Пәннің бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



жүктеу 4,07 Mb.
бет2/5
Дата21.11.2018
өлшемі4,07 Mb.
#23413
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Дәрістердің мазмұны


Тақырып 1 Кіріспе

Жоспар: Жобалау мен құрастыру. Автоматты жобалау туралы жалпы ұғым. Жобалауға жүйелік жақындық. Жүйелік жақындықтың негізгі принциптері. Жүйелік талдаудың анықтаушы ұғымдары. Жобалау процесінің құрылымы. Жобалаудың жобалық спецификациясы мен деңгейінің иерархиясы. Жобалау кезеңдері. Жобалауға техникалық тапсырманың мазмұны. АП кезінде қолданылатын модельдер мен параметрлер классификациясы. Типтік жобалық процедуралар. АЖЖ және оның басқа автоматтандырылған жүйелер арасындағы орны. АЖЖ құрылымы. АЖЖ түрлері. CAE/CAD/CAM-жүйелерінің сипаттамасы, функциялары және үлгілері. CALS-технологиясы туралы ұғым. Кешенді автоматтандырылған жүйе. Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 2 АЖЖ техникалық қамтамасыз ету. АЖЖ жүйелік орталары туралы ұғым.

Әдебиттер (1,2,5,8).

Жоспар:АЖЖ ТҚ құрылымы. АЖЖ ТҚ талаптары. АЖЖ қолданылатын желілер типтері. АЖЖ жұмыс орындарының аппаратурасы. АЖЖ есептеу жүйелері. Перифериялық қондырғылар. Жүйелік орта туралы жалпы ұғым. АЖЖ ПҚ интеграциялауға жақындық.

Тақырып 3 Автоматты жобалау кезінде компьютерлік графика

Жоспар: АЖЖ графика орны. Геометриялық модельдеудегі негізгі ұғымдар. AutoCAD автоматты жобалау жүйесіндегі бағдарламалау элементтері.

Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 4 Автоматты жобалау кезіндегі құрастыру

Жоспар: AutoCAD Mechanical жылутехникалық жабдықтардың тетіктері мен түйіндерін құрастырудың негізі.

Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 5 Микродеңгейде жылутехникалық объектілерді модельдеу

Жоспар: Соңғы айырмашылықтар әдісі мен соңғы элементтер әдісімен температуралық есептер мен кернеулі-деформациялық есептерді шешу. Соңғы-элементтік анализде САЕ-жүйесін пайдалану.

Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 6 Макродеңгейде жылутехникалық объектілерді модельдеу

Жоспар: Динамикалық жүйелерді макродеңгейде модельдеу әдістері (граф әдістері, ауыспалы функциялар әдісі және т.б.).

Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 7 Жылутехникалық объектілердің параметрикалық синтезі

Жоспар: Оптималды жобалау есептерін шешу әдістері. Шартсыз минимизация әдісі (коррдинаттық түсу әдісі, градиентті әдістер және т.б.) және шартты оптиамизациялау әдістері (штрафты функциялар әдіс).

Әдебиттер (1,2,5,8).

Тақырып 8 Жылу электр станцияларының түйіндері мен процестерінің АЖЖ

Жоспар: ЖЭС су мен отынды даярлау процестерінің АЖЖ. Жану процестерінің АЖЖ. Жану, шлакаулау, зиянды заттар тасталуын реттеу процестерінің АЖЖ. Су-химиялық режимнің, бу турбинасының, қазан агрегатының АЖЖ. Әдебиттер (1,2,5,8).

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны (зертханалық, өздік) және олардың сағаттық көлемі.

Тақырып 2 АЖЖ техникалық қамтамасыз ету.


Жоспар: AutoCAD редакторы командалары. AutoCAD графикалық жүйесінің интерфейсымен және редактор командаларымен танысу.

Тапсырмалар:

1. AutoCAD редакторы интерфейсі

2. Координаттарды еңгізу

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар:

AutoCAD редакторЫ ИнтерфейсІ

AutoCAD – бұл әмбебап графикалық жүйе. Оны іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі пиктограммаға басу немесе ПУСК-бағдарламалар нүктесі арқылы жүзеге асыруға болады. AutoCAD жұмыс үстелінің құрамында:

құлаушы меню – жоғарғы жолақ (файл, редакциялау, түрі, орнату, формат, суреттеу, өлшемдері, көмек);

аспаптардың стандартты панелі – екінші жолақ;

объектілер қасиеттері жолдары – үшінші жолақ;

күй жолы – төменгі жолақ;

командалар жолының терезесі – күй жолының алдында;

графикалық өріс – жұмыс үстелінің қалған бөлігін алады.

1. Құлаушы меню.

Файл – файлдармен жұмыс жасау.

Редакциялау – жұмыс үстелінің графикалық өрісінің бөліктерін редакциялау.

Түрі – экранды басқару, бет кеңістігі мен модель кеңістігі режимдерін ауыстыру, көру нүктесін орнату, көрінбейтін сызықтарды жою, бояу, тондау командаларын құрайды.

Орнату – блоктар, сыртқы объектілер, басқа қосымшалар объектілерінің орнатылуын қамтамасыз етеді.

Формат – қабаттар, түстер, сызықтар типтері, мәтін стилін басқару, сызба шекарасын орнату, өлшем бірліктері жұмысын қамтамасыз етеді.

Суреттеу – суреттеу командасын іске қосады.

Өлшемдері - өлшемдерді орнату мен өлшем параметрлерін басқару командараларын жасайды.

2. Аспаптардың стандартты панелі. Панель нкүтелеріне бағыттаманы жақындатқанда, берілген нүктенің жазуы шығады.

3. Объект қасиеттерінің аспаптарының панелі. Берілген панельдің кейюір нүктелері ашылатын тізімге ие. Онда кішкентай қара үшбұрыш бар, оны түрту тізімді шығарады.

4. Күй жолағы. Курсор коорднаттары мен сызба режимінің ашу/жабу нүктелері бар.

5. Команда жолағының терезесі. Командаларды енгізу мен AutoCAD диалог жүргізу үшін қажет. Команда жолағының терезесін бүкіл экранға шығаруға болады (кл. F2). Бұндай түрде терезе енгізілген командалар туралы ақпаратты суреттейді және текстілік терезе деп аталады. Тектілік терезеден командалар жолағының терезесіне текстті көшіруге болады.

Қызметтік клавишаларды қолдануға болады: F6 – күй жолағында; F7 – торды экранда қосу/өшіру (сызу режимі үшін); F8 – ОРТО режимін қосу/өшіру (вертикаль немесе горизонталь бойынша тура сызықты сызу); F9- адымды қосу/өшіру, яғни курсор ауысуының адымдары. Меню мен аспаптар панелінде таңдау үшін «тышқан» белгісі қондырғысы пайдаланады. Сол жақ нүкте экранда нүктені таңдау мен белгілеуге арналған, ал оң жағындағысы ENTER типті әрекеттерді жасауға арналған. Егер клавишасын ұстап тұрып, тышқанның оң жағын басатын болса, объектілік байлаулары мен қарау режимінің өшіргіштері бар тізімді курсорлық меню шығады.

КООРДИНАТТАРДЫ ЕНГІЗУ

Auto CAD нүктені сұрағанда, ағымдағы суреттің кез келген нүктесінен координаттарды күтеді. Нүктені белгілеген соң, оның орнында кішігірім маркер пайда болуы мүмкін, ол қайта суре салудан кейін кетеді.

МЫСАЛЫ: LINE (сызық), сурет 1, командасының көмегімен, абсолютты координаттарда нүкте жасаумен тікбұрышты салу.

Command: LINE (сызық)

From point: 10,10 (1 нүктеден)

To point: 10,20 (2 нүктеге)

To point: 50,20 (3 нүктеге)

To point: 50,10 (4 нүктеге)

To point: (тұйықтау)

Нүкте 2 Нүкте 3

 

 


Нүкте 1 Нүкте 4
Сурет 1

Қатысты координаттар соңғы енгізілген нүктеден ауысуды береді. Нүктелерді қатысты координатта енгізу кезінде абсолютті координаттарда жазудың кез келген форматын қолдануға болады: @dx,dy тікбұрышты үшін, @r


Үлгі 1: Кооординаттардың полярлы жүйесінде биіктікті белгілеп, фигураны құру (сурет 2).

Сурет 2


Command: Line (сызық)

From point: 10,10 (1 нүктеден)

To point: @20<15 (2 нүктеге)

To point: @20<-15 (3 нүктеге)

To point: @22<150 (4 нүктеге)

To point: C (тұйықталу)

@, <- белгілердің көрсетуінше, келесі нүкте координаттардың полярлы жүйесінде анықталады.

@= + <2>.



< - бұрыш белгісі.

Үлгі 2: Қатысты координаттарда биіктіктерді белгілеп, үшбұрышты салу (сурет 3).

т2


т1 т3

Сурет 3


Command LINE: (сызық)

From point: 10,10 (1 нүктеден)

To point: @ 0,15 (2 нүктеге)

To point: @ 30,15 (3 нүктеге)

To point: C (тұйықтау).

@ - келесі нүкте үшін өсіру берілген дегенді білдіреді.

Ескеретіні, Auto Cad соңғы енгізілген нүктенің координаттарын толтырады. @ символын енгізу қатысты координаттардың енгізілуін белгілейді.

Үшөлшемді кеңістікте координаттарды енгізу екіөлшемді кеңістікте енгізілуімен тең. X,Y координаттарына қосымша Z координаттары беріледі.


Тақырып 3. AutoCAD автоматты жобалау жүйесінде жылуэнергетикалық түйіндер мен механизмдерді бағдарламалау элементтері:

Жоспар: AutoCAD редакторы командалары. AutoCAD графикалық жүйесінің интерфейсымен және редактор командаларымен танысу.

Тапсырмалар:

    1. Координаттар жүйесі

    2. Лимиттер командасы

    3. SNAP командасы

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар:

координатТАР ЖҮЙЕСІ

Координаттар мәні енгізу әдісіне қатысты координаттардың кейбір жүйесімен байланысты. AutoCAD Әлемдік координаттар жүйесі (МАК) (Word Coordinate System – WCS) қолданады. Ол анықталғанда, ОХ осі солдан оңға бағытталған, OY осі – жоғарыдан төменге, OZ осі – экранға перпендикуляр.

Әлемдік координаттар жүйесінде пиктограмма:



(WCS)
ЛИМИТТЕР КОМАНДАСЫ (LIMITS)

Берілген команда жұмыс жасалатын шектердегі сызбаның турабұрышты аймағын орнатады. ЛИМИТТЕР командасы сызбаға әсер етпейді, ол үш қосымша функция атқарады:

лимиттер шекарасынан тыс нүктелер координаттарын жібермей, хабарландыру береді **Outside limits (лимиттан тыс) нүктені енгізуге сұрауды қайталайды;

ТОР режимін қосқан кезде, қосымша тор лимиттермен анықталған сызбаның аймағын жабады;

лимиттер сызбаның ZOOM ALL (барлығын көрсет) командасы бойынша экранда берілетін сызбаның белгілі бір бөлігін анықтайды.

Команда форматы келесідей:

Command:

ON/OFF//:

Жағу/Өшіру <Сол төменгі бұрыш>/<ағымдағы тапсырма>:

Бұл команда бойынша болады:

Жағу/Өшіру опцияларымен шектерді сақтауды бақылау немесе алып тастауға болады;

Экранда нүктені белгілеп, сол төменгі бұрыш үшін жаңа мәнді анықтау, осылайша, жоғарғы оң бұрыш үшін сұраныс туады;

Upper right corner :

Жоғарғы оң бұрыш<ағымдағы тапсырма>:

Бос жауап беріп, яғни RETURN клавишасын басып, жоғарғы оң бұрыш мағынасын ауыстыру.

SNAP (адым) КОМАНДАСЫ

Графикалық редакторда курсор екі қиысатын сызық – қиысу болады. Бұл сызықтардың қиысуының нүктесі курсордың ағымдағы күйі. Курсор координаттары статусты жолақта, егер «Координаттар» режимі қосылса.

Экранда сызбада курсор 10 бірлік адымда X пен Y осьтері бойынша бағытталады. Іске қосылған АДЫМ (клавиша F9) координаттары онға тең көрінбейтін тор нкүтелеріне байланысты.

Кез келген уақытта АДЫМ командасымен сурет курсор ауысуымен адым өзгереді, X мен Y осьтері бойынша бағытталады, негізі нүктені енгізу және «қиысу» бұрышын өзгерту.

Команда форматы:

SNAP (АДЫМ).

Snap spacing or ON/OFF/Aspect/Rotate/Style/:

Байланыс интервалы немесе Жағу/Өшіру/Аспект/Бұрылу/Стиль/<10.000>:

Сұрау кезінде алғашқы екі сөз 'Байланыс адымы' мағынасы, бұл команда байланыс адымының сандық мәнін енгізуді тосуда (10-қ мән). Мысалы, бес бірлікке тең байланыс адымын алу үшін 5 санын енгізген жөн.

МЫСАЛЫ: Command: SNAP (АДЫМ).

Snap spacing or ON/OFF/Aspect/Rotate/Style<10>:5

Жағу/Өшіру/Аспект/Бұрылу/Стиль/<ағымдағы мән>:

Команда кілттері мүмкіндік береді:

ON/OFF (Жағу/Өшіру) – байланысты жағу/өшіру (қызметтік клавиша арқылы немесе күй жолағындағы сәйкес нүкте арқылы):

Aspect (Аспект) - Х и Y осьтері бойынша тордың түрлі адымын анықтау;

Rotate (Бұрылу) – Х осіне қатысты тор бұрышын анықтау;

Style (Стиль) - SNAP режимінің стилін таңдау: стандартты немесе изометрикалық.

Стандартты режим адымдық байланыстың турабұрышты торын анықтайды.


ТАПСЫРМА

Автокадтың негізгі ұғымдарын игеру үшін келесі тапмырманы орындаған жөн:



Тақырып 2,3. Екі тікбұрышты салу (сурет 4). Берілгендерді кесте 2, өз вариантына сәйкес алу. Т1, Т2, Т3, Т5 биктіктерін абсолютты координаттармен белгілеу; Т4, Т1 қатысты; Т6, Т7, Т8, Т5 – қатысты полярлық. Есепте көрінетіні:

Өз вариантының тапсырмасы;

Тікбұрыштар биіктігі координаттарының кестесі;

Әр тікбұрышты құру командалары;

Нольдік вариант үшін орындау тәртібі:

Тікбұрыштар биіктігі координаттарының кестесін құру.

Кесте 1.


Нүкте

координаттар

Тапсырма әдісі

Т1

40,40

Абсолютті

Т2

140,40

Т3

140,120

Т4

@-100,0

Қатысты

Т1

@,0-80

Т5

160,40

Абсолютті

Т6

@80<0

Қатысты

Полярлы

Т7

@70<90

Т8

@80<100

Т5

@70<270

Т5 нүктесін @70<-90 белгілеуге болады;

Бірінші тікбұрышты құру үшін СУРЕТ САЛ бөлімінен КЕСКІН командасын белгілеп, биіктік координаттарын береді. Әр биіктіктің координаттарын ENTER командасымен беріледі.


Рис.4.

ОРТО режимін қосып, екінші тікбұрышты құру. Күй жолағында координаттар мәнін белгеліп, оның тышқанмен салу.


Кесте 2.

вариант




Коорд.

Т1


Қашық.

Т1 Т2


Қашық.

Т2 Т3


Коорд.

Т5


Қашық.

Т5 Т6


Қашық.

Т6 Т7


Тор интер-валы

1

25,25

75

85

165,25

85

85

5

2

35,35

85

65

155,35

85

85

10

3

55,55

125

65

185,55

45

75

15

4

45,45

85

105

155,45

85

105

20

5

35,35

85

85

145,35

105

85

5

6

55,55

65

105

135,55

125

65

10

7

45,45

75

75

135,45

115

75

15

8

25,25

95

85

165,25

85

85

20

9

35,35

85

105

125,35

95

95

5

10

55,55,

65

85

145,55

65

95

10

11

25,25

105

85

135,25

85

105

15

12

45,45

95

95

155,45

55

85

20

13

35,35

85

95

135,35

105

65

5

Тақырып 4 Автоматтандырылған жобалау кезінде құрастыру

Жоспар: Автокадтағы графикалық примитивтер. Графикалық примитивтерді сызу командаларын зерттеу және оларды суреттеуді үйрену

Тапсырмалар:

    1. Нүкте графикалық примитиві

    2. Кескін

    3. Шеңбер

    4. Доға

    5. Эллипс

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар:
НҮКТЕ ГРАФИКАЛЫҚ примитивІ
POINT (нүкте) командасы. Нүкте оның координаттарын белгілеумен анықталады. Мысалы, POINT: x, y. Нүктені белгілеу тәсілі (көрінетін маркер) "Нүктені белгілеу" диалог терезесінде нүкте, шеңбер, квадрат ретінде белгіленуі мүмкін.

КЕСКІН
Кескін графикалық примитиві LINE(сызық) командасымен сызылады.

Сұраулар:

From point: (нүктеден) – кескін басы;

To point: (нүктеге) – кескін аяғы;

Ары қарай цикликалық сұрау болады To point (нүктеге), ол енгізуден кейін тоқтатылады.

Команда кілттері:

CLOSE (тұйықта) – сынғанды тұйықтату;

UNDO (алдын-ал) – соңғы суреттелген кескіннің алдын-ал.

Үлгі:

Command: LINE



From point: 20,25

To point: 120,25

To point: (сурет 1).

120,25

20,25


Сурет 1

ШЕҢБЕР


CIRCLE (шеңбер) командасы шеңберді салудың бес түрлі әдісін қарастырады.

  1. Тәсілі: шеңбер ортасы мен радиус үндемеу бойынша беріледі.

Command: CIRCLE

жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау