сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың
сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген
құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
және Еңбек
,
Конституциясын
кодексін
«Білім
,
және білім беру, дене тәрбиесі мен
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»
спорт мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология
негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда
және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды
жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібі, дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу
кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін
жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен
өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегіі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр)
немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және
кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы
әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін
консультациялар өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді
қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен
спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар: тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа
бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен
тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар
өткізуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты
нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және
балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысының болуы, балалармен сабақ
өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру
ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің
нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық
тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және
олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының
жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және
ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта
даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог
қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту
құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын
ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін
жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар
мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б. әзірлеуді,
рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның эксперименталдық жұмысының
нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі
тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша
консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша
олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың
перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы
қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты
қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б.
өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық,
ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады.
Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға,
қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама
әзірлеуге қатысады.
Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ
әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек қорғау
және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
және Еңбек
,
Конституциясын
кодексін
«Білім
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала
,
Қазақстан Республикасының заңдары
құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан
Республикасының білімін дамытудың басым бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас
ерекшелік психологиясының негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік
қамтамасыз ету принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін,
оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың
үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті нысандары мен
әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің
әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны принципін, баспалармен жұмыс