальной мир» топтары құрайды.

Ішкі экономика шоттарына жататындар :



    • өндіріс шоты;

    • табысты құру шоты

    • табысты бастапқы бөлу шоты

    • табысты қайта бөлу шоты

    • табысты пайдалану шоты

    • күрделі шығындар шоты

    • қаржылық шот

    • өнімдер мен қызметтер шоты.

Сыртқы экономикалық операциялар шоттарына жататындар :

    • ағымдағы операциялар шоты

    • күрделі шығындар шоты

    • қаржылық шот

    • «Остальной мир» шоттары немесе оны төлем балансы деп айтуға болады , мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілері (резиденттері) мен басқа елдердің шарушылық жүргізуші субьектілері (бейрезидент ) арасындағы бүкіл операцияларды бірге қосып , жалпы қамтитын шоттарды көрсетеді.

      жүктеу 1,03 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау