Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.
Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында тиімді нәтижеге жетуінде көрінетін, балаларды үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек.
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру;
Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы;
Педагогикалық шеберлiк - кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттердің комплексі. Оның элементтері: гуманистік бағытталғандығы; кәсіптік білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника.
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
Педагогикалық шеберлік - өз жұмысын жетік білетін және балаларды жақсы көретін әрбір педагогқа тиімді жоғары әрі тұрақты жетіліп отыратын тәрбие мен оқудың өнері
Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті деп бөлуге болады.
Педагогикалық шығармашылық - саналы және интуициялық интеграция үрдісі, сондықтан оқытушымен педагогикалық суырып-салмалылықтың игерілуі маңызды технологиялық сәттердің бірі болып табылады.
Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.
Педагогикалық ықпал етудің тәсілдері – бұл тәрбие әдісін толықтырып, тәрбиеленушінің тәртібін реттейтін тәсілдер
Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби бағытының қалыптасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.
Рефлексия – ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, адам танымының өз-өзіне, ішкі жан дүниесіне, психикалық ерекшеліктері мен жағдайына бағытталуы, өз-өзіне есеп беруге бейімділік.
Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни бiлiм беруiн, тәрбиеленуiн және дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың формасы. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.
Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.
Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.
Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс:
Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б.
Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады.
Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.
Эмоционалды тұрақтылық – жеке тұлғаның ұғымы психологиялық тұрақтылық ұғымымен ерекше үйлесім табады.
Этика (әдеп) – мораль, мінезділік, олардың философиялық пән және идеологияның бір түрі ретінде қоғамдағы орны мен нормалары мен мінездік ережелірдің жиынтық жүйесі
2. «Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша дәрістер кешені.
Тақырып-1. Балаларды мектепалды дайындыққа бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Шетелдік және отандық жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциональдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдейді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес қабылданған жаңа стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және мектепалды даярлық топтарында балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың мазмұны көрсетілген.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, жалпы бүтіндей педагогикалық үрдістерге бағытталуы қажет және негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделу деңгейі бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шаралар жайлы нәтижелер жасауға болатынын сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды.
Оның қолданылуын қажет ететін негізгі мынандай мәселелерді атап көрсетуге болады:
І. Психологиялық-педагогикалық үрдістегі диагностика негізінде мектепке даярлықты қалыптастыру. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үнемі оқу үрдісін бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты немесе жеке баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы және нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс.
П. Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың алғы шарттары мен дамуының жеке ерекшеліктерінің диагностикасы. (балаларды бағалау). Тәрбиешілер мен мұғалімдер өз уақытында өздері балалардың даму деңгейін үнемі бағалап отыруы қажет.
Ш. Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және оларды түзету жұмыстары дамуда артта қалудың екі негізгі түрі ерекшеленеді: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары мен байланыстары және клиникалық психологиялық немесе медициналық диагностиканы, терапеяны қажет ететін, негізінде дені сау балалардың дамуындағы жағымсыз сыртқы немесе ішкі міндеттермен байланыста уақытша артта қалуы және жағымсыз мінез-құлықтары. Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті шешу қажет: ерекше педагогикалық шараларды қажет ететін жағымсыз мінез-құлықтарды түзету жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту тенденциясы байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға қатысты шешімге келу мақсатында диагносикалау мен артта қалу профилактикасы мақсатында дамудың жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу.
Психологтар өздерінің үйрету диагносикасының жұмыстарын саналы түрде, Л.С.Выготскийдің «үйрету кезінде баланы зерттеу» деген принципіне сүйеніп, оны психодиагностиканың тіліне аударғанда, «оның үйретуін талдап, баланы диагностикалау» дегенді білдіреді, яғни даму немесе үйрену үрдісін модельдеу және үйрету барысында талдау. Оқу әрекетінің диагностикалық талдауында екі аспект бар: қабілеттілік аспектісі және ұғыну аспектісі. Алдын-ала және соңғы тесттерді қолданып оқуға кетірген тырысуларын салыстырып және осылардан алынған жетістіктерден нәтиже шығарып, баланың интелектуалды қабілеттілігін білуге болады. Үйрету диагностикасы екі бағытта дамуы керек: әр түрлі заттарды ұғынуға қолданылатын үйретуді шығаратын әдістерді өңдеу керек және сонымен қатар, тек баланың оқуға деген интелектуалды қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге оқудың мотивациясын, араласа істеуін және т.б. ұғыну қабілеттілігін диагностикалауға болатын әдістерді қолдану. Осылармен бірге (баланың білімді ұғып алуының жеке ерекшеліктерін, ептілігін және т.б.) оқыту үрдісінің өзін адекватты бейнелей отырып әдістерді өңдеу керек. [2]
С.Л.Рубинштейн және оның шәкірттері, ойлау психологиясына байланысты ойларын эксперименталды зерттеулерінде көрсете білді. Осындай диагностика балалардың мектептегі оқуға бейімделуінің потенциалды мүмкіндігін, сол сияқты оқу мәліметін жеке ұғып алу қасиетін көрсете білу керек, өйткені оны үйретуге таратқан тырысуларын, сонымен бірге, баланың жеке басын дамыту кезіндегі мақсатында көрсеткен көмегі туралы да пікір айту үшін, осындай тәсілдермен диагностикалаудың жаңа аспектілері пайда болады. Іздену экспериментінің өту барысында үйренудің тесттегі қосымша, мектепке баратын балада үйрену фазасындағы өзгергіштіктердің өлшемдерінде, алдын-ала және соңғы зерттеу тесттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткіш байқалады. Түзету шараларын дұрыс таңдаудың маңызды алғы шарты, жағымсыз мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын психодиагносикалық тұрғыда анықтау болып табылатынын айтты. [3]
Оқуға бейімделу үрдісінің тиімділігін диагностика негізінде салыстыру оқу үрдісіне бейімделу, оқу бағдарламасының өту барысының орындалу нәтижелері жалпы тиісті ақпараттарды қажет етеді. Осындай ақпарат оқу үрдісімен басшылық жасайтын, педагогтарға, кеңесшілерге (әдіскерлерге), балабақша меңгерушілері мен мектеп директорларына қажет. Олар балалардың оқуға бейімделуін, мектептегі жағдайға баланың қалыптасуын салыстырудың стандартты тәсілдерін жасауға тиіс, ол өте маңызды міндет, оның шешімі жолында психологтар мен оқытушылар және әдіскерлермен бірге жұмыс жасау қажет.
Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар.
1. Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі жіктемесі сапалы белгілер бойынша жүргізіледі. Мысалы, «дене шынықтыруға қызығушылықтарын», «музыкалық қызығушылықтарын», «математикалық қызығушылықтарын» дифференциялауға болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары айқын көрінетін болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі.
2. Рангілі шкалада, топтар мен сыныптарды иерархиалық баспалдақтар бойынша орналастыруға болады, мысал ретінде бағалар шкаласын келтіруге болады. Рангілі шкалада шкалалардың жеке мағаналары арасындағы арақашықтықтар бірдей болмауы мүмкін, сондықтан оқушының үлгерімінің жақсаруына психометрия тұрғысында орта бағалар және орта баға көмегімен түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді.
3. Интервалдар шкаласында тек сандық топтастыру ғана бола алады, өйткені шкала мағыналары арасындағы ара қашықтықтарды өлшеу сәйкес бірліктерімен анықталады. Мұндай шкалалар психометрикалық деп те аталады. Ең танымал интервалдар шкаласы, ол бағалаудың стандартты шкаласы болуы мүмкін, мысалы, педагогтар практикасында психометрикалық тұрғыда сенімді мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз кездеседі.
4. Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол пропорционалды шкала болып табылады. Интервальдар шкаласына қарағанда ол тіпті нолге тең. Мысалы, бойды өлшеу, шкалада нолге тең болса да, бірақ бойы нолге тең адам болмайды. Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау, оның зерттеуінің әдіснамалық қиындықтары мен проблема сипаттамасына байланысты.
Диагностикалық әдістерді құрау мүмкіншілігіне өлшеудің бара-бар стандартты шкалаларын қолдану қажет. Психометрикалық шкалаларды жасауда, балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру қажет.
Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің психикалық жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. Педагогикалық диагностика бөлімінде әрбір диагноз мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:
а) мектепке баратын балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының дамуының актуалды деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден;
ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;
б) алдыңғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден (даму детермикациясы);
в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер аспектісі).
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, мектеп жағдайларына жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың оптималды дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагносика педагогикалық үрдістермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық диагноз негізінде құрылатын мектепке баратын балалар дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жауапкершілікті болады.
Психологиялық диагностика – жеке баламен немесе топтың психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау үшін теорияны, әдістемені және әдісті қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың объектісі ретінде психология балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық үрдістерге дейін болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепке баратын балаларға, мектептегі жағдайларға сәйкес мынандай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет:
- мектепке баратын балалардың психологиялық (танымдық, интелектуалды және т.б.) дамудың динамикасын зерттеу. Әр бала үшін жылдық немесе айлық дамудың көрсеткіштері кіретін психодиагностикалық карта болуы керек.
- әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке ерекшеліктерін, орта стандарттан, нормадан, жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын анықтау.
- Мектепке баратын балаларға, мектептегі оқуға бейімделудің және тәрбиелеудің жетістіктерін анықтау мақсатында, практикалық мінездеменің негізінде, дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету.
- балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігін, бейімделуін және қалыптасуын анықтау, олардың өз уақытында дамуына шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі.
- балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдістерді таңдап алу мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының күйі туралы жан-жақты хабардар болуы қажет.
Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.
Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.
Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.
Психодиагностиканың негізгі құралы – тесттер. Олардың көптігіне байланысты, мынандай негізгі бөліктерге бөлінеді: жеке және топтық (ұжымдық), вербальды және вербальды емес, сапалылығы мен саны, альтернативті мен градуальды, жалпылама және арнайы тестер. «Тест» ағылшын тілінен аударылған мынандай мағананы білдіреді: «тексеру», «сынау», «сыналу».
Интеллект тесттерінің арасында өз уақытында әйгілі Стенфорд шкаласы қолданылды. Сонымен бірге, Д.Векслер шығарған шкалалар кеңінен пайдаланылды. Бұл шкалалар әртүрлі жастағы балаларға арналған, олар жеке қабілеттерді және оның ұқсастығына, арифметикалық әрекеттердің шығарылуына, вербальды есептерді шығаруға, сонымен бірге, есте сақтауға, аяқталмаған суреттерді аяқтауға, конструкциялауға бағытталған. Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға Д.Векслердің шкаласы көп қолданылады. Балалардың үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы, көптеген психологтардың мәліметтерінен оқудың табыстылығын алдын ала білуге болады.
Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды.
Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.
Тақырып-2. Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау.
Мектепалды даярлық бойынша қарастырылатын мәселелер: мектепалды жасындағы оқыту процесс балабақшадағы дидактика ілімінң калыптасуы (П.Ф. Каптерев, Е.И. Тихеева, Р.С. Буре, В.Г. Нечаева, Г.Н. Година, З.И. Истомина, Н.К. Крупская, Е.А. Флерина, Т. Подьякова,т.б.). Мектепалды топтары мен сыныптарында балаларды оқыту ерекшелштері, оқыту мазмұны, әдістері, принциптері. Окытудың негізгі формасы-сабақ. Оқыту технологияларын қолдану жолдары. Аталған топтардағы окыту мен тәрбиелеу бағдарламаларына көңіл бөлу. Баланың мектепке жалпы дайындығы - бұл, физиологиялық, психологиялық тұрғыдан адамгершілік, ерік-жігерінің және денсаулығының қалыпты жағдайда болуы. Баланың жалпы дайындығы дұрыс болмаса оқуға құлқы болмайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіріледі. Баланың психологиялық дайындығы - оку түрткісінің (мотивінің) қалыптасуына байланысты болмақ. Негізгі түрткілер ішінде оқу түрткісі, яғни менің көп білгім келеді, оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйренгім келеді деген ең маңызды мәселелер қалыс қалып кояды. Мұндай түрткілер баланың психологиялық тұрғыдан дайын болған кезде ғана көрініс береді. Бұл түрткілер бірден пайда болмайды, біртіндеп қалыптасады. Олар танымдық қызығушылығы берік бола бастағанда, жаңа білім негіздерін қабылдағанда пайда болып, үлкендердің мадақтау, бағалауы нәтижесінде бекітіліп отырады. Баланың арнайы дайындығы - бұл, алғашқы білім-білік дағдыларымен қарулануы, яғни 6ipiнші сыныпта берілетін білім мазмунының қарапайым білім негіздерімен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзак та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.
Баланың мектепте оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оку пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.
Дене дамуы — бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т. б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.
Психологиялық даму алдымен интеллектуалдық даму дәрежесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді. Бұл білім мөлшері балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген. Мектепке дейінгі балалардың жеке деректерді емес, мектептегі пәндік оқытуды енгізуге негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін меңгеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан оқу тілегін калыптастыру үшін негіз болып табылады.
Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті — адамгершілік- ерік дайындығы. Оку іс-әрекеті еркін ықылас коюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез-кұлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. Адамгершілік- ерік дайындығы деген ұғым сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды.
Бала мектептегі жаңа іс-әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс.
Балалар бақшасының балаларды мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың мектепке дайындайтын тобына кешуінен көп бұрын басталады. Балалар бақшасының оку-тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Мектепке дайындайтын топтың басқа топтардан айырмашылығы —балабақшасындағы тәрбие бағдарламасында көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады.
Мектепке дайындайтын топта балалардың күн тәртібін мүлтіксіз орындауға қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына барып жүрген болса, оларда күн сайын белгілі бір уақытта белгілі бір қызмет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
Тәрбиешінің басты міндеті — тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауда бақылау мен балаларға көмекті күшейту, әрбір баланың алдына қойылған мақсатқа міндетті түрде жетуін талап ету. Мектепке дайындайтын топта олардың іс-әрекет мазмұнын қиындату оны жүзеге асырудың неғұрлым жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс.
Мектепке дайындық тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін кажетті білімнің, іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қараумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды негізі болып табылады.
Оку іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып оқушысы күнінің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи ма немесе алғашқы коғамдық тапсырманы орындай ма — бәрінде де дербестік көрсету қажет болады. Таңертең ол өзі гимнастика жасайды, мектепке керекті нәрсенің бәрін алуды ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте кажет. Бірінші сынып окушысы өзінің жұмысын жоспарлай және бақылай білуге, өзінің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешкен кезде үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға тиіс. Мектепке дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар белгілейді.
Мектепке дейінгі балада жеті жасқа қарай іс-әрекеттің жекелеген түрлерінде дербестік көрсетудің белгілі тәжірибесі қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет көрсетуде, табиғаттағы еңбекте дербестік дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал осы сапаның оқу және ойын кызметіндегі дамуы бұрынғысынша тәрбиешінің назар аударуын талап етеді.
Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды тәуелсіз орындай алатын болуға: кітаптарды жөндеу үшін құрбыларын ұйымдастыра білуге, серуендеу кезінде тәрбиешінің көмекшісі ролін атқаруға, қимыл ойындарын өткізуге т.б. істей білуге тиіс. Егер балаларды даярлап, қалай істеу керек екенін көрсетіп, айтып берсе, олар мұндай тапсырмаларды әбден орындай алады. Тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін баланы мадақтап қою қажет.
Балалардың тәуелсіздігін дамытуға басшылық жасай отырып тәрбиеші оларды алға қойылған міндетті ескертусіз, көмексіз және бақылаусыз шешуге, орындайтын жұмысына саналы қарауға, өз іс-әрекеттерін байқай білуге үйретеді.
Тәуелсіздікті дамыту іс-әрекет мотивтерін қиындата беруге байланысты. Мектепке дайындайтын топта бұл мотив, мысалы, баланың, тәрбиеші үйреткеніндей, суретті жақсы салып қана қоймай, сонымен бірге жоғары баға алғысы, міндетті дұрыс шеше білетіндігімен көрінуі мүмкін.
Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру іс-әрекеттің барлық түрінде де тәрбиешінің басшылығымен. жүзеге асырылады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки, велосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі топтарының қатысуын талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді.
Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының осы түрлерін меңгерсе, спорт ойындары мен сауықтарын жақсы көріп кетсе, бұл мектеп жылдарында да оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады. Бұл әрі ой еңбегінен тынығуының, ағзаны одан әрі сауықтырудың құралы болып табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлеріне үйрету жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің т.т. техникасын және, әрине, балаларға сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді.
Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды роль атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұскауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бакылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қамқорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына кояды. Бірте-бірте оқыту процесінде балалардың бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста окытудың көрнекі әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады: тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады. Мәселен, үлгі нұсқаны көрсету бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін, оның есіндегі, елесіндегі бейнені ояту үшін пайдаланылады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың ауызша әдістерінің (тәрбиеші әңгімесінің, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесудің т.б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек. Педагог ауызша әдістерді таңдап алуға, оларды басқа (көрнекі, практикалық) әдістермен дұрыс ұштастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым пәрменді етуге, ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады.
Мектепке дайындайтын топта ойын тәсілдері өз маңызын сақтайды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын формасында қойылған оқу міндеті балаға білім алу мақсатын түсіндіріп, баланың ерікті ықыласын арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным ынтасын дамытады.
Мектепке дайындайтын топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың өз құрбыларымен және ересектермен өзара қарым-қатынасын қалыптастыру бағдарламасы күрделене түседі, азаматтық сезімдер тәрбиелеу жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Баланың адамгершілік тәжрибесін қалыптастыра отырып, тәрбиеші олардың мінез-кұлық нормалары мен ережелерін түсінуіне көбірек сүйенеді, адамгершілік тұрғысынан пайдалы істерге жаттықтырады, күнделікті накты жағдайларда этикалық міндеттерді өздігінен тәуелсіз шешуге үйретеді. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ол балалардың айналасындағы адамдармен өзара карым-қатынас жүйесін қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды.
Мектепке дайындайтын топта дүрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көп көмектеседі.
Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екенін ұмытуға болмайды. Ойындардың тақырыбы кеңейеді, ойын әрекетінің құрылымы күрделендіріледі, ойындағы байланыстардың, өзара карым-қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі.
Балаларды мектепке жан-жақты дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың жанұяда бала өмірінің дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі баланың шамамен қай көлемде білімі болуға тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, корытынды жасау қабілетін калай дамыту керек екенімен, I сыныпта баланың оку әрекетіне қойылатын талаптармен таныстырады, балалардың ой еңбегінің мүмкіндіктері, олардын еңбек нәтижелеріне көзқарасы туралы айтып береді.
Ата-аналар балаларға нені және қалай оқып беру, олардың ойындарына қалай қарау керек екенін білуге тиіс. Тәрбиеші баланың ықыласын, есте сақтағыштығын, кеңістікте бағдарлағыштығын дамытуға, сезім, ойлау, сөйлеу мүшелерін дамытуға көмектесетін, қоршаған болмыс женіндегі ұғымдарды анықтай түсуге жәрдемдесу керектігі жөнінде кеңес береді.
Педагог ата-аналарға баланың мінез-құлқына мектеп қандай талаптар қоятынын айтып береді, олардың не нәрсеге ерекше назар аударуға тиіс екенін, не істеу керек екенін, балалармен не жайлы әңгімелесеу, не оқып беру, әр түрлі өнер шығармаларын тәрбие мақсатында қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді.
Осындай жұмыстың қорытындысында ата-аналарда балаларды мектепке дайындау туралы білімдер жүйесінің қалыптасуы маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |