Науқасты иықбау көмегімен тасымалдау
Бір тасымалдаушы иықбау арқылы науқасты тасымалдай алады, иықбау сегіздік немесе соңымен қосылады. Тасымалдаушы иықбауды өз бойымен өлшеп, науқас аяғына кигізеді де оны сау бүйіріне жатқызады, науқасқа арқасымен тығыз қысып ұстайды да иықбауды өзіне кигізеді, иықбау кеуде қуысына айқасып келуі керек. Осыдан кейін төрт аяқтап тұрып, бірінші бір тізесін содан кейін бар бойына баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушының иығынан ұстайды. Доға болып бүктелген иықбауды өз бойына шақтау қажет. Иықбауды екі қолының бас бармағына іліп алып, шынтақ буынын тік бұрышпен бүгеміз (сурет 23).
Сурет 23.
Иықбау көмегімен науқасты тасымалдау:
а — иықбауды дайындау; б — иықбауды кию; в — иықбаудың және алдыңғы тасымалдаушының қолының қалпы; г — иықбаудың және артқы тасымалдаушының қолының қалпы; д — бір тасымалдаушының тасымалдауы; е — екі тасымалдаушымен тасымалдау.
Науқас иықбауын дұрыстап, сау бүйіріне жатқызады, тасымалдаушы иықбаусоңымен қосылып, бір жақ жартысы бөксе астына, ал екінші жартысы қолтық астына беріледі — арқада; иықбаудың бос ұшы жерде жатуы қажет. Осылайша науқас бүйірлеріне тұзақ құрылып, оған тасымалдаушы өз қолдарын өткізеді де иықбауды өз иығына тартады, содан кейін науқасты арқасына салып баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушыға тартылған иықбауда отырады.
Екі тасымалдаушы болғанда науқасты иықбауды сегіздік ретінде қолданып тасымалдайды. Иықбауды айқастыра тағып, оның деңгейі жамбас-сан буынына сәйкес келуі керек, ал иықбау ұштары тұзақ ретінде біреуінің оң жақ, екіншінің сол жақ иығы арқылы өтуі керек. Тасымалдаушылар науқасқа артқы жағынан келіп, бір – біріне бетімен қарап бір тізелеріне отырады (біреуі оң жағына, екіншісі сол жағына), науқасты көтеріп, қосылған тізелеріне отырғызады да иықбауды науқас бөксе астына өткізіп, аяқтарына көтеріледі.
Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау иықпен, қолмен немесе арқамен жүзеге асырылады. Алыс емес қашықтыққа науқасты тасымалдау үшін тасымалдаушы бір тізесіне отырып, бір қолымен науқастыңбөксе астынан, келесі қолымен жауырын астынан ұстайды; науқас тасымалдаушы мойынынан ұстап алады. Тасымалдаушытұрып, тасымалдайды. Бұл жағдайда күш қолға және кеуде қуысына түседі (сурет 24 а).
Сурет24.
Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау:
а — қолмен; б — арқада; в — иықта.
Алыс қашықтыққа науқасты тасымалдау арқаға салу арқылы жүргізіледі. Науқас биіктеу жерге орналасып, тасымалдаушы бір тізеге төмендеп арқасымен науқас аяқтарының арасына қарап тұрады да сандарынан ұстап көтеріледі, науқас тасымалдаушының кеудесінен ұстайды (сурет 24 б).
Ессіз жатқан науқасты қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда иыққа салу арқылы тасымалдайды (сурет 45).
Достарыңызбен бөлісу: |