Білім - Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم) [1] – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.[
Білім туралы кейбір айтылымдар[өңдеу] - Білім туралы кейбір айтылымдар[өңдеу]
- Quinn (1996): Білім дегеніміз арнаулы мамандар бойындағы қабілет байлығы, ол нақты білім, жоғары қабілет, жүйелі таным, өзін жасампаздыққа жігерлендіру қатарлылардың бірлігі.
- Harris (1996): Білім дегеніміз ақпарат, мәдени жүйе және өмір тәжірибесінің жиынтығы.
- Qunitas (1997): Білім дегеніміз кәсіпорынның пішінсіз байлығы.
- Nonaka (1994): ақпар(message)мағынаға ие болған соң ақпаратқа(information) айналады, ал ақпарат жүйленіп реттелген соң шынайы білімге(knowledge) айналады. Білім адамзаттың тануы мен үйренуінің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: |