Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы
ETT 3303 «Жылуэнергетикада және жылутехнологияларда энергияны үнемдеу» пәні бойынша
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пән бағдарламасының
бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
|
|
БЕКІТЕМІН
Энергетикалық факультетінің
деканы
___________ Кислов А.П.
«___»_____________2013г.
Құрастырушы: _____________ аға оқытушы Карманов А.Е.
Пән бағдарламасы (Syllabus)
ETT 3303 «Жылуэнергетикада және жылутехнологияларда энергияны үнемдеу»
5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған
оқу түрі - күндізгі
Бағдарлама 2013 ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2013ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама №_____.
Кафедра меңгерушісі _________________ Никифоров А.С.
Энергетиктикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2013 ж. «_____»______________хаттама №____.
ОӘК төрағасы ______________ Талипов О.М.
1. Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы Жылуэнергетикада және жылутехнологияларда энергияны үнемдеу
Міндетті компонент пәні
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар барлығы – 30 часов
Дәріс - 22,5 сағат
Тәжрибелік сабақтар – 7,5 сағат
СӨЖ – 60 сағат
Оның ішінде СӨЖМ – 15 сағат
Жалпы жұмыс көлемі - 90 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер:
Курс Физика, Жоғары математика, Қазан қондырғылары, техникалық термодинамика, Жылумаңызалмасу, Сұйықтықтар мен газдар механикасы, «ЖЭС мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су және отын технологиясы», «Жылу энергетикалық жүйелер және энергияны қолдау», «Отын және жану теориясы» пәндерді оқу барысында алынған білімдерге негізделген
Постреквизиттер:
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Энерготасығыштарды тарату мен өндіру жүйелері, Қазандық қондырғыларды пайдалану, ЖЭС-дың су-химиялық режимдері, Энергетикалық жабдықтардың коррозиясы мен консервациясы, Жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану.
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпараттар
Карманов Амангельды Ерболович, жылуэнергетика магистрі, жылуэнергетика кфедрасының аға оқытушысы
Жылуэнергетика кафедрасы негізгі корпуста орналасқан Ломов к-сі 64, аудитория 311а, байланыс телефон 67-36-26.
Е-mail: amangeldy_karmanov.@mail.ru.
3. Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты
–жылуэнергетикада, отын-энергетикалық кешенінде, өнеркәсіп салаларында, көлікте, аграрлық кәсіпорындарда, тұрмыстық-коммуналдық секторда энергияны үнемдеу және қайталанатын дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану жөнінде білімдерін, дағдыларын және бейімділіктерін қалыптастыру.
Пәнді оқу міндеттері
– қазіргі кезде Қазақстан Республика-сындағы энергияны үнемдеу және энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларымен таныстыру. Энергоресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған өндірістік, техникалық және экономикалық тетіктерді үйрену.
4. Білімдерге, істей білуге және компетенцияларға қойылатың талаптар
Курсты игеру барысында студенттердің келесі түсінктері болуы қажет:
- энергияны үнемдеудің нормативтік-кұқықтық және норма-тивтік-техникалық базасы жөнінде;
- энергияны үнемдеудің негізгі терминдері мен қағидалары туралы;
энергия үнемдеу технологиясының қазіргі замандағы және болашақтағы жалпы мәселелерімен танысу және Қазакстан Республикасының энергияны сақтау мен энергия көздерінің дәстүрлі емес түрлерін ендіру туралы мемлекеттік саясатымен танысу;
- энергия үнемдеу технологиясының негіздерін талқылау;
-су және отынды пайдаланудың тиімді әдістері туралы.
Пәнді үйрену барысында студенттер білу керек:
- қазіргі кезде Қазақстан Республикасында және дүние жүзінде энергияны үнемдеудің күйі, проблеммалары, және даму бағыттары туралы;
-өнеркәсіп салаларындағы энергияны үнемдеудің бағыттары мен масштабтарын ;
- энергияны үнемдеудің мемлекеттік саясаттың қағидалары туралы;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану күйі мен потенциалын;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларын;
- энергоаудит мақсаттары мен міндеттерін.
Пәнді үйрену барысында студенттер икемді болуы (істей білу қажет):
өндіріс кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын құрастыруды және талдауды;
халық шаруашылығы салаларында энергияны пайдалану тиімділігін бағалауды;
энергияны үнемдеу шараларың ойластыруды;
- жылу технологиялық қондырғылар мен жүйелердің энергетикалық және эксергиялық баланстарын есептеуді.
Пәнді үйрену барысында студенттер практикалық машықтарды иемденуі қажет:
- гелио-, жел-, және биоэнергетикалық қондырғыларды есептеуді;
- энерготасығыштарды бақылау және есептеу әдістерін және аспаптарын;
- екінші реттік энергетикалық ресурстарды колдану тәсілдерін және энерготехнологиялық алмастыру әдісін зерттеу;
жылутехнологиялық өндірістің казіргі заманғы индустриялык даму этапында энергияны тұтыну мәселелерін қою және шешу кабілетін калыптастыру;
- студентті дипломын орындауға даярлау, қойылған техникалық мәселенің тиімді шешуін тандауға, информациялык-аныктамалык адебиетпен жүмыс істеуге машықтандыру.
5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының таралуы
№ п/п
|
Тақырып атауы
|
Сабақтар түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
дәріс
|
тәжірибелік
|
Барлығы
|
Соның ішінде СӨЖМ
|
1
|
Кіріспе
|
0,5
|
0,5
|
-
|
-
|
2
|
Энергияны үнемдеудің негізгі түсініктері
|
1
|
-
|
5
|
1
|
3
|
Қазақстан Республикасы энергияны үнемдеудің саясатының құқықтық негізі
|
1
|
-
|
5
|
2
|
4
|
Отын – энергетика кешенінде энергияны үнемдеу
|
4
|
-
|
9
|
2
|
5
|
Өнеркәсіп салаларындағы энергияны үнемдеу
|
4
|
2
|
9
|
2
|
6
|
Жылутехнологияда энергияны үнемдеу
|
4
|
3
|
5
|
2
|
7
|
Қалдықсыз технологиялар мен екінші энергетикалық ресурстарды қолдану.
|
4
|
2
|
9
|
2
|
8
|
Энергияны үнемдеудегі энергия аудиіті
|
3
|
-
|
9
|
2
|
9
|
Дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану
|
3
|
-
|
9
|
2
|
|
БАРЛЫҒЫ :90 (2 кредит)
|
22,5
|
7,5
|
60
|
15
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе
Жоспар: «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергоүнемдеу» курсының мақсаты, көлемі және мазмұны.
Жылуэнергетика мамандығы бойынша бакалаврды дайындауды осы курстық негізгі міндеттері және ролі. Дүние жүзі энергетикасының дамуында негізгі тенденциялар.
Әдебиет: [1, 2].
2 тақырып. Энергоүнемдеудің негізгі түсініктері
Жоспар: Энергия үнемдеудің негізгі терминдері мен анықтамалары. Энергияны пассивті және активті үнемдеу. Ұйымдастырулық өзгерістердің және жаңа жүйелерді еңгізу нәтижесінде алынатын энергияны үнемдеу. Басқа да терминдер.
Әдебиет: [1, 2].
3 тақырып. Қазақстан Республикасы энергияны сақтау саясатының заңды тірегі
Жоспар: Қазақстанда және бүкіл әлемде энергияны үнемдеудің көкейкестегі. Қазақстан республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы және оны іске асыру шаралары. Энергияны үнемдеудің нормативтық құқықтық және нормативтық-техникалық негіздері. Энергияны үнемдеу және экология.
Әдебиет: [1, 2].
4 тақырып. Отын – энергетикалық кешендегі энергоүнемдеу
Жоспар: Отын–энергетика кешенінде (ОЭК) энергияны қолданудың жалпы көлемі. Отын – энергетика кешенінде энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары. Органикалық отын ресурстардың орнын толтыру. Электр энергетикасында энергияны үнемдеу; жалпы энергияны қолдану, Электр және жылу энергияларын құрама өндірудегі энергияны үнемдеу, энергияның өзіндік қажеттіліктерге шығынын төмендету, бу параметрлерін көтеру тиімділігі. Газ, көмір, мұнай, мұнайды өңдеуші өнеркәсіпте энергияны үнемдеуші технологиялар.
5 тақырып. Өнеркәсіп салаларындағы энергияны үнемдеу
Жоспар: Өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеудің жалпы сипаттмасы. Нақты өнеркәсіптік жылутехнологияда энергияны қолдану сапасы және оның энергия сыйымдылығы, энергияны қолдануға жақсартуға жүйелік қатынас. Қара және түсті металлургияда, машинажасауда, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіпті, құрылыс материалдарды өндіруде, жеңіл өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте және тұрмыстық коммуналдық шаруашылықта энергияны үнемдеу.
Әдебиет: [1, 2].
6 тақырып. Жылу технологияда энергияны үнемдеу
Жоспар: Жылу технологияда энергияны қолдану. Жылу энергиясын өндіру және үлестіру кезінде энергияны сактау. Жылутасымалдағыштарды өндіру және үлестіру жүйелерінде энергияны рационал қолдану. Жоғарғы температуралы технологияларды энергия сактау ерекшеліктері. Жылыту, желдету, салқындатқыш және кептіру, буландыру, ректификациялық қондырғыларда энергияны үнемдеу. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, аграрлы-өнеркәсіптік объектілерді, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты электлендіруде энергияны үнемдеу.
Әдебиет: [1, 2].
7 тақырып. Қалдықсыз технологиялар мен ішкі
энергетикалық ресурстарды қолдану
Жоспар: Қалдықсыз технологиялар негіздері. Қалдықсыз технология туралы түсінік, өндірістің қалдықтарын азйту жолдары, қалдықсыз технология және энергияны үнемдеу.
Энергияны қолдану және екінші энергетикалық ресурстар (ЕЭР). ЕЭР көздері, қуаты және қолданудың негізгі бағыттары.
Әдебиет: [1, 2].
8 тақырып. Энергияны үнемдеудегі энергия аудиіті
Жоспар: Энергияны қолдану тиімділігін арттыру саласындағы Мемлекеттік саясат. Жылуэнергетика объектілерін энергия аудиттеуден өткізу негіздері. өнеркәсіп орындарды энергия аудиттеуден өткізу ерекшеліктері, экспресс-аудит, терең энергетикалық зерттеулер, энергетикалық паспорт. Өндірістік кәсіпорынның отын-энергетикалық балансы. Оны құрастыру мақсаты мен міндеті, түрлері мен талдау.
Әдебиет: [1, 2].
9 тақырып. Дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану
Жоспар: Дәстүрлі емес және қайталанатын энергия көздері. Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері. Энергия көздерінің ресурстары және қорлары. Энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммалары мен перспективалары. Дәстүрлі емес энергетиканың даму болашағы және мәселелері. Күн энергетикасы. Күн энергиясын қолдану. Күн энергиясының түрлену процесстерінің физикалық негіздері. Күн коллекторлардың түрлері, олардың жұмыс ережелері және есептеу әдістері. Жел энергетикасы. Биогаз алу әдістері. Геотермал энергетика.
Әдебиет: [1, 2].
Достарыңызбен бөлісу: |