жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар
дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы
, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі
Заңын
құқықтық нормативтік актілер.
БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, запастағы
офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет.
Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша біліктілік
талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім пән
бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда.
Ескерту: жұмыс оқу жоспарының бөлігінен вариативтік курс жүргізген кезде негізгі пән
бойынша біліктілік санаты сақталады;
педагогикалық білімі жоқ тиісті бейін бойынша маман жұмыс оқу жоспарының вариативтік
бөлігін оқытқан кезде біліктілігі орта деңгейдегі мамандықтарға теңестіріледі;
жоғары әскери (запастағы офицер) білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушысының біліктілік
санаты жоғары педагогикалық білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушының біліктілік санатына
теңестіріледі.
1995 жылға дейін орта мектептің ХI педагогикалық сыныбын бітірген тұлғалар біліктілігі
орта деңгейлі маман болып есептеледі.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының
педагог-психологы
Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және
түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес
тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін
факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес
беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе
оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды
шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын
жүргізеді.
Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының
бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың
тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.
Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.
Оқушылардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескерумен білім беру қызметінің дамытушы
және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, өмірдегі әртүрлі жағдайларда
бағдарлануына балалардың дайындығын дамытуына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық
дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.
Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму
бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді.
Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін
арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының
қызметкерлеріне консультация береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңес жұмыстарына, ата-аналар
жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да
шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар.
Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру үдерісінде балалардың өмірін, денсаулығы мен
құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника
қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.
Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының
, ҚР Еңбек
, Қазақстан
Конституциясы
кодексін
Республикасының
,
«Білім туралы»
"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және
,
,
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
«Қазақстан Республикасы тіл туралы»
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа
,
Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша
қарсы күрес»
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жалпы психология, педагогикалық
психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен диференсалдық психология, балалар
мен жас ерекшелік психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар
нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия,
психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынастың
әлеуметтік-психологиялық тренингтер, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби кеңес
берудің қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуында ақауы бар балаларды диагностикалау және
түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен
ережелерін және санитарлық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті
бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын барлық талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі
жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп
жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға
қатысуы, білім беру мекемелеріндегі жетекші психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша
әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және
педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман:
біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай
болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды
атқаруы тиіс, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы керек, жетекші тәжірибені игеру бойынша
семинарларға жетекшілік етуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және
педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы маман:
біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай
болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа
психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес дайындауы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және
педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының
дефектолог-мұғалімі, логопеді
Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету
жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру
жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да
мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі
тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға
дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес
береді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы
білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби