10
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасын) беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 3 (үш) сағат;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік талаптарынан тұратын машиналар кепілдігі туралы шартты немесе өзге шартты, өтініште бар мәліметтерге сәйкестігін тексереді. Орындалған құжаттарды кеңсеге жолдайды – 12 (он екі) сағаттан аспайды.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда және кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері орындалған құжаттарды береді немесе өтіншті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады - 30 (отыз) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасын) беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен әрбір бірліктің әкімшілік рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін және өзара іс-қимылын сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін сипаттау:
порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрде көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
|
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
|
Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері
Р/с №
|
Жұмыс органының атауы
|
Байланыс деректері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
«Павлодар қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй,
телефон: 8(7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru
|
2
|
«Екібастұз қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8(71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru
|
3
|
«Ақсу қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12-үй,
телефон: 8(71837) 50572
email: 4108605@mail.ru
|
4
|
«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй,
телефон: 8(71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru
|
5
|
«Баянауыл ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй, телефон: 8(71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru
|
6
|
«Железин ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй, телефон: 8(71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz
|
7
|
«Ертіс ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембай көшесі, 97-үй,
телефон: 8(71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru
|
8
|
«Качиры ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Качиры ауданы,
Тәуелсіздік көшесі, 236-үй,
телефон: 8(71833)21403
email:kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz
|
9
|
«Лебяжі ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы, Әбілқайыр
Баймлдин көшесі, 13-үй,
телефон 8(71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru
|
10
|
«Май ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй, телефон: 8(71838) 91380
email: may_opish@mail.ru
|
11
|
«Павлодар ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй, 309-кеңсе
телефон: 8(7182) 329867
email: defence6@rambler.ru
|
12
|
«Успен ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы, Тәуелсіздіктің
10-жылдығы көшесі, 30-үй,
телефон: 8(71834) 91300
email: usposh@yandex.ru
|
13
|
«Шарбақты ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы,
Советов көшесі, 49-үй,
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru
|
|
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
|
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Негізгі процестің ( жұмыс барысының, ағымының) іс қимылы
|
№
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшсы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
|
2
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы
|
Құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады
|
Хат-хабарды қарайды
|
Ұсынылған құжаттардың толықтығын, кепілдік талаптары бар машиналар кепілдігі туралы шарт немесе өзге шарт, өтініште бар мәліметтерге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, дәлелді бас тарту жауабын береді
|
Орындалған құжаттарды береді немесе өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады
|
3
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Басшылыққа жолдайды
|
Бұрыштама қояды
|
Кеңсеге орындалған құжаттарды жолдайды немесе өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады
|
|
4
|
Орындау мерзімдері
|
30 (отыз) минут
|
3 (үш) сағат
|
12 (он екі) сағат; 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша дәлелді бас тарту
|
30 (отыз) минут
|
|
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
|
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Көрсетілетін қызметті алушы
Шартты белгілер
|
Бастапқы хабарлама
|
|
Аяқталған хабарлама
|
|
Қарапайым аяқталған оқиғалар
|
|
Қате
|
|
Ақпараттық жүйе
|
Үдеріс
|
Процесс
|
|
Шарт
|
|
Хабарлар ағымы
|
|
Басқару ағымы
|
|
Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат
|
|
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |