Павлодар облысы әкімдігінің



жүктеу 282,56 Kb.
Дата09.11.2018
өлшемі282,56 Kb.
#18730
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28» шілдедегі

№ 222/8 қаулысымен

бекітілді



«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті

гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің   1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген нысан бойынша толтырылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттары мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi тiркелген күнi мен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарлама дайындайды - 7 (жеті) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні.

Көрсетiлетiн қызметтi берушінің бас маманы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызмет алушының өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жібереді - 1 (бір) жұмыс күні.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін мемлекеттік берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,

Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,

телефон: 8(71877)70455

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Кравченко көшесі, 85 А-үйі

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,

Амангелді көшесі, 57-үй

телефон: 8(71839)21399

OZiSP@yandex.kz



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Май ауданы,

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru



11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің

анықтамалығы








Құжаттарды қабылдау. Тіркелген күні көрсетілген үзбелі талонды беру

(1 жұмыс күні)







Құжаттарды қарау. Хабарламаға

қол қою


(1 жұмыс күні)







Ұсынылған құжаттарды тексеру. Кіріс құжаттар журналында тіркеу, құжаттарды қарау. Ұсыну мерзімін көрсетумен құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны дайындау

(7 жұмыс күні)











Көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны беру

(1 жұмыс күні)




- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

 - таңдау нұсқасы;

  - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
жүктеу 282,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау