Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ(сырттай бөліміне)



жүктеу 0,71 Mb.
бет4/4
Дата21.12.2017
өлшемі0,71 Mb.
#5342
түріБағдарламасы
1   2   3   4

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ(сырттай бөліміне)


1

Қазақстанда ғылыми зерттеулердің дамуы




1

6

2

ҚР ғылыми зерттеулер бойынша нормативтік ережелер мен құжаттар

1




12

3

Ғылыми зерттеудің әдістері, әдіснамасы және логикасы

1




6

4

Ақпарат қайнарлармен жұмыс жасау әдістемесі

1




6

5

Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері




1

6

6

Зерттеудің логикалық құрылымы




1

6

7

Зерттеу әдістері




1

6

8

Зерттеу процестің құрылымы және мазмұны

1

1

6

9

Зерттеу мәтінді дайындау







6

10

Ғылыми стильде мәтіндерді жазуға дайындауы

1

1

6

11

Ғылыми жұмысты безендіру, талаптарға сай жасау

1




6

12

Ғылыми жұмысты қорғау

1

1

6




Межелік бақылау







Сессия аралығындағы уақыт




Барлығы сағат 90

6

6

78

3.3 Теориялық курстың мазмұны


1-тақырып Қазақстанда ғылыми зерттеулердің дамуы Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. ҚР ғылымның дамуы; қазіргі жағдайы мен перспективалары. Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде. Ғылыми білім түсінігі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары.

2-тақырып ҚР ғылыми зерттеулер бойынша нормативтік ережелер мен құжаттар ҚР ғылыми іс-әрекет жүргізудің құқықтық негіздері. Ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар; заңдар, ережелер, нұсқаулар. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары, ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, ғылыми– техникалық немесе ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу.

3-тақырып Ғылыми зерттеудің әдістері, әдіснамасы және логикасы

Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы. Таным процессінің жалпы және жеке әдістері, тарихи, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер.



4-тақырып Ақпарат қайнарлармен жұмыс жасау әдістемесі

Ғылыми ақпарат көздері. Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу кезендері; тыңдау, қабылдау, оқу, жазу т.б.. Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық, оның зерттеу іс-әрекетіндегі рөлі. Кітаппен жұмыс танымдығ іс-әрекет әдісі тәрізді. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.



5-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар және оларды қалыптастыру шарттары.

6-тақырып Зерттеудің логикалық құрылымы Ғылыми зерттеу ғылыми шығармашылық үдерісі ретінде. Зерттеу іс-әрекетінің сатылары. Ғылыми зерттеу құрылымы. Әдіснама, теория, тұжырымдама, технология, әдістер. Зерттеу мәселесін анықтау, мақсатымен міндеттерін белгілеу, зерттеу болжамын жасау, эксперимент ұйымдастыру, жиналған мәліметтерді реттеу және өңдеу.

7-тақырып. Таным процесінің жалпы және жеке әдістері, тарихы, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер. Эксперимент таным және зерттеу әдісі ретінде. Эксперимент тақырыбын таңдау, негіздеу және тұжырымдау. Эксперименттің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары мен міндеттері.Зерттеудіңнақты әдістемелері мен әдістерін әзірлеу, зерттеу сатылары мен логикасы. Эксперимент нәтижелерін бақылау әдістері. Эксперимент жүргізу алгоритмі.

8-тақырып Зерттеу процестің құрылымы және мазмұны Зерттеу процесс туралы ұғым, зерттеудің негізгі кезеңдері, зерттеудің мәселесің анықтау, зерттеудің мақсатын анықтау, зерттеу болжамын жасау, эксперименттің міндеттерін анықтап, ұйымдастыру, жиналаған мәліметті реттеу.

9-тақырып Зерттеу мәтінді дайындау Жұмыс жоспарды дайындау, жұмыс жоспары, әдеби қайнарлармен жұмыс жасау.

10-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазуға дайындауы Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндерді жазу мысалдары. Мазмұнға қойылатын талаптар, ғылыми зерттеуді жасау стильдері.

11-тақырып Ғылыми жұмысты безендіру, талаптарға сай жасау Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері, оларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар, зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.

12-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы. Ғылыми жұмысты жария қорғау – зерттеу іс-әрекетінің маңызды компоненті. Жария сөздің мәтіні мен көрнекі материалдарға қойылатын талаптар. Жария сөз ережелері.

3.4 Практикалық сабақтардың мазмұны

1-тақырып Қазақстанда ғылыми зерттеулердің дамуы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. Позитивтік және негативтік тенденциялар.

  2. Қазақстандық ғылымның тарихы: кеше, бүгін, ертең.

  3. ҚР психология мен педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулер және ғалымдар. Ғылыми зерттеулердің түрлері: фундаменталды зерттеулер, қолданбалы зерттеулер, пысықтамалар.


Практикалық тапсырмалар:

  1. М.Г.Сергееваның “Ғылым құндылықтары еуропалық өркениеттің негізгі құндылықтары ретінде” атты мақаласын оқыңыз. Онда бейнеленген ғылымның даму тарихымен таныс болыңыз. Мақаланың негізгі қағидаларын конспектілеңіз. (Әдебиет: 6, А қосымшасы).

  2. Мынадай порталдар мен web-сайттардағы материалдармен танысыңыз, олардың қысқа тезистерін жасаңыз: www.edu.gov.kz. - Ғылым және білім министрлігінің сайты, www.naukakaz.kz - Қазақстан ғылымына арналған сайт.

Әдебиет: 1,3,6,7.

2-тақырып ҚР ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. ҚР зерттеушілікке көзқарас.

  2. Ғалымдардың құқықтары мен міндеттері.

  3. Ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу шарттары.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Мына web-сайттағы материалдармен танысыңыз, олардың қысқа тезистерін жасаңыз: www.academy.kz. - ғылыми іс-әрекеттің құқықтық негіздері туралы.

  2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Қазақстанда ғылым мен білім берудің интеграциясы туралы не айта аласыз?

    • Зерттеушілікке Сіздің көзқарасыңыз қандай? Зерттеушілікпен кім айналасуы керек? Ол әрбір адамның қолынан келетін іс пе?

Әдебиет: 1,5,6,7,12.

3-тақырып Ғылымтанудың жалпы ұғымдары. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде.

  2. Ғылыми білім түсінігі, оның тұрмыстық және көркем білімдерінен айырмашылығы.

  3. Іргетасты және қолданбалы зерттеулер.

  4. Мынадай тақырыптарға баяндамалар дайындау және қорғау:

    • «Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері».

    • «Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы».

    • «Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары».

Практикалық тапсырмалар:

      1. “Ғылым” дефинициясының ағашын жасаңыз. Ол үшін түпкі сөзді анықтаңыз, оның анықтамасын сөздіктерден табыңыз. Содан соң тағы да түпкі сөздерді белгілеңіз, олардың анықтамаларын табыңыз, с.с.ә.қ.

      2. Ғылым қандай қызметтер атқарады?

Әдебиет: 1,2,3,5,13.

4-тақырып Ғылыми зерттеудің әдіснамасы

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде.

  2. Әдіснамалық білімнің иерархиясы.

  3. Әдіснаманың негізгі қызметтері.

  4. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидалары.

Практикалық тапсырмалар:

  1. “Әдіснамалық мәдениет” ұғымын қалай түсінесіз?

  2. “Ғылыми зерттеу этикасы” ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Қандай зерттеу этикасын бұзушы факторларды атап айта аласыздар?

Әдебиет: 1,2,3,4,5.

5-тақырып Зерттеу әдістері

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Зерттеу әдістерін жіктеу.

  2. Таным процессінің теориялық әдістері.

  3. Жалпы логикалық әдістер

  4. Тәжірибелік әдістер.

  5. Математикалық-статистикалық әдістер.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Зерттеу әдістерінің жіктемесін кестеде бейнелеңіз.

  2. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде математикалық-статистикалық әдістер қандай мақсатпен қолданылады?

Әдебиет: 1,2,3,4,5.

6-тақырып Эксперимент зерттеу әдісі ретінде. Экспериментті ұйымдастыру және басқару

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Эксперимент бағдарламасын жасау алгоритмі.

  2. Эксперименттің мақсаттары мен міндеттері.

  3. Эксперименттің негізінде жатқан теориялық қағидалар.

  4. Жүргізілетін экспериментттік жұмыс саласындағы ғылыми жетістіктер.

  5. Экспериментті іске асыру бағдарламасы.

  6. Эксперименттің күтілетін нәтижелері.

Практикалық тапсырма: «Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық сауаттылығын қалыптастыру», «Балаларда ғылымға қызығушылық ояту және дамыту» тақырыптарындағы эксперимент бағдарламасын жоғрыда берілген алгоритм бойынша жасаңыз.
Әдебиет: 1,2,4,5,6,8,9,11.

7-тақырып Зерттеу іс-әрекетінің сатылары және зерттеудің логикалық құрылымы

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми зерттеу ғылыми шығармашылық үдерісі ретінде.

  2. Зерттеу іс-әрекетінің сатылары.

  3. Ғылыми зерттеу құрылымы.

Практикалық тапсырма:

  1. Курстық, дипломдық жұмыс үлгілері, авторефераттар бойынша ғылыми зерттеуледің логикалық құрылымын байқаңыз.

  2. Үлгі бойынша таңдаған тақырыптағы зерттеу жұмысының логикалық аппаратын құрыңыз.

Әдебиет: 1,2,4,5,6,8.

8-тақырып Ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесі

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми ақпарат көздерінің түрлері.

  2. Деректі ақпарат көздері: аудиовизуалды, ғылыми (монографиялар, диссертациялар, т.б.), ғылыми-көпшілік (журналдар, кітаптар, т.с.с.), ресми, анықтамалық, оқу т.б.

  3. Ақпараттық-библиографиялық көздер: библиографиялық шолу, библиографиялық құралдар, Интернет, т.б.

  4. Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу тәсілдері: аннотация, тезистеу, конспектілеу, реферат жазу т.б.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Таңдаған тақырып бойынша библиографиялық шолу жасаңыз.

  2. Психологиялық-педагогикалық ғылыми журналдардағы 2-3 мақаланың аннотациясын, тезистерін, конспектін жасаңыз және оған пікір жазыңыз.

Әдебиет: 1,5,6,7,9.

9-тақырып Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу іс-әрекетінің негізі ретінде

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық.

  2. Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу жүргізудің өзегі ретінде.

  3. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.

  4. Оқырманның еңбегін ғылыми ұйымдастыру.

Практикалық тапсырмалар: Кітаппен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға арналған тапсырмаларды орындау:

    1. Ақпарат көздерін іздеуді қалай іске асырасыз?

    2. Өз мамандығыңыздың студенттері үшін ғылыми ақпаратты іздеуді іске асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындаңыз.

    3. Психологиялық-педагогикалық ғылыми журналдардағы 2-3 мақаланың аннотациясын, тезистерін, конспектін жасаңыз және оған пікір жазыңыз.

Әдебиет: 1, 6,7,9.

10-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер.

  2. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар

  3. Зерттеушілік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру шарттары.

  4. Зерттеушінің профессиограммасын жасау.

  5. Зерттеу іс-әрекетінің этикасы.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Болашақ педагог-психологтардың ғылыми-зерттеу жұмысына даярлығы деген не?

  2. Ғылыми-зерттеу жұмысына деонтологиялық даярлық деген ұғымды түсіндіріңіз.

  3. Мына әдебиет көзі бойынша: Кертаева К.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических научных исследований: учебное пособие. – Павлодар, 2007. – С. 29-31 – зерттеушінің профессиограммасы мен ғылыми-зерттеу жұмысына деонтологиялық даярлығы моделін жасаңыз.

Әдебиет: 1,5,6.

11-тақырып Зерттеу мәтінін дайындау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жұмыс жоспарын дайындау, әдебі қайнарларын оқу.

  2. Ғылыми ақпаратты сақтау ұғымы.

  3. Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілдері.

  4. Ғылыми ақпаратты өңдеу әдіс-тәсілдері.

Практикалық тапсырмалар:

    1. Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілдерінің кестесін төмендегі үлгі бойынша жасаңыз:

      Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілі

      Артықшылығы
      Кемшілігі










    2. Статистикалық өңдеу әдістерін зерделеңіз.

Әдебиет: 1,4,6,7.

12-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазу

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері.

  2. Ғылыми мәтіндер түрлері.

  3. Негізгі мәтіндердің түрлері, олардың қызметтері.

  4. Көмекші мәтіндер. Олардың қызметі.

Практикалық тапсырма: Ғылыми мәтіндерді (баяндама) ғылыми стильдің талаптарына сай жазу:

“Зерттеушінің этикасы” атты баяндаманы ғылыми стильдің талаптарына сай жазып келіңіз.



Әдебиет: 1,6,7.
13-тақырып Ғылыми жұмысты рәсімдеу, талаптарға сай келтіру

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері.

  2. Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдерін дайындау ерекшеліктері.

  3. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар.

  4. Зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері.

  5. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.

Практикалық тапсырма: Ғылыми жұмысты рәсімдеп жаттығу.

Әдебиет: 1,3,5,6.

14-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми жұмысты қорғауға ұсыну.

  2. Ғылыми жұмысты жария қорғау.

  3. Қорғау тәртібі.

  4. Жария сөздің негізгі біліктері мен дағдылары: логикалық талдау жасай алу, сөз сөйлеу нысанын таңдай алу, мазмұнды жайып айта білу.

Практикалық тапсырмалар:

  1. Жария сөз сөйлеу дағдыларын пысықтауға арналған жаттығулар орындау.

  2. Жария сөз мысалдарын жасау.

Әдебиет: 1,3,6,9,11.

15-тақырып Ғылыми жұмыстарды талдау және бағалау

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы.

  2. Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия).

  3. Ғылыми жұмысқа пікір жазу.

Практикалық тапсырмалар: Ғылыми жұмыс нұсқаларына (мысалы, оқытушы ұсынған студенттердің рефераттарына, курстықжұмыстарына) пікір жазып жаттығу.

Әдебиет: 1,2,3,5,9.
3.4 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны



СӨЖ түрі


Есеп беру ф-сы

Бақылау

түрі


Сағат

көлемі


күндізгі

Сағат

Көлемі


сырттай




1.

Әрбір дәріс бойынша конспектілер жасау

Конспект жасау

Сабаққа қатысу


30

12




2.

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Үй тапсырмалар жазба түрде

Сабаққа қатысу


15

12




3.

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Баяндаманын конспекті


Баяндаманы қорғау

22

40




4.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге байланысты нормативтік құжаттарды талдау

кестелер


Кестелер бойынша жауап беру

8

20




5.

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау (тестілеу, емтихан)

15

33




Барлығы

90

117












3.5 Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптар
1-тақырып Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері.

Қазақстан Республикасында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері. Зерттеулердің өзекті мәселелерін анықтау және оларды сипаттау.



Практикалық тапсырмалар:

  1. Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша баяндама дайындаңыз.

  2. Қазақстандағы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары атты кесте, сұлба(схема) немесе сурет жасаңыз.

Әдебиет: 1,3,6,7.
2-тақырып. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негіздері.

“Психологиялық-педагогикалық зерттеу” ұғымының мәнін ашу, психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізудің механизмін түсіндіру.



Практикалық тапсырмалар:

  1. “Психологиялық-педагогикалық зерттеу” ұғымының мәнін ашу үшін “ұғым ағашын” жасаңыз. Ол үшін түпкі сөзді анықтаңыз, оның анықтамасын сөздіктерден табыңыз. Содан соң тағы да түпкі сөздерді белгілеңіз, олардың анықтамаларын табыңыз, с.с.ә.қ.

  2. Психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізудің механизмін түсіндіру үшін зерттеу құрылымы мен сатыларына талдау жасаңыз, психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізудің мақсаты ұғымын қалай түсінетініңізді айтыңыз.

Әдебиет: 1,2,7,8,9,10.
3-тақырып. Жобалау зерттеу компоненті ретінде.

Жобалау ғылым қызметі және зерттеу компоненті ретінде. Жобалаудың сатылары мен нысандары. Педагогикалық жобалау.



Практикалық тапсырма: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша библиографиялық шолу жасап, қолда бар әдебиет көздерінің мазмұнымен танысыңыз.

Әдебиет: 1,2,7,8,9,10,11,12,13.
4-тақырып. Ғылыми жоба зерттеу жұмысының нысаны ретінде.

“Ғылыми жоба” ұғымын анықтау. Ғылыми жобаларға қойылатын талаптар. Жобалар әдісіне тарихи шолу жасау.



Практикалық тапсырмалар:

  1. Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша библиографиялық шолу жасаңыз.

  2. Сыныптың тәрбие жүйесін, мектеп кабинетінің жасақталуын, мектеп үйірмелерінің, клубтарының, бірлестіктерінің бағдарламаларын, өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасының тұжырымдамасын (студенттердің таңдауы бойынша) жобалап қорғаңыз.

Әдебиет: 1,2,7,8,9,10,13.

Бақылау шараларының календарлық кестесі


1 рейтинг

Аптаның реті

1

2

3

4

5

6

7

8


РК

Балдар жинағы


Барынша көп балл, соның ішінде бақылау түрлерімен

2

15

2

15

2

15

2

17

20


100

Жұмыстарға қатысу, топтағы жұмыс


Лекцияның

2

2

2

2

2

2

2

2




16

Практикалық жұмыстың

2

2

2

2

2

2

2

2




16

Үй тапсырмаларын орындау және қорғау

( СӨЖ )


6

6

6

6

6

6

6

6




48

Шекаралық бақылау

























20

20

2 рейтинг

Аптаның реті

9

10

11

12

13

14

15

РК 2

Балдар жинағы


Барынша көп балл, соның ішінде бақылау түрлерімен

2

10

2

24

2

28

2

30

100

Жұмыстарға қатысу, топтағы жұмыс


Лекцияның

2

2

2

2

2

2

2




14

Практикалық жұмыстың

2

2

2

2

2

2

2




14

Үй тапсырмаларын орындау және қорғау

( СӨЖ )


6

6

6

6

6

6

6




42


Шекаралық бақылау






















30

30

РК - шекаралық бақылау

Қорытынды емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханда немесе жазбаша жұмыстардың орындалуы үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады.

Қорытынды бағалау балдары мынадай формула арқылы анықталады:

Р1+ Р2

И =---------------*0,3+ Э



2


Студенттердің өзіндік жұмыстарын межелік және қорытынды бақылау

Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі.



Балдық қортынды баға


Баға сан ретінде


Баға әріп ретінде


Дәстүрлі баға


емтихан

сынақ

95-100

4

А

өте жақсы


есептелді



90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы


80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттарлық.



65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

қанағатсыз

есептелмеді



Бақылау шараларының бөлінуі.


Бақылау түрлері


Балдардың ен жоғарғы саны

1 рейтинг

100


2 рейтинг

100


1

Межелік бақылау, оның ішінде:

70

80

1.1

Сабақтарға қатысу

24

27

1.2

Топпен жұмыс жасау

24

27

1.3

Үй тапсырмасын тиянақты орындау

8

9

1.4

Үй тапсырмасын қорғау / тренинг жүргізу/

8

9

1.5

Бақылау жұмысын орындау

6

8

2.

Межелік бақылау

30

20



КУРС САЯСАТЫ
Оқытушы мен студенттердің академиялық мінез-құлығы мен этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкесті болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан қуылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатылған сабақтардың орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 5 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Курстың жеке компоненттері бойынша бағалаудың критерийлері.

Ең жоғары балл тапсырмаларды дұрыс және уақтылы орындап, курс сабақтарына 100 пайыз қатысқанда ғана қойылады.

Студенттің дәріс, тәжірібиелік сабақтарға қатынасуы мен олардағы жұмысын ескеруде::

- дәріске қатынасу, материалды конспектілеу – 2 балл (қатынасу 1 балл, конспектінің болуы 1 балл);

- тәжірібиелік сабаққа қатынасу мен топ ішінде белсенділік таныту – 2 балл (қатынасу 1 балл, белсенді жұмыс 0,5 балл және тапсырманы дұрыс орындау 0,5 балл);

- үй тапсырмасын орындау және қорғау – 6 балл.



Рефераттарды бағалауда келесі критерийлер ескеріледі:

- материалды толық әрі анық баяндау –1 балл;

- қосымша әдебиет көздерін қолдану – 1 балл;

- ғылыми фактілерді талдай алу және жүйелей білу – 1 балл;

- материалды қорытындылауда бағалы теориялық және тәжірібиелік шешімдер жасай алу – 1 балл;

- рефератты әрлеу мен уақтылы тапсыру – 1 балл;

- рефератты қорғауда басты ойларды ауызша баяндау мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру – 1 балл.

Тестілеу кезінде балл белгілеу келесі есепке жүгінеді:

Мәселен, тестіде 20 сұрақ қарастырылады: 1 дұрыс жауап = 0,5 балл, сәйкесінше, 20 дұрыс жауап = 10 балл /20*0,5/



Бақылау жұмыстарын бағалаудағы есеп:

Мәселен, 6 сұрақ қарастырылады: 1 дұрыс жауап = 1,5 балл, әр сұрақ бойынша қосымша мәліметтер мен мысалдар келтірілсе, онда +0,5 балл. Барлығы =12 балл, оның ішінде 6*1,5= 9 и 6*0,5=3

Бірінші аралық бақылау 20 балға бағаланады. Семинар түрінде белгіленген тақырыптар бойынша өтеді.

Екінші аралық бақылау 30 балға бағаланады. Коллоквиум түрінде белгіленген тақырыптар бойынша өтеді.



Аталған талаптардың орындалмауында толық емес немесе айып баллдары қолданылады.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірібиелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу жарты баллды шегерумен (-0,5) жазаланады.

Аталған талаптардың орындалуында студентті мадақтауға болады – сынақ автоматты түрде қойылады.

Курсты ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық баллдарды ескеру арқылы қойылады. Курс пән бойынша сынақ тапсырумен аяқталады. Сынақ кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

Сұраққа 100 балл белгіленеді, оның ішінде:

100 балл – тиянақты, тізбекті байланысты, толыққанды жауапқа;

85-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатыстырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.



Табыс тілейміз!


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау