Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары



жүктеу 324,76 Kb.
бет14/50
Дата22.01.2022
өлшемі324,76 Kb.
#34628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің
үлгілік қағидалары 


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi — Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері қызметінің тәртібін анықтайды.


      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мектепке дейінгі ұйым - бұл бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, бағуды және сауықтыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымы.
      3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:
      1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
      2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
      3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;
      4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
      5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;
      6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
      4. Мектепке дейінгі ұйымдарға мыналар кіреді:
      1) бөбекжай;
      2) балабақша;
      3) отбасылық бөбекжай;
      4) санаторлық бөбекжай;
      5) «мектеп-балабақша» кешені;
      6) мектепке дейінгі шағын орталық.
      5. Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай үлгілерге бөлінеді:
      жалпы дамытушы;
      түзеу;
      құрама.
      6. Жалпы дамытушы, түзеу, құрама үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдарда топтардың толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына қарай сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асады.  


жүктеу 324,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау