Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы: Шебер мұғалім



жүктеу 53,75 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі53,75 Kb.
#9874
түріКодекс

Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы:

1.Шебер мұғалім-педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психологиялық-педагогикалық және акмеологиялық ғылымдардың жетістіктерін, озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог, әрі тәрбиелі тәрбиеші.

Шебер мұғалім сыныбын мектеп және білім бөлімі бекіткен бағдарлама бойынша оқытады, сол аймақтағы білім жүйесі үшін маңызды педагогикалық және ғылыми-әдістемелік жұмысты көрсетеді. Мұндай дәреже кәсібиліктің жоғары деңгейіне жеткен және педагогикалық ұжымда беделге ие болған мұғалімге беріледі. Шебер мұғалім баланың өзін-өзі дамыту және шығармашылық қабілетін арттыратын жеке басқа бағытталған акмеологиялық тәжірибелерді сәтті жүзеге асырады, ол өз қабілетін дамыта отырып, білімді әрі тәрбиелі балалардың өсіп жетілуіне жағдай жасайды.



2.Зерттеуші мұғалім-ол шебер әрі жаңашыл маман, оның еңбегі білім беру процессін ұйымдастырудың жаңа инновациялық формасымен ерекшеленеді, ол-мастер класс, авторлық бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік және оқу құралдарын алға апарушы және оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуші. Оның атқаратын міндеті-мәдениеттегі жеке адамды айқындау және адам бойындағы адамилықты нақтылау. Ол дарынды жеке тұлғаларды қалыптастырады, айтарлықтай терең әрі тамаша ақыл-ой иесі ретінде гумандық тұрғыдан ойлап, жеке іс қимыл жасай алады. Ол тумысынан тәрбиелі, шындықты табиғи сезінеді. Мектепте тиімді зерттеу қызметін атқарып, мектептегі сарапшылар кеңесі немесеаймақтық білім бөлімі бекіткен өзінің жеке ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізеді, жаңа ақпараттық және білім технологияларындайындауға қатысады, оқу құралдары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды жасауға қатысады, оқу-бағдарламалық материалдардың диагностикалық, тестілік және бақылау пакеттерін дайындайды, өзінің ғылыми-зерттеу нәтижелері жөнінде мектептегі педагогикалық және әдістемелік кеңестер алдында, аймақтық білім бөліміне есеп береді.

Зерттеуші мұғалім кәсіби деңгейі жоғары тұлға. Ол өзінің атқаратын қызметінің маңызын терең түсіне отырып, біліктілікпен жұмыс істейді. Зерттеуші мұғалімге тән ерекшелік парасаттылықты және нәзіктілікті арттыра отырып, ақылмен еңбектену, өзін қоршаған ортаға жаңа көзбен қарап, жаңа идеяның тамырын ашып, терең зерттей білу.



3.Мастер-класс мұғалім – бұл өзінің авторлық сыныбы бар мұғалім. Сол сыныптың көмегімен ол инновациялар мен зерттеулердің құндылығын көрсетіп, ақпараттық және білім технологияларының, мониторинг пен үлгерім диагностикасының негізінде қол жеткен жетістіктерін өзгелермен бөліседі. Ол өзінің әріптестерін білім беру тәжірибесіне жаңа көзбен қарауға үйретеді. Мастер класс мұғалім мектептің ұсынысы бойынша аймақтық білім бөлімі бекіткен жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Авторлық мастер-кластың мақсаты-авторлық класс жетекшісінің өзі мен оның оқушыларының толыққанды шеберлігі үшін жағдай жасау.

4.Көшбасшы мұғалім-бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерелеп, жойып отырады. Көшбасшы мұғалім әрдайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттері мен әуесқойлық, танымшылдық, бастамашылдық, икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез-құлық қырлары мол болады. Ол сондай ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып, адамдарды тани білуі керек.

Көшбасшы мұғалім-бұл идеялар генераторы, нағыз шебер,ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі.



Мұғалім дегеніміз-нағыз жеке тұлға мәдениетінің үлгісі. Мәдениет дегеніміз-адам жөніндегі ақпарат жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиеттер жиынтығы. Мәдениет дегеніміз-шығармашылық, ақыл-ой, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, гуманизм, сенім...

5.Жаңашыл мұғалім-бұл шебер ретінде өз тәжірибесін жаңа әдістермен, құралдармен байытып отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендерді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам.Үнемі жетістіктерге ұмтылады.

6.Әдіскер мұғалім-бұл білім беру өндірісіне қатысушы, өз қызметінің басшысы және өз қызметінің нормаларын жасайтын тұлға. Ол-оқу коммуникациясының, «оқу-оқыту», «тәрбие-өзін-өзі тәрбиелеу», «даму-өзін-өзі дамыту» қызметтерінің ұйымдастыр

Бақылау этикасы:

1.Директор-ең басты сырттай сарапшы. Мектепті оқу жылында дамытудың жоспарына сәйкес тексерулердің саны мен тақырыптарын директор мен оның орынбасары белгілейді. Тексеруге ешқандай норма қойылмайды.

Ең маңыздысы, мұғалім тексеру жүргізілетін уақыт пен оның тақырыбын және талдау критерилерін алдын ала білуі керек. Мұғалім сабаққа кімнің және не үшін келетіндігін білуі қажет.

Сабақты ұйымдастыру-бұл мұғалімнің жеке шаруасы. Сабаққа байланысты мәселенің бәрін мұғалімнің өзі шешеді.

2.Тәрбиелеу мен оқытудың барлық мақсаттарын бір ғана сабақ қамти алмайды. Бір ғана сабаққа барып, оның тәжірибесін, дайындық деңгейін, жасы мен мәнерін есепке алмай, мұғалімнің қызметі жөнінде пікір айтуға болмайды. Тек бұл сабақтың кем-кетіктері мен дидактикалық қиындықтарын ғана бағалауға болады.

3.Бақылау барысында режиссерлық қызметті атқаратын мұғалім еңбегінің бүкіл құрылымы мен мазмұнын көре білу керек. Ең бастысы-мұғалім таланты мен шабытының стилі болуы міндетті. Мұғалім оқу процесінің психологиялық аспектілерін ескеріп, оқушы дамуының деңгейін үнемі сынап отыруы қажет. Басты міндет-оқушыны жан-жақты тануға және түсінуге ұмтылу.

4.Бақылау тәртібі және сабақты талдау:

1-ереже. Тексеруші оқу процесіне АРАЛАСПАУЫ керек. Сабақ дегеніміз-ол мұғалімнің шығармашылығы. Сабақтың үстінде мұғалім өзі автор, актер болады. Мұғалімнің және оқушының тарапынан дөрекі кемшіліктер кетіп жатса да, ЕШҚАНДАЙ тексеруші оқу процесінің барысына араласа алмайды. Сын-ескертпелерді сабақтан кейін айту керек. Ал оларды келесі сабақта мұғалімнің өзі қадағалайды.

2-ереже. Тексерушінің мұғалім мен оқушыларға қатысты СЫПАЙЫ қатынасы.

Бақылаудың мақсаты жекелеген қателіктер жіберген мұғалімді аңду, әшкерелеу емес, күш-жігерді шеберлік пен шығармашылықты жетілдіруге бағыттай отырып, жіберілген қателіктерді шебер түзете білу.

Тексеруші өзі қатысқан сабақтағы мұғалім мен оқушыларға барынша қайырымдылық пен сыпайылық көрсетуге міндетті.

3-ереже. Оқу процесін бақылаған кезде барлық факторларды есепке алу.

4-ереже. Оқу процесін бақылау барысында оқытылған пәннің арнайы ерекшеліктерін, мұғалімнің жеке ерекшеліктерін есепке алу. Тексерушіге өте маңызды талап қойылады: оқу процесіне қойылатын бір ғана ғылыми негізделген талапқа сүйене отырып, әрбір сабақты жекеше бақылай және талдай білу.

5-ереже. Бүкіл педагогикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде әрбір сабаққа қойылатын талаптардың мақсатқа сәйкестігі.

6-ереже. Мұғалімнің сабақ үстіндегі қызметіне қойылатын талаптардың бірлігі және өзара келісімділігі.



7-ереже. Сабаққа педагогикалық талдау жүргізіп, оқу процесінің тиімділігін бағалау барысындағы объективтілік пен тілектестік.
жүктеу 53,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау