жүргізу
негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін,
аудиовизуалды және интерактивтік оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы
педагогикалық оқыту технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың
себебін диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика,
әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және
браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру
ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін,
санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр)
немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі
немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жарияланған
әдістемелік материалдарының болуы.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және жарияланған
әдістемелік материалдарының болуы.
Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк
орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Аналитикалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша
бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын зерделейді және
талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Балаларға арналған қосымша бiлiм
беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер
базасын жинап, талдайды. Балаларға қосымша бiлiм беру жүйесінде іске асырылатын
бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық,
ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк және т.б.) қалыптастырады. Республикадағы балаларға қосымша
бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.
Ғылыми-әдiстемелiк қызмет: тұлғаның даму міндеттерін шешудің озық инновациялық тәсілдерін
анықтайды және насихаттайды. Әдiстемелiк және ақпараттық материалдар, диагностика, болжау және
педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады.
Ұйымдардың эксперименталды және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдап, жалпылайды. Балаларға
қосымша білім беру ұйымдары қызметінің практикасына ғылыми зерттеулерді, алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибені талдайды және жалпылайды, педагогтердің ғылыми және теориялық
құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі типтегі бағдарламаларды (білімдік, мәдениеттік,
эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімдердің түрлерін (әдістемелік
әзірлемелер, ұсынымдамалар, құралдар және т.б.) әзірлеу технологияларын жасайды. Түрлі типті
оқу-әдістемелік өнімдерді және әдістемелік қосымшаларды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге
дайындайды. Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз
ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді басып шығаруға дайындықты жүзеге асырады. Тиісті
қызметтік бағыттары бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, оқу
құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс беру жоспарын әзірлеуге қатысады. Әдістемелік,
анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша
білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға,
қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды
әзірлеуге қатысады. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік
және отандық тәжірибе, алдыңғы қатарлы оқу және тәрбиелеу технологиялары туралы ақпаратты
таратады және жалпылайды.
Конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс және т.б. өткізу
бойынша қажетті құжаттарды
әзірлейді және ұйымдастырады. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық конкурстарға
ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді сараптама
ұйымдастырады. Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру ұйымдары, жеке
тұлғалар).
Консалтингті қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың
кәсіби дамуына ықпал етеді. Балаларға қосымша бiлiм беру оқу бағдарламаларының мазмұнын,
нысанын, әдісін және оқу құралын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне көмек көрсетеді.
Қосымша бiлiм беру саласында оқу-тәрбиенiң инновациялық технологиялары, алдыңғы қатарлы отандық
және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жалпылайды және таратады. Педагогикалық жетiстiктерді
(мастер-кластар, педагогикалық шеберлік, шығармашылық семинарлар және т.б. ұйымдастыру арқылы)
насихаттайды. Балаларға қосымша бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесін жетiлдiру бойынша ұсыныс
енгiзедi.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының
және Еңбек
, Қазақстан
Конституциясын
кодексін
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан
,
заңдарын және
Республикасындағы бала құқығы туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
басқа да білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында
бiлiм беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметі
мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас
ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін немесе қызметтік бағытын
әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру
жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібін, оқу жабдықтары мен
басқа да оқу-әдістемелік құжаттамалардың үлгілік тізбелерін, педагогикалық жұмыстың тиімді
түрлері мен мазмұнын анықтау, жалпылау және тарату әдістерін, ұйымның педагогикалық
қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктері жұмысының мазмұны және ұйымның қағидаларын,
баспалармен жұмыс негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру қағидаларын,
оқытудың аудио бейнелік және интерактивтік құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, оқытудың
қазіргі педагогикалық технологиялары, құзыреттік тәсілдерді іске асыруды, даулы жағдайларының
себептерін диагностикалау, оларды шешу және алдын алу технологияларын, экология, экономика,
әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестемен, электрондық поштамен және
браузермен, мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу негіздерін, еңбек заңнамасын, білім беру
ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін,
санитарлық ережелер мен нормаларды.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті
бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша жұмыс өтiлi кемінде 2
жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бiрiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; жарияланған
әдiстемелiк материалдардың болуы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті
бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл; жарияланған әдiстемелiк
материалдардың болуы.
Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының
орынбасары (бұдан әрі – ҚБ ОӘО)
Лауазымдық міндеттері. ҚБОӘО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады. ҚБОӘО оқу, ғылыми, әдістемелік қызметін