Қарудың серпуі (кері соғуы). Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана қоймай, қаруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы-серпу деп аталады. Атыс қаруының серпуі иыққа, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату қаруы серпуінің күші, әдетте 2 кг-нан артпайды да, ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етеді.
|
№ 7 Тақырып: Калашников қол пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, бөлшектерінің қызметі, жұмысы және механизмі, оны күту сақтау және жинақтау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Калашников қол пулеметтің арналуы мен ұрыстық қасиеті
5,45 мм жетілдірілген Калашников пулеметі дербес қару. Ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Пулеметтен атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш – өртегіш оқтары қолданылады. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға , дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Атудың көздеу қашықтығы – 1000 метр. Сабақты тиімді өткізу үшін Калашников қол пулеметінің суретін көрсеткен дұрыс.
№ 8 Тақырып: Калашников пулеметінің құрлымы және жауынгерлік қасиеті, жинақтау және сұрыптау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Пулеметтің арналуы мен ұрыстық қасиеті
Пулеметтен жер үсті нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға – 625 м; Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы: автоматтан минутына кезекпен ату 100 – ге дейін, жекелей атқанда 40 – қа дейін.
Пулеметтің сүңгі – пышақсыз жарақталған оқжатары мен қосқандағы массас: РПК74-5,46 кг.
Пулеметтің жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
Пулемет мынандай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады
Ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;
Ұңғы қорабының қақпағы;
Газ поршені мен бекітпе жақтауы;
Бекітпе;
Қайтармалы механизм;
Ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;
Соққы – ағытқыш механизм;
Құндақ;
Оқжатар.
Пулеметті тексеріп қарау және оны атысқа дайындау
Пулеметті атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты, керек – жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстары жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты :
Күн сайын;
Сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
Тазалау кезінде тексеру керек.
Пулеметтің оқжатарлары мен керек – жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.
Егер оны бөлімшеде жөндеуге болмаса, онда автоматты оқжатарлар мен керек – жарақтарды жөндеу шеберханасына жібереді.
Пулеметтің қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
Қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама – қарсы жаққа ауытқиды;
Көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды;
Ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды;
Ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Пулеметті атысқа дайындау
Пулеметті атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Пулемет атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады:
Пулемет атуға дайындау кезінде:
Пулеметті бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;
Пулеметті жиналған түрде қарау;
Оқжатарларды қарау қажет.
Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықты бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.
Егер автомат ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері – кейін қозғап алу керек.
Ұсынылған әдебиеттер:
Алғашқы әскери дайындық 10 кл Алматы 2004 жыл.
Алғашқы әскери дайындық 11 кл Алматы 2007 жыл.
№ 9 Тақырып: Макаров тапаншасының құрылымы және жауынгерлік қасиеті, оны бөлшектеу және жинақтау, оның бөлшектерінің, қызметі және механизмі, оны күту, сақтау және жинақтау, тексеру және атуға дайындау. Осы сабақты тиімді өткізу үшін Макаров тапаншасын тәжірибелік сабаққа қолданған дұрыс. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Достарыңызбен бөлісу: |