"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтыру енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 12 мамырдағы № 217 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 маусымда № 15260 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі № 338
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
бұйрығына
тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1632) "Заң газеті" газетінде
жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
"4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы" деген
"Білім беру
4-тарауда
ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен
толықтырылсын:
"Шағын жинақты мектеп педагогі
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес
оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал
етеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдем
көрсетеді.
Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Пәнді
оқытудың күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне білім беру технологияларын, оның
ішінде ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағды алуларын қамтамасыз
етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен
оқу процесінің кестесіне, шығармашылық топтарға сәйкес толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз
етеді.
Ғылыми-әдістемелік және эксперименттік қызметті жүзеге асырады. Әдістемелік
бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына қатысады.
Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және біріктірілген сыныптарда
сабақ беру дағдысын меңгерген. Кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін,
олардың отбасылық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен
тәрбиелеу жұмысын жүзеге асырады.
Сынып жетекшілерімен, психологтармен және магниттік мектептің пән мұғалімдерімен бірлесіп
, оқушыларға жеке оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Сессиялық кезеңде балаларды жалпы білім беретін мектепте-ресурстық орталықта оқытудың
артықшылықтары туралы магниттік мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын
жүргізеді. Оқушылардың дамуын объективті бағалау болып табылатын сессиялық кезеңде оқу
жоспарының вариативті компонентінің сабақтарында оқушылардың жұмыстарына және портфолиоларының
жүргізілуіне бақылау жасайды.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аудандық (қалалық), облыстық, республикалық,
халықаралық пәндер олимпиадаларына, музыкалық конкурстарға, ғылыми және спорттық жарыстарға (
күндізгі, сырттан, қашықтық нысандарында) қатысуын қамтамасыз етеді.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары үшін (конкурстарға, жобаларға, интеллектуалдық
марафондарға, олимпиадаларға қатысу) оқушыларды марапаттау жүйесін әзірлейді және енгізеді.
Сессиялық кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Зерттеу
қызметінің бағыттары бойынша сессияаралық кезеңде оқушылардың зерттеу жобалары жұмыстарын
үйлестіреді. Күндізгі немесе қашықтықтан (оқушының қалауы бойынша) жеке консультациялар
жүргізуді қамтамасыз етеді.
Магниттік мектеп директорымен және директордың оқу ісі жөніндегі
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланысты жүзеге асырады. Оқу
тәртібін, сабаққа қатысу режимін қадағалайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік
техникасының, өртке қарсы қорғаныс талаптарын еңбекті қорғау нормаларын және қағидаларының
талаптарын орындайды.
Қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
,
кодексін
Кодексін
Қазақстан Республикасының "
", "
", "
Білім туралы
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы
", "
",
Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және
", "Арнайы әлеуметтік
жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
қызмет туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
", "
туралы
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
" Заңдарын және басқа да білім беруді
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді (дер)
оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, оқу кабинеттері мен қосалқы орынжайларды жарақтандыру
мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдары мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін,
құқық негіздері мен еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика мен психологияны, мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін,
экономика негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс нормалары
мен қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі) білім немесе аралас пәндер бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
білім, аралас пәндер бойынша біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы
сертификатының болуы, сондай-ақ музыка, технология, сызу, БӘД, дене шынықтыру, информатика
пәндерінің оқытушылары үшін жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз бейіні бойынша жоғары білімінің
болуы.
Орта деңгейдегі біліктілік санаты жоқ маманның техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,
орта кәсіптік) білімінің немесе аралас пәндер бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,
кәсіптік орта) білімінің, сондай-ақ, музыка, технология, сызу, БӘД, дене шынықтыру, информатика
пәндерінің оқытушылары үшін бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік
орта) білімінің болуы, жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз аралас пәндер бойынша біліктілікті
арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификатының болуы.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқыту нысандары мен
әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі,
оқу-тәрбие процесіндегі тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топтардың,
әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымдары шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің
жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыты бойынша (жаратылыстану-математика,
қоғамдық-гуманитарлық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұғалім
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық магистр дәрежесінің
болуы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін меңгеруі, оқытудың жеке
бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтар
жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі
тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бағыты бойынша (жаратылыстану-математика,
қоғамдық-гуманитарлық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұғалімдік
лауазымда жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және
мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу
әдістемелерін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе алуы, өз пәні бойынша
эксперименттік тапсырмаларды құрастыруы, білім беру саласындағы өзекті бағыттарды шешуде
шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бағыты бойынша (жаратылыстану-математика,
қоғамдық-гуманитарлық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мұғалімдік
қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және
мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар белсенді оқыту нысандары мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен
диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесіндегі тұрақты оң нәтижелермен
қамтамасыз етуі, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымдары
шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік)
білім және мұғалім лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, білім алушылармен
диагностикалық жұмыстарды жүргізе білуі, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің,
озық тәжірибелі мектептердің жұмысын басқара алуы, педагогикалық басылымдарда білім беру
мәселесі бойынша жарияланымдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік)
білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламаларын, жаңа оқу бағдарламалары мен
педагогикалық технологияларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмысын жүргізуі, өз пәні
бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу
бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік)
білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім
департаменті (З.Ә. Мақсұтова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз
басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық
құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
енгізуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі
және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
___________ Т. Дүйсенова
2017 жылғы 23 мамыр
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |