Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет20/31
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7985
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік, түзету-дамыту жұмыстарын талдау әдістерін меңгере

білуі, оқытудың жеке бағдарламасын жасауы және іске асыруы, шығармашылық семинарлар,

шығармашылық топ жұмыстарына жетекшілік ете білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді

пайдалануы тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі және

мұғалім лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

      Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі,

сонымен қатар жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық

технологияларды, оқу және тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын

жүргізе білуі; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырманы құруы, арнайы білім беру саласындағы

өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы, арнайы білім

беру саласындағы проблемалар бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық

білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қосымша бiлiм беру

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының директоры

      Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына

және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене

шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті

қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады. 

      Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды

дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім

беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының

және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық

кеңестің жұмысын басқарады. 

      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған

қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге

асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару

құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін

басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер

мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның

ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

      Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим,

еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық

кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби

шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды

алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты

қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы

заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

 және Қазақстан Республикасының

Конституциясы

Еңбек 

, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 



,

кодексі


кодексі

Қазақстан Республикасының 



«Білім туралы»



«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

«Қазақстан



Республикасындағы бала құқықтары туралы»



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

«Кәмелетке

толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»

Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік

құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның

ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі

әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы



педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар

үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты

ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика

жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау,

техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен

нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша

жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық

лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы

директорының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдық және перспективті жоспарларын

ұйымдастырады. Педагогикалық қызметкерлердің білім беретін оқу жоспарлар мен бағдарламаларды

орындау, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстарын

үйлестіреді. Ұйымдардағы білім беру және тәрбиелеу процестерінің сапасына және білім алушылардың

білім дайындығы нәтижелерін бағалау объективтілігіне, үйірме, секция, студия, клуб және

факультатив жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық қызметкерлердің инновациялық

бағдарламалар мен технологияларды игеру және әзірлеу жұмыстарына көмек көрсетеді. 

      Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды

ұйымдастырады.

      Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді, білім алушылар

контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын

ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін құрады. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы

жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың

біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. 

      Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсынысты енгізеді. Оқу кабинеттерін заманауи

жабдықтар комнатымен, көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру,

оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен кітапханаларды толықтыру

бойынша шаралар қабылдайды.

      Білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асырады.

Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті сақтау ережесін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті

есептерді дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

 және Қазақстан Республикасының

Конституциясы

Еңбек 


, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 

,

кодексі



кодексі

Қазақстан Республикасының 



«Білім туралы»



"Қазақстан Республикасының тілдер туралы"

"Қазақстан

 

Республикасындағы бала құқықтары туралы"



"Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке

толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»

Заңдарын және балаларға арналған қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін

анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, педагогикалық психология

негiздерiн, физиология және гигиена негіздерін, педагогикалық ғылым және практика жетiстiктерін,

экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау,

техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен

нормаларды.

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша

жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық

лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қосымша білім беру педагогы



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау