Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


Дәріс сабақтарының мазмұны



жүктеу 1,23 Mb.
бет3/4
Дата24.12.2017
өлшемі1,23 Mb.
#5550
түріБағдарламасы
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері.

Жоспары:

1. Отбасы психологиясы жаңашыл психология саласының бірі.

2. Отбасы психологиясының міндеттері.

1.Отбасы - адамның өте маңызды, аса жуапты ісі. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі, бірақ әр отбасы барлығынан бұрын мемлекеттік мәні бар, зор іс болып табылады.

Отбасылық өмір адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді. Отбасы месіне қажетті көптеген практикалық дағдылар мен қасиеттер ата-ана аясындағы күнделікті өмір кезінде де қалыптсып жатады. Мысалы, сіздердің барлығыңыз қазірдің өзінде біраз нәрсені: мысалығ тамақ әзірлеуді, үй жинастыруды, кір жууды, үтіктеуді, шүмек жөндеуді, сөре қағуды т.б. білесіздер. Бұл – үй шаруашылығының қарапайым түрлері, ал сендер бұжан қарағанда күрделірек, мысалы, отбасы қаржысын жоспарлай аласыздар ма? Отбасылық өмірде өмір сүрудің қызықты да мазмұнды болуы үшін, тіпті өте сезімтал жұбайларға да бір-бірінің психологиясын жақсы білуі, өздерімен қоса басқалардың да қасиеттерін түсіне білулері керек, ал педагогиканы білудің маңызы болашақ балаларды тәрбиелеу ғана емесе, сондай-ақ өзді-өзін қажымай-талмай тәрбиелеу үшін де қажет.

Некелесуге дайындықтың болмауы жас жұбайлардың бірлесіп өмір сүруінің бастапқы айларында немесе тіпті алғашқы күндерінде, олардың сезімдеріне ешқандай көлеңке түспеген дегеннің өзінде байқалып тқрады.

Адамдардың отбасылық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В.А.Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағына қарағанда өмірдің рухани мазмұны басымырақ мән беруге келіп саяды. Оның айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзіңнің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда берсең ғана аласың. Егер адамдардың бір-біріне беретінін болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айрылысуға апарып соқтыруы мүмкін.

Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі қазіргі отбасыға пайдақұмарлық пен дүниеқорлық жат екенін, қайт оның негізінде адамның жоғары рухани байлығы - өзара сыйласу мен махаббат жатқандығына зейін аударту керек. Сондықтан адамды сүйе білуді үйрену – отбасы иесінің жеке басының ең құнды сапаларын дамыту деген сөз. А.С.Макаренко: Адамды бақытты болуға үйрету мүмкін емесе, оны бақытты боларлықтай етіп тәрбиелеуге болады деген.

2.Отбасының негізгі міндеті – белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамдық, топтық және жеке адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қоғамның әлеуметтік ұясы бола оытырп, отбасы біраз ең маңызды қажттілікітерді, соның ішінде халықтың санын ұдайы жаңартып отыру қажеттілігін де қанағаттандырады. Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық қажеттіліктерін де, сондай-ақ жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып отырады. Осыдан барып, отбасының міндеті туындайды. Отбасының негізгі міндеттері болып репродукциялық, шаруашылық-экономкиалық, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, комуникативтік және тәрбиелік міндеттер саналады.

Отбасының репродукиялық міндетінің мні тіршілікті жаңғыртуда, яғни баланың туып, адам тұқымының жалғасуыда болмақ. Отбасы халықты сан жағынан ғана емес, сонымен қоса сапа жағынан да ұдайы қайта толықтыруға қастысатын болғандықтан, бұл міндет өз құрамына басқа міндеттердің де элементтерін кіргізіп отырады. Бұл ең алдымен жаңа ұрпақты адамзаттың ғылыми-мәдени жетістіктеріне тарту, оның денсаулығын қорғап және сонымен қоса „жаңа ұрпақтарды түрлі биологиялық кемістіктердің қайта жаңғыруын” болдырмаумен байланысты.

Соңғы жылдарда бұл міндетке бүкіл жұртшылық көңіл бөлуде. Қазіргі отбасында қанша бала болу керек? Деген сұрақтар қойылып, бұл тақырыптарға байланысты газет, журнал беттерінде дискуссиялар пайда болуда. Оларды жүргізушілер – социологтар, демографтар, психологтар. Бұл неге өзекті мәселеге айналып отыр.

Мұның көп себебі бар және олар күрделі де өзара тығыз байланысты. Солардың кейбіреулерін ғана қарастырып көрейік. Бұрын біздің елімізде көп балалы отбасы жаппай тараған болатын. Қазргі кезде жағдай мүлдем өзгерді. Барлық отбасылардың жартысынан көбінде бір-бірден ғана бала бар немесе мүлдем жоқ та, екі немесе үш балалы отбасылар саны едәуір азайып кетті. Неге бұлай болды? Ол жақсы ма әлде жаман ба?

Мұндай жағдайдың пайда болу себептерінің бірі ретінде қалалық өмір сүру салтының таралуы аталынады. Мұның аздаған шындығы бар. Бұдан жарты ғасыр бұрын біздің елімізде он отбасының сегізі селолық болып есептелетін. Қазір еліміздегі халықтың үштен бірі қалада тұрады. Селолық отбасылардың біразы қалалық өмір салтын қстайтын болды. әйелдердің өндірісте жұмыс істеуі, адамдардың материалдық әл ауқаты мен мәдениетінің өсіп, қажеттіліктерінің артуы - міне осылардың барлығын да жоғарыда көрсетілген себептердің қатарына жатқызады. Адамдардың тілектері, олардың бір-біріне деген талабы да ратуша. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары да өзгеріп, олар адамгершілік жағынан жоғарырақ, күрделірек және психологиялық жағынан сезімтал бола бастады. Балаларға деген көзқарас та өзгерді: оларды жақсы киіндіреді, Жан-жақты жабдықталған үй немесе пәтер, жақсы жиһазға ие болуға тырысатын болды.
2 тақырып. Қазіргі отбасының құрылымы мен дамуы, қызметтері.

Жоспары:

1. Отбасы қызметтері.

2. Отбасының құрылымы.

3. Отбасының дамуы.

Отбасы – жалпы шаруашылықта бірге жүруші, әйел мен ердің, балалар мен ата-аналардың, ағалар мен қарындастардың қарым-қатынастары, сондай-ақ ерлі-зайыптылық одақ және туыстық байланыстарға негізделген жекелік болмыстың негізгі формасы, қоғамдық ұйым (кіші әлеуметтік топ) болып табылады. Отбасы жалпы қоғамда да, жеке өмірде де маңызды ролі атқарады.

Отбасының тіршілік аумағы, оның жекелеген мүшелеріне ғана емес барлық қоғамда тұтастай маңызды.

Қоғамдық ортадағы отбасылық қызметтердің жекелік және қоғамдық маңыздылығы былайша сипатталады:

-отбасының тәрбиелік қызметі;

-отбасының тұрмыстық-шаруашылық қызметі;

-отбасының эмоционалдық қызметі;

-отбасының рухани-мәдени қатынас қызметі;

-отбасының бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі.

Уақыт өте келе отбасылық қызметтерді бірнеше өзгерістер болады, мысалы жаңа әлеуметтік жағдайларға байланысты жойылады, өзгеріске ұшырайды. Біздің қоғамдағы жаңашыл отбасылар тұқымқуалаушылық, мұра арқылы берілген қызметтерді арттырумен айналыспайды. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі де өзгереді. Некелік – отбасылық қатынас аумағында бұзылушылық деңгейі де жоғарылады, мысалы некесіз бала босану, ерлі-зайыптылық ұрыс-керіс. Ажырасу отбасындағы лайықсыз қасиеттің жазасы ретінде қарастырылмай қойды.

Жаңашыл отбасында эмоционалды, рухани қатынас, жыныстық-эротикалық, тәрбиелік қызметтердің маңыздылығы арта түсуде. Неке көбіне шаруашылық-материалдық емес эмоционалды байланысқа негізделген бірлестік ретінде қарастырылады.

Отбасылық қызметтердің бұзылуы – тіршілік әрекеттегі отбасылық қызметтердің орындалуының қиындауы немесе мүлде орындалмау ерекшеліктері.

Отбасы құрылымына – отбасы құрамы мен саны, сондай-ақ оның мүшелерінің өзара байланысының жиынтығы кіреді. Отбасы құрылымының талдаулары бірнеше сұрақтарға жауап береді, мысалы отбасылық қызмет қалай жүзеге асады, отбасында кім жетекші, кім орындаушы ролін атқарады, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген. Отбасы құрылымы бойынша отбасылардың әр түрін бөліп көрсетуге болады. Бір отбасыларда барлық қызметтерді ұйымдастыру мен жетекшілік ету бір адамның қорында, ал кейбір отбасылардың басқаруында барлық мүшелері теңдей қатысады. Бірінші жағдайда авторитарлы жүйе, ал екіншіде демократикалық жүйеде айтылады.


3 тақырып. Отбасы әртүрлі кезеңдеріндегі қызмет етуінің ерекшеліктері.

Жоспары:

1. Отбасының пайда болуы.

2. Отбасылық өмірдің бұзылыстары. Отбасы бұзылыстарын қамтамасыз етуші факторлар.

3. Отбасылық дағдарыстар.

Отбасының құрылуы. Бірінші баланың өмірге келуіне дейін жас отбасылар міндеттер қатарын шешіп алады. Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелер жұбайлардың жалпы отбасылық өмір жағдайына және бір-бірінің психологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі болып табылады. Бұл кезеңде жұбайлардың өзара жыныстық бейімделуі жүзеге асырылады немесе аяқталады (егерде некесіз қатынаста болса). Отбасылық бұл даму кезеңінде негізгі күш бастапқы отбасылық бұйым, жабдықтар қолдануға жіберіледі, яғни пәтер-үй мәселесі мен ортақ мүлік арттыру мәселелерін шешіп алулары керек. Дәл осы отбасылық даму кезеңінде туыстары мен қатынастары құрылады.

Жас отбасыларының көпшілігі бірлескен жұбайлық өмірдің басында-ақ ажыраса бастайды. Бұндай некелердің бұзылуының негізгі себептері ерлі-зайыптылық өмірге дайынсыздық, тұрмыстық жағдайдың қанағаттандырылмауы, үйленгеннен кейін пәтер жайдың болмауы.

Еңбек әрекетін бастамаған балалы отбасы. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейін өмірлік циклдің негізгі, орталық кезеңі, яғни құрамында ер жеткен балалары бар жетілген отбасының құрылуы. Отбасылық өмірде бұл едәуір шаруашылық-тұрмыстық белсенділік уақыты. Әйелдердің, ер жетпеген баласы бар аналардың үй шаруашылығымен айналысуға жұмыстан тыс көбірек уақытын бөліп отыруына тура келеді. Мұндай отбасыларының ер азаматтары үй еңбегіне орташа есеппен күніне 1,5-2 сағат бөледі.

Бала дамуының әрбір жаңа кезеңі бір жағынан өткен кезеңдерде отбасы қызмет етуі қаншалықты тиімді болғанының өзгеше тексеруі, бақылауы болса, екінші жағына олардың алдында жаңа міндеттер қойылады, ата-аналардың қабілеттілік пен ептілік, шеберлік сияқты басқа да қасиеттерді талап етеді. Отбасы дамуының бұл кезеңінде де әртүрлі мәселелермен бұзылулар болып тұрады. Сондай-ақ дәл осы кезеңде отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі де кездеседі.

Бұл уақыттағы отбасылық тіршіліктің бұзылуының негізгі бастауы, біріншіден жұбайлардың шамадан тыс жүктелуі, олардың күштерінің зорлануы, екіншіден рухани және эмоционалды қатынастарды қайта құру қажеттілігі болып табылады. Дәл осы кезеңде әртүрлі эмоционалды салқындық, жұбайын өзгерту, жыныстық (дисгармония) үйлесімсіздік, серігінің мінезіне көңілі толмау себебін ажырасу, басқа адамды ұнатуларда кездеседі.

Отабасылық өмірдің бірінші кезеңіне тән эмоционалды қатынас мәселесі, конфликттер олардың салқындауына әкеледі. Отбасылық тіршіліктің негізгі бұзылыстары тәрбиелік қиындықтармен де байланысты.

Отбасылық тіршіліктің аяқталу кезеңдері. Балалардың соңғысы еңбек әрекетін бастап, ары қарай өзінің балаларымен отбасын құру – отбасылық өмірдегі өзгерістерді қамтамасыз етеді. Отбасы тәрбиелік әрекеттегі тоқтатады. Оны жалғастыру әрекеті балалардың қарсыласуына әкеп соқтырады. Күнделікті отбасылық өмірдегі кейбір айқын өзгерістер жас ерекшеліктерімен байланысты. Бұлшық ет күшінің бірте-бірте әлсіреуі күнделікті тұрмыстық қызметті қайта қалпына келтіруді күшейтеді. Жұбайлардың денсаулық жағдайы төмендеуіне қарай денсаулық мәселесі бірінші орынға қойылады.

Осы уақыттарда жағдайға байланысты үй еңбегімен балаға қарауда отбасы мүшелерінің белсенді араласуы маңызды роль атқаралды. Әсіресе немерелерінің алғашқы жылдары “Аталар мен әжелерден” көп күшті қажет етеді.

Өмірлік циклдің, еңбек әрекетінің аяқталуы, зейнетке шығу, мүмкіндіктердің азаюы құрметке қажеттілікті күшейтеді. Бұл кезеңде өзінің қажеттілігін сезіну, өзіне деген сый-құрметтік қатынастың қамтамасыз етілуі аңызды ролі атқарады.

Отбасылық тіршіліктің бұзылыстары. Отбасы бүкіл өмірлік цикл бойында үнемі әртүрлі қиындықтарға, жағымсыз жағдайлар мен мәселелерге толы болады. Отбасындағы мүшелерінің бірінің ауыруы, үй-тұрмыстық қиындықтар, әлеуметтік қоршаған ортамен конфликттер, әлеуметтік процестердің ауқымды салдарлары (соғыс, әлеуметтік дағдарыстар т.б.) барлық қиыншылықтардың тізімі бола алмайды.

Отбасында кездесетін қиыншылықтар мен оның салдарларын психологтар, социологтар, психиатрлар қарастырады. Бұл аумақтағы зерттеулер екі бағытқа топталады. Біріншісі – отбасындағы ауқымды әлеуметтік процестердің жағымсыз әрекет күшінен пайда болған: соғыс, экономикалық дағдарыс т.б. қиыншылық жағдайында зерттеу. Бұл мәселелер Америкалық зерттеушілердің соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жұмыстарында кеңінен көрсетілген.

Екінші нормативтік стресстер, яғни отбасылық өмірдің күнделікті жағдайында кездесетін қиыншылықтарды зерттеу. Бұл қиындықтар отбасындағы өмірлік циклдің негізгі этаптарынан өтуімен, сондай-ақ отбасын бұзылуға әкелетін: ұзақ айырылысу, ажырасу, отбасы мүшелерінің бірінің өмірден кетуі, қиын ауру сияқты жағдайлардан пайда болатын мәселелермен байланысты.

Бұл жағдайлардың барлығы отбасылық өмірдегі күрделі, көп салдарлы бұзылыстардың көрінуіне әкеп соқтырады. Бұл бір жағынан өзара қатынастағы кикілжіңдердің өсуі, отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі, отбасы бірлігінің әлсіреуі болса, екінші жағынан – отбасын сақтап қалуға күшінің артуы мен қиыншылыққа қарсы тұрудың өсуі болып табылады.
4 тақырып. Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу. Жеке адам және қоғам.

Жоспары:

1.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік.

2.Тәрбиелі адам жайлы түсінік.

3.Жеке адам және қоғам.

4.Жеке адам және отбасы.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

Әлеуметтік тұрғыдан кәмелетке келген адам өз кемшіліктерін, жеке басының мәдениетінің төмендігін, тәрбиесінің нашарлығын, мұндағы барлық жауапкершілікті мұғалім мен ата-анаға үйіп-төгіп, өзін судан таза етіп көрсетуге құқығы жоқ. әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі соқпақтарынан өзі дербес өтіп, өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Кім өзі жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе, жақын дос, жанұя басы болғысы келсе, кімде-кім оқуда, еңбекте табысқа жеткісі келсе, отбасылық өмірде бақытты жан болғысы келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн. Бұл жерде Николай Заболоцкийдің «Жаныңа тыным берме» деген өлеңін мысал ретінде келтіруге болады:

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы жеке әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның өзі кім болғысы, қандай болғысы келетініне тәуелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, әсіресе балғын жас өспірім шақта ерекше маңызды. Бұл жаста жеке адамның қалыптасуының ең маңызды сәттерінің бірі және өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты - өзіндік сана-сезімін дамыту және қалыптастыру болмақ. Өзіндік сана-сезім – бұл адамның қоғам мүшесі екендігін, сондай-ақ өзінің жеке сапаларын, басқа адамдармен, өзін қоршаған өмірмен қарым-қатынасын, өзінің күш-қуатын, амал-әрекетін, қылығын, сезімі мен ойын сезіне алуы.

Өзіндік сана-сезімнің маңызды элементі – жеке адамның өзін-өзі бағалай алуы болып табылады. Адамның өзін бағалай алуы оның жеке басының әр түрлі жақтарымен дәл мағынасына сәйкес (яғни адекватты бала), ал тіпті көтеріңкі не төмен (яғни адекватты емес) болып келуі мүмкін. Өзін-өзі бағалау іс-әрекеттің нәтижесін талдай алудан (мәселен, егер оқушы математикалық есептерді жеңіл және жылдам шығаратын болса, осы пәнге байланысты кез келген материалды өз бетімен меңгере алса, онда оқушының математикалық қабілетінің өзіндікбағасы жоғары екендігі байқалады), немесе бұл жағдай сол адамның өзін басқалармен, кітаптар мен фильмдердің кейіпкерлерімен салыстыра алуынан туындайды.

Өзін-өзі бағалау тұрақты және тұрақсыз болып келуі де мүмкін. Өзін-өзі бағалудың тұрақты түрі адамның өзіне сенімін арттырады, ал мұнысы шындыққа сәйкес келмесе, кісіні айналадағылармен немесе өзімен-өзін конфликтіге келтіруі мүмкін. Өзін-өзі бағалаудың тұрақсыз түрі үнемі қолайсыз болмайды, өзіне сын көзбен қараған адам өз мақсатына жетуі тиіс.

Жас өсіпімдік шақта өзін-өзі бағалай алудың жалпылама көрінісі - өзін-өзі қастерлеудің негізі – оның өзін жеке адам ретінде есептеумен не есептемеуінің ірге тасы қалана бастайтындығында.

Жоғары сынып оқушыларына тән ерекшелік – олардың келешекке талпынуға құштарлығы болып табылады. Бұл жайт жеке бастың дамуы үшін ең қолайлы, қайталанбайтын жағдайлар жасайды. Келешекке байланысты аса мәнді мотивтер адамға өзін танып, қоғамдағы орнын белгілеуде өзін бағдарлай алуға, айналасына ой жүгіртуге, үйреншікті шеңберден шыға бастауға мүмкіндік беретін талпыныстар туғызады. Жас өспірімдердің жеке басын, айналасындағы адамдарды танып білуге құмартуы келешек мамандық пен ересектік өмір туралы тебіреніс-толғаныстар, яғни „кім болам?” деген сұраққа ғана жауап іздемей: „қандай боламын?”, „осы дүниедегі менің орным қандай?”, „мен осы шынымен-ақ басқалар секілдімін бе?”, „мен қандаймын?” – деушіліктің барлығы өзін-өзі тәрбиелеу қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілік жеке адамның басқа да өзгешеліктерімен, ең алдымен, оның бағыт-бағдарымен, мінез-құлқымен, интеллектуалдық және адамгершілік тәрбиесінің даму деңгейімен тығыз байланысты.

Өзімен-өзінің көзге көрінбейтін арпалысы („өзін құл қылып ұстау”) адам өлшеусіз жан күшін жұмсауды талап еткен. өзінің ағасы Николайға жазған хатында А.П.Чехов былай дейді: «Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін... күндіз түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы қайратты болуым қажет... Мұнда әрбір сағат қымбат...» Осы хатында Антон Павловичөз ойынша, тәрбиелі адамдар қандай талаптарға сәйкес келуі керектігі жөнінде сөз қозғайды:

«...Олар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан да әрқашан кешірімді, биязы, кіші пейіл, көнгіш келеді... Олар жоғалған резеңке, не балғаға бола күйіп піспейді; бірге тұрған адамына жақсылығын айтып көлгірсімейді, ал одан кетіп бара жатып, сізбен бірге тұруға болмайды, - деп айтпайды. Олар айқай-шуды да, суықты да, күйіп кеткен қуырдаққа бола да үйге келген бөтен адамның көзінше кейімейді, кешірімді келеді...

...Олар ақ көңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Жалған сөз тыңдаушының жанын күйзелтеді, сөздің қадірін кетіреді. Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай көрінеді, кішкентайларға зәрін төкпейді... Олар бос сөзді жақтырмайды, біреу арнайы сұрамаса, өз бетімен ешкімге сырын ашпайды...

...Олар біреудің жаны ашысын, аясын деп, өздерін кемсітпейді. Басқаның жан дүниесінің нәзік жеріне тимейді, оған жауап ретінде аяғанды, аялағанды қаламайды. Олар „мені жұрт түсінбейді” – демейді, ...өйткені мұның барлығы жалған, ескі, арзан әсерге негізделген...

...Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу сияқты жалған беделге, жылтырауыққа жоламайды... Ұсақ-түйек есепті ұнатпайды, жүз сомдық папкасын ұстап жүгірмейді, басқаларды жібермеген жерге өзін кіргізіп жіберді деп мақтанбайды...

...Олар өзін эстетикалық жақтан тәрбиелейді... »

Өзін-өзі тәрбиелеу үшін біліміңді үздіксіз кеңейтіп отырудың, ақыл-ой дамуының деңгейін арттырудың, еңбектене білуге байланысты тұрақты әдетті қалыптастырудың маңызы арта түседі.

Өзіңді-өзің тәрбиелеудің әсерлі әдістерінің бірі – адамның өзімен жұмыс істеу жоспарын жасауы болып табылады.

Адам қоғамда өмір сүріп және сол арқылы ғана жеке адамға айналады. Жаңа туған нәрестеде ешқандай әлеуметтік тәжірибе жоқ, онда тек адамға тән (потенция) мүмкіндік ғана бар. Адамдармен тікелей және жанама қарым-қатынас жасау процесінде ол тілді, еңбек тәсілдері мен құралдарын, таным және шығармашалық әдістерін меңгереді. Бала алғаш өмірге келгенінен бастап (алдымен санасыз, кейіннен саналы түрде), адамдармен әр түрлі қарым-қатынасқа түседі, сөйтіп, өмір тәжірибесін, қалыптасқан дәстүр салтты, мәдени мұраны т.б. меңгере бастайды. Адамда туғаннан бастап басқалармен қарым-қатынас түсу арқылы біз сол адамның белгілі бір қасиеттерімен, ақ көңілділігі немесе тұрпайылығымен т.б. танысамыз, оның бұл қасиеттерін өзіміздің қасиетімізбен салыстырмыз, іс-әрекетімізді, қылықтарымызды өзімізді қоршаған жұртшылық талап ететін сапалармен беттестіреміз, айналадағылардың талап тілектерін түсінуге, олардың тебіреністерін сезінуге, көңіл*күйлері мен пікірлерін аңғаруға тырысамыз.

Басқалармен эмоциялық байланыс жасау арқылы адамда өзін-өзі қастерлеу, қадір тұту, сақтану сезімі қалыптасады. Адам адамдар қоғамынсыз өмір сүре алмайды. Кей кезде де, қайда болмасын адамдар түрлі топтармен өмір сүреді. Осындай топтарға ену онда адамдық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Күнбе күнгі және ұзаққа созылған қарым-қатынастар кезінде адамдар бірін-бірі бағдарлай білуге, әрқайсысының дербес ерекшеліктерімен санаса білуге машықтанады.

Адамдардың әлеуметтік бірлігі дамуының ең жоғары формасы – ұжым. Қоғам үшін пайдалы іс-әрекет адамдарды ұжымға біріктіреді. Ұжымдағы адамдардың қарым-қатынасы тұрақты болады, өзара көмек сипаты тән.
5 тақырып. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынас мәдениеті.

Жоспары:

1. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас және араласу.

2. Араласу – адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі.

3. Өзара қарым-қатынас түрлері.

4. Дұрыс қарым-қатынас жасауға қажетті мінез сипаттары.

5. Қарым-қатынас мәдениеті және оны тәрбиелеу.

Бала дүниеге келісімен екінші бір адамды қажет етеді. Нәресте екі-үш айлық кезінде-ақ көзге түсерлік объективтік себептерсіз мінез көрсете бастайды да, біреу сөйлесіп, қарым-қатынас жасай бастаса, жұбана қояды. Психологтар сол кездің өзінде ересектермен араласу баланың психикалық дамуының, оның болашақта жеке басы қалыптасуының ең маңызды шарттарының бірі болып табылатынын анықтап отыр. Баланың басқалармен араласуға деген қажеттілігін жеткілікті қанағаттандырмау келе-келе оның сырдың сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, әуел бастан-ақ дүниеге сенімі азаюына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Басқалармен араласу қай жастағы адам үшін де өмірлік маңызды қажеттілік болып табылады. Барлық халықтарда адамды жеке қамап ұстау жазаның ең ауыр түрі болып есептелуі тегін емес.

Араласу дегеніміз – хабарлау, айтып жеткізу. Адам араласу арқылы айналадағы дүние туралы білім алады, тәжірибені, еңбек пен тұрмыс дағдыларын қабылау да, тарихи даму барысында адам баласы жасап шығарған мәдени, адамгершілік және әлеуметтік құныдылқтарды меңгеру де осы араласу арқылы болады.

Араласу - өте кең де көп түрлі ұғым. Кітап оқығанымызда да араласу жүріп жатады, оның үстіне оқырманның жазушымен қарым-қатынасы да жүзеге асып жатады. Спектакль көрсекте, лекция оқысақ та, телефонмен хабарлассақ та, достарымызбен сөйлессек те – осының барлығы араласу.

Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа білеулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе, екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы – ерекше эмоциялық күй. Қарым-қатынас пен араласу- өзара байланысты, ажырағызсыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй – қарым-қатынас – адамның мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа қимылдарынан біршама анық көрінеді. Алайда сыртқы мінез-құлық барлық кезде бірдей ішкі көзқарасқа үйлесе бермейді. Сондықтан да адамның сезім-толғаныстарының тереңдігін олардың сырттай көрінуіне қарап пайымдауға болмайды. Мысалы, кейде өте терең сезінетін кісілер өзінің әсерлерін сырттай білдірмеуге тырысады, ал кейде айрықша қиын жағдайларда білдіре де алмайтыны болады.

Тек араласудың нәтижесінде ғана жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарға баға беруге үйренеді, моральдық нормаларды меігереді, бұл нормаларды күнделікті өмірде тексеріп, пайдаланады да, сол арқылы өзі өмір сүріп, әрекет ететін адамгершілік принциптеріне дағдыланады. Жеке адамның жауапкершілік, парыздылық, принциптілік, қайырымдылық, адалдық, мейрімділік сияқты аса маңызды қасиеттері араласу барысында байқалып ғана қоймайды, сондай-ақ қалыптасады да. Оларсыз мұның барлығы дерексіз белгілерге айналады. Бүкіл адамзатты жақсы көру өзіңнің пәтерлес көршіңді жақсы көруден жеңілірек деп текке айтылмаған ғой.

Араласудың мұнан басқа маңызды жағы – адам бойында әр алуан танып-білуге қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетіндігінде: ол өз бетімен біліп алуға итермелей немесе керісінше мүлдем кері кетіре алады. Бұл ждас жеткіншектердің серіктіктерінде, топтарында ерекше байқалады.

Араласуға деген қажеттіліктің қанағаттандырылмауы қай жастағы адамда да жағымсыз эмоциялық толқулар, өзіне ешқандай қауіп төнбесе де, үрейлену сезімін туғызады. Қарым-қатынас жасауда ұзақ уақыт сәтсіздікке ұшыраса, адамның мінез-құлқы да біршама өзгеруі мүмкін. Ол үнемі басқалардыңөзіне оң қабақпен қарамауын, өз мінез-құлықының шынайы себептерін түсінбеушілікті, өзінің іс-қылығына теріс баға берілуін күтіп жүретін болады. Бір адам басқа адамдармен араласу мүмкіндігінен айрылса, ондай оқшауланудың өте ауыр екенін айтқан болатынбыз. Басқалармен араласуға нағыз мүмкіндік бола тұрып, ол әлдеқандай себептермен жүзеге асапаса, яғни көпшілік арасында жалғызсырау одан да жаман болады.

Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да, адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын, тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз қарым-қатынаста, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Өзара қарым-қатынасты ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық, жолдастық, достық) деп екі топқа бөлуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік ауқымына қатысты: мұғалім – шәкірт, бастық – қарамағындағы қызметкер, дәрігер – емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.

Қарым-қатынастың әртүріне бейім адамдардың бір-біріне қояр талаптары да әр басқа, мысалы, топ старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да әр қилы.

Өзара қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен сырласытығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Таныстардың, достардың, жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағт табу үшін және өзара пайдакүнемдікке негізделген достық деп бөлегн еді. Адамдар тек қана таза достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі – бір-бірін сүйген адамдардың арасында болады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас „адам адамға дос, жолдас және бауыр” деген принципте құрылатын біздің елімізде адамдардың жаппай бір-біріне жат болуы мүмкін емес. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты, бізде де жалғыз жүретін, достары жоқ, басқалармен қарым-қатынас жасауды ерекше қажет ететін адамдар кездесуі мүмкін.

Мұндай жағдайдың неге орын алатынын түсіну үшін, қарым-қатынас жасауда адамға не көмектесетінін, керісінше, не кедергі келтіретінін қарастырайық.

Дұрыс қарым-қатынас дегенді қалай түсінген жөн. Жазушы В.Поронин „Ошибки в объекте” повесінде сырахана маңынан шықпайтын бір топтың „қарым-қатынас сипатын” былайша суреттейді: „Ол жерге жақсы жігіттер келеді... Ересектерге қайда шер тарқатады, ескі достар қайда кездеседі? Мысалы мен күн сайын достарымды көргім келеді, ал кұн сайын жайнатып дастархан жасауға жағдайым жоқ. Олар да олай ете алмайды. Маған бірер сөзбен хал жағдайы сұрассам, әңгіме айтсам, әңгіме естісем – жетіп жатыр, көңілім жай табады”

Көрінгенмен таныса кету, қалай болса солай қарым-қатынас жасау, түкке тұрмайтын „хабарлар”алмасу – міне, мұндай қарым-қатынасты дұрыс дей қоюға болар ма екен.

Дұрыс қарым-қатынас жасаудың қажетті бір шарты - басқа адамның іс-әрекетінің астарын, яғни „бөтеннің” өз мінез-құлқы арқылы не білдірмек болғанын дұрыс аңғара білу. Әйтпесе адам басқа біреуге шын мәнінде оның мінез-құлқында білінбеген себептерді таңады да, содан барып аралары суи бастайды.

Адамдар арасындағы бірқалыпты өзара қарым-қатынас олар басқалардың жайын ақылмен ғана емес, сезіммен түйсінуге, басқаларға жаны ашып, бірге толғана білгенде, өзін басқа адамның орнына қоя білгенде ғана орнығады.

Адамдар арасында дұрыс қарым-қатынастарды орнатуда өзара қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен. Оған адамдарды құрметтей білу, мейрімділік, шыдамдылық және т.б. мінез сипаттарынан басқа сыпайылық пен әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді.

Сыпайылық – бұл мінез сипатының негізгі мазмұнын адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында іс-әрекеттің белгіленген тәртібін сақтауға көргенділік көрсетуге дағдылануды құрайды.

Әдептілік көргенділік талаптарын білу мен сақтауға қоса адамдар арасындағы қарым-қатынаста әр нәрсенің орнын білуді, өз мінез-құлқын нақты жағдайға тез әрі дәл бейімдей қоюды да қажет етеді. Өзіміз басқалардан жиі күтетін, бірақ өзіміз сирек көрсететін тағы бір мінез-сипаты бар – ол кіші пейілділік көрсету. Кіші пейілділік пен принциптілікті дұрыс ұштастыру – дұрыс өзара қарым-қатынастың кепілі.


6 тақырып. Жас жігіттер мен қыздардың өзара қатынасының адамгершілік негіздері.

Жоспары:

1. Ерлік туралы түсінік.

2. Әйелдер мен әйелге тән нәзіктік.

3. Тән сұлулығы мен жан сұлулығы.

«Ер адам», «ері» – қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұлсөздердің түбірі «ер», «ерлік», «ер жету» сөздерімен қатар тұр. Бұл ұғымдар лексикалық тұрғыдан ғана туыстас емес, олардың жақындығында рухани мән-мағына да бар. Ер адам деп ер, батыр, қандай жағдайда да саспайтын адамды айтады. Жас өспірім туралы ер жетіп, яғни күш-қуаты, төзімділігі толысып, кәмелтетке жетіп келеді дейде.

«Ерлік» - жинақы ұғым. Ол тарихи дәуірге байланысты үнемі дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады. әрине, мұнда негізгі орынды қашан да еңбек алады. Батылдық та әр кезде-ақ еркек мінезінің ерекше бір құндылығы саналған.

Бағасы мұнан кем түспейтін ер адам мінезінің тағы бір қыры - әрқашан да сөзде тұру, айтқанды орындау.

Негізінде, бүгінгі ер адамдарға тән қасиет туралы ұзақ айтып, пікір таластыра беруге болады... Қанша адам болса, сонша пікір болады. Солай десек те, бұл мәселені талқылауға қатысушылардың көбі ерліктің басты белгілері ретінде; еңбек сүйгіштікті, ар тазалығын, жауапкершілікті, адалдықты, ақылдылық, ерік күші мен әділдікті, батылдық пен табандылықты, тәрбиелілікті, тектілікті, қайырымдылық пен өзін-өзі ұстай білушілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті, қыздар мен әйелдерді сыйлай білуді, әлсіздерге қорған бола білу, әділдікті жақтау, қиын істі өз мойнына ала білу парызын сергек сезіну секілді қасиеттерді атаған.

Осыдан кейін жекелеген жастардың бойында ерліктің белгісі: өз құрбы-құрдастары мен өзінен жасы үлкендерге тәкәппарлана қарау, үстірт қарау, мақтаншақтық, ұятсыздық, сәнге есі кете қызығушылық, әдейі дөрекі көріну, жөнсіз жеңілтектік, темекі тарту, ішімдікке әуес болу, былапыт сөйлеу деп білетін аңғырт пайымдау кездесіп қалатыны жайында сөз қозғаған мақұл. Мұндай көзқарастардың ескіргендігін, жалған әрі зиянды екенін көрсете келе, барынша әдеп сақтай отырып, жергілікті жердің жағымсыз мысалдарын пайдалана отырып, оқушылардың бойында осындай қателіктерді айыптау сезімін ояту қажет.

«Ерлік» ұғымын ер адамның әйелге көзқарасын айтпай сөз етуге болмайды. К.Маркс ер адамның әйелге көзқарасында «адам болмысының адам табиғатына қаншалықты айналғаны, немесе табиғаттың өзі адам болмысына қаншалықты айналғаны сезім күйінде, көрнекі факті ретінде көрінеді. Демек осы көзқарастың негізінде адам мәдегиетінің жалпы деңгейі туралы ой түюге болады ....» деп атап өткен.

Қай кезде де әйелдің абыройы мен намысын сақтаушы ер адам болған. Ол өзінің сүйіктісі туралы құрметтемей сөйлеуге жол бермейтін, ол бар жерде басқалар оның сүйіктісіне оймен көз тіге қоймайтын.

Алайда «қыз намысы» деген ұғым жалпы адамзатқа тән мәнге ғана ие емес, оның басқаша, әлдеқайда сырластық мәні де бар. Екі адамның сүйіспеншілігінде жас жігіттің ролі қандай? Мұнда да барлығынан бұрын қыз балаға жауапты да аялап қарау туралы айтқан жөн. Нағыз ерлікке әрқашанда шыдамдылық, ұстамдылық тән, ер адамның жүрегі саналы ақылдың сарабына бағынышты болғаны жақсы.

Кейнгі кезде «әйел мәселесін» талқылауға арналған басылымдапрдың көбейіп кеткенін байқадыңыздар ма? Былайша қарағанда, әйелдерге заң жүзінде ер адамдармен бірдей теңдік берілген біздің елде алаңдайтындай ешқандай себеп жоқ сияқты.

Адамзат қауымы дамуының алғашқы дәуірінде әйелдің ролі басым түскені тарихтан белгілі. Тамаққа жарайтын шөптерді теріп әкелетін де, аң аулап, балыққа тор құратын да, ошақ отын сөндірмейтін, киім тігетін де әйел еді. Міне, сондықтан да отбасының да, рудың да басы әйел болатын: адамдардың үрім-бұтағы да насаы жағынан таратылатын. Өйткені отбасының өмір сүріп кетуі әйелге байланысты еді. әйелдің негізгі міндеті – отбасы ошақ қасының ұйтқысы бола білу дейтін түсінік сол матиархат дәуірінен бері келе жатса керек. Ұғымның өзі ошақтағы отты сөндіріп алмау деген қарапайым түсінікпен салыстырғанда әлдеқайда кеңи түссе де, арғы тегі сол ескі дәуірге тірелетін тәрізді.

Адамзат қоғамының жетілуіне, мал бағып, кетпен-шотпен егін салуға көшуге байланысты әйел қоғамның экономикалық өміріне басшылық етуді еркекке берді. Енді дүние-мүліктің негізгі иесі, отбасының басы ер адам болды. Ал әйел ұзақ жылдарға, тіпті ғасырлар бойына оның күңіне айналады.

Қаншама қыз баланы бітісі жаман мұрыны немесе орынсыз жіңішке ұзын балтыры уайымға салмады десеңізші! Қаншама қыздың сүйікті актрисасына қас-кірпігіне ұқсата реттеліп, боялады, яөйтіп жүргенде қыздың өзіне тән тартымдылығынан түк қалмауы мүмкін. Сондықтан „нәзіктік” ұғымына өзгеге ұқсамайтындығын сезіне білу, айналадағы адамдарға өзіндік көркі, өзіндік әсемдігі бар екенін байқата білу де кіреді.


7 тақырып. Ғашықтық мінез-құлық мәдениеті.

Жоспары:

1. Адамның жалпы мәдениеті мен ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті.

2. Ғашықтардың бірін-бірі тәрбиелеуі.

3. Қателеспеу жолдары.

Бізге мінез-құлық мәдениеті туралы көп естуімізге тура келеді. Бізді дастархан басында дұрыс әрі әдемі отыруға, үлкендермен сыпайы және елгезек болуға, қоғамдық орындарда, достар ортасында өздеріңді ұстай білуге үйретеді. Бірақ кейбіреулерге ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті ... туарлы айтылатын әңгіме оғаштау көрінуі де мүмкін. Былайша қарағанда, таңдану жөнсіз емес те сияқты: егер адам тәрбиелі болса, онда ол біреуді сүйген кезде де өзін лайықты ұстайды, демек оған мінез-құлық мәдениеті туралы еске салудың өзі артықтау болады...

Махаббатың керемет қуаты бар. Ғашықтар өздерінің таңдаған адамдарының „жақсысын асыруға” бейім тұрады. Мұндайда айналадағылар ғашық жандар махаббатын көзі қарайып, сүйгенінің шын келбетін көре алмайтын болған деп санайды. Дұрысында ғашықтарды көрсоқыр емес, көреген деген жөн, яғни олар сүйіктісінің бойынан басқаларға байқалмайтын жақсы қасиеттерді көре алады. Жай қараған кісінің көзіне олар көріне бермейді, ал сүйген адам анық көреді де, мұның өзі ғашығының асыл қасиеті екеніне сенеді. Махаббатттың арқасында біз өзімізге қымбат адамның қандай бола алатынын көреміз. М.М.Пришвин: «Менің бойымнан сен тапқан қасиеттердің көбі менде болмас та, әрине, мен дәл сен ойлағандай мінсіз емеспін. Бірақ сен сүйсең, мен қазіргіден жақсырақ болуға тырысамын» деп текке айтпаған.

Ғашық адамдар әрқашанда өз махаббатының болашағы жарқын боларына сенеді, өкінішке орай: жиі алданып жатады. Неге? Иә, өйткені, қадірлеп жүрген қасиеттердің адам бойында шынында да бар екенін немесе бар сияқты көрінетінін түсінуге талай уақыт керек. Сонымен бірге сүйген адамның қадір-қасиеті шынайы екендігіне көз жеткізе тұрып қателесуге болады. Өйткені әуел баста негізі бар жақсы қасиеттердің уақыт өте келе сөнуі мүкін. Психологтар әр адамның бойында сүюге қабілет жасырын жатады дейді. Бірақ ол жұрттың барлығында бірдей жүзеге аса бермейді. Ой аясы тар өзімшіл адамдар көбіне махаббатта сол жан жадаулығы жағынан зардап тартып жатады. Біздің сүйе отыра жақсы бола түсуіміз үшін сүйген адамның ғана емес, сүйікті адамның да ақылы мен жанының күнделікті еңбегі махаббатқа, сенімге, береке-бірлікке толы ықылас, өзіңді-өзің жетілдіре түсуді талап етеді. Тек сонда ғана ол адамды бақытты етеді. Ғасырлар бойы келе жатқан сенім бойынша махаббат адамды үлкен атақ-даңққа, биік мақсат мен ұлы істерге, азаматтық ерлікке жетелейді.

Махаббатын табуда жас адамдар рухани жағынан әзір болуы керек. Ең алдымен олардың өздері махаббатқа лайық болуы керек. Махаббатпен жолығысуға даяр тұру – адамның жан сұлулығы, рухани күші неде екенін анық түсіну деген сөз. Махаббаттың шабыт берер қуат-күші орасан. Ол – ғажап ұстаз, кейде ұстаздардың ішінен ең тамашасы да.

Сезім жаңа оянған, ол әлі нәзік, оны аялау керек. Адам өзін толғантатын жайды айта бастаса, екіншісі оны тыңдағысы келмей, оған онша қызықпайды, сөзін бөле береді. Бір ренжиді, екі ренжиді, сөйтіп жүргенде қарасаңыз – жаңа оянған махаббат сөінп, тұншыға бастайды. Махаббатта әрқайсымыздың екінші адамды тыңдай білуіміз, оның айтқанына ой жіберуіміз қандай маңызды десеңізші. Кейде біржола айрылысуға соқтыратын ұрыс-керістер екінші адамның жан күйін, шынайы ой-тілегін түсінбеуден шығады.

«Махаббаттың басталу шағында, - деп ой толғайды жазушы әрі педагог Н.Долинина, - онда барлығы да жұмбақ, барлығы түсініксіз, ең алдымен сүйікті адамның жаны беймәлім болып тұрады. Ол үшін сезім де, оның іс-әрекетінің дәлелін де ойлап табасың, өзіңе орайластыра бейімдейсің – сөйтіп жүріп өзің қиялмен жасаған бейнеге өзіңнің бойың үйреніп кетеді. Шынында да ол мұнан басқа адам. Қиялыңдағыдан артық та емес, кем де емес, тек басқа. Мұны ұғыну қиын-ақ. Қиындығы ер адам мен әйел психологиясының бір жағынан ұқсас келетіндігінде. Ал тағы бір жағынан атымен ұқсамайтындығы».

Шынын айтсақ, кейде алдымен өзіміз сөйлеуге асығып, бір-бірімізді бөле беретініміз құпия емес қой. Міне, жалпы мәдениеттілік пен екі адам қатынасының мәдениеті осы арада түйіседі.

Көптеген адамдар газет-журнал беттерінен бүгінгі отбасы, махаббат туралы пікір таластарын оқыған болар. Екі жыныс өкілдерінің хаттарында үйленгенге дейін барлығы жақсы еді, онан кейін ... өзгеріп сала берді деген реніш тудыратын кездер көп-ақ. Мұнан әрі тойдан кейін, өкінішке орай, нелер өзгергені тізіліп айтыла бастайды. Ойлап қарасақ неге бұлай болады деген сұрақ келеді? Тойға дейін бірін-бірі аз білгенліктен бе? Бірақ талай жыл таныс болғандар да қателеісп жатады. Мұның бір себебі жастардың өзара әңгімесінде бір-бірінен болашақта не күтетіні туралы аз айтатыңдығында сияқты: серігінің мінез-құлқында не ұнап, не ұнамайтыны, келешктегі күнделікті өмірін көзге қалай елестетіні туралы әңгіме аз қозғалады. Дұрысында, мұндай әңгімелер адамдардың бір-бірін жақынырақ танып, өз сезімдерін бағалай білуіне көмектеседі.

Ғасырлар бойы дәстүр бойынша махаббатта ер адам әлдеқайда белсенділік танытады: қатынастардың сипат-арнасын айқындайтын дәл сол, ғашығының өзін сүйікті сезінуі немесе сезінбеуі де ер адамға байланысты. Бұл – қыз пассив күйде қала береді деген сөз бе? Жоқ. Қарым-қатынас стилі, оның тазалығы, пәктігі алдымен қызға байланысты. В.Г.Белинский: „Ер адамның жүрек қуатын, асыл құштарлық жалынын қоздыру, парызға адалдық сезімі мен асқақ та ұлы мұраттарға ұмытылысын қолдап отыру әйелдің үлесіне тиген игі іс, әйелдің міндеті де осы, бұл – ұлы да қасиетті міндет”, - деді.

Жігіттер құрдасындай көретін қыздар қай ұжымда да болады: жігіттер оларды, олар жігіттерді иықтан қағып, отырған жерде мағынасы екі ұшты анекдот айтып немесе тілдеп тастай салады. Басқа бір қыздар да бар – былайша елеусіздеу көрінгенмен, ол көз тоқтатса-ақ, жігіттер сымдай тартылып, байсалды бола қалады. Мұндай қыздармен көшеде құшақтасып жүрмейді, оларды аялай сүйеді. Себебі олардың талаптары биіктеу. Вильнюстегі отбасылық қарым-қатынастар кабинеті қызметкерлерінің бақылауына қарағанда, нәзік жыныс өкілдерінің басты байлығы - әйелдік нәзіктік екенін ұмытқандар көбіне некеде бақытсыз болады екен. Мұндай әйелдер ер кісілерше сөз сөйлейді. Л.Н.Толстой бірде: „Еркекке ұқсауға тырысатын әйел де әйел кеіпті еркектей жексұрын” деген еді.

Әйелдің әлсіздігі ұлы күш. әйел нәзік бола түссе, ер адам қайраттана түседі, қамқор болып, қорғай жүруге бейім тұрады.

Ғашықтардың мінез-құлық мәдениеті туралы айтқанда сырластық мәселелерді қозғамай кетуге болмайды, мұның өзі жігіттерді де, қыздарды да толғантатын тақырып. Жоғарыда айтылғандай, махаббат сезімсіз болмайды. Тән құмарлығы жоқ жерде жан құмарлығы да жоқ. Бізді... қысылдыратын жайдың өзі осы. Екі адам үшін де қызығылықты әңгіме емін-еркін қозғалып келе жатқандай еді, міне қос жанар жолығысты да – жүрек алқына соғып, әңгіме жайына қала берді.

Мұның барлығы әбден табиғи жағдай, бірақ олар әлі де нағыз сезім оянғанның белгісі бола қоймайды. Бұл табиғаттың бізді „сынап көріп” кейін, оянатын ересектерге тән сезімдерге дайындауы сияқты. Сондықтан да ересектер көбіне жастар қателесіп кетеді-ау, алдамшы сезімді махаббат деп қалып, бір-біріне ұмтылар, ересектер өміріне аяқ басып асығар ма екен деп қорқады. Ал бұл қадам қатерлі болуы мүмкін. Жастарды алғашқы жыныс байланысына итермелейтін себептер де әр алуан. Профессор Р.Борман жастарға сұрақ беріп байқаудың нәтижесі ерте бастан жыныс байланысын жасауға мына жайлар себеп болатынын айтады: жас өспірімдердің тән жақындығына құмарлығы, қыздың қарсылассам, көңілін қалдырам ба деп қорқуы, жаны ашу, әуестік, өзін танытуға тырысу, ата-анасы онша жақсы көрмегендіктен басқаның сүюін өте-мөте қажетсіну, жалғыздықты сезінуі және сақтана білмеу, жолдастары мен достарының теріс ықпалы, егер жеткіншек жыныс мәселесінен хабары мен тәрбиесінің кемдігінен мұндай ықпалға ерігіш болса, оның әсері елеулі болады.

Р.Борман алғашқы жыныс қатынасы, әдетте мұнан кейінгі сексуалдық қатынастарға жол ашатынын айтады. Ерте басталған жыныс тіршілігі есейе бастаған адамға бұған дейін атымен беймәлім сексуалдық қажетсіну туғызбайды. Сонан барады да, әркіммен бір жүріп, кейде тіпті қысқа сәттік, жауапсыз байланыстарға жолығады, олар үшін ешкім де жауап беріп жатпайды. Некеге дейін жыныс қатынасын бастағандардың ең жаман жері - әркіммен бір жүру. Қысқа сәттік байланыстарға бой үйрету басқа жыныспен қатынастың қасиетін кетіріп, нағыз махаббат сезімінің оянуына кедергі жасайтынын қоса айту қажет. Тегі, қыз бен жігіттің қалай жүріп-тұруы жөнінде ғасырлар бойы қалыптасқан қатаң ережелердің өзі жастардың парасатты болуын ойлап, сақтанудан туған шығар.

Л.Н.Толстой күте блген адамға барлығы да өз кезінде келеді деген. Мінез-құлықтың бағыт-бағдарын парасат тұрғысынан таңдай отырып, өмірде ештеңе де қайта оралмайтынын, бастан өткен дәуренді қайта сүруге болмайтынын есте ұстау керек.

Адамды жақсы тану үшін, онымен мүмкіндігінше көбірек араласқан жөн. Бұрын: „әйелді алтыбақанда таңдама, малды баққанда таңда” дейтін, яғни адамның қандай екені той-томалақта емес, күнделікті тіршілікте көбірек көрінеді. Сүйіктіңнің жақсы жақтарын да, кемшіліктерін де жете білу үшін оны өмірдің әрқилы сәттерінде көрген шығар...

Ғашықтардың ортақ таныстары болғаны жақсы. Ондай орта болмаса, сүйіктіңді достарыңмен таныстырып, олардың сенің таңдаған адамыңа қалай қарайтынына зер салу орынды. Оны қалай қабылдар екен? Ақыры таңдауын таңдап қойған күнде де олардың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың пікіріне құлақ асып, қалаған адамым тек өзіме ұнай ма әлде басқалардың да назарын аудара ма деген ыңғайда ойланудың зияны жоқ. Достары оның қандай мінезін бағалайды? Несін ұнатпайды? Әрине, ғашық адам бүкіл әлем оның таңдауына қарсы болса да, бетінен қайтпай өзінің дұрыстығына, өз сезіміне сенеді. Сонда да, егер адам басқа адаммен тағдыр қосуға бел буған болса, ол өзі таңдаған кісі жөніндегі сын пікір, жазғырулардың барлығын салқын қандылықпен ақыл таразысына алғанна келер зиян жоқ.

Қосағыңды өмірлік деп таңдайсың, сондықтан да некеге тұру жөніндегі шешіміңді туағн-туысқандарың мен достарыңа айтудың алдында әбден ойланып-толағанған дұрыс. Ата-анамен сүйіктіңді некеге тұру жөнінде шешімге келуден әлдеқайда бұрын таныстырған орынды. Себебі, өмір бойы бірге болуға келісіп жүрген адамыңыздың өскен отбасының тіршілігін бақылай отырып, сүйіктің жөнінде талай тың жайға қанығуға болады. Байқампаз болсаңыз, көргеніңізді дұрыс бағалай алсаңыз, осы арқылы-ақ келешектегі отбасылық қарым-қатынастарыңыздың стилін көзге елестетуіңіз мүмкін. Егер жас жігіт сізбен сыпайы сөйлесіп, ал анаңызбен тік немесе тіпті дөрекі болса, оның өзі секем алдырмай қоймайды: демек, ол әйелді құрмет тұтып, сыйлай білмейді, ал әуелгі сезімі басылған соң, сізге қалай қарайтынын кім білсін.


8 тақырып. Неке және отбасы. Отбасының психологиялық ахуалы.

Жоспары:

1.Некеге психологиялық даярлық.

2.Психологиялық жағдай туралы түсінік.

3.Психологиялық ахуал және үйлесімділік.

4.Үйлесімділік түрлері.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің некеге тұрған кезде өздеріне белгілі өзара адамгершілік міндеттер жүктеп, осы сәттен бастап, олардың бір-бірінің, болашақ балаларының, қоғамның алдында өз отбасын, өз балалары үшін жауапты екенін аңғарту болып саналады.

Некеге тұру мотивтері жөнінде жүргізілген барлық әлеуметтік зерттеулер бірінші орынды сүйіспеншілік пен мүдде, көзқарас ортақтығы алатыныніс жүзінде көрсетіп отыр. Отбасы құру мәселесін шешуде материалдық мотивпен моральдық мотивтің айқын басым болуы қуантпай қоймайды. Ол біздің өмірмізде жаңа түрдегі отбасының қалыптасып, дамығандығын дәлелдейді. Алайда зерттеулер отбасылық өмірдің тек сүйіспеншілік, жеке бақытпен шектелмейтінін де көрсетіп берді. Оның мінездер қақтығысы мен тұрмыс қиындығынан бастап, бір кезде жас адамдарды біріктірген сүйіспеншілік сезімінің эволюциясынан туындайтын күрделілік тәрізді әр салалы қиындықсыз болуы мүмкін емес. Ресей социологы А.Г.Харчев: «... ерлі-зайыптылық тиісті дәрежедегі берік отбасы болуға жету үшін әдетте сүйіспеншілікпен байланыстырылып келген қасиеттермен ғана емес, сонымен қоса неке жауапкершілігінен туындайтын ауыртпалыққа төзе білу қабілетімен де қарулануы тиіс. Оның үстіне бұл қабілет ғасырлар бойы қалыптасқан жыныстардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің әрбір нақтылы ерлі-зайыптылар жұбында қандай дәрежеде жетілуімен анықталады», - деп дұрыс айтады.

Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Некеге тұрғысы келген кездегі оның некеге деген даярлығы әр дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ ең алдымен талапты өзіңе қою керектігін біліп және өзіңді жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойыңды жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажет.

Алдынан айтып келе жатқандай, болашақ жар, өзінің екінші жартысы туралы армандау мен ойлану, әсіресе қыздарда жиірек және ертерек кездеседі, ал ұлдарда кешірек басталады. Армандаған бейненің кітаптан, фильмнен, суреттен, келбеттің сыртқы белгілері жас қиялды таң қалдыратын бір сәттік кездесулерден келіп шығатыны да сирек емес. Бірақ өмірде жұртың барлығына бірдей сұлулар мен ер жүректілер кездесе бермейді. Өз болашағы жайында ойлануы байсалды болған сайын, адам жұбай таңдау көп белгіге сай болатынын, бірақ солардың арасында адамгершілік рухани саналардың, көзқарас пен өмірлік мақсат ортақтығының бірінші орында тұруы керектігін көбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін құрметтеп және өз сезімдерінің мен қалаулыңа деген көзқарасыңды ақылға қоынмды бағалай білу, жеңіл-желпі қылымсынудан туындаған үстірт құмарлық пен жалт етпе сезімді нағыз сүйіспеншілік екен деп ойлап қалмаудың кепілі болып саналады.

Отбасылық өмірге психологиялық даярлық өз отауыңды құруға кіріскен жөн бе? Жоқ, әлде еретерее пе? Деп әуелі өзіңмен-өзіңнің ойланып-толғанып, одан соң сырлас досыңмен әңгімелесуден көрінеді.

Егер албырт сезімді жас адамадар бір-біріне сенбесе, бір сәттік ұрыс-керісте бір-бірін өкпелетіп, тілдеп жатса, сол сияқты екеуінің біреуіне ұшқалақтық мінез тән болып немесе біреуінің сүйікті адамының абырой, намысын қорғауға батылы жетпесе, мұндай жар таңдауды сәтті деу екі талай болады. Егер бірін-бірі сүйген адамдар өздерінің отбасында қалай болары, өздері бірлесе және әрқайсысының жеке-жеке немен шұғылданары, бір-біріне қалай көмектесуі, неше балаларының болары, өздерінің жас отбасының материалдық негізін қалай құру керектігі жөнініде нақтылы талқыласа, одан романтикалық сезімге еш нұқсан келмейді.

Социологтар, демографтар, психологтар тату және дүрдараз отбасыларды зерттеген. Олар отбасының іштей беріктігі көбінесе адамның өз бойында жас кезінен дамытып, сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа және егер өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені түсінбедім) байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді. Осындай отбасыларының бірінде алғашқы ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін ренжісіп қалудан соң үйде тыныштық, татулық орнату үшін жұбайларға көмектесетін мынандай тоғыз «өсиет» тізімі жасалағн.

1.Ашуыңды баса біл.

2.Жаман сөзді айтуға асықпа, жақсы сөзді қайталауға асық.

3.Кінәлі басқа деп өзеуресең, кінәнің өзіңде болғаны.

4.Ізгі сөз жақсы, ал ізгі іс одан да артық.

5.Бір-біріңді түсінуге бағытталған әрбір қадамың көп күндік шаттыққа тең.

6.Біреудің орнына өзіңді қоя білу ғана емес, өзіңді-өзің сол орында абыроймен ұстай біл.

7.Өзі алдампаз басқаға да сенбейді.

8.Отбасының алғашқы сезімі «біз» деуден басталады.

9.Серігінің достарымен достасң, сенің достарың да ортақ достарға айналады.

Өзіңнің жақын адамыңның нені ұнатып, нені ұнатпайтынын, әсіресе оны не қуантып, не мұңатынын, көңіл күйінің неге өзгеретінін, қай кезде екеу ара үндемей қоя салып, қай кезде оның ойын бөліп, көңілдендіріп, жұбатып, кейбір ұсақ-түйектерге көңіл бөлудің керексіздігін түсіндіру қажеттігін көре, бақылай және осы жайлары өзіңнің түсіне білуің баға жетпес қасиет болып саналады. Басқа адамның әдет-дағдыларын құрметтеп, олармен санасып, өз кемшіліктеріңе сыншылдықпен қарай білу де өте маңызды болмақ. Көп адамдар өздерінің айтқанынан қайтпауын беделге ие, болудың, ерік күші мен батылдықты көрсетудің белгісі деп ойлайды. Мұндай бірбеткейлік әлі, бекіп, нығайып болмаған көптеген жас отбасын құртып жібереді. Жеке адамның нағыз адамгершілігі айтқанға көне, кешіре, тіпті кейде жаңсақтық байқамаған бола білуден, өзі бастап жұбайына қашан болсын және әр істе болсын көмек беруге даяр болып, қиындықтарға төзімді де байсалды шыдай білуінен көрінеді.

Ерлі-зайыптылық басқа адамға деген тұрақты бағыттылықты, оны дәл өзіңді түсінгендей түснуде психологиялық даярлықты қажет етеді де, ал мұның өзі ері мен зайыбының екеуінің де өз сезім, толғаныс, тебіреністерін ашып көрсетуге даяр болып, өз жартысының қателігі мен ағатттықтарын қолайлы сәт пен арнайы көңіл-күйді дөп басып, өнегелі көрсете білу жағдайларында қолға түседі.

Психологиялық ахуал – бұл топ пен ұжымдағы адамдардың жағдайы, көңіл-күй қатынастарының жиынтығы. Нақтылы психологиялық ахуал өте көп, бірақ солардың барлығын жайлы, жайсыз деп. Еі топқа бөлуге болады. Топтың немесе ұжымның ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады: топ немесе колективтің ахуалы мына сияқты негізгі сипаттармен анықталады: топ немесе ұжым үшін әдейі құрылған оқу, еңбек, кез келген іс-әрекеттен қанағат табу, қызметкерлер (сыныптастар, курстастар) және жетекшілерімен (мұғалімдер, оқытушылар) жасалатын өзара қарым-қатынастардан қанағта табу: өзара өзара түсінушілік, әркімнің тұрақты көңіл күйі; эмоциялық жайлылық дәрежесі; бірлігі; ұжым мүшелерінің басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу дәрежесі; іс-әрекет нәтижесінен қанағат табу.

Адам әрқашан қандай болмасын шат көңлді, оптиміст не қайғылы, мұңды не басыңқы, жабыраңқы эмоциялық к? йде болады. Бұл он көңіл күйінен көрінеді. Және де әр адамда тек соған ғана тән көңіл-күйінің жалпы реңкі деген болады. Сондықтан біреу туралыбіз, он белгілі бір жағдайларда қапалы, жабыраңқы көңіл-күйі кездессе де, „шат көңілді адам” деп атйып, басқа біреуді қай кездедерде де, шат-шадыман, сергек болып жүрсе де, жабыраңқы, бір нәрсеге наразы адам ретінде қабылдаймыз. Бір адамның көңіл-күйі өзі қарым-қатынас жасап, қатар жұмыс істеп, бірге сабақ оқитын басқа адамдарға жиі әсерін тигізіп отырады. Жағымсыз эмоциялық толқулары елеулі қандай болсын орынды себептерсіз –ақ ТУП, үнемі көңіл-күйі жабыраңқы болатын адам өзінің осы күйін өзін қоршаған басқа адамдарға таратып отыратын психологиялық зеттеулер көрсетуде. Соның нәтижесінде өзі отырған ореада жабыңқы көңіл күйі пайда болуы мүмкін. Сондықтан топ немесе ұжымның жалпы психологиялық күйі үшін он әр мүшесінің қандай к? йде болуының мәні жоқ емес. Шығыс халқында адамның өзінің ұнамсыз көңіл-күйін ғана емес, сонымен қоса қайғысын да, уайымын да көрсете беруіне болмайтын дәстүр сақталған. Бұл дәстүр өзіңнің қам-қарекет, толғаныстарыңмен басқа адамдарға ауыртпалық салмай, қашанда жылы жүзділігіңді сақтауға кеңес береді. Біді мәдениетісізде мұндай дәстүр жоқ, слайда әркім топқа, ұжымға жақсы көңіл-күй, жылы жүз, шаттықпен келіп, айналадағы адамдардың көңіл күйінің көп жағдайда өзіне байланысты екенін білуі қажет.

Басқа адамның абыройын өз абыройыңдай қадірлей білу, әсересе тұрақты қарым-қатынас тжасау кезінде өте қиын іс. Орынсыз қалжың, тым өткір сын, көңілге клерлік ат тағу – міне мұның барлығы, әрине, әрбір сыныпта кездеседі.

Басқа адамның ішкі Жан дүниесіне деген қызығушылық, он тебіреністерін танып білу қаблеті қайсыбір жоғары сынып лқушыларында басқаларға қарағанда нашар жетілуі мүмкін. ...

Психологиялық ахуал адамдардың үйлесімділігінен өте айқын байқалады. Қазір е? бек ұжымындағы, оқудағы және әсіресе отбасындағы үйлесімділік жөініде көп айтылып та, жазылып та жүр. „Мінедердің үйлеспеушілігінен ” – деушілік айырылысудың кең тараған себептеріне айналып жүр.

Адамдардың бір-бірімен үйлесімділігі жөініде сөз қозғағанда, ең алдымен құныдылықтар, мүдделер, эмоциялық бағдарлар, өмір сүрудің жалпы стильдерінің белгілі үндестігі ескеріледі. Егер отбасында осындай үндестік болса, онда, әрине, оның барлық мүшелерінің арасында басқалардың жақсы жағын да, кемшіліктерін де біле отырып, бірақ соған қарамастан, адамды сол өз қалпында қабылдау түріндегі өзара түсінушілік пайда болады. Отбасының бір адамы өте жігерлі болады, бірақ қайтымы шапшаң, енді біреуі жасқаншақ, жалтақ, бірақ оның есесіне өзіне берілген істен бастартпайды, үшінші біреуі көмектескіш, жаны ашығыш, оған өзіңнің тіпті ең елусіз немесе болмашы қиындықтарыңның және т.б. туралы қашан да айтуыңа да болады. Мұндай отбасында әркім басқалардың ерекшелігін білсе де, өзінің де мүлтіксіз емес екенін ескере отырып, оларды түзетуге тырыспайды. әрине, дәл осы жағдайда бұл, негізінен, отбасының ересек мүшелерінің өзара қатынасына байланысты болып отыр. Бақытты ерлі-зайыптылар бірін-бірі жақсы түсінеді, олар басқаны толық бақылайды, а мұның өзі – жақын адамдардың өзара қарым-қатынасындағы психологиялық жақтан жақсы жағдайды қаматамасыз ететін негізгі шарт болып табылады.

Нағыз сүйіспеншілік (үйлесімділік) мақсат пен адалдықтың белгілі ұштастығын қажет етеді. Жастық шақта нағыз азмат адам, нағыз еркек пен әйел үлгілерін мұрат тұтып, жұбайдың қандай болуы, бақытты отбасының қандай болуы туралы ойлану елдің барлығында кездеседі. Бұл мұрат тұтқан елестер кейін өмір тәжірибесінде өзгеріске ұшырайды. Шынайы жұбайдың, адамда бұрын қалыптасқан елесінен қайтсе де айырмасы болатыны табиғи жай. Сондықтан жақын адамыңның бойынан жақсы қасиеттерді, мұрат тұтқанды таба біліп, ешбір кемшіліксіз адамның болмайтынын мойындау – міне, бұл – адамдардың нағыз үйлесімділігінің көрінісі болмақ.

Үйлесімділік , сонымен бірге отбасы мүшелерінің ой-талғамдарының, бағалай білудегі аікірлердің жақындаса түсуінен көрініп отырады. Бағалаудағы белгілердің мұндай жақындасуы табиғи түрде пайда болады. Пікірілердің біркелігі басқа бағаларды басып, елемеу есесінен өз баға, талғамдарының зорлап енгізу арқылы пайда болса, онда әрине, үйлесімділік жөнініде ешқандай сөз болмақ емес. ...

Адамдардың үйлесімділігі - бірнеше, алуан сатысы бар күрделі құбылыс. Бұл ең алдымен идеялық-адамгершлікітік ортақтық пен әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Олар қоршаған дүние мен ондағы өз орныңа қатысты өмірлік позицияң, негізгі құнды бағдар-бағыт, пікірлер сай келгенде байқалады. Психологиялық үйлесімділік отбасы мүшелерінің мінез-құлық, жеке бас ерекшеліктерін өзара әсерін керек етеді. Психологиялық жеке бас ерекшеліктерінің өзара әсерін керек етеді. Психо-физиологиялық үйлесімділік темперамент ерекшеліктерінің өзара әсеріне негізделеді. Үйлесімділіктің соңғы екі тармағын бір түрге біріктіреді. Жұбайлық қатынастар құрамына үйлесімділіктің барлық түрі енеді.

Адамдардың идеялық-адамгершілік ортақтығы.

Әдетте, құныдылқтарды бағалу сай келмеген жағдайда жұбайлар арасындағы немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе отбасындағы келіспеушілік, көбінесе отбасы өміріне немесе ондағы өзара қатынасқа сырттай бейтарап, елеусіз себептерге байланысты пайда болады. Кинофильмді, оқыған кітаптарды талқылау, таныс адамдардың мінез-құлқын бағалау сияқты кездейсоқ жағдайлар кенеттен өмірлік позицияны бағалауда елеулі келіспеушіліктің бар екенін көрсетіп береді.

Әлеуметтік-психологиялық үйлесімділік. Әлеуметтік-психологиялық үйлеспеушілік себептері болып көбінесе жұбайлардың білім, жас, жалпы мәдени дәрежелерінің айырмашылығы есептеледі. Үйлесімділікке білім айырмашылығы елеулі әсер ете қоймайды, жалпы мәдениет, жеке адамның даму дәрежесінің маңыздылығын атап өту керек.

Отбасының әлеуметтік-псхологиялық үйлесімділігіне балалардың өмірге келуі мен тәрбиеленеуі, тұрмысты ұйымдастыру, бір-бірін моральдық, экономикалық және көмек жағынан сүйемелдеу, бос уақытты ұйымдастыру және сондай-ақ отбасының қоғамдағы өкілеттілігі сияқты отбасының негізгі міндеттерінің жүзеге асуына байланысты көзқарастар бірлігі де жатады. Жұбайлардың көзқарасының сәйкес келмеушілігі бір құндылықтарға артығырақ көңіл бөліп, басқалардан елемеушіліктен (тым шаруақорлық, „біз енді тек балалар үшін өмір сүруіміз керек” деп балаларға тым артығырақ аөңіл бөлу) кқрініп отырады.

Психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік. Үйлесімділіктің басқа түрлері (дәрежелері) болып психологиялық және психофизиологиялық үйлесімділік есептеледі. Үйлесіміділіктің (немесе үйлесімсіздіктің) бұл түрлері жұбайлардың жеке басына, мінез және темперамент ерекшеліктеріне байланысты болады.

Өте күшті үйлеспеушілік эгоизм, жауапсыздық, жалқаулық, т.б. сияқты кейбір жағымсыз мінез белгілерінің ұқсастығынан көрініп отырады.

Үйлесімді серіктердің бір қасиеттері ұқсас болады (бұл негізінен тәрбиеге байланысты болатын ақыл, құнттылық т.б. сапалар), ал, негізінен, табиғи, темперамент ерекшеліктерімен байланысты басқа сапалары қарама-қарсы болып кездеседі. Сондықтан үйлесімділіктің бұл түрі оның бірінішісіне бағыныңқы тәрізді болып көрінеді. Отбасындағы жұбайлардың темпераменттері мен мінез ұқсастығы негізінде ғана емес, сонымен бірге олардың айырмашылығы болғанда да дұрыс жағдай жасалуы мүмкін.

Күнделікті өмірде өзіңе үйлесімді адамды іздеуге салынудың орны жоқ. Әрине, ойдағыдай өмірлік серігіңді таңдай білу өте маңызды. Бірақ бұл жерде де мінсіз еш нәрсе болмайды. Оның үстіне адамдар бұрынғысындай бір қалыпты болмай, үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан ең маңыздырағы бір-біріңді түсіне білуге үйреніп, бірлесе өмір сүрудің қиындығын жеңуге тырысып, өз тілек, қажеттіліктеріңді басқа адамның талаптарымен үйлестіре білушілік болмақ.



9 тақырып. Жекелік психикалық зардаптарды қамтамасыз етуші отбасылық қызметтер бұзылыстарының түрлері.

Жоспар:

1.Психикалық зардап.

2.Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай.

3.Отбасылық қауіп-қатер.

Психикалық зардап. Нервтік психикалық ауру барысында маңызды немесе негізгі роль атқаратын күрделі индивидуалды психикалық уайымдар. Отбасылық психиатрия психикалық зардап жайлы білімдерді нақтылап дамыта түсуде.

Психикалық зардап – бұл отбасы бұзылыстарының жағымсыз әсерлерін және жекелік психикалық бұзылыстарды жанамалаушы фактор. Отбасының бұзылуы күрделі индивидуалдық психикалық уайым-психикалық зардапқа әкеп соқтырады, ал бұл зардаптың дамуынан отбасы мүшесінің нервтік-психикалық ауытқушылығы байқалады.

Психикалық зардап біліміне негізделе отырып отбасындағы оның пайда болуы мен дамуындағы мәні мен негізгі заңдылықтарын қарастыру керек.

Отбасы – психикалық зардаптың бастауы ретінде. Психиклық зардап – бұл ең алдымен айқын эмоционалды жағдай қалыптасқан психикалық уайым.

В.Н.Мясищев “Адамның кез-келген терең уайымына зер салу арқылы уайым негізінде адамның қоршаған ортадағы әртүрлі өзара қатынастары бар екендігіне, яғни қатерлі уайым бұзылған қарым-қатынастың салдары болып табылатындығына көз жеткізуге болады. Орнын жоғалту, өсек-аяқ, жала, жұбайын ауыстыру, баласынан айырылысу, жетістікке жетудегі сәтсіздіктер, өзіндік қорлану т.б.лар адамның болмыстағы қатынас жүйесінде маңызды, негізгі рольде болса ғана қатерлі уайымның бастауы бола алады. Олардың маңыздылығы аффективті күш пен аффективті реакцияның жағдайы болып табылады” деп жазған.

Отбасылық басқарушы ролі патогенді жағдайлармен психозардаптық уайымдар, пайда болғанда бірнеше бірнеше ситуациялар қатарымен қамтамасыз етіледі. (3 жағдай)

1.Отбасының қарым-қатынастық басқарушы қызметі адамның қарым-қатынас жүйесінің негізінде;

2.Отбасылық қатынастың көп жақтылығы мен өзара байланысының тығыздығы;

Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай.

Нақты бір уайымды қамтамасыз етуші патогенді отбасылық жағдай – бұл индивидтің отбасы мен шынайы отбасы өміріне қатынасындағы саналы және сансыз күтулері отбасындағы айқын айырмашылық. Осы патогенді жағдай салдарынан фрустрация жағдайы байқалады (саналы немесе санасыз). Фрустрацияның жалпы психологиялық заңдылықтарына сәйкес көрінуінен көптеген зардаптардың пайда болуы мүмкін. Осы зардаптардың бөлігінен, олардың жеткілікті көрінуі және нақты жекелік ерекшеліктердің бар болуы әртүрлі психогенді ауруларға тап болдырады. Қанағаттанбаушылықтың зардаптық әсерінің өзгешілігі нақты жағдайдың (түсінікті) саналы деңгейіне байланысты.

Саналы қанағаттанбаушылық жағдайында жұбайлардың отбасылық қатынасқа қанағаттанбайтындығы анық байқалады. Мұндағы негізгі өзгешелік глобальды сипатты нұсқайтын, отбасылық өмір минимальды талаптарға да сәйкес келмейтін қанағаттанбаушылық болып табылады. (“Біздің отбасылық өміріміз біркелкі, түнде де, күндіз де нашар”, “Отбасын құруда менің жолым болмады”, “Біз қателесіппіз, бір-бірімізбен жақсы тұрмаймыз”). Тез арада ажырасуға кедергі келтіретін қандайда бір маңызды және психологиялық түсінікті (көбіне балалар, түрлі қиыншылықтар өмірлік-тұрмыстық ажырасуда пайда болатын) жағдайлардың арасындағы кикілжіңдермен байланысты.

Немесе толығымен түсінікті емес қанағаттанбаушылық көрінеді. Жұбайлардан отбасылық өмірге салыстырмалы қанаттанушылық байқалады (“Орташа өмір сүрудеміз”, “Басқалардан жаман емес”), отбасылық өмірге қанағаттанарлық деген баға беріледі. Қанағаттанбаушылық жанама түрде анықталады. Біріншіден сезімдер мен жағдайлардың көрінуі арқылы және тікелей қанағаттанбаушылықтың шекарасы: бір қал ыптылық, зерігу, өмірдің мәнсіздігі, қуыныштың болмауы. Отбасында жүріс-тұрыстың негізгі қозғаушы мотиві қажеттілік болып табылады (қалағаныңды істейсің, қалағаныңша өмір сүресің, керек дегенімізді аламыз). Екіншіден отбасылық өмірдің әртүрлі бөліктеріндегі көптеген наразылықтардан пайда болады. Жұбайлардан алынған сұрақ-жауап нәтижесі бойынша көптеген ерлі-зайыптылардың жалпы отбасылық өмірге қанағттануына қарамай, олар өмірдің кейбір жеке бөліктеріне, мысалы тұрақты жеріне, денсаулығына, баласының мінезі немесе үлгеріміне, бос уақытын өткізуіне қанағаттанбайтындығы мәлім болды. (3)

Отбасылық қауіп-қатер.

Бұл қауіп-қатер типіне тән белгі барлық отбасына қатысты күдік, қорқыныш, қауіптену ретінде көрінетіндер болып табылады.

Отбасылық қауіп-қатер негізінде индивидтің отбасылық өмірдегі қандайда бір маңызды аспектісіне нашар білінетін қанағаттанбаушылығы жатады. Бұл жұбайының сезіміне, өзіне сенбеушілігі болуы мүмкін, мысалы: индивид отбасылық қатынаста көрінетін сезімін қысылып шығарады. Сондай-ақ бұл жағдайдың маңызды аспектілері әлсіздік, отбасыдағы оқиғаларға қатысуға, оларды дұрыс бағытқа салуға қабілетсіздігін сезіну болып табылады.

Отбасы нервтік психикалық күш қалыптасу барысында оның мүшелері бірнеше жолдарды басынан өткізуі мүмкін:

1.Индивид үшін үнемі психологиялық қысым, қиын немесе демалыссыз жағдайлар жасау. Бұған маскүнемнің әйелі мысал бола алады. Ол оны үнемі қорқытып, ақшасын алып қойып, қорғансыз ұстайды, әйелі оған қарсы тұра алмайды.

2.Отбасы мүшелеріне олар үшін анық, төтенше маңызды сезімдерін көрсетуіне, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруына кедергі келтіру. ...

3.Индивидтің ішкі кикілжіңдерін қолдау немесе жағдай жасау.
10 тақырып. Отбасылық қызметтердің жекелік алғышарттарының бұзылыстары. Отбасылық дағдарыстар.

Жоспары:


  1. Отбасы қызмет етуінің психологиялық қасиеттері.

  2. Отбасылық талаптардың деңгейі.

  3. Отбасының әлеуметтік ортамен өзара байланыс мәселесі.

  4. Қарым-қатынастың жолдары жайлы ілім.

  5. Психикалық зардаптар бастаулары.

Отбасылық өмір отбасы мүшелеріне көптеген қиындықтарды қояды, мысалы: отбасылық өзара қарым-қатынасқа түсу; отбасындағы талаптарға бағыну; үй шаруашылығы қызметі мен отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық барлық мүмкіндіктегі мәселелерді шешу. Мұндай барлық міндеттерді сәтті орындау үшін отбасы мүшесі нақты психологиялық қасиеттерге ие болу керек.

Бұл қасиеттер бір жағынан оның өзіне отбасы қоятын талаптарды шешу үшін қажет. Екінші жағынан оған барлық отбасы қызығады, яғни отбасының әрбір мүшесі отбасылық өмір қойған талаптарды орындап отырса, жалпы отбасы жақсы қызмет етіп, әрекет етіп отырады. Отбасылық өмір барысында пайда болатын мәселелерді сәтті орындап отыру үшін әрбір отбасы мүшесіне қажетті психологиялық қасиеттердің жиынтығын біз отбасылық қажетті қасиеттер деп атаймыз. Ал бұл қасиеттердің аумағы өте кең.

Бұл біріншіден қажеттіліктер. Мысалы индивидті отбасылық өмірге қатысуға мотивтендіру қажеттіліктері, ондағы қиындықтарды болдырмау мен мәселелерді шешуге қажеттіліктер, ерлі-зайыптылық өзара қарым-қатынаста қанағаттандырудағы қажеттіліктердің кең ауқымы, яғни махабббат, симпатия жыныстық-эротикалық қажеттіліктер, шаруашылық-қажеттіліктер т.б.

Екіншіден, - қабілеттіліктердің, іскерлік пен дағдылардың көптігі. Ең алдымен отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінуіне қажетті қабілеттеіліктер, ерлі-зайыптылық қатынасты сақтау мен балаларды тәрбиелеуге қажетті ісерліктер мен дағдылардың жиынтығы.

Үшіншіден – еріктік эмоционалдық қасиеттердің аумағының кеңдігі, сондай-ақ өзіндік эмоционалдық жағдайын реттеуге қажетті, қасиеттер, фрустрация жағдайын жеңуге қажетті қасиеттер, қазіргі тілектерін келешек мақсаттарына бағындыра білу қасиеттері, тәрбиелік, ерлі-зайыптылық қатынастарды дамытуға қажетті шыдамдылық, тұрақтылық қасиеттер т.б.

Отбасы мүшелеріндегі психопат, невроз, әуестік (құштарлық) бұзылыстар (алкоголизм, қызғаншақтық), ақыл-ой кемістігі, психоз сияқты нервтік-психикалық бұзылыстар отбасылық қажетті қасиеттерді зақымдайды, (жарақаттайды). Индивидтегі ауру дами беретін болса отбасының жақсы әрекет етуіне қажетті қасиеттер жоғала бастап, қажеттіліктердің, еріктік қасиеттердің төмендеуі байқалады. Бұл жекелік бұзылыстар жағымсыз өзгерістердің тізбекті реакциясын әкеліп, отбасына теріс әсер етеді. Бұл өзгерістер ары қарай отбасының басқа мүшелері үшін де зардаптардың факторы болады.

2.Отбасы мүшелерінің бірінің зардап шеккендегі отбасына тән жалпы белгілер қатары.

1. Жалпы отбасына тән жеке мүшелеріне жоғары нервтік-психикалық және дене күшінің түсуі. Жоғары нервтікпсихикалық күш, зорлану,үрейлену отбасылардағы маңызды белгілер ретінде көрсетеді. Нервтік-психикалық күшке, қорқынышқа, ертеңгі күнге сенбеушілікке, үрейленуге наразылықты сол аурулардың отбасы мүшелерімен әңгімелескенде едәуір жиі кездестіреміз. “Үнемі нервтік күш жағдайында жүреміз, тағы не болар екен, ол тағы не шығарар екен” – деген сөйлем үзінділерін шизофрения, психопат, алкоголизммен ауыратын отбасыларының мүшелері жиі айтады. Жанжалдар, әсіресе түнгі уақытта күтпеген жерден үйден кету, азаптаушықорқыныштар сияқты жиі кездесетін жағдайлар бұндай отбасының әлеуметтік-психологиялық атмосферасын анықтайды.

2.Жеке адамның теріс мотивациялық ықпалы және науқастың отбасылық басқа мүшелеріне әсері.

Нервтік-психикалық ауруға шалдыққан индивид әрекеті, оның жекелік ерекшеліктері көбіне отбасының басқа мүшелерінің әлеуметтік уайымдарына, жалпы адам, әйел, бала қандай болуы керек деген көзқарастармен қарама-қайшы болады. Нервтік-психикалық бұзылысы бар отбасы мүшесінің мінез-құлқындағы эмоционалды әрекеті мен көптеген жекелік ерекшеліктері ызалылық, наразылық, күйініш болып табылады. Отбасы мүшелері науқас адамды отбасы, балаларды жақсы тұратын адамдарғы көре алмайтындығын, өмірде толы болмағандығын жиі айтады.

3.Отбасылық өзара қарым-қатынастың бұзылуы. Отбасы – оның әрбір мүшесі белгілі бір орын, алатын, нақты бір қызметті атқаруға қатысатын, басқа мүшелердің қажеттіліктерін өз әрекетімен қанағаттандыратын, өзара қарым-қатынасты қолдайтын өзара қарым-қатынастың күрделі жүйесі. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылысы болған жағдайда отбасылық қызметтердің орындалмауына әкеледі, сондай-ақ “Қызметтік маңызсыздық құралып, өзара қарым-қатынас бұзылуы жүзеге асады. Мысалы: әке отбасында ең маңызды қызметтерді атқарады. Оның іс-әрекеті “үйретуші” (үлгі) болып табылатындығына қарай, қызметтердің көпшілігін орындап отыру алғы шарты оның беделділігін, жекелік қасиеттер қызметін атқарады. Мысалы өзара қарым-қатынас барысында пайда болатын әртүрлі мәселелерді қалай шешу керек екендігін үйренеді, сондай-ақ әкенің пікірі олар үшін сендірерліктей маңызды роль атқарады. Мұндай қатынаста әке алкоголизммен ауырса немесе мінезіне психопатиялық белгілер болса ғана тікелей қарама-қайшылықты жағдай болады. Қажырсыз, ындық, агрессивті, жалтақ, дербессіз әке тәрбие процесінде ... орнатады. Оның балаларына маңызды, қажет қасиеттерді өздері дербес меңгеруіне тура келеді.

4.Отбасының және оның жеке мүшелерінің әлеуметтік статусының төмендеуі. Отбасы – мінез-құлықтағы ауытқушылықтармен күресу жұмыстарымен айналысатын құру және үйымдастырудың негізгі объектісі болады. Отбасы мүшелерінің бірінің нервтік-психикалық бұзылыстары отбасында ғана емес, сондай-ақ жақын әлеуметтік ортада мәселелердің тууына себеп болады. Отбасы көбіне милиция мен медициналық мүшелердің бақылауында болғандықтан көршілер, мектеп, қызместтер мінез-құлқының ауытқушылығы барлығына куә болады. Отбасында психиатрдың бақылауындағы бір адамның барлығы жайлы қоғамдық жағымсыз көзқарастар қалыптасқан-соң отбасылық әлеуметтік статусының күрт төмендеуіне әкеледі. Отбасы мүшелері отбасында отбасында психикалық ауытқушылығы бар адамның тұратындығынан қысылады, ал кейбіреулер бұны жасырады.

5.Отбасы мүшелерінің бірінде нервтік-психикалық ауытқушылығы бар болатын болса, онда мұндай отбапсындағы мүшелерінің арасында пайда болатын ерекше психикалық кикілжің тән. Оның мәні әртүрлі болады. Бір жағынан, олар қоғамдық пікірлер әсерімен нервтік-психикалық ауытқушылығы бар индивидтің әрекеті үшін өздерін кінәлідей сезінеді. Қоғамдық пікір отбасынан науқастың әрекетін қалпына келтіруқажетіне қарай ықпал етуін талап етеді. Көптеген әрекеттер отбасына қаражат жағынан қолайлы әсер етуі мүмкін. Мысалы алкоголизация жағдайында кикілжіңдер, жанжалдар, кейде ұрып-соғу, спирттік ішімдіктерден қалған бөтелкелерді жерге тастай салу т.б. Спирттік ішімдіктерді үйде сақтамайды, әйелі ерінің шығңындарына бақылау жасауды күшейтеді, оған азғантай ақша қалдырады, кейде жалақыны ерімен бірге барып алады, көпшіліктен өтініш сұрайды.

Ал, екінші жағынан, отбасы тырысып, күш салудың нәтижесіз екенідігін байқайды, яғни маскүнемнің, психопаттың, қызғаншақтың ырыққа көнбейтін болуы мүмкін. Сондықтан айтылған көпшілік пікірлері айыптауын қоймайды. Олар жеткілікті мөлшерде күш жұмсамайды, қажетті “күшті” шараларды қолданбайды деп ойлайды. Бұндай қарама-қайшылықтағы тенденциялар отбасы мүшелерінің арасындағы негізгі кикілжіңге айнала береді.

6.“Жанамалушы сырқат” феномені, яғни отбасылық өмірді бұзатын науқастан көбіне білінбейтін, көрінбейтін отбасы мүшелерінің басқасының (немесе басқаларының) нервтік-психикалық бұзылушылығы жайлы сөз қозғалып отыр. Мысалы, еркек маскүнем болған жағдайда отбасындағы жағымсыз жағдайлардың тікелей немесе жанама әсер етуі арқылы әйелі мен балаларының науқастануын байқаймыз.

Ғылыми психологиямен психотерапияның пайда болуына дейін-ақ ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінісуі отбасы бақыты мен отбасы тұрғындарының алғы шарты ретінде қарастырылып отырады. Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің негізгі белгілері – талас-тартыс, жанжалдар, ұнамсыз, сәтсіз, бақытсыз отбасының ерекше белгісі – келіспеушіліктер болып табылады.


11 тақырып. Отбасылық диагностика әдістері. Отбасын зерттеу және оның бұзылыстар диагностикасы.

Жоспары:

1. Отбасылық диагноз.

2. Отбасылық психотерапия.

3. Отбасы жайлы ақпарат алудың диагностикалық мәселелері.

1.Отбасын зерттеудің басты мақсаты, біріншіден отбасылық диагноз қою, яғни отбасылық тіршілік әрекетіндегі, оның бір немесе бірнеше мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыс сақталуын анықтау, екіншіден отбасылық және оның мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыстарының коорекциясына қажетті психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Отбасын зерттеу міндеттері өте күрделі. Бұл мынадай жағдайлармен қамтамасыз етіледі:

1.Отбасының әлеуметтік-психологиялық жүйе ретіндегі күрделілігі. Отбасында көптеген қарым-қатынас пен өзара байланыстар болады. Осы қатынастардың қалыптасуында отбасы мүшелерінің жекелік ерекшеліктерінің бірқатарлары, отбасының әлеуметтік ортасы, әдет-ғұрпы, дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық жағдайы т.б. жүзеге асады.

2.Отбасы мәселесіне бірде-бір тәсіл, оның мәні мен құрылымы жайлы бірде-бір түсініктің болмауы. Әзірге отбасын зерттеу үшін теоретикалық базис ролін атқаратын ешқандай теория жоқ. Ал бұның орнына отбасы психотерапия мәселесіне әртүрлі бағыттар, ағымдардағы салыстырмалы тәсілдердегі көптеген мектептер бар.

3.Отбасы психотерапиясының зерттеу тақырыптары – отбасы, отбасының әлеуметтік орта аумағы, бірлескен тәжірибенің едәуір әсерін сезінетін пікірлер мен әлеуметтік стереотиптер әсерімен бейімделген пікірлер. Әрбір адамның өзіндік отбасылық тәжірибесі болады және отбасылық қарым-қатынасты түсінуі үшін бірден-бір дұрыс үлгі деп есептейді.

4. Отбасында болған көптеген оқиғалардың құпиялылығы (сырлы болуы), сондай-ақ олардың өзгермелілігі, айқын нұсқасының болмауы отбасын зерттеуін қиындатады.

Бұның барлығы зерттелуші отбасы алдына күрделі міндеттерді қояды.

Бұл міндеттерді 3 топқа бөлуге болады:

1)Отбасы психотерапиясына көрінген мәселелер, яғни бірқатар сұрақтарды шешу, нервтік-психикалық бұзылыстар себебін зерттеуде отабасына жолығу қажет пе?

2)Нервтік-психикалық бұзылыстың пайда болуымен дамуында қандайда бір рольді атқаратын отбасылық зерттеу жүйесі;

3)Отбасы жайында қажетті мәлімет алудың әдістері мен жолдары

Отбасылық психотерапияға мәселесі. Нервтік-психикалық бұзылысы бар индивидті тексеруші дәрігер немесе психолог бірінші кезекте, дәл сол жағдайда отбасылық психотерапия


12 тақырып. Отбасы татулығы бағдарламасы. Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама.

Жоспары:

  1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

  2. жүктеу 1,23 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау