Пәндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Ауадағы шектелген шекті концентрация және зиянды заттар классы



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/4
Дата14.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#7546
1   2   3   4

Ауадағы шектелген шекті концентрация және зиянды заттар классы. Жоғарыда айтып кеткендей, улы заттардың ағзаға келіп түсуінің бір жолы – тыныс мүшелері. Технологиялық үрдістің қазіргі жағдайы және құрал-жабдықтардың геметизациялану дәрежесі, улы заттардың ауаға бөлініп шықпауын толығымен қамтамасыз етпейді. Сондықтан жұмыс жасайтын қоймаларда зиянды заттардың, ауадағы шектелген шекті концентрациясін негіздеуге тура келді.

Шектелген шекті концентрация (ШШК) деп, улы заттардың мөлшері бір күдік жұмыс уақыты 8 сағат ішінде, аптасына 41 сағат ішінде, жұмыс орнында әртүрлі зерттеу әдістерін қолданғанда, ауру тудырмайтын және денсаулыққа зақым келтірмейтін шектеулі концентрация.

Адам ағзасына әсер ету деңгейіне байланысты, зиянды заттар 4 қауіпті классқа бөлінеді: 1-шісі- төтенше қауіпті (ШШК 0,1мг/м3); 2-шісі - өте қауіпті (ШШК 0,1-10 мг/м3); 3-шісі- орташа қауіпті (ШШК 1,1-10,0 мг/м3); 4-шісі- аз қауіпті (ШШК 10,0 мг/м3). Төменде кейбір заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен класы көрсетілген.

Төтенше қауіпті

Тетраэтилқорғасын 0,005

Металды сынап 0,01

Хромды ангидрид, хроматтар, бихроматтар 0,01

Өте қауіпті

Хлор диоксиді 0,1

Формальдегид 0,5

Акролеин 0,7

Күкірт қышқылы, күкіртті ангидрид 1,0

Орташа қауіпті

Бензол 5,0

Метанол 5,0

Аминопластар мен фенопластар 6,0

Күкірт ангидриді 10,0

Дихлорэтан 10,0

Күкіртсутек 10,0

Аз қауіпті

Аммиак 20,0

Метанның, этанның, пропанның нироқосылыстары 30,0

Изопрен 40,0

Толуол 50,0

Отын бензині 100,0

Еріткіш бензин 100,0

Керосин, легроин 300,0

Спирт этиловый 1000

Бұл көрсетілген заттардың барлығы улы және қауіпті. Жоғарғы концентрациялы бензин ауада (30-40 мг/л) бірнеше минуттан кейін өлім қаупін тудырады.

Негізгі ұғымдар: улы заттар; тітіркендіргіш заттар; сенсибилизацияландыратын заттар; канцерогенді заттар; мутагенді заттар; шекті рұқсат етілген концентрация.
Бақылау сұрақтары:


  1. Химиялық зиянды заттардың жіктелуінің қандай түрлерін білесіз?

  2. Зиянды заттар үшін қандай шектелген шекті концентрация нормаларын білесіз?

  3. Адам ағзасына әсер етуіне байланысты зиянды заттар қандай классқа бөлінеді?

Негізгі әдебиет 3 [ 72-80]

Қосымша әдебиет 5
Микромодуль 1 - Кіріспе. Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары.
4 дәріс. Өндірістік шаң және химиялық күйік

  1. Өндірістік шаң және химиялық күйік.

  2. Кәсіби уланудың алдын алу.


Өндірістік шаң және химиялық күйік. Өндірістік шаң деп, жұмыс орнында мөлшері бірнеше ондаған микрометрдей болатын қатты ұсақ бөлшектер. Шаңның жіктелуінде ең маңызды болып, дисперстілік дәрежесіне байланысты жіктеледі: көрінетін щаң, мөлшері 10 мкм-ден үлкен, ауадан жерге түсетін шаң, микроскопиялық шаң, мөлшері 10-0,25 мкм ауада баяу қозғалатын, ультрамикроскопты шаң, мөлшері 9,25-ден аспайтын шаң.

Зиянды әсер улы шаңдарда көп байқалады. Олардың қатарына мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде катализатор ретінде қолданылатын кремний диоксиді жатады. Бұл катализаторлардың шаңы кәсіби ауру – силикозды туғызады. Мұрын тұмсықтарымен мұрын жолдарының ауруларын туғызатын катаризаторлар алты- және үш валентті хром және тағы басқа улы заттар нафтен қышқылдары, амино-, нитроқосылыстар.

Химиялық күйік мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында, химиялық активті заттар, әсіресе қышқылдар мен сілтілер теріге күйік туғызады.

Химиялық күйікті технологиялық жабдықтар сақтандырады. Режімді қадағалау, қорғаныш заттар (арнайы киімдер, көзілдіріктер, респираторлар). Қолданылады. Денеге қышқыл немесе сілті тиген кезде ұзақ уақыт сумен шайу керек.



Кәсіби уланудың алдын алу. Қоршаған ортаға газдың, будың, шаңның келіп түсуінің азауының негізгі бағыты, технологиялық үрдіс пен құрал-жабдықтардың жетілдіріліп отыруы. Ауадағы шаңға қарсы, шектелген шекті концентрацияны болдырмас үшін, желдеткіштер қолданылады. Жұмыс жасаушыны зиянды заттардан сақтау үшін, тері күйуі болмау үшін, қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін арнайы киім мен аяқ киім беріледі.

Жеңілдіктік тағы бір түрі, жұмысшы денсаулығын қалпына келтіру үшін, қосымша демалыс күндері беріледі. Зиянды, қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін күніне 0,5 л сүт немесе соған сәйкес келетін азақ-түлік беріледі. Кейбір жұмыс істейтін адамдар медициналық тексерілуден өтіп, өндірістік қауіпті, зиянды затармен жұмыс істеуге жіберілмейді.



Негізгі ұғымдар: көрінетін шаң; микроскопиялық шаң; ультрамикроскопиялық шаң; фотосенсибилизаторлар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай зиянды заттар улы шаңның сапасына зиянды әсер етеді?

  2. Қандай химиялық активті заттар күйік туғызады және алдын алу жолдары?


Негізгі әдебиет 3 [81-82 ],

Қосымша әдебиет 5
Микромодуль 2 - Технологиялық үрдіс қауіпсіздігі
Дәріс №5. Химия өндірісіндегі технологиялық үрдіс қауіпсіздігі.

  1. Көпсатылы және бірсатылы үрдістер.

  2. Үздіксіз технологиялық үрдіс дережесінің ұлғайуы.

  3. Өндірістік үрдісті механикаландыру мен автоматтандыру. Жарылғыш концентраттардың түзілуін алдын алу.

  4. Флегментация.

Кез-келген өндірістің негізі, алдын-ала өңделген және практика жағдайында тексерілген технологиялық үрдістер болып табылады. Технологиялық үрдістер оның жүру ағымының көрсеткіштері арқылы анықталады. Химиялық технологияда маңызды болып, қарқынды физико-химиялық көрсеткіштер (қысым, температура, заттардың концентрациясы) табылады. Өдірістің технологиялық режімі технологиялық көрсеткіштің ауқымдылығын анықтайды.

Көпсатылы және бірсатылы технологиялық үрдістер. химиялық технологияда технологиялық жетістіктің негізгі бағыты болып көп сатылы үрдісті қысқартып, бірсатылы технологиялық үрдіске көшу. Бірсатылы технологиялық үрдіс көп сатылы үрдісті жеңілдетіп, өндірістің үздіксіз сызбанұсқасын береді. Мұнда қолданылатын аппараттар, өткізгіш құбырлар өндіріс төзімділігінің жалпы көрсеткішін ұлғайтады.

Жасанды этил спиртін ертеректе этиленді көмірқышқылды гидратациялау арқылы алатын. Бұл көпсталы үрдісте коррозия тудыратын және жұмысты орындаушыға қауіп төндіретін күкірт қышқылы қолданылды. Қазіргі кезде бұл әдіс бірсатылы, яғни тура гидратация арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар тура гидратация арқылы пропиленді изопропил спиртінен күкірт қышқылының қатысынсыз алу әдісі табылды.



Үздіксіз технологиялық үрдіс дәрежесінің ұлғаюы. Үздіксіз үрдіс өндіріс циклінде кезектесіп келетін үрдіс, технологиялық көрсеткіштердің тепе-теңдігін, төзімділігін қадағалап отрыуымен сипатталады. Бұл жұмысты орындаушының қателік жасамауына көмектеседі. Бірқалыптылық тұнып қалған қауіпті аймақтың болуын, концентрацияның көтерілуін, жанама реакциялардың болуын және басқада технологиялық үрдістің болуына әкеп соқтыратын жағдайлардың тежеп отырады. Қазіргі уақатқа дейін ауыр мұнай өндірістерін кокстеу кезектесіп келетін көлденең кубта жүргізіліп келді.

Кубтан коксты шығару 500С температурада қолмен жүргізілді, бірақ бұлай жасау өте қиын, ауыр және кокстің балқып кетуі мүмкін болды. Қыздырылған кокс камерасында жартылай үздіксіз кокстеу үрдісі жұмыс жағдайын аздап жеңілдеткенімен қауіп туғызды. Қазіргі кезде кокстеудің жаңа және толық үздіксіз үрдістері игеріліп жатыр. Көп сатылы үрдіс майды тазалауда, битум өндірісінде және т.б. өндірістерде қолданылып жүр.



Ауыр, қауіпті және зиянды үрдістерді механикаландыру. Технологиялық әсіресе қауіпті ауыр зиянды үрдісті механикаландыру, жұмысты орындаушыны ауыр, көп операциядан тұратын және улы заттармен жұмыс істеуден, өрт, қопарылыс болатын аймақтан сақтайды. Мұнай өнімдерін сынауда жене сыйымдылық дәрежесін өлшеуде бақылаушылардың жұмысы әлі күнге дейін ауыр да қауіпті. Мұнай өңдеу зауыттарында бақылаушылардың жұмысын жеңілдету үшін, оларға сыйымдылыққа көтерілмей-ақ вертикалды резервуар қолдана бастады. Ал сыйымдылықты тексерушілер үшін құю дәрежесін бақылап тұратын реттегіш орналастырылады. Мұның барлығы мұнай өндеу кәсіпорындарында өндірістің көптеген бөліктерін механикаландыру қажет екендігімен түсіндіріледі.

Өндірістік үрдісті механикаландыру мен автоматтандыру. Автоматтандыру күрделігіне және жылдамдығына байланысты қажеттілік тудырады және ол өндірістік үрдіс дамуының ең жоғарғы формасы болып табылады.

Автоматты бақылауды реттеу технологиялық үрдіс жағдайын хабарлап отырады. Көрсеткіш тұратын құралдар технологиялық аппараттарда немесе орталық бақылау жүйесінде орналастырылады. Жетілген автоматты жүйелер көрсеткіштердің берілген нормадан ауытқып кетпеуін көрсетіп тұрады. Автоматты бақылауды реттеу дабыл қаққыштың үш түрін қарастырады: бақылау, ескерту, қауіп төну. Бақылау дабылқаққышы операторға механизмнің, машинаның және аппараттың жеке бөлімдерінің жұмыс істеуін хабарлап отырады. Ескерту дабыл қаққышы жұмыс жасаушыға технологиялық үрдісте қауіпті өзгерістер болуын және ол өзгерістердің қауіпке әкеп соқтыруын жеткізіп отырады. Қауіп дабылқаққышы құрал-жабдықтардың қауіпті түрде сөніп қалуын жеткізіп отырады.

Автоматты қоғауды реттеу қауіптің алдын – ала болатынын ескерту үшін қажет. Бұл реттеу технологиялық үрдіс ағымын бақылап отырмаса да, көрсеткіш мәндерінің ауытқуын байқап алдын-ала қауіп болмауын қадағалап отырады:


  • өнім дәрежесінң шектен тыс көтерілуін,

  • температура көтерілгенде жылу тасығыш пен қарқынды реагенттің келуі тоқтатылады,

  • жанғыш және улы газдардың сыртқа ағуын және ауадағы берілген көлемнен асып кетпеуін.

Технологиялық үрдістің төзімділігі. Кез-келген технологиялық үрдіс жағдайының қауіпсіздігі төзімділік болып табылады. Технологиялық үрдістің төзімділігі әртүрлі факторлармен анықталады: реакциялық үрдіске қатысатын өнім құрамының тұрақты болуы, реакторлардың жылу төзімділік жағдайы. Технологиялық үрдіс төзімділгінде маңызды болып, өнім мен жартылай өнім үрдісіне келіп түсетін заттардың тұрақты болуы және құрамында қоспа заттардың қандай мөлшерде болуы. Жоғары температурада жүретін үрдіске құрамында суы көп мұнайдың келіп түсуі үкен қауіп төндіреді. Бұл жағдайда судың булануы қысымның көтерілуіне және аппараттың бұзылуына әкеп соғады.

Өртенген газды қолданған кезде өнім екі фазаны көрсетеді: сұйықтық - газ. Қаныққан газ қысымында нақтылы берілген температура жауап береді, ауыр көмірсутектерде қаныққан бу қысымы төмен болады. Мысалы 100С температурада бутанның бу қысымы пропанның бу қысымынан 4 есе кем. Сондықтанда мұндай өнімдерді жіберер кезде құрамында жеңіл көмірсутектер артық болмау керек.

Органикалық синтез өндірісіне қажетті мұнай өнімдерін крекингілеу немесе приролиздеуде газдарды бөліп алу кезінде азот тотығы үлкен қауіп туғызады. Жоғарғы қысым мен жоғарғы температурада азот тотығы диоксидке және азотты ангидридке айналып кетеді. Соңғысы қанықпаған көмірсутектермен әсіресе диолефиндермен әрекеттесіп, шайыр тәрізді нироқосылыстар түзеді. Түзілген қосылыстар жылдам алмастырғыш аппараттарда жайыла отырып, қысымның жоғарлауы мен аппараттың бұзылуына әкеп соғады.

Жарылғыш қауіпті концентрациялардың түзілуін алдына алу. Флегментация. Аппараттар ішінде жарылғыш газ тәрізді қоспалардың түзілуі төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:


  • бу ауанық беткі қабатында тез жанатын сұйықтықтың сақталуы,

  • жарылғыш бу немесе газы бар аппараттарға ауа арқылы бөгде заттардың енуі,

  • аппаратураның беткі қабаттарының бұзылуы,

Аппаратураның сыртқы қабатарының бұзылуы көптеген себептерге байланысты, мысалы:

  • аппараттағы материалдық баланыстың бұзылуынан. Егер аппаратқа келіп түсетін заттың массасы, аппараттан тазартылатын заттың масасынан көп болса, тепе-теңдік бұзылып аппараттағы қысым көтеріліп құмыраның қабырғалары сынып кетуі мүмкін,

  • аппаратурадағы заттың берілген температурадан жоғары қыздырса, қысым да жоғарлайды. Бұл жылу тасығыштың жоғарлауынан немесе суықтың жетіспеуінен болады,

  • бу фазасында конденсация үрдісінің бұзылуынан, айдау және ректификация кезінде түзілген булы фаза конденсациялануы керек. Будың конденсациялануы төмендесе, аппараттағы қысым артады,

Жоғары температураға арналған аппаратқа төменгі температурада қайнайтын затты жіберудің салдарынан қарқынды қайнап, көп мөлшерде бу бөлініп қысымның жылдам көтерілуіне әкеледі.

Қысымды төмендете немесе флегматизаторлар қоса отырып, қопарылыстың болмауын және жанғыш заттардың тұтанып кетпеуін алдын алуға болады, кейбір сынақ нүктелерінде флегматизатордың екі шектігінде тұтану сәйкес келетіндей етіп отырады, яғни тұтанудың жоғарғы концентрациялы шектігін төмендететіп және тұтанудың төменгі концентрациялы шектігін көтереді. Флегматизатор ретінде азот, көміртек асқын тотығы, арнайы дайындалған түтінді газдар, су буы қолданылады.



Негізгі ұғымдар: автоматты бақылау құрылғысы; бақылау дабылқаққышы; ескерту дабылқаққышы; қауіп төну дабылқаққышы; флегматизация.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жануға қандай химиялық реакциялар қатысады?

  2. Жанудың қандай түрін білесіз?

  3. Жану жылуы қандай формуламен анықталады?

  4. Тұтану температурасынан жану температурасынан қандай айырмашылығы бар?

  5. Жанғыш заттардың қандай өрт қауіптілік көрсеткіштері тұтанудың шекті концентрациясын анықтайды?

  6. Барлық жанғыш сұйықтықтардың тұтану температурасы немен анықталады?

  7. Жанғыш заттардың жарылу және өртену қаупінің көрсеткіштері. Қатты заттардың, ауадағы шаңды қоспаның, сұйықтықтардың жануы?

  8. Қандай химиялық реакциялар жануға қатысады?

Негізгі әдебиет 2 [121-123]

Қосымша әдебиет 5

Микромодуль 2 - Технологиялық үрдіс қауіпсіздігі
Дәріс №6. Өндірістік құрал-жабдықтар қауіпсіздігі.

  1. Құрал-жабдықтың механикалық төзімділігі. Негізгі түсініктер.

  2. Құрал-жабдықтардың коррозияға төзімділігі.

  3. Қысым астында жұмыс істейтін түтіктердің эксплаутациялық қауіпсіздігі.

Құрал-жабдықтарды дайындау және құрау кезінде оның үнемділігімен техногендігінен басқа қауіпсіздік ережесі де маңызды болып табылады.



Құрал-жабдықтың механикалық төзімділігі. Негізгі түсініктер. Мұнай өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтардың қауіпсіздік эксплуатациясы үшін маңызды ол механикалық төзімділік.

Беріктілік дегеніміз материалдардың, құрастырғыштардың және оның жеке элементтерінің әртүрлі қауіптерге қарсы тұра алуы және механикалық әсердің нәтижесінде түр өзгеруі.

Жоғарғы тежелуді немесе рұқсат етілген тежелумен мүмкін болатын ауырлықты көрсететін, беріктілік коэффициенті (n), құрал-жабдықтардың төзімділігін сипаттайды. Егер есептеу жоғарғы дәрежедегі тежелуде жүрсе, тежелу коэффиценті мына қатынаста анықталады.


nt = δt / δ nb = δb / δ nд∙п = δ д∙п / δ
Мұндағы nt - ағымның жүру дәрежесіне байланысты, тежелудің артықшылық коэффиценті; δt - есептелген температурада ағымның жүруінің төменгі физикалық көрсеткіші; nb – уақытша қарсы тежелу артықшылығы коэффиценті; nд∙п – ұзақ беріктілік дәрежесінің тежелу артықшылығы коэффиценті; δb - есептелген температурада уақытша қарсы төменгі көрсеткіші;

δ д∙п -есептелген температурада беріктілік ұзақтығының орташа көрсеткіші; δ – нормативті рұқсат етілген тежелу.

Ауыр аппаратураларды және құймаларды құрастыруда төзімділік үлкен роль атқарады.

Төзімділік дегеніміз мүмкін болмайтын тепе-теңдікке қарсы тұра алатын қабілеттілік. Жүйедегі қаттылықтың ұлғайуы төзімсіздікке әкеледі. Қаттылық ұлғайып кетпес үшін сақиналар жасайды. Сақина қабырғаның ішінен де сыртынанда жасалады.

Жоғарғы температурада жүретін технологиялық үрдістерді жүзеге асыру үшін, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік кұрастырушы материалдар қолданылады.

Ыстыққа төзімді кұрастырушы материалдар, берілген температурада және берілген уақыт мерзімінде релаксация мен өтімділікке қарсы тұра алатын қабілетілігімен анықталады.

Өтімділік дегеніміз материалдың тұрақты температурада баяу, үздіксіз өзгеруі. Өтімділік қозған күйдегі заттардың деталінің қабырғаларының жұқалануына әкеп соқтырады.

Көміртекті құймалардың өтімділігі 300-4000С-та байқалады, ал 700-8000С –та төзімділігінің жоғалуына байланысты жарамсыз болып қалады. Сондықтан мұндай жағдайда төмен легирленген, марганец, хром, молибденнен тұратын құймалар қолданылады.

Ыстыққа берік құрастырылған материалдар жоғарғы температурада ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаның химиялық әсеріне қарсы тұра алу қабілеттілігімен танылады. Бұл химиялық әсерлер негізінен металл құрлымының бұзылуын тудыратын газды орта. Бұл құбылыстарға графиттену, кристалл аралық таттану, жылу сынғыштығы жатады.

Графиттенуге құймалардың 4750С -тан жоғары температурада ұзақ әсерлесу салдарынан карбидтің Fe3C бұзылуы және графиттің бос сақиналарының түзілуін, металл өзінің механикалық қасиетін жоғалтады.

Кристалл аралық таттану кезінде, металлдар арасындағы бөліктерде бұзылу пайда болады да, сырт жағынан таттанудың ешқандай белгісі байқалмайды.

Кейбір құймалар 4750С - тан жоғары температурада ұзақ болуының әсерінен басқа механикалық қасиеттерін сақтай отырып, тұтқырлығын жоғалтып алады. Бұл құбылыс жылу сынғыштығы деп аталады және құймалардың молибден, вольфрам, ванадимен легирленуін сақтайды.



Құрал-жабдықтардың коррозияға төзімділігі. Химиялық және электрохимиялық үрдістер, сыртқы ортаның әсерінен коррозияға ұшырайды. Коррозияның екі түрі бар: химиялық және электрохимиялық.

Химиялық коррозия коррозиялық ортаның металлмен әсерлесуінен туындайды. Сонымен қатар металлдың тотығуы және орта компонентрерінің тотықсыздануы бір кезде болады, яғни әртүрлі сатыға бөлінбейді. Химиялық коррозия сұйықтық-бейэлектролит немесе металлдың газбен әсерлесуінен пайда болады. Мұнай өнімдерінің құрамына кіретін, бейэлектролит болып табылатын және таза күйінде металлдармен әрекеттеспейтін көмірсутектер, бірақ күкіртті қосылыстарының болуынан корозияға ұшырауы мүмкін.

3500С – тан жоғары температурада мұнайда және дистилятта болатын күкірт сутек темірмен әрекеттесіп, күкіртті темір түзеді. Сутекті ортада гидрогенді үрдісте, жоғарғы қысым мен температурада цементитің бұзылуынан (Fe3C) сутектік коррозияға ұшырайды да схемада көрсетілгендей метан бөлінеді:


Fe3C + 2Н2 = 3 Fe + СН4
Түзілген метан бөлініп шықпайды, ол металлдың ішкі бөліктерінде қалып аралық корозия түзеді.

Электрохимиялық коррозия дегеніміз металлдың ерітінді электролитімен әрекеттесуі. Әрекеттесу кезінде металл атомының иондануы және тотықтырғыш компоненттің тотықсыздануы бір сатыда жүруі, және олардың жылдамдығы металлдың электролиттік потенциалына байланыстылығы. Электрохимиялық коррозия нәтижесіде екі тәуелсіз бірақ бір-бірімен электрохимиялық үрдістері, электрлік баланстары арқылы байланысып жатқан, анодты ерітіндіден катодты ерітіндіге металл катионы болып өтетін, нәтижесінде бос электрондар тотықтырғыштарды байланыстыруымен табылады.

Кейбір коррозиялық үрдістерде коррозия металлдың беткі қабатында түзіледі, сондықтан оның жылдамдағын, коррозия сипатын қабыршақтың қасиетімен анықтаймыз.

Құрал-жабдықтардың коррозияға төзімділігін қамтамасыз ету үшін технологиялық үрдістің жағдайына байланысты сәйкес құрастырушы материалдар дайындайды.

Металлдан жасалған құрастырушы материалдар ретінде легирлену дәрежесі әртүрлі қорғасын және шойын қолданылады. Қымбат тұратын легирленген қорғасынның орнына өндірісте негізі көміртекті, қорғағыш беті легирленген құймадан тұратын екі қатпарлы құймалар шығарылды.

Мұнай өңдеу және мұнай химиясы лабораторияларында құрал-жабдықтарды дайындау үшін химиялық төзімділікпен қатар, жақсы электро және жылу тасмалдау қасиеті бар металл емес коррозияға төзімді бейорганикалық және органикалық материалдар қолданылады. Қолданыста үнемі болатын неорганикалық материалдарға: андезит, бештаунит, оттегіне төзімді керамика, қышқылға төзімді бетон, эмальді жабындықтар жатады. Ал органикалық материалдардың ішінен әртүрлі пластмассалар, графиттен тұратын материалдар, лак-бояулар. Кейінгі кезде металлдарды қорғау үшін ингибиторлар кеңінен қолданылып жүр. Ингибиторлар немесе коррозияны тежейтін заттар деп коррозиялық ортаға аздаған мөлшерде ингибитор енгізгенде металлдың электрохимиялық коррозиясын тежейтін заттар. Ингибиторлар анодты, катодты экраникренуші және аралас болып бөлінеді. Ингибиторлар металлдың беткі қабатында адсорбцияланып анодтық үрдісті тежейді және (хроматтар, бихроматтар, нитраттар), катодты раекцияның болуына кедергі жасайды (ZnSO4, ZnCI2) немесе экрандайтын қабыршақ түзіп, металлды электролиттен бөледі.

Құрал - жабдықтардың геретизациясы. Құрал-жабдықтардың геретизациясы дегеніміз сұйықтық аппаратынан газдың, будың уақыт бірлігіндегі өлшемі. Герметизацияның практикалық дережесі түтіктегі бастапқы және соңғы қысымның уақыт бірлігіне шаққандағы проценттік қатынасы. Әдетте, герметиканың дәрежесін сипаттау, түтіктегі қысымның төмендеуін анықтау үшін төмендегі тәуелділік қолданылады:


р = 100/τ (1-рсоңғы Tбастпақы) / рбастпақы Tбастпақы
Мұндағы ∆р – бір сағат ішінде қысымның, % зерттелетін қысымнан төмендеу көрсеткіші; τ – зерттеу уақыты; рсоңғы- зерттеу соңындағы қысым; рбастпақы- бастапқы қысым; Tбастпақы, Tбастпақы – зерттеудің бастапқы және соңғы абсолютті температурасы.

Түтік тығыздық шыдамды және эксплуатацияға жарамды, бір сағат ішінде улы затты ортада мөлшері 0,1%-тен, өрт және қопарылыс болатын ортада 0,2% -тен аспауы, және 0,5% көтерілмеуі керек.

Сынақ кезінде қысым нормадан жоғарылы көтеріліп кетсе, тез арада саңылау орынын табу керек. Ол үшін галогенді ағыніздеттіргіш қолданылады. Галогенді ағын іздеттіргіш негізі газ зерттегішке жалғанған, 12 және 22 фреонның микроқосындысынан тұрады. Басқа ағыніздеттіргіш үшін сынақ газы ретінде массспектрометрмен табылған гелий газы қолданылады.

Көптеген заттардың саңылауларын әртүрлі реактивтермен сіңірілген, аудағы газбен немесе өнімнің буының әсерінен түсін өзгертетін индикатор қағаздары арқылы анықтауға болады. Кейде иісі жоқ газды утечкаларға анықтау үшін, оларға иісі бар заттар – одоранттар қосады. Олар улы, ұшқыш, коррозия тудырмайтын, қоршаған ортамен аздап адсорбцияланатын болуы керек.

Одоранттар ретінде көбінесе 100 м3 газда 15-30 г мөлшерінде болатын органикалық меркаптандар мен сульфидтердің қоспасы қолданылады.

Қысым астында жұмыс істейтін түтіктердің эксплуатациялық қауіпсіздігі. Қысым астында жұмыс істейтін түтіктер,- қопарылыс туғызатын негізгі зат болып табылады. Жалпы айтқанда қопарылыс дегеніміз аз уақыт ішінде шектелген көлемде энергияның көп мөлшерде шығу үрдісі.

Қысым астында жұмыс істейтін түтіктерде қауіптің болу себебі, аппараттардың механикалық беріктігінің бұзылуы (таттану), қажетті режімнен қысымның көтеріліп кетуі, құрал-жабдықпен дұрыс қамтамасыз етілмеуі.

Қысым астында жұмыс істейтін түтіктердің эксплуатациясы кезінде, қауіпсіздіктің негізі болып, технологиялық режім шамаларының: әсіресе қысым көрсеткіштері, температура, ортаның құрамы мен деңгейі. Ортаның жағдайын өлшейтін приборларды дұрыс таңдау және оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалау (манометрлер, вакумметрлер, термометрлер, пирометрлер, ерітінді деңгейін көрсеткіш прибор).


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау