Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Салықтық жоспарлау»



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет14/26
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#20665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

32 

 

Салықтық  жоспарлау  мақсаты  тек  қана  салық  тӛлемдерін  азайту  емес,  сондай-ақ 



кәсіпорында жоспарлаудың жалпы ғылыми деңгейін кӛтеру, яғни ӛндіріс тиімділігін кӛтеру болып 

табылады. 

Кәсіпорында  салықтық  жоспарлау  стратегиялық  және  тактикалық  (ағымдағы)  болып 

бӛлінеді.  

Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынды құру және тіркеу кезеңінде жүзеге асырылады және 

салық  міндеттемелерін  болашақта  барынша  азайтуға  бағытталған.  Бұл  кезең  ӛзіне  шаруашылық 

жүргізудің  ұйымдық-құқықтық  нысанын  таңдауды,  кәсіпкерлік  қызметтің  түрі  мен  пішінін 

(профиль),  шаруашылық  субъектісінің,  оның  бӛлімшелері  немесе  еншілес  ұйымдарының 

орналасқан  орнын,  олардың  тіркелуін  біріктіреді.  «Салық  шұраттары»  (налоговый  оазис)  – 

оффшорлық аумақтарды,  еркін  экономикалық және  сауда  аймақтары  мен «салық  баспаналарын» 

пайдалану  мүмкіндіктері  талданады.  Бұл  кезеңде  шешім  тек  салық  салудың  барынша  жеңілдікті 

режимі  ұстанамы  тұрғысынан  ғана  емес,  сол  сияқты  алынған  табысты  бір  елден  екіншісіне 

аударудың, салық несиесін алудың, екі жақты салық салудан қашудың барынша тиімді шарттары 

мен  басқа  да  мүмкіндіктерді  есепке  ала  отырып қабылданады.  Бұл  кезеңде  сондай-ақ  капиталды 

орналастыру, инвестициялық саясат, қаржыландыру стратегиясы да дайындалады.  

Тактикалық  салықтық  жоспарлау  салықтардың  нақты  түрлерінің  мӛлшерін  оңтайландыру 

үшін  заңда  қарастырылған  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  кезекті  қаржы  жылына 

немесе орташа кезеңдегі болашаққа оларды есептеуді ұйымдастыру процесі. 

Микродеңгейде тактикалық жоспарлаудың негізгі бағыттары келесі суретте кӛрсетілген. 

 

1-сурет – Микродеңгейде тактикалық жоспарлау бағыттары 



 

Кәсіпорын  қызметінің  тәжірибесінде  салық  тӛлемдерін  оңтайландырудың  елеулі 

мүмкіндіктері есеп саясатын қалыптастыру кезінде ашылады. Есеп (бухгалтерлік және салықтық) 

кәсіпорында бекітілген есеп саясаты ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады. 

Есеп  саясаты  кәсіпорында  есеп  қалай  жүргізілуі  қажет  екенін  белгілейтін  негізгі 

құжаттардың  бірі  болып  табылады.  Онда  шешілуі  үшін  қолданыстағы  заңдылықта  бірнеше 

нұсқасы қарастырылатын мәселелер ғана бейнеленуі қажет. 

Есеп  саясатын  дайындау  барысында  бухгалтер,  онда  бухгалтерлік,  сол  сияқты  салықтық 

есепті жүргізудің әдістерін анықтауы қажет. 

Салықтық  есеп  деп  белгіленген  тәртіпте  топтастырылған  бастапқы  құжаттар  мәліметтері 

негізінде  белгілі  бір  салық  бойынша  салық  базасын  анықтау  үшін  ақпараттарды  талдап  қорыту 

жүйесі түсіндіріледі. 

Салықтық есепті ұйымдастыру жүйесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады: 

- салық  және  есеп  қызметінің  уәкілеттілігі  мен  жауапкершілігін  бӛлудің  жалпы 

принциптерін анықтау; 

- ұйымның  салықтық  есебін  жүргізу  жүйесінде  салықтық  және  есеп  қызметінің  іс-әрекетін 

бейнелейтін бірыңғай ішкіфирмалық құжаттар жүйесін құру.   

Тіркелген  активтер  (негізгі  құралдар  мен  МЕА)  бойынша  амортизациялық  аударымдарды 

есептеу Салық кодексінде қарастырылған амортизацияның шекті нормаларына сәйкес жүргізіледі. 

Сонымен қатар салық тӛлеуші ағымдағы жылдағы залалды кейінгі салық кезеңдерінің салық 

салынатын  табысы  есебінен  ӛтеу  үшін  үш  жылға  дейінгі  мерзімге  ауыстыруға  құқылы,  бұл 

болашақтағы салық салынатын табыс мӛлшерін азайтады. 

Салықтық жоспарлау үшін бірінші кезекте жоспарлы салық салынатын базаны білу қажет, ал 

оны кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының болашақтағы жоспарынсыз анықтау 

мүмкін емес. Бұл жоспардың негізі (іргетасы) болып ӛнімді (жұмысты, қызметті) ӛндіру жоспары, 

яғни  ӛндірістік  бағдарлама  табылады.  Салықтық  жоспарлаудың  объективтілігі  мен  дәлдігі  кӛп 

Микродеңгейде тактикалық жоспарлау бағыттары 

Есеп 


саясаты 

Амортизация- 

лық саясаты 

Салық 


жеңілдіктері 

Қолданыстағы заңдылықтағы 

кемістіктер кемістіктері (пробелы) 



33 

 

жағдайда  ӛндірістік  бағдарламаның  ғылыми  негізділігіне  байланысты.  Бұл  кәсіпорынның 



экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқа бӛлімдері (ӛзіндік құн бойынша жоспар, 

күрделі  салымдар  бойынша  жоспар,  ғылыми-техникалық  прогрес  бойынша  жоспар,  еңбек  және 

кадрлар  бойынша  жоспар  және  т.б.)  ӛндірістік  бағдарламаға  тікелей  тәуелді.  Бұл  салықтық 

жоспарлау жалпы жоспарлаудың құрамдас бӛлігі екендігінің бір дәлелі болып табылады. 

2с.  Қазіргі  уақытта  салық  тӛлемдерін  азайтудың  негізгі  үш  механизмін  бӛліп  кӛрсетуге 

болады: 


Tax evasion (салық тӛлеуден жалтару); 

Tax avoidance (салықты орағытып ӛту); 



Tax Planning (салықтық жоспарлау). 

Бұл  аталған  үш  механизм  де  салық  тӛлеушілер  тарапынан  белсенді  түрде  қолданылады. 

Корпорациялық  салықтық  қолдану  тәжірибесіне  талдау  жүргізу  кӛрсеткендей,  негізінен  барлық 

әдістер, механизмдер, тәсілдер мен амалдар бір-бірімен тығыз байланыста, кешенді қолданылады, 

оларды «таза күйінде» қолдану бӛлек операциялардың жекелеген мысалдарында немесе жекелеген 

жағдайларда ғана шектеулі кӛлемде ғана байқалады. 

Tax  evasion,  немесе  салықтан  жалтару,  бұл  заңсыз,  қылмыстық  сипаттағы  салықтық 

тӛлемдерді  азайту  тәсілі,  яғни  оны  қолданған  жағдайда  қылмыстық  жауапкершілік  шаралары 

қолданылуы  мүмкін.  Корпоративтік  салықтық  жоспарлаудың  осы  механизмінің  ерекше  белгісі 

заңға қарсы келу, оны қасақана бұзу болып табылады. Ӛкінішке орай, бүгінгі күнге дейін, аталған 

механизм әлі де жиі қолданылады. Бұл келесідей объективті себептермен туындайды: 

салық ауыртпалығының жоғарылығы; 



қылмыс жасаудағы жазасыздыққа сенімділік; 

салық қызмет органдарындағы жемқорлық, сыбайластық; 



салық жеңілдіктерінің болмауы немесе қысқаруы; 

ірі кәсіпорындардағы статистикалық қателіктер мен қате есептеулер. 



Сонымен қатар келесідей амалдар қолданылады: 

салық салу объектілері жӛнінде ақпаратты жасыру; 



салық тӛлеуші ретінде тіркелуден бас тарту; 

салық есебі мен есептемесі құжаттарын бұрмалау және т.б. 



Tax avoidance, немесе салықты орағытып өту механизмін қолданған кезде, салық тӛлеуден 

жалтарудан ерекшелігі сол, салық тӛлеуден жалтарудан ерекшелігі сол, салық тӛлеудің қажеттілігі 

табылады,  әйтсе  де  салықты  тӛлемеудің  немесе  оны  мүмкіндігінше  аз  кӛлемде  тӛлеудің  қандай 

болмасын заңды мүмкіндіктері іздестіріледі. Мұнда келесі амалдар енеді: 

- салық тӛлеу қажеттілігіне әкелетін мәмілелер жасаудан бас тарту; 

- табысты жеңілдіктер берілген нысандарда ғана қасақана және бағытталған формада алу; 

- салық тӛлеушінің елден салық резиденттігін ӛзгерту мақсатында шығуы. 

Tax  Planning  немесе  салықтық  жоспарлау  да  ӛзінің  міндеті  ретінде  салықтарды  заңдытүрде 

оңтайландыру,  әйтсе  де  бӛлек  мәмілелерге  қатысты  қолданылатын  салықты  орағытыпӛтуден 

ерекшелігі  сол,  ақша  қаражаттарының    ағымы  мен  табысты  ұлғайту  кезінде  салық  сомасының 

азаюына  әкелетін  кәсіпорынға  қатысты  қолданылатын  салық  режиміне  сәйкес,  кәсіпорынның 

экономикалық  іс-әрекетінің  стратегиясы  мен  тактикасын  жүзеге  асыру,  кәсіпкерлік  құрылымын 

ұйымдастыру түсіндіріледі. 

Американдық  сот  қазысы  Лирнда  Хэндтің  сӛзі:  «...  Салықты  барынша  аз  тӛлеп,  қызметін 

жүзеге  асырғанның  еш  сӛкеттігі  жоқ.  Бүгінде  барлығы  –  кедей  де,  бай  да  солай  жасайды,  және 

барлығы  да  дұрыс  істейді,  себебі  заңмен  белгіленгеннен  артық  ешкім  де  тӛлемеу  керек:  салық 

ерікті қайыр кӛрсету емес, бекітілген тӛлем болып табылады». 

 

7 тақырып. Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті 



1. Кәсіпорында салықтық бюджеттендіру түсінігі және қажеттігі. 

2. Корпоративтік салықтық бюджетті қалыптастыру. 

3.  Корпоративтік салықтық бюджеттендірудің салықтарды, салықтық тӛлемдерді және 

салықтық қарыздарды бюджеттендірумен ӛзара байланысы. 

    1.Корпоративтік табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады:  

    1-нұсқа:  есептік  кезеңде  тапсырылған  салық  деклорацияларының  мәліметтер  жиыны 

пайдаланылады. 



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау