ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Бөлім 1.
Педагогикалық
іс-әрекеттің құрылымы
Мақсаты:
Іс-ірекеттің құрылымы мен түрлерін анықтап көрсету
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет
түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-
әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық,
коммуникативті
іс-әрекеттер.
Сызба 3. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын
құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-
оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады.
Конструктивті мазмұндық іс-
әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара
жоспарын
әзірлеу сияқты
іс-әрекеттерден құралады.
Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-
әрекеттерін жомпарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге
асады.
Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке
қажетті материалдық
техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті
техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет
мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және
оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің
жалғасы деп айтуға
болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады.
Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім
алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі
тәрбиелік
шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-
әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы
маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Конструктивті
іс-әрекет
Ұйымдастырушылық іс-
әрекет
Коммуникативті
іс-әрекет
1.
Консруктивті-
мазмұндық;
2. Консруктивті-
оперативті;
3. Конструктивті-
матералдық
Оқушыларды әр түрлі
іс-әрекетке қосуға
ұжымды
қалыптастыруға
бірлескен ісәрекетті
ұйымдастыруға
бағытталған
шаралар жүйесі
Педагогтың
тәрбиеленушімен,
мұғалімдермен,
ата-аналармен
педагогикалық
қарым-қатынас
орнатуға бағытталған
іс-әрекеті
Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-
қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен,
мұғалімдер ұжымымен, ата-
налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы
оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін
педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.
Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір
жүйеде жүзеге асады. Оларды
жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта
жүзеге асатын іс-әрекеттер.