Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы



жүктеу 50,85 Kb.
бет7/7
Дата19.01.2022
өлшемі50,85 Kb.
#33495
1   2   3   4   5   6   7
ф

жұмыс дәптері – оқушы, студент күнделігі (бұл тапсырмаларды мұғалім қадағаламайтындықтан, олардың дербестік дәрежесі бар және оларды ата-аналармен, туысқандармен, достарымен, бірге орындауға болады); ертегілер, фольклорлар, әңгімелер, аңыздар, пәлсапалық эссе, діни ұстанымдардан тұратын, әдетте, адамгершілік-әдептік, діни, пәлсапалық материалдарды жинақтаған, әрбір оқыту кезеңіне арналған хрестоматия; мұғалімдерге қажетті нұсқаулары, жоспарлары және әр сабақтың сипаттамасы бар әдістемелік құралдар. Қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» оқулығын (мүмкін, бірнеше нұсқасын) шығару, курстың бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін күшейту және бекіту мақсаты қойылып отыр.

Тұжырымдаманы жемісті жүзеге асыру үшін барлық ғылыми бағыттағы ғалымдардың, педагогтардың, жетекші ғылыми қызметкерлердің күшін біріктіру қажет. Сондықтан да, ең алдымен:



  • «Өзін-өзі танудың» теориялық және оқу-әдістемелік қорын жеделдете құрастыру. Қазақстан Республикасындағы білім беру үрдісінің мазмұндық парадигмаларын өзгертуді көздейтін ойлары мен жүзеге асырылуының жаңашыл курсы «Өзін-өзі танудың» дүниетанымдық, әдіснамалық және әдістемелік мәселелері ғылыми негізделген, дәйекті тәжірибеден өткен болуы;

  • «Өзін-өзі тануды» дербес пән ретінде бөліп қана қоймай, сонымен бірге біртұтас білім беру үрдісін есепке ала отырып, басқа пәндермен өзара әрекеттесу түрлерін табу қажет. Осыған орай, «Өзін-өзі тану» басқа пәндерді кесіп және бойлай өтетін «аралық» пән ретінде түсініледі;

  • іргелі оқу жоспарын қайта қарау, оны қосымша материалдан тазартып, барлық пәндерді, оның ішінде, әсіресе, адами-азаматтықтарды маңызды, рухани-адамгершілік мазмұнмен «толықтыру» арқылы оны «Өзін-өзі тану» міндеттерімен байланыстыру, тұлғаның рухани өзін-өзі түсінуінің мәніне енгізу;

  • жұмысты қазақша-орысша екі тілде қатар жүргізу;

  • тәжірибе үрдісінде жинақталған баға жетпес эмпирикалық материалды талдау, жалпылау, үйлестіру қажет, оның нәтижелерін теориялық шығармаларда, оқу-әдістемелік қор, оқулықтар және қосымша әдебиеттер жинақтарын шығаруда пайдалану;

  • тәжірибе өткізудің аумағын ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қатарластыра отырып кеңейту, оқу құрал – жинақтарының ауқымына және семинар - жаттығулардан өткен педагог кадрлардың болуына сәйкес «Өзін- өзі тануды» оқу мекемелеріне енгізу. Сонымен бірге кері байланыс орнату, жұмыс күнделіктерін жүргізу, оқу жинақтарын толықтыру мен өзгерту үшін сабақтардың рефлексивтік талдауын жүргізу қажет;

  • сонымен қатар, әрбір оқу циклы үшін мұғалімдерге арналған қосымша әдебиеттерді және «Балалар мен ата-аналарға арналған кітаптарды» шығарумен айналысу;

  • мұғалімдерді даярлау мен қайта даярлау жүйесіне ден қою; Осы тәрізді жобаларды құрастырып, оны тәжірибеге енгізген жаңашыл шебер

  • ұстаздар ішінен басты «мұғалімдер ұжымын» құру. Сол үшін, «басты ұжыммен», олардың білімін, біліктерін, дағдыларын «Өзін-өзі танудың» арнайы ұйымдастырылған семинар-жаттығуларына қатыстыру арқылы үнемі жұмыс жүргізу. «Басты ұжымға» қатысушылар, өз кезегінде мұғалімдерді даярлауда өте тиімді болып табылатын желілі маркетинг кестесі бойынша семинар-жаттығулар т.б. ұйымдастырады. Бұл жүйе

республиканың облыстары мен аймақтарында ұйымдастырылып, жолға қойылуы қажет. «Өзін-өзі тану» пәнін қабылдауға орайлы қоғамдық пікірді қалыптастыру қажет;

  • білім беру парадигмаларын өзгертетін мұндай ірі жобалардың іске асуының маңызды шарты деп, әсіресе БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы, қоғам пікірін қайта бағдарлау жүйесін мұқият ойластыруды айтуға болады. Қазіргі қазақстан қоғамының күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдайында көптеген ата-аналар балаға білім беруде белгілі бір мақсаттарға жүгінуде: болашақта «аш қалмайтын», «аяғынан тік тұрып кетуге», ауқатты және экономикалық жағдайы жоғары болуға мүмкіндік беретін мамандыққа оқыту. Сондықтан да махаббат пен мейірімділік құндылықтарына, адами деңгейінің жоғары болуына үйрететін, олардың пікірінше, өмірлік негізгі мақсаттардан ауытқытатын іші бос, қуыс болып көрінетін пәндерге ақы төлегілері келмейді. Қазіргі заманғы демократиялық, көп түрлі әлемде рухани-адамгершілік мағынасында сауатты «жақсы адамсыз» «жақсы маманның» болмайтындығын ата-аналар қауымдастығына жеткізіп, сендіріп, осы бағдарлануды өзгертуге тырысу керек. Дәл осындай сауаттылық қана олардың балаларының адами келбетін жоғалтпай, кәсіби әлемге ар-ожданымен, өз мәртебесімен еніп, табысты болуына, махаббат, келісім, бақытқа, феминдік және маскулиндік өзара түсіністікке, рухани тыныштық, жан дүниесі күштерінің үйлесімділігіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осындай рухани үйлесімділіксіз, махаббатсыз және келісімсіз әлемнің ешқандай байлығы адамға бақыт әпере алмайды. Мемлекеттің қолдауымен «Руханилық нұры» (махаббат, өмір, байлық, бақыт руханилық мағынасында) атты теларна ашу маңызды сияқты;

  • «төменнен қозғалуды» ескеру. «Өзін-өзі тану» бастаған білім беруді жаңарту «Жоғарыдан төменге» қозғалысымен шектеліп қалмауы керек.

«Төменнен жоғарыға» кері векторы маңызды, тіпті өте маңызды деп айтуға болады. Күн өткен сайын рухани жаңару шеңберінің ауқымы кеңейіп келе жатқан мұғалімдердің де тілегін, ойын, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескеру қажет.











жүктеу 50,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау