Пән бойынша бағдарламасының


План, карта және профиль туралы ұғымдар



жүктеу 0,94 Mb.
бет4/4
Дата28.02.2018
өлшемі0,94 Mb.
#10903
түріБағдарламасы
1   2   3   4

План, карта және профиль туралы ұғымдар

Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағы кішірейтілген бейнесі – план д.а.

Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағы кішірейтілген бейнесі – карта д.а.

Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) д.а. Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д.а.

Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:

- ірімасштабты – М 1:100 000 одан да ірі;

- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;

- ұсақмасштабты – М1:1000 000 одан да ұсақ.

Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне – профиль д.а.

Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек.



Масштабтар және олардың түрлері

Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегі кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады.

Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болып бөлінеді.

Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см.

Пландағы 0,1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық – масштабтың дәлдігі деп аталады.

Жер бедері (рельеф)

Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың жиынтығы жер бедері д.а.

Рельефтің сипатына байланысты Жердің беті жазық, төбелі және таулы болып бөлінеді. Жер бетінің негізгі рельефіне жататындар: төбе, ой-шұңқыр, жота, сай және өркеш төбелер.

Топографиялық карталарда бедер горизонтальдар арқылы бейнеленеді.

Горизонтальдар деп картада биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды айтады.

Горизонтальдар картада немесе планда қоңыр түспен көрсетіледі, горизонтальдың айырымында қойылатын цифрлар горизонтальдың белгілері деп аталады. Горизонтальдар ешқашан бір – бірімен қиылыспайды.

Горизонтальдар өтетін биіктіктер аралығын бедер қимасының биіктігі (һ) деп атайды.

Планда көршілес горизонтальдардың арасындағы қашықтық жатыс сызығы д.а.



Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтың еңістігі д.а.


һ

d




Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-37 б.].

3.1 Тақырып - Ұзындық өлшеулер

Жоспар


1 Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік.

2 Лентамен ұзындық өлшеу.

3 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар.

Ұзындық өлшеу өздік жұмыс түрінде арнаулы алаңда жүргізіледі. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін екі тәсілді қолданады тікелей және жанама.

Қолданылатын аспаптар: жер өлшейтін аспаптар, өлшеу рулеткасы, инварлік сымдар (тікелей әдіспен); оптикалық арақашықтық өлшеуіш, жарық арақашықтық өлшеуіш, радио арақашықтық өлшеуіш, жіптік арақашықтық өлшеуіш, қос бейнелі қашықтық өлшеуіш (жанама әдіспен).

Ұсынылатын әдебиет: [1, 74-87 б.].

3.2 Тақырып - Бұрыштық өлшеулер

Жоспар


1 Горизонталь бұрыштарды өлшеу принціптері.

2 Теодолиттің классификациясы.

3 Қазіргі техникалық теодолиттердің негізгі типтері және құрылысы.

4 Теодолитті тексеру және жөндеу.

5 Вертикаль бұрыштарды өлшеу. Вертикаль бұрыш (көлбеу бұрыш) туралы түсінік

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын аспап теодолит деп аталады.

Теодолиттер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді:

Т-1 – жоғары дәлдікті;

Т-2; Т-5 – дәл;

Т-15; Т-30; 2Т-30; 4Т-30П; Т-60 – техникалық,



Көлбеу бұрыш өлшеу формулалары:

Көлбеу бұрыш нольдік орын арқылы есептелінеді:



Көздеу өсінің горизонталь жағдайдағы вертикаль дөңгелектің лимбасы және вертикаль дөңгелектің алидадасы бойынша санақтын аты – нольдік орын деп аталады.



Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принципіне сәйкес теодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек:

1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік



деңгейлеуіштің осі құралдың айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

2 Көру дүрбісінің көздеу осі дүрбісінің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

3 Көру дүрбісінің айналу осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

4 Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу

осіне перпендикуляр болуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-73 б.].

3.3 Тақырып - Биіктік өлшеулер, нивелирлеу

Жоспар

1 Нивелирлеу, оның түрлері

2 Геометриялық нивелирлеудің әдісі мен маңызы.

3 Биіктік есептеудің әдісі (өзара биіктік арқылы және горизонт аспабы арқылы).

4 Нивелирлеу рейкалары, оның құрылысы.

5 Нивелирлер, оның құрылысы мен классификациясы.

План мен карталардағы жер бедерінің көрінісі үшін профильді құрастыру үшін және инженерлік есептерді шығару үшін жер бетіндегі нүктелердің белгілерін білу керек.

Аймақтағы нүктенің белгісін және олардың айырымын (биікайырымын) анықтау үшін жүргізілетін өлшеулер, сонымен қатар есептегіш бетіне қатысты жер бетіндегі нүктелерінің биіктіктерін анықтауларын нивелирлеу деп аталады.

ТМД елдерінде шығушы пункт болып Балтық теңізінің орташа деңгейі есептеледі.

Жұмысты орындау әдісі мен қолданылатын құрал-жабдықтарға байланысты нивелирлеу келесі түрлеріне бөлінеді:

1 Геометриялық нивелирлеу – горизонталь көздеу сәулесімен жүргізіледі. Құралдар: нивелир, нивелирлік рейка. Дәл болып есептеледі.

2 Тригонометриялық нивелирлеу – көлбеу көздеу сәулесімен орындалатын нивелирлеу. Құралдар: теодолит, нивелирлік рейка, өлшеуіш лентасы.

3 Физикалық нивелирлеу

3.1 Барометрлік нивелирлеу – деңгейлік беттен жоғары нүктелер биіктігінің өзгеруімен атмосфералық қысымды өлшеуге негізделген нивелирлеу түрі.

3.2 Гидростатикалық нивелирлеу – сұйықтықтардың қатысатын ыдыстарда бірдей биіктік алу қасиетіне негізделген нивелирлеу.

4 Фотограмметриялық нивелирлеу – ұшақ бортынан арнаулы стереоқұралдармен алынған суреттерден биіктіктерінің әр түрлілігін алады.

5 Механикалық нивелирлеу - ілгіш әрекетіне негізделген нивелир-автоматпен орындалатын нивелирлеу.

Геометриялық нивелирлеу

Нивелирдің горизонталь көздеу сәулесімен және нүктелерде тік орналастырылған рейкалардың көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден биікайырымын анықтау геометриялық нивелирлеу деп атайды

Геометриялық нивелирлеу екі әдісімен іске асады: «ортасынан» және «алға».



Нивелирлер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді:

H-05; Н-1 – жоғары дәлдікті;

Н-3; Н-3К – дәл;

3Н-5Л; 2Н-10Л; Н–10КЛ – техникалық,



Ұсынылатын әдебиет: [1, 88-100 б.].

3.4 Тақырып – Ауданды анықтау

Жоспар


1 Аналитикалық – полигонның төбесінің координаталары бойынша, аудандарды анықтау.

2 Графикалық – тұйық фигура арқылы аудан анықтау.

3 Палеткамен аудан анықтау.


  1. Механикалық құрал - планиметр, оның құрылысы және тексеруі.

Кез келген түрлі пішінді айналдырып, ауданды анықтайтын

механикалық аспап – планиметр. Планиметрмен жұмыс істегенде, айналдыру және полюстік рычагтар арасындағы бұрыш 300 -тан - 1500-дейін болу керек.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 37-44 б.].

4.1 Тақырып - Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер.

Жоспар


1 Түсірістің мәні және қолданылатын аспаптың түрлері.

2 Геодезиялық түсірістің негіздері.

3 Пландық және биіктік геодезиялық торлар

План, карта немесе кескін салу үшін жер бетінде жүргізілетін бұрыштық және сызықтық өлщеулердің жиынтығын жергілікті жерді түсіру деп атайды.

Бедердің немесе биіктік сипаттамаларының суретін түсіріп алу үшін биіктік немесе вертикаль түсіру қолданылады.

Түсіру барысында пайдаланатын құралдар мен жұмыс әдістеріне қарай түсіру әр түрлі болады, оның ішінде теодолиттік, тахеометрлік, мензулалық және фототопографиялық түсіру.

Теодолиттік түсіру теодолит, өлшеуіш таспа және рулетка арқылы жүргізеді. Нәтижесінде контурлық немесе ситуациялық план пайда болады.

Тахеометрлік түсіру теодолит – тахеометр арқылы орындалады. Бұл түсіру бедерді бейнелеуге арналған.

Мензулалық түсіру кезінде бедер мен ситуация суреті бар планды мензула және кипрегель арқылы, тікелей далаға шығып, құрастырады.

Фототопографиялық түсірудің өз ерекшеліктері бар. Планды немесе картаны жасау үшін жергілікті жерді суретке түсіріп алып, пайда болған фотосуреттерді тиісінше өңдейді. Ал жер бетін ұшақтан түсіруді аэрофототүсіру деп атайды.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 101-103 б.].

4.2 Тақырып - Теодолиттік түсірістер

Жоспар


1 Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар.

2 Жұмысты орындау тәртібі.

3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).

4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,

бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар).

5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.

Теодолитпен өлшеуіш лента көмегімен түсіру арқылы контурлық план шығару теодолиттік түсіріс деп аталады.

Теодолиттік түсіріске жатады:

1 дайындық жұмыстар;

2 дала жұмыстары (құрамы: жерді алдын-ала зерттеп, сол жерлерге нүктелерді бекітіп, теодолиттік жүріс жүргізеді және ситуацияны түсіреді);

3 камеральдық жұмыстар.

Теодолиттік жүріс - бұрыштарды теодолитпен, арақашықтарды өлшеуіш лентамен өлшейтін жергілікті жердегі сынық сызықтар жүйесі. Олар тұйық немесе ашық болады.

Теодолиттік жүрістің нүктелері мен жақтарынан түсіру ситуациясы орындалады. Мынадай ситуациялық түсіру тәсілдері қолданылады: перпендикуляр тәсілі (тікбұрышты координаталар), сызықтық қиылыстыру тәсілі, бұрыштық қиылыстыру тәсілі, полярлық координаталар тәсілі.

Тәсілді таңдау түсіру масштабынан, жергілікті заттың теодолиттік жүрістің нүктесі мен жағына қатысты түрі мен орналасуына бағытты. Жергілікті жерде заттардың теодолитті жүріске қатысты өзара орналасуын көрсететін, еркінше алынған масштабта, қолдан құрастырылған, схемалық сызба – абрис д.а. Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы камеральді жағдайда план құрастырылады, сондықтан ол уқыпты және нақты орындалуы керек.

Дала өлшеулердің нәтижелерін өңдеу (камералдық жұмыстар)

1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциондық бұрыштары мен румбаларын есептеу.

2) Координаталар өсімшелерін есептеу және үйлестіру.

3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.

4) Теодолиттік түсіріс материалдар бойынша жергілікті жер учаскесінің планын салу.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 104-114 б.].

4.3 Тақырып - Тахеометрлік түсірістер

Жоспар


1 Тахеометриялық түсірістің мәні.

2 Пландық және биіктік негіздерін салу әдістері. Аспаптар.

3 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігі, тексеріс, шекті қателері.

4 Ситуация мен рельефті түсіру.

5 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.

Тахеометриялық түсіру топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады.

«Тахеометрия» деген сөз грек тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді.

Өлшеудің тездігі, планда түсірілетін нүктелердің орналасуы және биіктігін анықтау бір рет құрылғының көру дүрбісін рейкаға бағыттау арқылы арақашықтық өлшеуіш бойынша арақашықтықты алу, горизонталь және вертикаль бұрыштар және биік айырымды анықтау болып табылады.

Тахеометриялық түсіру құралдары болып тахеометр табылады.

Негізі тахеометриялық түсірісте биікайырым (өзара биіктік) тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.

Ситуацияны түсіру полярлық әдіспен жүргізіледі.

Алаңда бір уақытта тахеометриялық журнал, ал әрбір станция үшін абрис құрастырылады.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 115-121 б.].

5.1 Тақырып – Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар

Жоспаар


1 Трассаны нивелирлеу.

2 Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу.

3 Нүктенің биіктігін анықтау.

4 Трасса профильін құру.

Құрылыстарды жобалау, салу және қолдану үшін мәліметтерді жинау және зерттеу процессііздену деп аталады.

Трасса дегеніміз – жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталармен түсіріледі және жердің бетінде бекітіледі.

Яғни, жерде белгіленген және картада салынған жобаланатын сызқтық құрылыстың осі – трасса.

Трассаның элементтері: план және профиль.

Трассаның негізгі нүктелері: трассаның басы, соңы және бұрылыс бұрыштың төбесі.

Трассаның жобалау кезінде қолданылатын карталардың масштабтары: М1: 10 000-М1: 25 000.

Трассада пикетаж жасау – трассаны пикетке бөлу. Пикеттік нүктелердің аралығы – 100 м.

Трассаның бойындағы жұмыстар пикетаж журналында көрсетіледі.

Шеңберлі қисықтың элементтері трассаның бұрылыс бұрышымен θ және қисықтық радиусы R арқылы анықталады.

Шеңберлі қисықтың элементтері: қисық, тангенс, домер, биссектриса.



Шеңберлі қисықтың негізгі нүктелері: басы, ортасы, соңы.

Трассаның бұрылыс төбесінен (БТ) қисықтың ортасына (ҚО) дейінгі арақашықтықты биссектриса деп атайды (Б).

Қисықтың басынан қисықтың соңына дейінгі арақашықтықты қисық деп атайды (Қ).

Қисықтың басынан немесе қисықтың соңынан бұрылыс төбесіне дейінгі жанаманың ұзындығы тангенс деп аталады.

Қисық пен жанаманың ұзындығының арасындағы айырымы домер деп аталады.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 149-154 б.].

5.2 тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеу

Жоспар


1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.

2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.

3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.

4 Интерполяциялау әдісімен горизонтальдар жүргізу және топографиялық пландарды құру.

Беттің нивелирлеуі анық айқындалмаған рельефті, ірі масштабты топографиялық пландарды алу үшін орындалады.

Беттің нивелирлеу материалдары бойынша планды жасау үшін берілген масштабта квадраттар мен магистральдардың торын қағазға түсіреді де, квадрат немесе пикеттік нүктелер биіктіктеріне қарсы белгілерін жүздік бөлшек метр жуықтығымен салады. Абрис мәліметтері бойынша жағдай және горизонтальдар түсіріледі. Горизонтальдар түсірілуі графикалық интерполяция арқылы жүзеге асады.

Алынатын және үйілетін топырақтарының көлемдері жеке есептелінеді және олардың арасындағы айырмашылығы 5%-тен аспау қажет.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 155-161 б.].

7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат

Практикалық сабақтар 1-6

2 Тақырып - Геодезия туралы жалпы мәліметтер.

Жоспар

1 Карта бойынша есеп шығару.

2 1:10 000, 1: 25 000, 1:50 000, 1:100 000 топографиялық карталарды қолданып жұмыс істеу.

Тапсырмалар:

1 Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын

анықтау.

2 Азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау.

3 Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігін анықтау.

4 Көлденең масштабтың диаграммасын салу.

5 Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілген бағытта профиль құрастыру.

6 Қима биіктігін анықтау.

7 Сызық еңістігі, көлбеу бұрышын анықтау.

8 Горизонтальдар бойынша пландағы нүктелердің биіктіктерін есептеу.

9 Тура және кері геодезиялық есептерді шығару.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-37 б.; 2, 7-28 б.].

Практикалық сабақтар 7-8

3.1 Тақырып – Ұзындық өлшеулер

Жоспар

1 Лентамен ұзындық өлшеу.

2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар.

Тапсырмалар:

1 Лентамен ұзындық өлшеу әдістерін меңгеру.

2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптарымен жұмыс істеу.

3 Өлшеу нәтижесінде компорирлеуге, температураға, көлбеу бұрышқа беретін түзетпелерді анықтау.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 74-86 б.; 2, 29-36 б.].

Практикалық сабақтар 9-13

3.2 Тақырып Бұрыштық өлшеулер

Жоспар

1 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысы.

2 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптері.

3 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасы.

4 Көлбеу бұрышын өлшеу әдістері.

Тапсырмалар:

1 Бұрыштық өлшеуге арналған аспаптар зерттеу.

2 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысын зерттеу.

3 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптерін меңгеру.

4 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасын өткізу.

5 Көлбеу бұрышын өлшеу.

6 Вертикаль шеңбердің «ноль орны» анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-73 б.; 2, 37-51 б.].

Практикалық сабақтар 14-18

3.3 Тақырып – Биіктікті өлшеу, нивелирлеу

Жоспар

1 Геометриялық нивелирлеу.

2 Қарапайым және күрделі нивелирлеу.

3 Техникалық нивелирлеу.



Тапсырмалар:

1 Н-3, 3Н-5Л, Н-10КЛ нивелирлердің құрылысы және жұмыс істеу тәртіптерін меңгеру.

2 Нивелирлердің поверкасы және юстировкасы.

3 Нивелирлік жүрістің үйлесуін анықтау.

4 Нивелирлеу жүріс бойынша нүктелердің биіктігін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 88-101 б.; 2, 72-81 б.].

Практикалық сабақтар 19-20

3.4 Тақырып – Ауданды анықтау

Жоспар

1 Аналитикалық әдісі бойынша аудан анықтау.

2 Графикалық әдісі бойынша аудан анықтау.

3 Палеткамен аудан анықтау.

4 Механикалық құрал - планиметр, оның құрылысы және тексеруі.

Тапсырмалар:

1 1:5000 масштабта ауданды өлшегенде, квадраттық палетканың бір

қабырғасы 2 мм болса, онда бір бөлімнің құны неше гектарға тең?

2 Масштабы 1:20 000 планда координаталар торының бір квадратының ауданына сәйкес шаманы анықтау.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 37-44 б.; 2, 29-36 б.].

Тапсырмалар:

Практикалық сабақтар 21-24

4.2Тақырып - Теодолиттік түсіріс

Жоспар


1Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар.

2 Жұмысты орындау тәртібі.

3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).

4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,

бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар).

5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.



Тапсырмалар:

1 Координат шығару ведомості құрастыру.

2 Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000).

3 Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000).



Ұсынылатын әдебиет: [1, 104-114 б.; 2, 87-98 б.].

Практикалық сабақтар 25-26

4.3 Тақырып - Тахеометрлік түсіріс

Жоспар


1 Тахеометриялық түсірістің мәні.

2 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. 4 Ситуация мен рельефті түсіру.



Тапсырмалар:

1 Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігін, тексерісін анықтау.

2 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 115-121 б.; 2, 99-111 б.].

Практикалық сабақтар 27-28

5.1 Тақырып - Трассаны нивелирлеу

Жоспар


1 Трассаны нивелирлеу.

2 Нүктенің биіктігін анықтау.

3 Трасса профильін құру.

Тапсырмалар:

1 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу.

2 Нүктенің биіктігін анықтау.

3 Профильді құру (горизонталь масштаб 1:1000, вертикаль масштаб 1:500).



Ұсынылатын әдебиет: [1, 149-154 б.; 2, 115-121 б.].

Практикалық сабақтар 29-30

5.2 Тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеу

Жоспар


1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.

2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.

3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.

Тапсырмалар:

1 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.

2 Жер жұмыстарының картограммасын құру.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 155-160 б.; 2, 122-131 б.].


8 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 Кіріспе

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Геодезиялық жұмыстарға қойылатын талаптар.

2 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді арақашықтықты

өлшеуге әсер етуі.



2 Реферат жазу: Геодезияның дамуының қысқаша тарихи очеркі.

Тақырып 2 Геодезия туралы жалпы мәліметтер.

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Топографиялық карталардың номенклатурасы және разграфкасы.

2 Шартты белгілер.

2 Реферат жазу: Навигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану.

Тақырып 3.1 Ұзындық өлшеулер

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Өлшеу аспаптарды компарирлеу.

2 Жарық- және радиоқашықтық өлшеуіштер.

2 Реферат жазу: Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану.

Тақырып 3.2 Бұрыштық өлшеулер

Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге

өлшеуге әсер етуі.

2 Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер бойынша ұғым.



2 Реферат жазу: Компьютерлік өңдеуі бар электрондық теодолиттер.

Тақырып 3.3 Биіктікті өлшеу, нивелирлеу.

1 Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге

өлшеуге әсер етуі.

2 Дәл және жоғары дәлдікті нивелирлеу бойынша ұғым.



2 Реферат жазу: Қазіргі замануи геодезиялық нивелирлер.

Тақырып 4.1 Топографиялық түсірістер бойынша ұғым

Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Мензулалық түсіріс.

2 Фототопографиялық түсіріс.

Тақырып 4.2 Теодолиттік түсірістер

Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Тура және кері геодезиялық есептер шешу.

2 Түсіріс торларының параметрлеріне және орналасуына негізгі талаптар.

Тақырып 4.3 Тахеометрлік түсірістер

Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Түсіру негіздерінің пункттерінің координаталарын және биіктіктерін

теңдестіру, есептеу.

2 Ситуацияны түсіру және рельефті сызу.



Тақырып 5.1 Трассаны нивелирлеу

Келесі сұрақтарды дайындау:

1 Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар.

2 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу.

Тақырып 5.2 Жер бетін шаршылап нивелирлеу

1 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.

2 Нивелирлеудің далалық сызбасы. Байланыс нүктелерінен санақ алу бойынша далалық бақылау.
9 Есіптік-графикалық жұмыстын мазмұны және орындау графигі




Тақырып

Мазмұны

Тапсыру графигі

1

Топографиялық карта

бойынша есеп шығару



Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын анықтау жәнеде азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау.

Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігін анықтау. Көлденең масштабтың диаграммасын салу. Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілген бағытта профиль құрастыру.



2-ші аптада тапсырма беріледі;

4-ші аптада қорғау



2

Нивелирлік

жүрістің үйлесуі



Биіктік қателікті анықтау. Нивелирлік

жүрістің үйлесуі.



5-ші аптада

тапсырма беріледі;

6-ші аптада қорғау


3

Теодолиттік

түсіріс кезіндегі

камеральдік жұмыстар


Координат шығару ведомості құрастыру. Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000). Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000).

12-ші аптада тапсырма беріледі;

14-ші аптада қорғау




10 СОӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СОӨЖ 25% СӨЖ-дан құрастырылады)

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.

Жаңа оқу семестр бойынша СОӨЖ кестесіне сәйкес






Сабақтын түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс бойынша

сұрақтарға

кеңес беру


кесте

бойынша

















2

Тәжірибе сабақтар

бойынша сұрақтарға кеңес беру



Кесте

бойынша

















3

СӨЖ бойынша

сұрақтарға кеңес

беру


Кесте

бойынша

















4

ЕГЖ бойынша

сұрақтарға кеңес беру



Кесте

бойынша

















5

Тест тапсырмалары бойынша

сұрақтарға кеңес беру



Кесте

бойынша


















11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі

Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны


Ұсыны-латын әдебиет


Орындау

мерзімі


Бақылау

формасы


Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

ЕГЖ

Топографиялық карталар бойынша есеп шығару.

[2], [3]

1 апта

Қорғау

4-ші апта

2

Реферат

Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану.

[1], [2]

1 апта

Қорғау

5-ші апта

3

ЕГЖ

Нивелирлік жүрістің үйлесуі.

[3], [5]

1 апта

Қорғау

6-ші апта

4

Реферат

Топографиялық карталар бойынша аудандарды анықтау.

[1], [3]

1 апта

Қорғау

7-ші апта

5

Межелгі бақылау

Модуль 1,2







Тест

8-ші апта

6

Реферат

Қазіргі замануи геодезиялық

аспаптар.



[1], [2]

1 апта

Қорғау

10-ші апта

7

Реферат

Навигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану.

[1], [2]

1 апта

Қорғау

11-ші апта

8

ЕГЖ

Теодолиттік түсіріс кезіндегі камеральдық жұмыстар.

[1], [2]

3 апта

Қорғау

12-14 апталар

9

Межелгі бақылау

Модуль 3,4







Тест

15-ші апта



12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

өздік және практикалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және

қорғау;

ЕГЖұмыстың бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;



сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады: Р1(2) = АҮ1(2)*0,5 + МБ1(2)*0,5.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:



ЖР= (Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб): Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледіДәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Оқу жетістіктері,яғни білім,оқушылардың “Инженерлік геодезия ”пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:


Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

95-100

4,0

A

Өте жақсы

90-94

3,67

A-




85-89

3,33

B+




80-84

3,0

B

Жақсы

75-79

2,67

B-




70-74

2,33

C+




65-69

2,0

C

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

C-




55-59

1,33

D+




50-54

1,0

D




0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

«Инженерлік геодезия» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:

1 Сабаққа кешікпеу.

2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.

3 Студенттің міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.

4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.

5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.

6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.

7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.

8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.

9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Студенттің материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.



14 Әдебиет тізімі

Негізгі

1) Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. – Алматы: ЭВЕРО баспаханасы, 2005. - 184 б.

2) Игильманов А., Игильманов Т. Инженерлік геодезия. Оқулық. 2-ші басылым – Астана: «Фолиант» баспаханасы, 2010 – 176 б.

Қосымша

3) Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Основы геодезии. – М.: Высшая школа, 2003. – 368 б.

4) Клюшин Б.Е., Киселев М.И. Инженерная геодезия. – М.: Высшая школа, 2002. – 464 б.

5) Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – М.: Недра, 1990. – 256 б.



6) Новак В.Е. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987.– 429 б.

7) Новак В.Е. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987. – 334 б.
жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау