Педагогика кафедрасы



жүктеу 153,41 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.11.2017
өлшемі153,41 Kb.
#1067


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ 

 (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ҮШІН) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана


1.  Курстық жұмыстың жалпы ережелері 

Курстық жұмыс - студентті өз бетімен зерттеу жұмысын орындау әдістемесіне үйретудін 

бір нысаны болып табылады. Оқу жоспарында курстық жұмысты орындау: 

- студенттің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмысын жұргізу қабілетін дамытуды; 

- ұсынылған  зерттеу  тақырыбы  бойынша  әдебиеттермен  жұмыс  жүргізу  әдістемесін 

қалыптастыруды; 

- курстық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау 

барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеруді; 

-  студенттің  өзекті  мәселелерді  іздеу  қабілетін  дамыту  жэне  алынған  нәтиженің 

теориялық және тәжірибелік маңызын түсіне білуін; 

-  жүргізілген  зерттеуді  негізге  ала  отыра  объективті,  негізді  қорытындылар  жасай  білу 

шеберлігін дамытуды қамтамасыз етеді. 

Курстық  жұмыс  өз  кезегінде  мазмұн  мен  нысанның  диалектикалық  біртұгастығын 

көрсетеді.  Мазмүн  тақырыптың  өзектілігімсн,  алынатын  мәліметтер  көлемінің 

анықтылығымен жәнс жеткіліктіл-ігімен, жұмыстың нәтижесіндегі қорытынды түйіндердің 

объективтілігімен  анықталады.  Нысан  дегеніміз  жұмыстың  материалын  мазмұндау  және 

оны рәсімдеу тәртібі мен стилі. 

Курстық  жұмысты  дайындау,  орындау  жэнс  оны  қорғау  процесі  бірнеше  кезеңнен 

тұрады: 

1. курстық жұмыстың тақырыбын тандау және бекіту; 

2. акпарат көздерін тандау және зертгеу; 

3. курстық жұмыстың мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерттеу; 

4. курстық жұмысты жазу; 

5. курстық жұмысты жазуды аяқтау және оны кафедраға ұсыну; 

6. қорғау үшін баяндама тезистерін дайындау; 

7. курстық жұмысты қорғау. 

 

2. Курстық жұмыстың тақырыбын тандау және бекіту 

Курстық  жұмыстың  тақырыбын  таңдау  кезінде  студент  курстық  жұмысты  жазу  мен 

қорғаудың  негізгі  мақсаты  -  зерттелетін  мәселелерді      шешу      бойынша    теориялық   

білімнің,  дагдылардың,  шебсрліктің  тәжірибеде  жүзеге  асырылуын  көрсету  екендігін 

ұғынуы қажет. 

Курстық  жұмыстың  тақырыбын  тандау  іс  жүзінде  қолда  бар  материал,  ғылыми 

жетекшінің кеңесі мен студенттің өзінің қалауы ескеріле отырып жүзеге асады. 

Курстық  жұмыстың  тақырыбын  студент  берілген  пэн  бойынша  кафедрада  бекітілген 

үлгілік  тақырыптардың  тізімінен  тандайды.  Егер  студент  жүмыстың  тақырыбын  өзі 

ұсынатын  болса,  бұл  тақырып  курстық  жұмыс  орындайтын  пэннің  атауына  сәйкес  келу 

керек. 

Бір академиялық топта немесе курста оқитын екі немесе одан да көп студенттерге бірдей 



тақырыпта курстық жұмысты орындауға рұқсат етілмейді. 

Курстық  жүмыстың  тақырыбын  бекіту  үшін  студент  тандап  алған  тақырыбын 

кафедрадағы  курстық  жұмыстарды  тіркеу  журналына  тіркеп,  өзінің  аты-жөні  мен  тсгін, 

таңдап алынған тақырыбының атауын және тіркеу мсрзімін көрсегіп, сонымен қатар қолын 

қоюы керек. 

 

3. Курстық жұмысқа жетекшілік ету 

Жұмысты  жазу  барысында  көмек  көрсету,  сонымен  қатар  жұмыстың  орындалуьша 

бақылау жасау үшін жэне студент материалдарды тандау, жұмысты жазу және рәсімдеуге 

байланысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін ғылыми жетекші тағайындалады. 

Студент  курстық  жұмысының  тақырыбын  бекіткеннен  кейін  ғылыми  жетекші  оған 

жалпы  сипатгағы  кеңестер  береді,  олар:  нормативтік  қүқықтық  актілермен,  арнайы 

әдебиеттермен  жэне  басқа  да  ақпарат  көздерімен  жұмыс  жүргізу  тәртібі,  курстық  жұмыс 

Мазмұнын,  яғни  Кіріспенің,  оның  жекелеген  бөлімдерінің,  қорытындының  жалпы 

мазмұнын  кұрастыру,  жұмыстың  мәтінін  басу  мен  орналастыру  тәртібі,  пайдаланылған 

кайнар көздер тізімін рэсімдеу және т.б. мэселелер бойынша ақпараттар береді. 

Ғылыми  жетекші  жұмыс  жоспары  мен  курстық  жұмыстың  бөлімдерін  негіздеуге 

қатысудан басқа: 

- курстық жұмысты дайындауға тікелей жэне жүйелі түрде жетекшілік етеді; 




- курстық жұмыстың жекелеген тарауларын дайындығы шегінде оқып тексереді; 

- студентке  материалдың  мазмұны,  мазмұндау  кезектіліп,  жинау,  жариялау,  жүйелеу 

және накты тәжірибелік материалдың әдістемслік құрылымы бойынша кеңестер береді; 

- орын  алған  сұрақтарды  студентпен  бірге  талқылайды,  косымша  эдебиеттер  мен 

жаңадан қабылданган нормативтік құкықтық актілерді пайдалануға кеңес береді; 

-  жұмыстың  орындалу  сапасын  қадағагсайды,  кажет  болған  жағдайда  оны  қайта  қарап 

өндеуге қайтарады; 

- курстық жұмысты қорғауға жіберуге рүқсат береді; 

- курстық жұмыстың қорғалуын бағалайды. 

 

4. Ақпарат көздерін тандау және оларды зерттеу 

Курстық  жұмыстың  сәтті  жазылуына  зертгеу  тақырыбына  қагысты  акпарат  көздерін 

шыгармашылық деңгсйде зерттеу әсер етеді. 

Ақпарат  көздерін зерттеуге студент  курстық жұмыстың тақырыбын тандап бекіткеннен 

кейін  бірден  кіріседі.  Бұл  жұмыс  процесінде  ол  тиісті  зерттеу  мәселесінің  қазіргі  кездегі 

жағдайын зерттеуге тиіс. 

Зерттеуге кірісуден бұрын студент пән бойынша бағдарламаларда кеңес берілген негізгі 

және қосымша әдебиеттермен танысуға тиіс. 

Сіудент  бұрын  зерттслген  және  зерттеу  жоспарланған  тақырыптардың  таңдалынып 

алынған тақырыпқа жақындыгына анализ жасау қажет.  Жинақталған  әдебиеттерді  зерттеу 

кезінде  бүл  жұмысты  бағалаудың  критериі  болып  бұл  материалды,  жұмысты  жазу 

барысында  пайдалану  табылады.  Оқулықтарды  және  мақалаларды  жинақтау  кезінде 

қалалық  кітапханалар  мен  оқу  орнының  оқу  залындағы  әдебиетгерді  жүйелі 

нұсқаулықтарды қолдана отыра жүргізулері қажет. 

Зерттеуді  энциклопедиялар  мен  сөздіктерден  бастау  қажет.  Одан  кейін  оқулықтар  мен 

монофафияларды,  сонан  соң  журнал  материалдарын  зерттеу  қажет.  Қайнар  көздермен 

танысу  кері  хронологиялық  тәртіппен  жүргізілуі  тиіс,  яғни  алдымен  соңғы  кездері 

жарияланған  мақалаларды,  одан  кейін  -  алдыңғы  жылғы,  екі  жыл  бұрынғы  мақалаларды 

қолдану керек. 

Экономикадағы  ағымдык  процестерге  байланысты  статистикалық  материалдарды  жыл 

сайын  шығатын  статистикалық  жинақтардан,  ресми  басылымдарда  жарияланған 

мәліметтерден алуга болады (мысалы, Қазақстанның Статистикалық жинагы). 

Ғылыми қайнар көздерді жинактау кезінде оларды өте көп мөлшерде жинақтамаған жөн, 

өйткені олардың көпшілігі жұмысты жазуға керексіз материалдар болуы мүмкін. 

Ақпарат  көздерімен  танысқаннан  кейін  студент  қызығушылық  туындатқан 

материалдарды  жазып  алуы  қажет,  сонан  соң  жазылып  алынған  мәліметтерді  өндеп, 

болашақ курстық жүмысыньщ фрагментін жасауы керек. 

Қайнар  коздерді  зерттеу  кезінде  студент  зерттеу  тақырыбы  бойынша  пікірталас 

туғызатын мәселелерді таба білуі қажет. Мұндай мәселелерді таба алған жағдайда әр түрлі 

пікірдегі  авторлардың  осы  мәселе  бойынша  әр  түрлі  пікірдегі  авторлардың  пікірлерін 

келтіріп,  соңында  озінің  бсрілген  мәселе  бойынша  көзқарасын  білдіріп,  баға  беруі  керек. 

Зерттеліп отырған тақырып бойынша әр түрлі авторлардың көзқарастарын келтіру және оз 

көзқарасын  білдіру  жұмыстың  сапасын  кетереді,  тақырыптың  тереңірек  меңгерілуіне 

жағдай жасайды. 

Жинақталған  қайнар  көздермен  алғашкы  танысу  студентке  тақырыптың  маңызды 

мәсслелерін  ұғынуға  және  курстық  жұмысты  жазу  бойынша  өз  қызметін  жоспарлауға 

кірісуге мүмкіндік береді. 

Студент  қажетті  қайнар  көздерді  жинактағаннан  кейін  пайдаланылатын  қайнар  көздер 

тізімін жасайды, ол ғылыми жетекшімен келісіледі. 

Қайнар  көздерге  сілтеме  жасауға  объективті  түрде  жауапкершілікпен  карау  керек, 

оларды  зерттеп,  нормативтік  құжатгардың  жекелегсн  ережелері  мен  авторлардың  пікіріне 

келісу немесе келіспеуін талдап анализ жасауы кажет. 

 

5. Курстык жүмыстын мазмұнын (жоспарын) құрастыру тәртібі 

Курстық  жұмыстың  мазмұны  (жоспары)  белгілі  бір  тәртіпте  құрастырылған  кұрама 

бөліктерінен (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және жұмыста ашылуға тиіс негізгі 

мәселелерден (бөлімдерден) тұрады. 

Уақытында  және  дұрыс  құрастырылған  жоспар  ғылыми  жетекшінің  алгашқы  кеңесі 

сияқты  ұйымдастырушы  фактор  болып  табылады,  бұл  ақпарат  көздерін,  тәжірибе 

материалдарын  дұрыс  жинауға,  курстық  жұмыс  материалдарын  кезектілігі  бойынша 

мазмұндауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  да  жоспарды  құрастыруга  студент  көп  көңіл 

белуі кажет. 




Жасалған  Мазмұнның  (жоспардың)  жобасын  студент  ғылыми  жетекшінің  танысуына 

ұсынады,  ғылыми  жетекші  қажет  болған  жағдайда  жоспарға  түзетулер  енгізуі  мүмкін. 

Жасалған  жоспар  курстық  жұмысты  дайындау  процесінде  ішінара  өзгеруі  мумкін 

(Қосымша 1). 

 

6. Курстык жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар 

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болады: 

- Титульдік бет (Қосымша 2); 

- Мазмұны (Қосымша 1); 

- Кіріспе; 

- Негізгі бөлім; 

- Қорытынды; 

- Пайдаланылған қайнар көздер тізімі (Қосымша 3); 

- Қосымшалар табылады. 

6.1  Титульдік бет 

Титульдік бет жұмыстың бірінші беті және құжатты іздеуге қажетті ақпарат көзі болып 

табылады (Қосымша 2). 

Титульдік бетте келесі мәліметтер болуы қажет: 

- жоғары оқу орнының, факультеттің, кафедраның атауы; 

- курстық жұмыстың атауы; 

- студенттің тегі, аты-жөні, тобының нөмірі; 

- ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары, лауазымы; 

- жұмыс орындалған қала және орындалу мерзімі (жылы). Титульдік бет дипломдық 

жұмыс беттерімен бірге жалпы нөмірлеу 

құрамына енеді. Беттің нөмірі титульдік бетте қойылмады. 

6.2  Кіріспе 

Кіріспеде  зерттелетін  мәселенің  қазіргі  кездегі  жағдайына  қысқаша  сипаттама  беріледі 

және  курстық  жұмыстың  тақырыбының  көкейкестілігі  талданады,  студентгің  тақырыпты 

тандау  себебі,  жұмыстың  зерттелу  деңгейі,  мақсаты  көрсетіледі,  курстық  жұмыс 

тақырыбын  ашу  мақсатында  негізгі  міндеттер  койылады.  Сонымен  қатар  жұмыстың 

кұрылымы көрсетіледі. 

«Кіріспе» тақырыбы нөмірленбейді. 

Кіріспе мәтіні бетте мазмұндалады. 



6.3  Негізгі болім 

Курстық жұмыстың бұл кұрылымдық элементін тарауларға, бөлімдерге және пункттерге 

бөлу  қажет  болып  табылады.  Бір  тараудан  екіншісіне  көшу  курстық  жұмыстың 

мазмұнымен  анықталады.  Алайда  барлық  тараулар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  жэне 

қисынды кезектілікпен берілуі қажет. 

Бірінші  тарау.  Бұл  тарау  курстық  жұмыстың  теориялық  негізі  болып  табылады  жэне 

зерттелетін  мәселенің  әдістемелік  аспектілерін  ашатын,  нақтьг  жағдайга  шолу  жасайтын, 

теория мен тәжірибеде мэселенің зерттелу деңгейін, біздің еліміз бен шетелде осыған ұқсас 

мәселелердің шешілуіне анализ жасайтын бөлімдерден (тармақтардан) тұрады. 

Студент  курстық  жұмыстагы  анализ  жасалатын  мәселелер  шешілу  үшін  қолданыстағы 

заңнаманы  жетілдіру  максатында  бұл  саладағы  өзінің  білімін,  теориялық  білімі  мен 

жинактаган  тәжірибесін  қолдана  білу  шеберлігін  корсетуі  қажет.  Сонымен  қатар, 

зерттелетін мәселелерді шешуге қажетті нормативтік құқықтық актілерге сын көзімен шолу 

жасап, оның казіргі кездегі талаптарға сәйкестігіне сипаттама беруі қажет. 

Екінші  тарау.  Екінші  таруда  зергтелетін  сұрактар  жалпы  теориялық  ережелер  мен 

тәжірибелік материалдар тұргысынан мазмұндалады. Яғни тарау тәжірибелік материалдар, 

нақты мәліметтер, есептеу-статистикалық ақпараттар, нормативтік құқықтық құжаттармен 

байланысты  жұмыстың  негізгі  идеясын  камту  керек.  Студент  жаңа  идеяларын,  алдыңғы 

қатарлы  отандық  және  шетел  тәжірибелерін  талдау  қабілетін,  жағдайды  кешенді 

анализдеуден туындайтын бағалау мен қорытындылар жасай білуін корсетуі қажет. 



Үшінші  тарау.  Бұл  тарау  курстық  жұмыстың  тақырыбына  байланысты  әр  түрлі 

мазмұнда  болуы  мүмкін,  яғни,  екінші  тарауда  қарастырылмаған  теория  мен  тәжірибе 

тұргысынан  баска  да  сұрақтар  зерттелуі  мүмкін.  Тәжірибелік  материалдарды  теориямен 

тығыз  байланыстыра  отырып  жүргізілген  зертгсулердің  нәтижесінде  зерттеу  мәселесін 

жетілдіруге  бағытталған  студенттің  озінің  ұсыныстары  мен  басқа  авторлардың  (бүл 

авторлар мен ақпарат көздеріне сілтеме жасай отыра) ұсыныстары беріледі. 

Әр тарау осы тараудың мазмұны бойынша қысқаша түйіндер жасаумен аяқталу керек. 

6.4 Қорытыңды 

Қорьггындыда  зерттеу  нәтижесінде  жасалған  негізді  түйіндер  мен  ұсыныстар  беріледі, 

сонымен  қатар  қойылған  міндеттердің  шешілу  деңгейі  көрсетіледі.  Түйіндер  курстық 



жұмыстың  мазмұнын,  маныздылығын  жэне  жұмыстың  тиімділігін  толық  сипаттайтын 

қысқа  әрі  нақты  болуы  керек.  Қорытындыда  жүмыстың  мазмұнында  бірде-

бір  рет  айтылмаган  жаңа  ақпараттар  болмауы  керек.  Қорытынды  мэтіні  2-3  бетте 

мазмүндалады. 

Түйіндер  мен  ұсыныстарды  мазмұндау  кезінде  олардын  жұмыстың  жекелеген 

бөлімдерінде  кдрастырылғанына  немесе  қарастырылмаганына  байланысты  екі  нұсқаның 

бірінде беруге кеңес беріледі. 

Егер түйіндер мен ұсыныстар курстық жұмыстың жекелеген бөлімдерінде жасалса, онда 

«Қорьггынды» бөлімінде олар тізбе ретінде дәлелдеусіз беріліп, нақты талдау жасай отыра 

курстық жәмыстың белгілі бір бетгеріне сілтеме жасалады. 

Егер  түйіндер  мен  ұсыныстар  тек  «Қорытынды»  бөлімінде  жасалса,  онда  олардың 

тізбегімен қатар, осы ұсыныстардың әр біреуінің тәжірибеде қолданылу тиімділігіне талдау 

жасалады. 

Курстык  жұмыстың  авторының  зерттеу  мәселесін  жетілдіру  мақсатында  енгізген 

ұсыныстары ерекше қоддауға ие болады. 

Осылайша,  түйіндер  мен  ұсыныстар  тезистер  түрінде  жоғарыда  көрсетілгендей 

кезектіліклен  (егер  олар  курстық  жұмыстың  белімдерінде  жасалса)  рәсімделеді  немесе 

қажетті мөлшерде талдау жасалына отыра қысқаша мазмұндалады. 



6.5 Пайдаланылған кайнар көздер тізімі. 

Бүл  тізім  курстық  жүмыстың  аягында  «Қорытынды»  қүрылымдық  бөлімінен  кейін 

бсріледі (Қосымша 3). 

Пайдаланылган қайнар көздер тізімі студенттің зерттеу жұмысын жүргізудің терендігін 

көрсетуі  кажет  және  курстық  жұмыста  сілтеме  жасалган  барлык  қайнар  көздерді  қамту 

керек. 


Пайдаланылған  қайнар  көздер  тізіміндегі  материалдар  тобына  көп  көңіл  бөлген  жен, 

ойткені  ол  тақырыптың  зерттелу  деңгейінін  терендігін  керсетеді,  курстық  жүмыс 

мэтініндегі барлық библиографиялық сілтемелерді қамтиды. 

Жұмыста әдебиеттердің бірыңғай тізімін толық  керсетуге кеңес беріледі.  Тізім міндетті 

түрде  нөмірленуге  тиіс.  Әрбір  қайнар  кез  тізімде,  оған  жұмыс  мазмұнында  жиі  сілтеме 

жасалғанына қарамастан, бір реттен артық көрсетілмейді. 

Материалдарды  орналастыру  кезінде  алфавит  бойынша  құрылатын  тәртіпті  пайдалану 

тиімді  болып  табылады,  өйткені  бұл  жағдайда  шығармалар      авторлық      кешенде   

жинақталады.        Бір  автордың  шығармалары  тізімде    шығарманың  атауының  алфавиттік 

тәртібі бойынша орналасады. 

Ресми  құжаттар  тізімнің  басында  белгілі  бір  тәртіппен  орналасады:  Конституциялар; 

Кодекстер;  Заңдар;  Президент  Жарлыктары;  Үкімет  Қаулылары;  басқа  да  нормативтік 

актілер (хаттар, бұйрыктар жэне т.б). Әр топтың ішінде қүжаттар хронологиялық тәртіппен 

орналасады. 

Шет  тіліндегі  әдебиеттер  тізімнің  соңында  казақ  (орыс)  тіліндегі  әдсбиеттерден  кейін 

қосымша алфавиттік тізім құрай орналасады. 

Әр құжат үшін библиографиялык силаттағы келесі элементтер қарастырылады: автордың 

тегі, инициалдары; шығарманың атауы; шығарманың нысаны туралы мәлімет (оқулық, оқу 

құралы, сөздік және т.б.); шығарманың шығуы туралы мәліметтер (шығу орны, баспа, шығу 

жылы); сандық сипаттама (кітаптағы беттердің жалпы саны).  



6.6 Қосымшалар 

Қосымшалар  -  бұл  қосымша,  көбінесе  аныктамалық  маңыздылығы  бар,  тақырыптың 

мазмұнын толық  ашу үшін қажетті  жұмыстың бір бөлігі.  Мазмұны бойынша қосымшалар 

әр  түрлі  болып  келеді:  негізгі  құжаттың  көшірмелері,  ссептік  материалдардан  үзінділер, 

нұсқаулар мен ережелердің жекелеген бөліктері және т.б. Нысаны бойынша олар мәтіндер, 

таблицалар (кестелср), графиктер, карталар түрінде берілуі мүмкін. 

Қосымшалар жұмыстың жалгасы ретінде оның соңгы беттерінде рәсімдследі. 

7. Курстык жүмыстың мәтінін рәсімдеу тәртіптері 

 7.1 Жалпы талаптар 

Курстық  жұмыстың  мәтіңдік  және  таңбалық  бөлімінің  беттері  А4  210  х  297  мм 

форматына сәйкес болуы қажет. 

Курстык  жұмыс  компьютер  мен  принтерді  қолдану  арқылы  баспа  әдісімен  А4 

форматындағы ақ қағаз бетінің бір жагында шегі (рамка) салынбай орындалуы тиіс. Шрифт 

- кәдімгі кегль 14, Гітез Ые\у Котап, Тітез №\



Ү 

Котап К2 түрінде болуы қажет. 

Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді ескере отыра басу керек: сол жағы 30 мм 

кем емес, оң жағы - 10 мм кем емес, үстіңгі жағы - 20 мм кем емес, астыңғы жағы - 20 мм 

кем емес. 



Курстык  жұмыстың  көлемі  иллюстрацияларымен  бірге,  қосымшаларды  есептемегенде, 

қалыпты кағаз парагындағы 25-30 бетті құрауы тиіс. 

Курстық  жұмыс  мәтінінде  азат  жолдар  нақты  керсетілуі  керек.  Азат  жолындағы  қызыл 

жолдың  келемі  1,27  см  құрауы  тиіс.  Азат  жолдар  барлық  жұмыс  мәтінінде  бірдей  болуы 

қажет.  Жолдардың  арасы  бір  жарым  интервалды  құрап,  бір  беттегі  жолдар  саны  28-30 

болуы қажет. 

Автоматты түрде сөздерді көшіру бекітілуі кажет.

 Әрбір тарау жаңа беттен басталуы керек. Бөлімдердің (пункттердің) мәінін аяқталмаған 

бетте орын қалатын болса, сол беттің бос бөлігіне басуға болады. 

Тараулардың  атауларының,  бөлімдер  мен  пункттердің  арасы  бір  интервалды;  бөлім 

(пункт) мен мәтіннің арасы бір интервалды құрауы тиіс; мәтіннің соңы мен келесі бөлімнің 

(пунктгің) арасы екі интервалды құрауы тиіс (Қосымша 4). 

 

7.2  Мәтінді мазмұндау 

Курстық жұмыстың мәтіні әртүрлі талқылауға жол берілмейтін нақты, қыска әрі айқын 

болуы тиіс. 

Курстық жұмысты басу кезінде мәтіннің бүкіл көлемінде бейненің біркелкі тығыздығын, 

нақгылығын  және  айқындылыгын  сактау  қажет.  Барлық  әріптер,  сандар,  сызыктар  жэне 

белгілер  біркелкі  қара  түсте  болуы  керек.  Басылған  мәтінге  жекелеген  сөздер  мен 

белгілерді  жазу  тек  қара  сиямен  немесе  тушьпен,  мәтін  көрінісінің  негізгі  тыгыздығын 

сақтай отыра рұқсат етіледі. Қателерді түзету тек ақ бояумен қатені ошіру жэне сол орынды 

қара сиямен немесе тушьпен тұзету арқылы жол беріледі. 

Мәтіннің мазмұнында: 

-  қарым-қатынас тілі, техниңизм, кәсіпқойлық айналымдарын қолдануға; 

- бір ұғымға әртүрлі терминдерді қолдануға; 

-  жалпыға  бірдей  бекітілген  орфография  ережелерінен  басқа  (мысалы,  Халықаралық 

сауда  палатасының  сауда  термиңцерін  Халықаралық  талдау  ережелері  -  ИНКОТЕРМС-

2000 (ІСС 560) қабылданған аббревиатурасы) қысқартьшған создерді қолдануға; 

- минус  (-)  және  плюс  (+)  математикалық  белгілерін  қолдануга,  олардың  орнына 

«минус» және «плюс» сөздерін қолдану; 

- цифрлік  мәлімегтер,  статистикалық  материалдар  мен  басқа  да  сандық  мәліметтерді 

олардың қайнар көздеріне сілтеме жасамай қолдануға рұқсат етілмейді. 

Жұмысты  орындау  кезінде  студенттің  тиянактылыгы,  жауапкершілігі  және  курстық 

жұмысты рәсімдеу ережесін сақтауы бағаланады. 

7.3  Беттерді нөмірлеу. 

Курстық  жұмыстың  беттері  араб  цифрларымен  алмаспайтын  нөмірлеу  жүйесін  ескере 

отыра  курстық  жұмыстың  барлық  мәтіні  бойында  белгіленеді.  Бет  нөмірі  теменгі  оң  жақ 

бұрышта 10 шрифтімен қойылады. Бет нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. 

Титульдік  бет  пен  Мазмүны  бет  нөмірлерінің  жалпы  санына  кіреді.  Титульдік  бетте 

нөмір қойылмайды. Нөмірлеу курстық жұмыстың екінші бетінен басталады. 

Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау) мен кестелер жекс парақтарда 

орналасып,  курстық  жұмысты  жалпы  нөмірлеу  құрамына  кіреді  (немесе  Қосымшалар 

қатарына енеді). 

7.4  Тақырып атаулары (заголовки) 

«Мазмүны»,  «Кіріспе»,  «Қорытынды»,  «Пайдаланылған  қайнар  көздер  тізімі»  курстық 

жұмыстың  құрылымдық  элементтерінің  атауы  болып  табылады.  Олар  тарау  болып 

немірленбейді.  Оларды  бас  әріптермен  жолдың  ортасына  жазып,  қою  шрифтпен  басуға 

болады, соңына нүкте қойылмайды. 

«Негізгі бөлім» құрылымдық элементі жазылмайды, оның орнына негізгі бөлімге енетін 

тараулардың атауы орналасады. «Тарау» сөзі жазылмайды. Тақырып атаулары негізгі бөлім 

тарауларының,  болімдерінің  жэне  пунктгердің  мазмұнын  қыска  эрі  нақты  көрсетуі  жэне 

бекітілген  тақырыптың  шегінен  шықпауы  тиіс.  Сонымен  қатар  бөлімнің  атауы  тарау 

атауын қайталамауы тиіс. 

Такырып атауларында сөздсрді қысқартуга, рим цифрларын, математикалық белгілерді, 

грек  әріптерін  колдануга  рұксат  берілмейді.  Егер  тақырып  атаулары  бірнеше  сөйлемнен 

тұратын  болса  олар  нұктемен  ажыратылады.  Сөздерді  көшіруге  және  олардың  астын 

сызуга болмайды. 



7.5  Тарауларды, бөлімдсрді және иункттсрді нөмірлеу Курстық жүмыстыц тараулары 

барлық жұмыс колемінде араб цифрларымен белгіленген ретгік нөмірлермен нөмірленіп 

жолдыц ортасына жазылуга тиіс. 

Бөлімдер әр тарау шегінде реітік нөмірмен нөмірленуге тиіс. Бөлімнің нөміріне нүктемен 

ажыратылған тараудың нөмірі және бөлімніц реттік нөмірі кіреді. Бөлім нөмірінің соңына 

нүкте койылмайды (мысалы - 1.1,1.2). 




Тараулар  мен  болімдер  бір  немесе  бірнеше  пункттерден  тұруы  мүмкін.  Пунктгер  әр 

бөлім  шегінде  реттік  нөмірмен  нөмірленуге  тиіс.  Пункт  нөміріне  нүктемен  ажыратьшған 

тараудың нөмірі, бөлімнің реттік нөмірі және пункггің реттік нөмірі кіреді (мысалы, 1.1.1, 

1.1.2). 


7.6 Цитаталар 

Курстық  жұмысты  жазу  барысында  студентке  кебінесе  әр  түрлі  авторлардан  цитата 

келтіруге тура келеді. 

Цитата - қандайда бір мәтіннің нақты, тура үзіндісі болып табылады. 

Цитата  мәтінмен  тығыз  байланысты  болуы  қажет  (автор  өзі  келтіріп  отырған 

анықгаманы дәлелдеуі және бекітуі тиіс). 

Сөздерді, сойлемдерді, абзацтарды жіберіп алу кеп нүктелер арқылы белгіленеді. 

Цитата  жасау  кезінде  бір  цитатаға  әр  жерден  алынған  бірнеше  үзінділерді  біріктіруте 

болмайды. Әр үзінді жеке цитата ретінде рәсімделуі керек. 

Цитаталар жасау кезінде әр цитата қайнар көзге сілтеме жасау арқылы рәсімделу керек 

(библиографиялық сілтеме). 

Цитата  жеке  сөйлем  ретінде  (алдыңғы  сейлемді  аяқтаған  нүктедеи  кейін)  бас  әріпиен 

басталып жазылуы тиіс. 

Не,  немесе,  егер,  сондықтан  бағыныңқы  шылауларынан  кейін  мәтінде  көрсетілген 

цитата тырнақшаға алынып бас әріптен басталып жазылады. 

Қос  нүктеден  кейін  келтірілген  цитата  бас  әріптен  басталып  жазылады,  егер  қайнар 

көздегі  цитатаның  бірінші  сөзі  кішкентай  әріптен  басталып  жазылса,  мұндай  жағдайда 

цитата мәтінінің алдында көп нүктелер қойылады, ал егер бас эріптен басталып жазылса 

көп нүктелер қойылмайды. 

Егер  цитата  сойлемі  толық  болмаса,  алынып  қалган  мәтіннің  орнына  көп  нуктелер 

қойылады. 

Цитата  ретінде  бір  соз  немесе  сөз  тіркесі  болуы  мүмкін.  Мұңдай  жағдайда  ол 

тырнақшаға алынып, мағынасына қарай сөйлемге орналастырылады. 

Егер  студент  автордың  ойын  өз  сөзі  арқылы  жеткізгісі  келсе,  (жанама  цитата)  оғаи 

сілтеме  жасау  арқылы  ойды  тура  жеткізе  білу  қажет  (мысалы,  авгор  бұл  туралы  былай 

жазады ...). 



7.7 Сілтемелер 

Курстық  жұмыстың  мәтінінде  барлық  қолданылған  қайнар  көздсрге  сілтеме  жасалу 

қажет.  Сілтемелсрді  құжаттың  бүтіндей  өзіне  немесе  оның  тараулары  мен 

қосымшаларына жасау керек. 

Сілтсмелерді  жасау  кезінде  теменде  керсетілген  нұсқалардың  бірін пайдалануға  кеңес 

беріледі. 

Бірінші нұсқа бойынша пайдаланылған қайнар көздерге сілтемелер шаршы жақшаларда 

беріледі.  Мысалы,  [2,  17  6.]  Бір  қайнар  көзге  бірнеше  рет  сілтеме  жасалса,  шаршы 

жақшаларда  қайнар  коздердің  реттік  нөмірінен  басқа  тиісті  беттің  нөмірі  қойылады. 

Газеттерден  алынган  ақпараттарды  пайдаланган  кезде  шаршы  жақшаларда  тек  қайнар 

көздің номірін керсетуге болады. Мысалы, [7]. 

Екінші  нұсқа  бойынша  сілтеме  белгісі  тусіндірме  беретін  сөздің  немесе  сөйлемнің 

соңында тұрады, беттің соңыңда азат жолынан басталып жазылады және негізгі мәтіннен 

сол  жағынан  жұқа  горизонтальдық  сызықпен  ажыратьшады.  Сілтеме  мәтінінің  шрифті 

кегль  10.  Барлық  сілтемелер  мен  ескертулер  өздеріне  катысты  бетте  орналасуы  тиіс. 

Сілтемеде  автордың  тегі,  аты-жөні,  қайнар  көздін  жэне  ол  басылып  шыққан  баспаның 

атауы, орны жэне шыгу жылы, нөмірі және беттің нөмірі көрсетілуі тиіс. 

Сілтемелерді  екінші  нұсқа  бойынша  рәсімдеу  студент  сілтеме  жасаған  қайнар  көзге 

байланысты: 

-  заң  актісіне  сілтеме  жасағанда  сілтемеде  оның  толық  ресми  атауын  және  ресми 

қайнар көзін керсету қажет; 

-  журнал  материалдарын  пайдалану  кезінде  мақала  авторының  тегін,  инициалдарын  

мақаланың атауын; журналдың атауын; шығу жылын; бет нөмірін көрсету қажет; 

-  оқулыққа сілтеме жасағанда автордың тегі мен инициалдары; окулықтың атауы; шығу 

қаласы;  жылы;  беті  керсетіледі.  Ұжыммен  жазылған  монографиялар  мен  мақалалар 

жинағының редакторы (жауапты редактор, редакторлар алқасы), ал мақалалар жинағында 

оның алғашқы үш авторы көрсетіледі; 

-  Интернеттен алынған материалдарға сілтеме жасалғанда Интернеттегі материалдың, 

сайтгың атауы мен материаддың рецеоциялану мерзімін қоса алғанда, толық мекен-жайын 

көрсету қажет. 



7.8  Иллюстрациялар (мәтіннін мазмұнын суретпен сипаттау) 

Иллюстрацияларды  (сызбалар,  карталар,  таңбалар,  сызбанүскалар,  диаграммалар) 

курстық  жұмыстың  олар  туралы  айтылган  тиісті  мэтіннен  кейін  немесе  келесі  бетке 

орналастыру қажет. 




Иллюстрациялар  компьютермен  орындалған,  түрлі-түсті  де  болуы  мүмкін.  Барлық 

иллюстрацияларға  жұмыста  сілтемелер  жасалуы  тиіс.  Иллюстрацияларды  араб 

цифрларымен нөмірлейді. 

Егер  бір  сурет  болса  ол  «Сурет  1»  деп  белгіленеді.  «Сурет»  сезі  және  оның  атауы 

жолдыц ортасына орналасады. 

Иллюстрациялардың  қажетінше  атауы  және  түсіндірме  мәліметтері  (сурет  астындағы 

мәтін)  болуы  мүмкін.  «Сурет»  сезі  жэне  оның  атауы  түсіндірме  мэліметтердің  соңына 

жазьшады. Әр қосымшаның иллюстрацияларын латын алфавитінің жекелеген эріптерімен 

немірлейді. Иллюстрацияларға сілтеме былай жасалу керек «... 2-ші суретке сэйкес...». 

Сурет пен мәтіннің арасы 2 интервалды кұрайды («бос жол»). 



7.9 Кестелер 

Кестелер  сандык  материалдарды  рәсімдеу  кезінде  қолданьшады.  Олар  жеке  парақта 

немесе  мэтінде  орындалады  жэне  олар  туралы  алғаш  айтылган  мәтіннен  кейін 

орналасады. 

Әрбір  кестенің  атауы  болуға  тиіс,  олар  кестенің  үстіңгі  жағында  ортада  орналасады 

және  бас  әріптермен  жазылады.  Кесте  атауьшың  асты  сызылмайды.  Кесте  атауының  оң 

жагында 

«Кесте» 


сезі 

жазьшады 

жэне  оның  немірі  көрсетіледі.  Кестенің  нөмірі  тараудың  немірінен  және  кестенің  реттік 

номірінен тұрады, мысалы «1.3 Кесте». 

      Егер  жұмыста  бір  ғана  кесте  болса  ол  нөмірленбейді,  «Кесте»  сөзі  жазылмайды. 

Кестенің  бір  бөлігін  басқа  бетке  көшірген  кезде  астыңғы  горизонтапьдық  сызық 

көшірілмейді,  келесі  бетте  кестенің  үстінде  -Кесте  жалғасады  -  деп  жазылады  (кестенін 

нөмірі көрсетіледі). 

     Жұмыста барлық кестелерге сілтеме жасалу қажет, мысалы «... 2.3. кестесінде...». Егер 

кестенің  кез  келген  торында  сандық  немесе  өзге  де  мәліметтер  келтірілмесе,  оған 

сызықша койылады. Кестелерді толтыру шрифті - кегль 10-12 болуы тиіс. 

      Егер  кестеде  көрсетілген  барлық  көрсеткіштер  бірдей  бірлікпен берілсе,  оның  белгісі 

кестенің астында оң жағында беріледі. 

7.10  Ескертулер 

      Егер  жұмысты  жазу  барысында  мәтіннің,  кестенің  немесе  таңбалық  материалдың 

мазмұнына  түсіндірме  немесе  анықтамалық  мәліметтер  қажет  болған  жағдайларда 

ескертулер пайдаланылады. «Ескерту» сөзі азат жолдың басына бас әріптсрмен жазылады, 

бірақ асты сызылмау керек. 

      Ескертулерді  мәтіндік,  таңбалық  материалдың  немесе  ескерту  тиісті  кестенің  астына 

орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, 

ескерту  мәтіні  жазылады.  Бір  ескерту  нөмірленбейді.  Бірнеше  ескертулер  араб 

цифрларымен нүкге койылмай нөмірленеді. Кестеге арналган ескерту кестенің аяқталуын 

білдіретін сызықтың астына орналасады. 



7.11  Қосымшалар 

     Әр  қосымша  жаңа  бетген  басталады  және  эр  беттің  реттік  номірі  болады.  Жұмыс 

мәтінінде әр қосымшаға сілтеме жасалуы тиіс. Қосымшалар курстық жұмыстың мәтінінде 

жасалган сілтемелердің ретімен орналасады. 

     Әр  қосымшаны  жаңа  беттен,  беттін  оң  жақ  шетінде  «Қосымша»  сөзін  керсете  отыра 

бастау керек (мысалы, Қосымша 1). Қосымшаның атауы болу керек. 

 

8. Жұмыстың аякталуы және оны кафедрага ұсыну 

      Курстық  жұмыс  ғылыми  жетекшіге  оның  рәсімделуінің  дұрыстығын  соңғы  рет 

қарауына және сынақ аптасынан 10 күн бұрын ұсынылуы қажет. 

      Егер  ғьшыми  жетекші  курстық  жұмысты  тексеру  барысында  ескертулер  табылса, 

жұмыс  студентке  ондағы  ескертулерді  жоюға  кайтарылады.  Егер  студент  ескертулерді 

түсінбесе  ғылыми  жетекшіге  сұрақтар  қоюы  қажет.  Студент  жұмысқа  түзетулер 

енгізгеннен  кейін  оны  тағы  бір  рет  оқып,  ондағы  түзетулерден  пайда  болған 

қисынсыздықтарды жойып, грамматикалық қателерін тексеру кажет. 

      Курстық жұмыстың соңында пайдаланылған қайнар көздер тізімінен кейін студенттің 

қолы, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі (күні, айы және жылы). 

  Курстық жұмыс папкаға тігіліп бір данада кафедраға тапсырылады. 

Ғылыми  жетекші  курстык  жұмыстың  соңғы  нұсқасын  тексергеннен  кейін  титульдік 

бетке  курстық  жұмысты  қорғауға  жіберетінін  немесе  жібермейтінін  бекітетін  қолын 

қояды. 


 

 



9. Курстық жұмысты корғау тәртібі және оны бағалау 

Курстық  жұмысты  корғаудың  мақсаты  болық  автордың  жұмыстың  тақырыбын  ашу 

денгейін,  мәселені  зсргтеудің  өздігінен  жүргізілуі  мен  терендігін,  түйіңдер  мен 

ұсыныстардың негізділігін аиықтау табылады. 

Курстық  жұмысты  қорғауға  студент  мұқият  дайын  болуы  керек:  ол  баяндама  тезисін 

кұрастырады,  қажеттігінше  илюстрациялық  материалдарды  (кестелер,  сызбанұсқалар, 

диаграммалар жәнс т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде курстык жұмыста мазмұндалған, 

теориялық  және  тәжірибелік  маңызы  бар  жұмыстың  ерекше  мәнді  ережелерін 

мазмұндайды.  Баяндама  тезистерін  дайындауды  студент  курстық  жұмысты  кафедраға 

ұсынғаннан бірден бастауы қажет. 

Курстық жұмысты қорғау кезінде студент курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін 

қыскаша,  айкын  әрі  накты  сипаттайды,  оның  маңызды  ережелерін  мазмұндайды,  өзінің 

жасаған  түйіндері  мен  ұсыныстарын  талдайды,  яғни  дәлелдейді.  Басқаша  айтқанда, 

курстық  жұмысты  қорғау  барысында  студент  курстық  жұмысты  жазу  кезінде  өздігінен 

зерттеу аркылы алынған нәтижелерді ауызша дәлелдеуі қажет. 

Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтьш уақыт беріледі. 

Студентке  ғьшыми  жетекші  мен  қорғауға  қатысушы  кез  келген  адам  сұрақтар  қоюы 

мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек. 

Курстық  жұмысты  қорғаудьщ  нәтижесін  ғылыми  жетекші  «өте  жаксы»,    «жақсы»,   

«қанағаттанарлық», 

 

«қанағаттанарлықсыз» 



деп 

бағалайды.  

Он  бағалар  («өте  жақсы»,  «жақсы,  «қанағаттанарлық»)  оку  пән;  бойынша  емтихан 

ведомостіне; жэне студенттің сынақ кітапшасына қойылады.  

Курстық  жұмыс  бойынша  қойылған  баға  студентке  қорғаудан  кейін  бірден 

жарияланады. 

Курстық  жұмысты  қорғағаннан  кейін  оң  бағаны  жоғарылату  мақсатында  қайта 

тапсыруға рұқсат етілмейді. 

«Қанағаттанарлықсыз» баға алган студенггердің қайта тапсыруы институгғың деканаты 

бекіткен мерзімдерде жүзеге асырылады. 

Ғылыми  жетекші  қайта  тапсыру  кезінде  студентке  сол  курстық  жұмысты  өңдеуді 

немесе жаңа курстық жұмысты жазуды бекітеді. 

Оку  проңесінде  жазылатын  барлық  курстық  жұмыстардың  бағалары  студентке 

институтты тамамдауда берілетін дипломына қосымша ретіндегі анықтамаға енгізіледі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Қосымша 1 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі  

Еуразия гуманитарлық институты  

Педагогика  кафедрасы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

(жұмыс тақырыбының атауы) 

Орындаған: 

бөлімнің 

тобының студенті 

тегі, аты-жөні 

Ғылыми жетекшісі: 

(оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі атағы) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 20___ 

 

 



 

 



Қосымша 2 

 

Пайдаланылған қайнар көздер тізімі 

 

1.  Комплексная  программа  воспитания  в  организациях  образования  Республики 



Казахстан.- Астана, 2000. 

2.   Концепция воспитания детей дошкольного и школьного возрастов в Республике 

Казахстан. – Алма-Аты, 1995. 

3.  Подласый И.П. Педагогика М. “Владос”, 2000. 

4.  Харламов И.Ф. Педагогика. М.: Просвещение, 1999. 

5.  Психология  и  педагогика.  Учебное  пособие.  /Под  редакцией  К.А.Абульхановой, 

Н.В.Васиной, Л.Г.Лаптева, В.А.Сластенина. – М., 1998. 

6.   Бордовская  Н.В.,  Реан  А.А.  Педагогика.  Учебник  для  вузов.  С.-П.,  М.,  Харьков, 

Минск, 2000. 

7.  Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе: 

Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Владос, 2001 

8.  Хмель  Н.Д.  Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.-  Алматы:  

Мектеп, 1991. - 134с. 

9.  Попона Н.И. Школа жизни. -М.: Педагогика, 1984. -173с.  

10.  Жанпеисова  М.М.  Модульная  технология  обучения  как  средство  развития 

ученика. — Алматы: РИК Казахской академии образования им. Алтынсарина, 2001. - 154 с. 

42 

11.  Беспалько  ВП.  Слагаемые  педагогической  технологии.  -  М.:  Просвещение, 



1989,- С.3-115.  

12.  Галиев  Т.Т.,  Куттыкужанова  З.А.  Технология  обучения  на  основе  системного 

подхода. Сборник научно-методических трудов. Шымкент: ШГПУ, 1999. -46 с. 

13.   Байкова  ЛА.  Педагогическое  мастерство  и  педагогические  технологии.  -  М.: 

Академия, 2000. - С.3-15.  

14.  Волошин  В.О.  Актуальные  вопросы  педагогической  технологии  и  качества 

учебного процесса. — Алматы: Рауан, 1990. - С.242-245  

15.  Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии».  -  М.:  Народное 

образование, 1998. - 253с.  

16.  Рувинский  Л.И.  Учителю  о  педагогической  технологии.  -  М.:  Высшая  школа, 

1989. - С.32-54  

17.   Тихонова  М.А.  Современные  педагогические  технологии.  -  М.:  Логос.  1999.  - 

С.45-52  

18.  Бояркин  Г.Н.  Современное  образование:  управление  и  новые  технологии.  — 

Омск: ОГНУ, 2000. - С.32-38  

19.  Шиянов Е.Н., Смирнов С.А. Педагогические теории, системы, технологии. - М.: 

Академия, 2003. - С.422-481.  

20.  Левитес  Д.Г.  Практика  обучения  :  современные  педагогические  технологии.  — 

Мурманск: Знание, 1997. - С.42-78  

21.  Выготский Л.С. Проблемы психологического развития ребенка. М.: Изд-во АПН 

РСФСР, 1985 

22.  Мясищев  В.Н.Основные  роблемы  и  современой  состояние  психологии 

отношений человека // Психологическая наука в СССР.- М.: 1960.- 104 с. 

23.  Рубинштейн Л.С. Проблемы общей психологии. – М., Педагогика, 1989 

24.  Божович  Л.И.  Избранные  психологические  труды.:  Проблемы  формирования 

личности.- М.: Международная пед.академ., 1995.- 209 б. 

25.  Керимов Л.К. Керімов Л.К. “Қиын оқушылар мәселесі”. Алматы, 1991 

26.  Рояк  А.А  Проблема  социальной  изоляции  детей.  //Вопросы  психологии.  1996г 

№3 101б.  



27.  «Психология» Словарь /Под общ.ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. – М.: 

Политиздат, 1990. – 65 б.  

28.  Рубин К. Әлеуметтік изоляция. М., 1998., - 502 б. 

29.  Гуттел  Г.,  Шейдер  Р.  Смирнова  Е.О.  Теория  изоляции:  концепция  и 

эксперимент. // Вопросы психологии 1995. №3. 

30.   Майерс Д. Социальная  психология. –СП б., 2000- 43 с. 

31.   Немов Р.С.Психология. 1-2 кн. –М., 2001- 82с. 

32.   Сәбет Бап-Баба.  «Жантану негіздері» Алматы, 2003.- 34б. 

33.   Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе. – Алматы, 2000- 51б. 

34.   Жарықбаев  Қ.  Жүсіпбек  Аймауытұлының  психологиялық  көзқарастары.  2000- 

56 б. 

35.   Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы, 1996 – 48 б. 



36.   Возрастная и педагогическая  психология: Хрестоматия. –М., 2001- 127 с. 

37.   Гальперин П.Я. Введение в психологию. Р.-на – Дону. 1999- 65 с. 

38.  История Казахстана с древнейших времен. В 5-ти томах, Т1-3 .А. 1996-2010. 

39.  История Казахстана. Очерки. -  А., 1993. 

40.  История Казахстана. Народы и культуры. А. 2001. 

41.  Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Казахстан.  Летопись  трех  тысячелетий.    А. 

1992. 

42.  История Казахстана с древнейших  времен до наших дней. 



43.  История Казахстана. – Алматы, 2009. 

44.  Шеретов С.Т. История Казахстана 1985-200З.  А. 2004. 

45.  Большой атлас истории и культуры Казахстана. Алматы, 2008.  

46.  Назарбаев  К.А.  Послание  народу  Казахстана    «Стратегия  Казахстан  –  2050. 



Новый политический курс состоявшегося государства». 

 

жүктеу 153,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау