Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет22/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

49 

 

«Қазпочта»  АҚ  2006  жылдың  қаңтарынан  «Самұрық»  мемлекеттік  холдингісіне 



кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, 

мемлекеттің  қызығушылығын  қорғау  мен  макроэкономикалық  тұрақтылықты  одан  әрі 

қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп 

жасалған  жұмыстар  жемісті  болды.  Осы  уақыт  ішінде  осындай  мемлекеттің  шешімін 

дұрыс  қабылдау  мен  түсіну  де  келді.  Директорлар  кеңесінде  жай  ғана  поштаның  даму 

тұжырымдамасын  емес,  сонымен  қатар  ұлттық  пошта  операторының  инфрақұрылымын 

жаңартатын  бағдарламаны  қамтитын  2007—2009  жылдарға  дамудың  стратегиялық 

бағыттары  бекітілді.  Мұндай  жаңартудың  негізгі  міндеттері  пошта  байланысы 

бӛлімшелерінің  жеке  желісін  оларды  жан-жақты  қамтып,  техникалық  нығайту  мен 

ақпараттық  коммуникациялық  және  банктік  жабдықтармен  қамту  арқылы  жетілдіру 

болып табылады. 

Бұл  шаралар  кӛптеген  стратегиялық  маңызды  міндеттерді  орындауды  ұйғарады. 

Бірінші  кезекте  қаржыландыру  кӛздерін  аймақтық  желіні  қалалық,  аудандық,  ауылдық 

деңгейде дамытуға толық жұмылдыру қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық 

жабдықтау  деңгейінде  стандартты  пошта-жинақтау  қызметтерінің  тізімін  сапалы  негізде 

кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Екішіден,  бұл  қайта  жабдықталған  пошта  байланысы 

бӛлімшелерінде  «электронды  үкімет»  жүйесіне  қосылу,  несиелеу,  тұрғын  үй  салу 

жинақтарын  жасау  үшін  теле-  және  ақпараттық-коммуникациялық  қызметтерді  дамыту 

есебінен  кӛрсетілетін  қызметтер  аясын  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Компанияның  даму 

жоспарын  іске  асыру  пошта-жинактау  қызметтерін  кӛрсету  деңгейін  кӛтеруге,  пошта 

жӛнелтімдерін  тасымалдау  жиілігін  арттыру,  сонымен  қатар  тұтастай  алғанда  аймақтық 

желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық 

жӛнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді. 

«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір онды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан 

компания  қызметгеріне  деген  жоғары  қызуғышылық  болып  табылады.  Пошта  — 

Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта 

ең  пәрменді  филиалдық  желіге  ие.  Республикада  мұндай  желіге  іспеттес  желі  жоқ. 

Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «К-мобіле» мен «К-целл» ұялы байланыс 

қызметтері  үшін  тӛлемдерді  қабылдаудан  жаңа  жобаларды  іске  асыру  бойынша 

бағдарламалық  ӛнімдер  сәтті  қолданылып  келеді.2006  жылдың  мамырында  Қазпочта 

құнды  қағаздар  рыногында  трансфер-агентгік  қызметті  іске  асыруға  лицензияны  алды. 

Бұл  компанияның  трансфер-агенттік  қызметтерді  кӛрсетудегі  жұмысын  кеңейтуге 

мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ езінің қызметін құнды қағаздар рыногында 

белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап ӛтуге болады. 

Біріншісі  пошта  секторында  «Казпост-секьюритиз»деп  аталатын  бірегей  жобаны 

қамтиды.  Ол  бүгінде  Қазпочтада  енгізілуде.  Мұнда  Алматы  қаласы  Аймақтық  қаржы 

орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады. 

Екінші  бағыт  «Қазпочта»  АҚ  құнды  қағаздар  рыногында  трансфер-агенттік  желіні 

дамытуды  айқындайды.  Осыған  байланысты  «Самұрық»  мемлекеттік  холдингінің 

«Қазақтелеком»  АҚ-ның  4,6%  жай  акциялары  мемлекеттік  пакетін  «Қазпочта»  АҚ 

трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Казпочтаның трансфер-

агенттік  пункттері  инвесторлар  мен  сатушылар  арасында  байланыстырушы  түйін 

қызметін  атқарады.  Трансфер  агенттік  желі  арқылы  акцияларды  сатып  алу  ӛтініштері 

бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу 

келісімін  ӛздері  тұрған  жерден-ақ  жүзеге  асырды.  Бұл  жобаны  іске  асыру  трансфер 

агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін кӛрсетті. 

Бұған  дейін  трансфер  агенттік  қызмет  қор  рыногында  табысты  қызмет  түрлеріне 

жатпайды  деп  есептелген.  Бірінші  тәжірибе  сәтті  ӛткендіктен  бұл  бағыт  одан  әрі  де 

белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық 



50 

 

және  аудандық  пошта  байланысы  тораптарында  орналасқан  трансфер  агенттік  пункттері 



арқылы акциялар сату жоспарлануда. 

Соңғы  жылдары  Қазакстан  Республикасы  аумағында  ішкі  және  халықаралық 

жӛнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта 

халықаралық  ЕМС  қызметі  сапасын  сәтгі  дамытуда.  Бұл  сертификаттау  деңгейінде  ӛз 

үлесін  тигізді.  2006  жыл  қорытындылары  бойынша  «ЕМС-Казпост»  қола  деңгейіне  қол 

жеткзді. 

«Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, қызметкерлер құрамын оқыту, пошта байланысын 

жаңарту,  бәсекеге  қабілетті  пошта-жинақ  жүйесі  мен  тұтынушыларға  кӛрсетілетін 

қызметтер  сапасын  кӛтеруге  бағытталған  қазіргі  күнгі  ақпараттық-технологиялық 

тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз — кӛрсетілетін 

қызметтер  аясын  кеңейту  мен  оларға  нақты  сапа  стандарттарын  бекіту.  Компания  сапа 

менеджменті  жүйесін  енгізумен  белсенді  түрде  айналысуда.  Бұл  еліміздің  Дүниежүзілік 

сауда  ұйымына  кіру  қарсаңында  ӛте  маңызды  болып  табылады.  2007  жылдың 

желтоқсанында  «Қазпочта»  АҚ-ға  ХС  ИСО  9001:2000  талаптарына  сәйкестілік 

халықаралық  сапа  сертификаты  тапсырылды.  Бұл  сертификат  —  компания  басқару 

жүйесінін,  халықаралық  сапа  менеджменті  стандарттарына  сай  келетінінің  куәлігі. 

Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік 

жүгін артады. 

Халықаралық  сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын кӛпшілікке паш 

етіп,  «Қазпочта»  АҚ  ӛзінің  күнделікті  жұмысымен  халықаралық  деңгейге  сай  сапалы 

қызмет  кӛрсету  компанияның  барлық  басқару  деңгейлерінде,  ӛндірістік  бӛлімшелерінде 

басымды  міндеті  екенін,  ал  тұтынушылардың  қанағаттануын  кӛбейту  атқарған 

жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды. 

Әлеуетті  компания  мәртебесін  алу  қазақстандық  пошта  операторының  ӛз  беделін 

халықаралық  деңгейде  едәуір  кӛтеруге  септігін  тигізді.  «Қазпочта»  АҚ  әлемдік  пошта 

қоғамдастығында  сенімді  әрі  жауапты  әріптес  ретінде  лайықты  орын  алып,  әлемдегі 

алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен ӛзара тиімді әріптестікке қол жеткізді. 

Сақтандыру  компаниясы  -  меншік,  ұйымдық-құрылымдық  нысанына  және 

құрылысына қарамастан сақтандыру операцияларын жүзеге асырумен (сақтандыру қорын 

қалыптастырып,  пайдаланумен)  айналысатын  ұйымдық  құрылымды.  сипаттайтын 

жалпылама ұғым Кейде сақтандырушы деген үғымның баламасы ретінде пайдаланылады. 

Сақтандыру  компаниясы  азаматтарға,  кәсіпорындарға  олардың  қызметі  мен  ӛмірінде 

сақтандыру  жағдайлары  басталғанда  зиянның  орнын  толтыру  және  кӛмек  кӛрсету 

жӛніндегі  операцияларды  жүзеге  асырады  Сақтандыру  компаниясы  бірқатар  белгілері 

бойынша:  меншік  нысанына  қарай  (мемлекеттік,  жекеше,  ӛзара  қарыз,  бірлескен 

сақтандыру  компаниясы);  капиталының  кӛлеміне  қарай  (ірі,  орта,  ұсақ  сақтандыру 

компаниясы),  аумақтық  қызметіне  қарай  (аймақтық,  ұлттық,  халықаралық  сақтандыру 

компаниясы);  сақтандыру  қызметінің  бағытына  қарай  (мамандандырылған,  әмбебап 

сақтандыру  компаниясы)  сыныпталады.  Мамандандырылған  сақтандыру  компаниясы 

сақтандыру  қызметінің  тек  бір  түрі  бойынша  операциялар  жүргізеді  (ӛмірді  сақтандыру, 

теңіз  сақтандыруы,  т.  б.).  Әмбебап  сақтандыру  компаниясы  сақтандыру  қызметі 

түрлерінің  тобы  бойынша  операциялар  жүргізеді.  Бір  немесе  бірнеше  заңи  тұлғалар 

(әдетте  корпорациялар  мен  қаржы-несие  топтары)  ӛздерінің  немесе  құрамына  кіретін 

шаруашылық  жүргізуші  бірліктердің  мүліктік  мүдделерін  сақтандыру  арқылы  қорғау 

мақсатында құрылатын "кэптивтік" сақтандыру компаниясы ерекше орын алады. 

Маманданған  несиелік-қаржылық  институттар,  оларадың  типтері  мен  қызмет  ету 

спецификасы.  Зейнетақы  қорлары,  сақтандыру  компаниялары,  факторингтік,  лизингтік, 

пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың 




жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау