«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикадағы модельдеу саласындағы жетістіктер негізінде педагогтің зерттеу мәдениетінің моделі тұжырымдамалық деңгейде ұсынылады



жүктеу 0,98 Mb.
бет157/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
ПФжӘ дәріс

Педагогикадағы модельдеу саласындағы жетістіктер негізінде педагогтің зерттеу мәдениетінің моделі тұжырымдамалық деңгейде ұсынылады
Модельдеу табиғи немесе жасанды жүйелер арқылы жанама таным жүргізу әдісіне айналып отыр. Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдер жүйесіне негізделген, жалпыдан, яғни кәсіби білім берудің әдіснамалық білімдерінен жекеге, яғни оқытудың жалпы әдістемесі орта және жоғары педагогикалық білім беру дидактикасына бағытталған логикамен анықталатын білім беру үдерісі, білім беру практикасы болып табылады (3 сурет).
Сонымен, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрамдас бөліктеріне тұтас педагагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясын жүзеге асыруға даярлық; ғылыми-зерттеу жұмысына даярлық; педагогикалық рефлексия мен өзін-өзі рефлексиялауға даярлық енеді.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің вариативті бөліктеріне: білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік жұмысқа даярлық; озат педагогикалық тәжірибені зерделеуге, жинақтауға және пайдалануға даярлық; білім беру практикасына педагогика ғылыми жетістіктерін ендіруге даярлық; педагогика ғылымы мен білім беру практикасының өзара әрекеттесуіне даярлық; инновациялық-дидактикалық әрекетке даярлық; ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлық жатады. Аталмыш даярлықтың түрлері 1950-1990 жылдары жан-жақты зерттеліп, соның нәтижесінде ұтымды тәжірибе, жаңашыл тәжірибе, инновациялық және ғылыми тәжірибе жинақталды. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің ең жоғары деңгейі кәсіби-зерттеушілік әрекетті меңгеру. Бұл модельдегі әрбір құрамдас бөліктерінің өзіне тән рөлі бар.




Зерттеушілік мәдениет - кәсіби-педагогикалық мәдениеттің бір бөлігі. Педагогтің зерттеушілік мәдениетін үлгілеу мақсатында гылыми зерттеу әдісі ретіндегі модельдеу басшылыққа алынады. Сол себепті педагогикалық білім беру мазмұнында тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы, ғылыми зерттеу жұмысының теориясы мен әдістемесі, педагогикалық рефлексия мен педагогикалық инноватика теориясы және т.б. құрамдас бөліктері орын алады. Зерттеушілік мәдениеттің статикалық моделінде оның негізгі алғышарттары мен пайда болу көздері бейнленген: әлеумет мәдениеті – жалпылама (всеобщее), әлеуметтің педагогикалық мәдениеті - (общее), кәсіби-педагогикалық мәдениет - ерекшелік (особенное), педагогтің зерттеушілік мәдениеті – бірлік (единичное).
Жалпы адамзат мәдениеттен әуелі педагогикалық мәдениетке негізделген кәсіби-педагогикалық мәдениет, одан зерттеушілік мәдениет қалыптасады. Сондықтан зерттеушілік мәдениеттің мазмұнында педагогика әдіснамасының даму үрдерісі ескерілді. Зерттеушілік мәдениеттің құрамына инновациялық-әдістемелік дайындық кіреді.
Теориялық үлгі құрастыру логикасына сәйкес бұл үдеріс: ақпарат жинау – теориялық модельдеу - нақты зерделенуші пәнді өзінің мазмұнына, құрылымдық бөліктеріне, байланыстарына, қарым-қатынастарына сай талдау және теориялық (ойша)эксперимент. Құрастырылған модель оның өзін жасау үдерісіне қатысады. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің негізіне оның кәсіби-педагогикалық мәдениетінің үлгісін ала отырып, педагогті даярлау мазмұны мен нақты әрекеті арасындағы сәйкестік туралы мағлұматтар алынады. Осыған байланысты әуелі педагогтің зерттеушілік мәдениетінің құрамдас бөліктері анықталды (4 сурет).
Зерттеу пәні ретіндегі педагогтің зерттеушілік мәдениетінің моделін құрастыру педагогикалық зерттеулерде модельдеу әдісін, матрицалық модельдеу әдісін қолдану саласындағы жетістіктерге негізделді (Н.Д. Хмель, JI.X. Мажитова және т.б.). Бұл үлгіде, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің моделі оның құрауыштарын жүзеге асыру дайындығының матрицасы.
Сонымен, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрауыштары мыналар: тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясын жүзеге асыруға даярлық (a1); ғылыми-зерттеушілік жұмысқа даярлық - ҒЗЖ(а2); педагогикалық рефлексияға даярлық және өзіндік рефлексияға даярлық – ПР және ӨР3).



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау