«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогика әдіснамасының эвристикалық әлеуеті



жүктеу 0,98 Mb.
бет76/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162
ПФжӘ дәріс

3. Педагогика әдіснамасының эвристикалық әлеуеті.


Педагогиканың әдіснамасы мен теориясы қалай дамыды? Педагогиканың әдіснамасы мен теориясы саласындағы зерттеудің негізгі стратегиялық бағытталуы дамушы білім беру жүйесінің әр түрлі аспектілерін концептуалды және жобалау түрінде меңгеру үшін нормативті-әдіснамалық және теориялық бағытталуын қалыптастырады. Білім беру мәселесін жасап шығару философиялық, жалпы әдіснамалық және теориялық-педагогикалық көзқарастарға негізделді.
Педагогиканың әдіснамасына білім жүйесі мен қызмет жүйесі ретінде анықтама берілді. Білім беру ғылымының жетекші мәселелері, оның философия мен психологиямен байланысы ашылды; өзгерген әлеуметтік және білім беру жағдайына сай келетін негізгі педагогикалық категориялардың жаңа мазмұндары, білім берудің гуманизациясы контекстіндегі педагогика мен идеологияның ара-қатынасы, педагогика әдіснамасының теориялық әрі нормативтік негіздері, оның түсінігінің құрамы анықталды. Осы уақыт бойы қол жеткен білім берудің әдіснамалық және теориялық аспектілерінің түсінігі Ресей Білім Академиясына білім беру мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берді. Мысалы, жалпы орта білім берудің оның жаңаруы контекстіндегі мазмұнын қалыптастыру мәселесі жоғары педагогикалық білім беру стандарттарын қайта қарауда.
Нормативті әдіснама саласында педагогтің әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы мен ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізілді. Ғалымдарды өзінің ғылыми жұмыстарын орындау барысында оны бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттарының жүйесі жасалды. Педагогикалық зерттеудің құрылымында ғылымнан тәжірибеге ауысу механизмі негізделді. Зерттеу қызметінің аксиологиялық аспектісін қалыптастыратын теориялық және нормативтік ережелердің аргументациялау тәсілдері анықталып, сипатталды. Осы негізде педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдісі бойынша, оқулықты қосатын ғылыми әдіснамалық жұмыс циклі құрылды. Ол университеттердегі ғылыми жұмыстарға педагог-зерттеушілерді даярлау деңгейін жоғарылату сабақтарында кеңінен қолданылады. Педагогиканың түсініктік-терминологиялық аппатарының нәтижесінде білім беру саласында сөздіктер жарияланды. Ғылыми-педагогикалық ақпараттардың нормативтік құжаттары құрылды: рубрикаторлар, тезаурус, нормаланған лексиканың сөздіктері. Олар мемлекеттің ақпараттық орталықтары мен кітапханаларында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді іздеу мен индекстеу үшін, білім берудегі мәліметтер базасын құру үшін, ақпараттармен алмасуды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Оқыту теориясы саласында жекелеген оқу пәндерін оқыту әдістемесінің дидактикалық біліміне әсерінің сипаты мен бағытын анықталды. Дидактикалық жеке тұлғаға бағытталған оқыту аспектілерін жасау процесінде мұғалім үшін әдістер жүйесі ұсынылды.
Дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді оқытудағы өзара байланысты қамтамасыз ету білім беру процесінің сапасын көтерудің нақты құралына айналды, ол дидактикалық білімнің әдістемелік қызметті орындайтын тұтастай дидактикалық-әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйе білім беру мазмұны мен оқыту процесінде, оның орындалу барысында қызмет етеді. Жүзеге асыру құралы мен тәсілі ретінде білім беру мазмұнын таңдау, оқыту қағидалары, оқытудың индивидуалдылығы мен дифференциациясы ұсынылады.
Білім берудің мазмұны саласында білім беру саласының қажеттіліктері жүйелендірілген, ол білім берудің мазмұнының мәдени концепциясын қалыптастыру мен жүзеге асыру бөлігі болып табылады. Сонымен қатар білім беру ешқандай ғылымның, білім жүйесінің, машықтардың негізіне жатқылымауы керек. Ол әлеуметтік тәжірибе аспектінде көрсетілген, табиғи және жасанды білім беру жағдайында туындауға бағытталған, тірі, әрі тұлғаға бағытталған педагогикалық араласудың үдерісінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты ең басты өзектілікті ашық білім беру, оның мазмұнының мобильділігі мен вариативтілік қағидалары алады.
Тәрбиелеу кеңістігінің мазмұны мен қызметі білім алушының тұлғалық дамуына, өзін анықтау еркіндігі мен оның өзін-өзі тануға, диалогтық қатынастардың дамуына әсері динамикасында зерттелінді. Тәрбиелеуге жаңа тәсілдердің жиынтығы жасалынып, суреттелді. Тәжірибеде кең таралған тәрбиелеу жүйесінің теориясы негізіне келесі ережелер жатады. Кез келген тәрбиелеу жүйесінің ядросына әр типтегі топтардың бірлігін көрсететін жалпы мектептік ұжым жатады. Тәрбиелеу жүйесінің дамуының прогресі қарама-қайшылықты; оның реттелмеген аймақтары одан әрі дамудың көздеріне айналды. Әрбір жүйе даму жолдарына ие және даму векторы оның социумның басқа субъектілерімен өзара байланысты жоққа шығармай, жүйенің ішкі қасиеттерімен анықталады.
Педагогикалық теорияның дамуы мен философиялық талдауы саласындағы спецификадан шығып, зерттеудің келесідей бағыттары көрсетіледі: білім берудің ғылыми негізделудің объекті ретінде жаңғыртылуы; білім беруді жаңғырту саласындағы зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі; жалпы білім берудің даму жағдайындағы мазмұнының концептуалды негізі; білім беру саласындағы инновациялық қызметтің деңгейлері; педагогиканың жалпы негізінің оқытушыны жұмысқа дайындап жатқан педагогикалық білім берудің мазмұнының бөлімі ретінде; ғылыми жұмысты терминологиялық қамтамасыз ету.
Білім беру үдерісі мен мазмұнының әдістемелік және теориялық аспектілерін жасау барысында басты назар ұсынылып жатқан инновацияның мәдени әрі тұлғалық бағытталуының заманауи мәселелеріне аударылуы керек. Педагогиканың тарихы мен дамушы адамның тұлғасын қалыптастырудың заманауи мәселесіне назар аудару тәрбиелеудің жаңа мазмұнының гуманистикалық бағытталуына әсер етеді. Шетелдік тәжірибені салыстырмалы педагогиканың контекстінде қарастыру басқа елдердің мектептегі оқытуды ұйымдастыруда тәжірибелерін ескеріп, алған білімді Ресей мен ТМД елдеріндегі білім беруді жаңғырту мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік негіздері жасап шығарылды, ол басқа ғылыми пәндермен алынған жүйеленген білімді көрсетеді.
Ғылыми өмірдің маңызды оқиғасы «Педагогикалық ғылым және оның заманауи жағдайындағы әдіснамасы» атты Бүкілресейлік конференцияны (2001 жыл) ұйымдастыру және өткізу болды. Конференцияға таяу және қиыр шетелден сексеннен астам педагог-теоретиктер қатысты. Аталмыш конференция соңғы онжылдықтағы педагогика әдіснамасы бойынша жұмыстардың қорытындысын жасады және оның жаңғыртылуы кезеңіндегі білім беру саласындағы ғылыми жұмыстардың барлық кешенін түсінуде өз үлесін қосты. Педагогикалық зерттеулердің жалпы және нормативті әдістемесі, педагогиканың терминологиялық аппараты, теория мен тәжірибенің өзара байланысы, педагогтың әдістемелік мәдениеті секілді мәселелердің топтары талқыланды. Нәтижесінде білім беру саласындағы ғылыми-танымдық қызметтің әр түрлі аспектілері педагогиканың әдістемесінің теориялық және нормативтік негіздері бірлестігі жасаған әрі қабылдаған призма арқылы талданды. Бұл 1970-80 жылдары Педагогикалық ғылымдар Академиясы жүргізген педагогиканың әдіснамасының сұрақтарының барлық елдер көлемінде кең деңгейде талқыланған дәстүрдің жалғасы болды.
Мұндай әдіснаманы дұрыстап, тереңірек зерттеп, оны оқу пәніне айналдыру қажет. Мұндай пәннің мазмұны ретінде зерттеушінің ғылыми көзқарасын кеңейтетін және ғылыми жұмыс үшін нақты бағыттарды кеңейтетін әдістемелік тәсілдердің жүйесіне айналады.
Ғалымдар тәжірибеге негізделген әдіснаманың қазіргі күйі мен болашағына, ғылым және тәжірибе әдіснамасының тенденциясы мен даму болашағына философиялық түсініктеме береді. Қазіргі уақытта ғылымның дамуында әдіснаманың рөлі арта түсті. Бұл немен байланысты? Біріншіден, қазіргі ғылымда объективті шындықтың құбылыстарына кешенді талдау жасау, білімді интеграциялау тенденциясы байқалады. Екіншіден, ғылым өзі қиындай түсті: психология және педагогика – олар зерттеу әдістері бойынша ерекшелене түсуде, зерттеу пәні бойынша жаңаша шектеулер пайда болуда. Үшіншіден, қазіргі уақытта философиялық-әдіснамалық мәселелер мен психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы арасындағы айырмашылық нақтыланды. Төртіншіден, психология мен педагогика өз бетінше әлеуметтік ғылымдарда математикалық әдістерді қолданумен ерекшелене түсті. Нақты педагогикалық зерттеулерде әдіснаманың мәні арта түсуде. Сондықтан, педагогика әдіснамасының даму тенденциясы мен кезеңдерін, сонымен қатар болжамдық әлеуетін анықтай түсу керек.
Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама-қайшылық педагогика мен педагогикалық шынайылық әдіснамасы арасында. Негізгі қарама-қайшылықты шешу үшін ретінде ғалымдар келесідей жолдарды ұсынады: 1) педагогикалық құбылыстардың дамуын заңдылығында көрініс табатын зерттеу әдістерін құрастыру; педагогикалық шынайылықты қайта құру әдістерін құрастыру және жүйелеу.
Педагогика әдіснамасының даму тенденциялары аталады: 1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету; 2) педагогика әдіснамасының міндеті - педогогикалық ойлау-ғылыми шыгармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педогогикалык санасын сақтау, қалыптастыру; 3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық талаптарға бағыттылығы. Бірінші талап: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама-қайшылықтарына мән беру керек, анықталған қарама-қайшылықтан зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін жасырын қайшылықтар арқылы негіздеу. Екінші талап: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйенің интеграциясымен, педагогикалық білім мен тенденцияның бірлігін, жүйелілігін есер арқылы қойылу керек және шешілу керек. Үшінші талап: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайылықты, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелері немесе әдістерін қолдануды талап етеді.

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау