материалдарын
орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі
жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа
хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды
орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек
,
,
кодексі
«Білім туралы»
«Қазақстан
,
,
Республикасындағы бала құқықтары туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Сыбайлас
» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі
жемқорлықпен күрес туралы
жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен
психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және
практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы
заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық
ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім.
Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі (басшысы)
Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа
да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады,
оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін
бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға,
тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын
дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай
тудырады.
Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта
тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау
ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын
бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын
ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат
қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік
сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
, Қазақстан Республикасының
кодексін
кодексін
«Білім
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала
,
,
құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
«Кәмелетке толмағандар арасындағы
заңдарын, педагогиканың
құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»
және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын
анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психология, педагогикалық
ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманың
негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы
қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек
өтілі кемінде 5 жыл.
Білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу)
шеберханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу
кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен,
материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз
етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың
есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа
дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі
тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді
ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді
оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі
мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау
талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті
меңгереді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
«Білім туралы»
, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, жұмыстың технологиялық
Заңын
процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің
әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық
жетістіктерін, санитария мен гигиена негіздерін, экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің
негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке
қарсы ережелері мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білім,
тиісті бейіндегі ұйымдарда басшы лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады.
Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да
нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және
келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру –
сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің
жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру,
оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын
игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және
салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды
жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан
Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан
Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның
өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң
жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн
зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді
әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік
бейімделуін қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады
және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және
жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал
етеді.
Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және
қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға
қолғабыс етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру үшін шара
қолданады.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы
қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын