2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.
Болашақ маман әрекеті құрамын саралау негізінде кәсіби бағыттылықта оқытудың мақсаты анықталатыны мәлім. Сондықтан кәсіби бағыттылықта оқыту әдістемелік жасау мен жетілдіру салаларында көптеген еңбектер өздеріне кәсіби әрекет құрамдарын: професиограммалар, мамандар моделдері, квалификациялық сипаттамаларды саралауларды қосады. «Мамандық моделін жасауда, біздер сонымен елеулі қасиеттерін (сапаларын) танимыз және оларды қалыптастыруға бағытталған әрекетін, яғни, оның оқыту мен тәрбиелеуге байланысты екендігін түсінеміз. Маман иесін елеулі суреттеуде және қай тілде іске асыруда, оның қандай сапаларын таңдауымызға байланысты оқу үрдісін жетілдіру мүмкіндіктері мен бағыттары анықталады» деп жазады ғалымдар Д.Б.Богоявлинская мен Н.Менчинская. Ал В.Сластенин маман моделі өзіне кәсіби бағыттылық, психология-педагогикалық және әдістемелік даярлықтарды қосады деп санайды.
2007 жылғы «Білім туралы» жаңа Заңда педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлығын дамытуда ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық және оқулықтарды, интерактивті тақтаны оқу үрдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру арқылы нысанға алынып отыр. Осы күнге дейін интерактивті тақтаны пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді жолдарын пайдалануда.
Пән бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімінң сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасы көтеру мақсат етіледі.
Қазіргі заман педагогтары тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек... Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны әлеуметтік бейімделу, орта және оның коммуникативтік сапалығына байланысты. Әлеуметтік орта-дәл тарихы бар, бұрыннан өмір сүріп келе жатқан өзіндік ерекшелігі, ережесі анықталған қоғамдық ұйым, тайпа. Қарым – қатынастағы мәдениеттілік болашақ мамандардың бойынан табылуы тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – міндетті түрде «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр - әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті және қарым – қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.
Педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталатын болсақ, оқу үрдісінде ол төмендегідей сатыдан тұрады.
Дайындық сатысы, оқыту қарым – қатынаста болмас бұрын алдын ала сөздік әрекеттерді ойша тағайындау және оны жобалау.
Бейімделу сатысы, дәл сол уақыттағы жағдайды бағалау, яғни, оқытушы аудиторияны өзіне қаратып дәл қазіргі жағдайда коммуникативтік міндет бойынша шешімін табу.
Жекелік қарым – қатынасты эмоциялық ескере отырып басқару, қарым – қатынасты тұрақтандыру.
Қайтымды байланысты сатасы,педагогикалық тиімділікті бағалау және талдау жасау.
Ең тиімдісі төртінші саты, себебі студенттермен байланыс жасау барысында сөздік қарым – қатынастың әсерінен алынған ақпаратқа жауап беріледі, дәл осы кезде оқу әрекетінің негізгі мақсатын қабылдау мен жаңа ақпаратты меңгереді.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналып, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым – қатынасты дамытады. Сөйтіп, іс - әрекет барысында тұлғаның ішкі мәдени дамуы бірте-бірте қалыптаса бастайды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлау барысында педагогика идеялары негізінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Педагогикалық техника бағыттылықпен, білімдермен және қабілеттер мен қатар педагогикалық шеберлік компоненттерінің бірі болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық техниканы меңгеруі шынайы практикада оның шеберлігін және қабілеттерінің даму деңгейін көрсетеді.
Педагогикалық техника мұғалім қызметінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы көрінісін үйлесімді біріктіретін тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикалық техника компоненттері бірнеше топтарға бөлінеді. Бірінші топ педагогтың шеберлігіне байланысты өзін-өзі басқару;
өзінің денесін иелеу (денсаулығы, шыдамдылығы, мәнерлі дене қозғалысы мен ым-ишарасы арқылы өзінің көздеген тәрбиелілік мақсатына жету);
көңіл-күйін басқару (нақты эмоционалды көңіл-күйінің жағымды түрі, теріс эмоционалды көңіл-күйді туындатпау шеберлігі);
әлеуметтік перцепция (назар аудару, елестету, әлеуметтік сезіну – басқа адамдардың көңіл-күйін анықтау және оны сезіну шеберлігі);
сөйлеу техникасы (дауыс ырғағы, демі, сөйлеу тембрі мен темпін бақылау).
Педагогика техника компоненттерінің 2-ші тобы білім беру мен тәрбиелеу процестерінде ұжым мен жеке тұлғаның өзара қимыл көзқарасының байланыс шеберлігін анықтайды.
ориентациялық шеберлік;
мобилизациялық шеберлік;
дидактикалық шеберлік;
ұйымдастырушылық шеберлік;
коммуникативті шеберлік.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына сүйенсек, білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім, білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек. Ал бұл міндетті өз пәнінің білікті маманы, кәсіби компоненттілігі дамыған, мықты шеберлігімен таң қалдырар педагог қызметкер ғана жүзеге асыра алады деген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |