Практикалық сабақ 3. Жабдықты құрастыру кезіндегі есепке жататын өзара байланыстар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Тамақ өнеркәсібінің аппараттар мен машиналар туралы жалпы түсінік.
2. Жабдықты құрастыру кезіндегі есепке жататын өзара байланыстар.
Сабақтың мақсаты:
Тамақ өндірісінде қолданатын берілістердің тозуымен танысу, бұл берілістердің тозу процесін зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Аппараттарда қандай процестері жүреді?
2. Машиналарда негізінен қандай технологиялық процестер жүреді?
3. Құрастыру қандай шешім қабылдаумен байланысты?
4. Оптимизациялау облысында қандай негізгі талаптарды белгілеп қоюға болады?
5. Өзара байланысты І–ІІ түсіндіріп берініз?
6. Өзара байланыс І-ІІІ неге байланысты?
Әдістемелік нұсқау:
1. Тамақ өнеркәсібінің аппараттар мен машиналар туралы жалпы түсінік.
Тамақ өндірістерінің машиналары және аппараттары көбінесе химиялық және аралас салалар өнеркәсіптерінің жабдықтарына ұқсас. Техникалық даму барысында тамақ өндірістерінің жеке машиналары мен аппараттарын басқа өнеркәсіптерде (мысалы, сүт өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын сүттен қаймақты бөлуге арналған сұйықты сепараторлар тамақтық, химиялық және басқа да өнеркәсіп өндірістерінде кеңінен қолданылды). Қант өнеркәсіптерінде кеңінен белгілі центрифугалар химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте тиімді жұмыс істейтін пластинкалы жылуалмастырғыштар сүт өнеркәсібінде қолданылады.
2. Машинаның теориялық өнімділігін есептеу әдістемесі.
Бөлшектің негізгі құрастыруында, есепке жататын өзара байланыстар болады.
Өзара байланыс І–ІІ. Еңбек шығындары және құралдарды құрастыру кезінде, техникалық қызмет етуде мен жөндеуде тұтастықтың жоғарылауы құрастырма бірліктерді тұтастық талаптарының орындалуымен байланысты.
Өзара байланыс І-ІІІ. Техникалық қызмет ету мен жөндеуде құрастырма бірліктердің еңбек шығындарының азаюы және компоновкаға арналған құралдардың жүктеу режиміне сәйкес бөлшекті таңдаумен байланысты.
Өзара байланыс І-IV. Жоғары төзімділікті материалдардан жасалынған, аз габаритті бөлшектерді қолдана отырып, құрастырма бірліктердің тұтастық талаптарын қанағаттандыру.
Өзара байланыс І-V. Бөлшекке зақым келуін азайту және бөлшек шыдамдылығын арттыруға арналған тиеу циклдарының санын қысқарту.
Өзара байланыс II-IV. Бөлшектің қауіпті қимасының жеткілікті өлшемдерін қамтамасыз етуі; бұл кезде қосылысқа кіретін бөлшек құрылымына емес, қосылыс құрылымына ерекше назар аудару керек.
Өзара байланыс II-V. Техникалық қызмет ету мен жөндеу кезінде шыдамдылықты жоғарылату, құралдар мен еңбек шығындарын төмендету. Бөлшек шыдамдылығының жоғарылауымен зақым келетін бет кедір-бұдырлықтарын азайтуға болады.
Өзара байланыс III-IV. Жүктеулерді ескере отырып, статикалық беріктілікті жоғарылату.
Өзара байланыс III-V. Бұл байланыс бір бағытта болады, бөлшектердің шыдамдылығы эксплуатация шарттарына байланысты сыртқы тиеулермен анықталады .
Өзара байланыс ІV-V. Пайдалану шарттарындағы қажетті беріктілік пен шыдамдылықты қамтамасыз ететін пайдалану шарттары мен оларды шешу жолдарын іздеу.
Өзара байланыс VІ-VIII. Бөлшек түрінің талаптарын қамтамасыз ету, құрастырма бірліктердің беріктілік есебімен, құралдарды дайындау, ең аз еңбек шығындарын прогрессивті әдістермен өңдеу.
Өзара байланыс VІІ-Х. Дайындау мен жөндеуге минималды еңбек және ақшалай шығындарды қамтамасыз ету үшін материал таңдау. Бөлшек массасының төмендеуі, аз тығыздықты және беріктілік сипаттамасы бар материалдарды қолдануды талап етеді .
Өзара байланыс VІІ-ХII. Беттің кедір-бұдырлығының минималды параметрлерін қамтамасыз ету кезінде қызметтік тәртіптегі материалды таңдау.
Өзара байланыс VІІI-XI. Құрастырма бірліктегі бөлшектің орналасуын базалау арқылы қамтамасыз ету.
Өзара байланыс ІХ-X. Тұтастықты ескере отырып, бөлшек өлшемдерін анықтау үшін құрастырма бірліктерді беріктікке есептеу және тұтастық шешімдерін таңдауды жүргізу.
Өзара байланыс ХI-XII. Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты бөлшектің тағайындалуын анықтау, оның дәлдік класына және өңдеу әдісіне тәуелді болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.
2. Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.
3. Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.
4. В.М. Соколов. Основы расчета и конструирования деталей и узлов пищевого оборудования. - М.: Машиностроение,1970. – 422 с.
Практикалық сабақ 4. Материалдарды қысқарту әдістері.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Тамақ өндірісінде қолданатын материалдарды қысқарту әдістері.
2. Құрылма қатаңдығы.
Сабақтың мақсаты:
Тамақ өндірісінде қолданатын материалдарды қысқарту әдістерімен танысу, құрылма қатаңдығын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрылма қатаңдығын қандай факторлар анықтайды?
2. Әр түрлі материалдардан жасалған бөлшектер массасын, беріктігін және қатаңдығын салыстыру кезінде қандай жағдай қарастырылады?
3. Қатаңдықтың салыстырмалы коэффициентін қалай анықтауға болады?
4. Қатаңдық қорын қалай анықтауға болады?
5. Бөлшек массасын қандай формуламен анықтауға болады?
6. Қатаңдықты арттырудың құрамалық қандай тәсілдері бар?
Әдістемелік нұсқау:
1. Тамақ өндірісінде қолданатын материалдарды қысқарту әдістері.
Термиялық өңдеу арқылы қысқартуда (жоғарғы, орташа және төменгі босаңдату (отпуск) арқылы шынықтыру және изотермиялық шынықтыру) қалыпсыз құрылым, тығыздықтың дислокациясының артуын және күшті деформациялы атомды-кристалды құрылымның (сорбит, троостит, мартенсит, бейнит) жинақталуын туғызады.
Құрылмалық болаттар үшін көбінесе жетілдіріледі (улучшение) (сорбитте жоғарғы босаңдатумен шынықтыру) – ол болаттың беріктігін, тұтқырлығын, пластикалық қасиетін жақсартады.
Химия-термиялық өңдеу арқылы қысқартуда – жоғарғы деңгейлі көмірқышқылмен қанықтыру (цементация) немесе азотпен қанықтыру (азоттау) → әртүрлілігі → термодиффузиялық беттік легрлеу → легрленген элементтер атомдарымен беттік деңгейді қанықтыру; хроммен легрлеуде – хром (Cr) және алюминимен (Al) қанықтыру; сульфадтау – кікірт (S) көмірқышқыл және азотпен (N2) қанықтыру; борлау (бормен (B), көмірқышқыл және азотпен) титандау, берилеу, борлау силицилеу (Si, Fe2Si) және т.б.
Суық пластикалық деформациялық тәсілмен өңдеу – қалыптау.
2. Құрылма қатаңдығы.
Қатаңдық – жүйенің жұмыс қабілеттілігін бұзбайтын, деформациялайтын сыртқы күштің әсеріне жүйенің қарсы тұру қабілеті.
Шыдамдылық – қатаңдыққа қарсы түсінік жүйенің сыртқы күштің әсерінен біршама үлкен деформацияға түсу қабілеті.
Қатаңдық – жүйеге түскен күшпен Р осы күш тудыратын деформацияның f қатынасын көрсететін қатаңдық коэффиценті арқылы анықталады.
Гук заңы бойынша сығылу-созылу:
(4.1)
мұндағы F-сырық қимасы, мм3; l-күштің қозғалысына бағыттас сырықтың ұзындығы.
Шыдамдылық коэффициенті:
, (4.2)
Айналдыру үшін:
, (4.3)
мұндағы Iр – сырықтың қимасының полярлы моментінің инерциясы.
Иілу үшін:
, (4.4)
мұндағы а - жүктелу жағдайына қатысты коэффициент.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.Е. Проников. Надежность машин,-М.: Машиностроение,1978.
2. Соколов В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов пищевых производств. - М.: Колос, 1992. – 399 с.
3. Харламов С.В. Практикум по расчету и конструированию машин и аппаратов пищевых производств. – Л.: Агропромиздат. Ленинградское отд-ние, 1991. – 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |