|
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғимараттарды техникалық эксплуатациялау» 5В072900 “Құрылыс”, Мамандығы үшін оқу- әдістемелік материалдарыҚолмен жинақтау және бұзу тәсілдері
|
бет | 3/15 | Дата | 15.11.2018 | өлшемі | 1,44 Mb. | | #20347 |
| Қолмен жинақтау және бұзу тәсілдері
Қолмен жинақтау және бұзу тәсілдері туралы айтқанда, мына түрлерді, қол жабдықтарын қолдану және қол машиналарын қарастырамыз. Шатырды қолмен жинауға және бұзуға болады, ағаш стропилаларды, едендерді, жабындарды, кірпіш қабырғаларды және т.б.
Қол жабдықтары — күрек, балта, балға, ломдар, киркалар және т.б.
Қол машиналары: ұратын пневматикалық балғалар, пневматикалық лом, электірлі қол балғасы, электрдрелі және т.б.
Механикаландыру тәсілі
Негізгі тәсілдері мыналар.
1. Конструкцияларды бұзу салмақпен ұру арқылы:
а) клин-балғасы көмегімен;
б) шар-балға көмегімен.
Бұл балғалларды өзіжүретін кран жебесіне іледі. Конструкцияны бұзу үшін клин-балғасын кранмен көтереді және бұзылған конструкцияға лақтырады.
Бетондық және темірбетондық жабынды бұзу үшін клин-балға кең қолданады. Клин-балғамен және шар-балғамен көмегімен конструкцияны бұзу сызбасы сур. 2.2. көрсетілген
Тігінен бағытталған шар-балға тербетіледі және бұзылған конструкцияға соққы береді . Кірпіш қабырғаны бұзуға бұл тәсілді жиі қолданады.
2. Үймереттердің және жеке конструкцияларды бульдозерлер және тракторлар көмегімен бұзу. Жұмыс келесі кезекпен орындалады.
Қабырғаны ғимараттың негізгі бөлігінен бөледі таныс тәсілдердің біреуімен.
Терезе және есік ойықтарын үшін рассечканы қолданған орынды. Қабырғаны әдетте соқпа балғасымен бұзады. (сур. 2.3).
Қабырғаны арқанмен байлайды. Арқанның соңын тракторға бекітеді, қабырғаға перпендикуляр орнатады. Арқанның толық созылуда трактор ақырын қозғалады. Экскаватормен, бульдозермен және көлік крандары көмегімен пайда болған үйінділерді жинайды .
Егер қабырғалар мықты болса, олар алдын ала бұзылған жағына дискілік кесетін машинаны және соққы балғасымен кеседі. Кесу қалыңдығы әдетте қабырғаның ¼ бөлігін құрайды, ал ені 100-150 мм. Арқан ілгегі қабырғаны 20-30 см кесілген жерден жоғары алынады.
Гидробалға көмегімен құрылыс конструкцияларын бұзу.
Гидробалға (сур.2.4) біршөмішті гидравликалық экскаваторлардың жұмыс ауысымының құрылғысы болып табылады. Бұзылатын іргетас жоспарда екі алымға, көлденең бойынша — төртке бөлінген. Алдымен бетонды бірінші алымда бұзады, табылған арматураны ацетилинді кескішпен кеседі, одан соң темірбетон кесегін автокранмен самосвалға тиейді.кесектерді алу үшін грейферлі шөміштер немесе арнайы алатын конструкциялар қолданады.
Жеке жағдайда кешенді сақиналы строппен строптайды. Бұл уақытта гидробалға екінші алымда жұмыс жасайды.
2.4. Бурожарылғыш және электрогидравликалық тәсілдер
өндірістік ғимараттарды қайта жаңғыртуда жарылыс жұмыстары тасты, бетонды, темірбетонды және металл конструкцияларды жару үшін орындалуы мүмкін. Жарылыс көмегімен екі түрлі бұзылу орындалады:
ғимараттар мен үймереттердің олардың негізіне құлауы;
үймереттердің берілген(жоғары инженерлік үймереттер) бағытта құлауы.
Бірнеше конструкциялардың бұзылу түрлерін қарастырамыз.
Іргетастардың бұзылуындағы жарылыс жұмыстарын (сур. 2.5) жабық алаңдарда , ашық алаңдарда да жүргізуге болады. Жабық ғимараттарда іргетасты жару қопсыту арқылы ғана жүргізіледі. Іргетасты биіктігі немесе жеке қабат бойынша бұзуға болады.
Іргетасты тік шпур көмегімен бұзуға болады. Мұндай жағдайда іргетас негізі және астынғы қатар арасында 0,2-0,4 м қалыңдықта сақтандырғыш қабат қал керек. конструкцияны қоршаулар үшін және іргетас қалдықтарынан адамдарды қорғау үшін құм мешоктарымен, металл торлармен немесе арнайы щиттармен қорғайды.
Темірбетон және бетон конструкциялары бұзылуы жарылу жұмыстары бойынша. Тмірбетонды жару бетоннан арматураның шығуына әкеледі. Шыққан арматураны автогенмен немесе бензорезбен кеседі. Егер плита немесе қалыңдығы 40 см дейін қабырғаны бұзу қажет болса бетонды шығару үшін ұзартылған жапсырма зарядын қолданады. Егер темірбетон конструкциясының қалыңдығы 40 см көп болса шпурлар түбіне 2/3 қалыңдықта конструкция және оларға ВВ салады. Шпурлар арасы 10—15d,мұнда d — шпур диаметрі.
Металл конструкцияны бұзу. конструкцияны бұзу үшін металл қалыңдығы 15 см кем емес жаппа зарядтар (сыртқы) қолданады. Оларды жан жағынан жабады аздап тығыздалған материалмен құмнан, глинадан және т.б. Қабат қалыңдығы 25-30 см. Шруп аралары30-40 см кем емес.
Ғимараттар мен үймереттердің құлауы.
Ғимараттың құлауы негізге шрупты ішкі жағынан орналастыруынан. Шпуртар диаметрі 40-60 мм, тереңдігі — 2/3 қабырға қалыңдығы. Шпурды шахматтық ретте екі қатарда орналастырады.
сур. 2.7. ғимараттың құлауы жарылыс тәсілімен: а- в қабырғаға ғимараттың және үймереттер негізіне құлауы; б- в ғимарат бұрышы; в- при направленном обрушении стен здания ғимарат қабырғасының құлау бағыты
Қатарда 0,8-1,4 шпур тереңдігі.
Құбырдың құлау бағытын мысал ретінде қарастырамыз. (сур. 2.8).
құбырдың қосылған орнын ойықтар жоқ жер деңгейінде алу керек (газжүргізу, есіктер және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|