Дәріс мазмұны:
Когнитивті психотерапия түсінігі
Когнитивті психотерапия принциптері
Когнитивті терапияны қолдануда психолог және психотерапевт ойлаудың жалпы және жеке бұзылысты көріністерін өзгертуге тырысады.( клиенттің ирроционалды қорқынышын, депрессивті күйін).Мұндағы негізгі мақсат ойлаудың бұзылыстарына тікелей әсер етіп оны өзгерту және сол арқылы басқа да жағымды өзгерістерді қалыптастыру.Ойлауды түрлі өзгерістер тудыру үшін бірнеше әдіс қолданылады.Ең алдымен иррационалды идеяларды шығару керек.Клиенттің оның ішіндегі кейбіреулерін сипаттап кейбіреулерін ұғынбауы мүмкін.Сол клиент ұғына алмаған идеялар бұзылысты ұстап тұруда маңызды роль атқарады.Ол идеяларды клиенттен әрбір әрекеттің себептерін сұрау арқылы жүргізілген зерттеудің нәтижесінен көруге болады.Иррационалды идеяларды анықтауда жеке күнделік жауды тапсырып, соның нәтижесінде қорытынды жасауға болады.Содан соң иррационалды идеяларды өзгертуге қадам жасалып, ол үшін екі түрлі типті тәсіл қолданылады.Вербалды және мінез-құлықтық.
Вербалды әдістер клиникалық психологтың немесе психотерапивтің жетекшілігімен терапиялық сеанс кезінде немесе клиенттің күнделікті іс-әрекетінде қолданылады.Соңғы жағдайда тәсілдер жеңіл есте сақталып, қайталама стресстік жағдайларда қолданылуы тиіс.Олар екі түрлі болады.Бірінші тәсілге ойды бөлетін тәсілдер.Бұл әдістің негізінде зейінді аударту принципі жатыр.Оның негізінде зейін қоршаған ортадағы белгілі-бір обьектіге немесе аөыл-ой әрекетіне шоғырланады.Екінші тәсілдер иррационалдық ойлардың эмоционалды әсерін бейтараптандыруға бағытталған.Мұндай ойлардың пайда болуының нәтижесінде клиент іштей мынадай сөз тіркестерін қайталайды: «Менің жүрегім ауырғандықтан емес, мазасыздықты сезінгендіктен жиі соғып тұр».Клиентке нақты жағдайларда өзін-өзі тыныштандыру қиын болғандықтан. осы ойларды арнайы карточкаларға жазып алып, үнемі өзімен бірге ұстап жүрген қолайлы.
Терапиялық сеанстар кезінде клиникалық психологтың қолданған тәсілдері жалған ойларды өзгерту үшін арналған.Ол жалған ойлардың логикалық негізделуін қарап, клиентке сәйкес ақпараттар беріп отырады.Клиникалық психолог және психотерапевт жалған ойларды қолдаушы ойлаудың логикасының бұзылысын анықтайды.Сонымен қатар клиникалық психолог және психотерапевт клиенттің бойында мазасыздық немесе депрессия тудыратын қате тұжырымдарды анықтауға тырысады.Век мұндай тұжырымдарды «жасырын болжамдар» немесе « негізде жатқан болжамдар» деп атады.
№ 11 дәріс
Тақырып: К.Роджерстің клиентке бағдарланған психотерпиясы
Дәріс мазмұны:
Клиентке бағдарланған психотерапияның ұғымдары
Роджерс триадасы
К.Роджерстің клиентке бағдарланған психотерпияның техникалары
Ағылшын психологы К.Роджерс “Клиентке бағытталған терапия” кітабында клиеттермен жұмыста қажетті принципиалды бағыттың негізін салды. Оның көзқарасы бойынша тұлға өзінің организміндегі туа біткен тенденцияларды өзінің даму үрдісінде басшылыққа ала отырып, шынайылықпен өзара әрекеттеседі.Адам туындаған мәселені шешу үшін және өз мінез құлқын қажетті тәсілмен бағыттауға арналған құзыреттілікке ие. Бірақ бұл қабілет адамның қарым –қатынас орнатуға мүмкіндігі бар әлеуметтік құндылықтар аймағында ғана дамиды. Клиентке бағытталған тұрғылардың негізгі ұғымдары: “Тәжірибе алаңы”, “Өздік”, “шынайы мен”, “идеалды Мен”.
“Тәжірибе алаңы”- ішкі әлемнің қабылдаушы бөлігі.Ол шынайылық болып есептелетін территория картасы. Сонықтан да адам сыртқы орта жағдайларын өзінің ішкі әлемі арқылы, өзәнәі тәжірибе алаңңы арқылы өткізеді.
“Өздік” К.Роджерс концепциясының негізгі ұғымы. Бұл құрамына, денелік, символикалық, рухани тәжірибелер енетін тұтастық.
Шынайы “мен” – адамның өзгелермен қарым-қатынас барысында олардың өзіне деген көзқарасының тәжірибесі негізінде қалыптасатын өзі жайлы пікірі.
Идеалды“мен”- адамның өз мақсаттары мен мүмкіндіктерін жүзеге асырған жағдайдағы өзін идеал ретінде елестетуі.
К.Роджерстің өз әрекетінің негізінде клиенттің тұлғасын қойды. Ол дәстүрлі психотехниканың “интерпретация”, “суггестия”, “үйрету” сияқты типтерінен бас тартып, оларды ең алдымен клиентке емес, психологтың өзіне бағытталған деп сипаттады.Роджерстің концепциясындағы коррекциялық жұмысқабағытталған “эмпатия”, “қамқорлық”, “конгруэнттілік”, “психологиялық климат” ұғымдарын қарастыруға болады.
Эмпатия – психологтың клиентке деген ерекше қарым-қатынасы. Бұл клиенттің ішкі әлемін қабылдау, жағымды жеке қарым- қатынас орнату.
Қамқорлық экзестенциализмнің дәстүрлі ұғымдарының бірі. Роджерстің концепциясында клиенттің нақты жағдайдағы ерекшелігін қабылдауды білдіреді.Конгруенттілік психологтің келесідей ерекщеліктерін көрсетеді.:
айтылған ой мен сезімдердің сәйкестігі
концепцияның инструменталдығы
шеттетілмеу
шынайылық
Психологиялық климатқа тән негізгі ұғымдардың бірі ретінде қолданылады. Ол психологтарға тұлғаның өсуіне жағдай жасайтын негізгі талап ретінде қарастырып, психологқа тән негізгі кәсіби қабілетпен сипаттады.
Түзетудің мақсаты: Клиенттің бойында өзін-өзі құрметтеу және әрекетті жүзеге асыру қабілетін қалыртастыру. Сонымен қатар өзінің жеке тәжірибесі мен уайымдарының тереңдігіне байланысты. Шынайы “менін” сәйкес қалыпқа келтіру. Ең алдымен зейін адамның проблемсына емес, оның “өздік” меніне шоғырланады. Сондықтан да психолог пен клиентттің арасында қарым-қатынас психологтың тікелей көмектесуіне емес, адамның өзі қабылдаған шешіміне байланысты проблеманың шешімін табуға негізделеді. К.Роджерс осындай атмосферны қалыптастырушы 4 негізгі талапты анықтады:
Ең алдымен психолог клиент тарапынан болатын сезімдерге қарамастан клиентпен жағымдаы қарым-қатына сақатуы тиіс Клиент психологқа сенімді болып, өзін оның алдында еркін ұстау үшін өажет болып табылады.
Элепатия- психолог клиентттің мәселесіне толықтай еніп, қоршаған әлемге клиент көзқарасымен қарауға тырысады.
Аутотивтілік. Бұнда психолог кәсіби маман маскасынан бас тартып, клиентпен ашық сөйлесуі тиіс.
Психолог клиентке проблемадан шығудың жолын бірден көрсетпеуі тиіс және оның айтқандарын интерпретациялауға асықпағаны жөн.
К.Роджерстің айтуынша адам өзі жайында шыайы ойлаудың нәтижесінде, өз проблемасының шешімін табуға қабілетті болады. Жоғарыда айтылған талаптар орындалған кезде психологтардың келесідей бағыттағы үрдістерін жүзеге асыру мүмкін болады:
клиент бойынан байқалған сезімдер “менге” қатысты болып табылады және өте жақын болып орнығады.
Клиент көбінесе өз сезімдерінің обьектісін және қабылдауын анықтайды
Клиенттің м”мен” концепциясы бойынша бұрынғы кедергілерді ассимиляциялау мақсатымен қайта құрады.
Клиент өзіндік бағалаудың жағымды жағын түсінеді
Психологтың позициясы: Негізгі талаптар- қандай да бір ролде ойнап көруден бас тарту; өзбетті болу. Психологтың ең негізгі кәсіби міндеті- клиенттің өзбетімен қорғаныс механизмдерінен бас тартуға итермелейтін, сәйкес психлогиялық климатты қалыптастыру. К.Роджерс нәтижелі коррекциялық процеске қажетті “.Роджерс триадасы” деп аталатын талапты көрсетті.
клиентпен қарым –қатынастағы конгруэнттілік
клиентке қатысты жағымды бағалау
клиентті эмпатиялы қабылдау
Конгруэнтілік психологтың өзінің жеке тәжірибесін дұрыс бейнелеуді білдіреді.
Жағымды бағалау сыйластықты алипатиямен қабылдауды талап етеді.Өзге адамды жағымды бағалау үшін оның белгілі бір әрекеттері қандай сезімдер тудыратындығын тәуелсіз шешім қабылдау керек.Психлог клиенттің тұлғасын тұтастай бағалайды. Клиентке қойылатын талаптар және күтілетін нәтиже. Клиент қабылдауға келген кезде мүлдем қорғансыз, өзгелерден көмек күтетін, тұйық тұлға болуы мүмкін.Қарым қатынас орнатып, оның жағдайын өзгерту арқылы ол адам ашыла бастайды.
Техникалары: К.Роджерс өз жұмысында коррекцияның процестерінің 7 кезеңін бөліп көрсетеді:
Ішкі коммуникациялардың тұйықталуы немесе проблеманы шешуге деген ұмтылыстың болмауы.
Өзін-өзі көрсету кезеңі:Бұл клиенттің өз проблемасын еш кедергісіз көрсетіуі
Өзін-өзі ашу процесінің дамуы және клиенттің өзін барлығын қиындықтарымен қайшылықтарымен қабылдады.
Конгуренттіліктің,өзін-өзі қабылдаудың жәе жауапкершіліктің дамуы және еркін ішкі комуникациясының орнату.
Тұлғалық өзгерістер: қоршаған ортаға жән өзіне қажетті өзгерістер.Мұнда корекциялық жұмыс өз мақсатына жеткендіктен,психологтың көмегі қажет болмайды.
Роджерлік психотехникасының негізгі компоненті конгуренттілік орнату,вербализация, эмоцияны көрсету.
1.Вербализация:Бұл тәсіл психологтың клиенттен естіген хабарламалардың қайтып айтуымен сыйпатталады.Бұл қайталаудың мақсаты:клиент мәсәлесіндегі өткір тұстарды анықтау.
2.Эмоцияы көрсету.Бұл тәсілдің мәні клиент өз ойын айтуда қандай эмоцияларды пайдаланғанын психологтың айтуында .Бұл түзету процесін клиенттке төмендегідей өзгерістер пайда болған кезде аяқталды деп есептеуге болады.
өз проблемасын тиімді шеше алады.
Психологтың бейімділігі жақсарады.
өзінінің идеалды “менін” қаб ылдау шынайы бола бастады.
Жағымды өзіндік бағалаудың деңгейі көтеріледі.
№ 12 дәріс
Тақырып: Экзистенциальды психотерапия
Достарыңызбен бөлісу: |