Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының



жүктеу 231,42 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі231,42 Kb.
#9789
түріРегламент




Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 шілдедегі

«Қазақстан Республикасының

Үкіметі айқындайтын тәртіппен

сыйға тарту шарты бойынша

мемлекеттік емес заңды

тұлғалардың және жеке тұлғалардың

мүлік құқықтарын Қазақстан

Республикасының қабылдауы»

мемлекеттік көрсетілетінқызмет

регламентін бекіту туралы» № 212/7

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 212/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулының ресми жариялануын;

осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Арыноваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Бақауов

Павлодар облысы әкімдігінің

2017 жылғы «_12_» _мамырдағы_

№ _123/3_ қаулысына

қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің


2015 жылғы «17» шілдедегі

№ 212/7 қаулысымен

бекітілді

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті





                  1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру (функцияларына коммуналдық мүлікті есепке алу көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 285 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшаларына сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және реттілігі, соның ішінде рәсімдерінің (іс-қимылдың) өту кезеңдері.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасының тапсырылуы - 3 (үш) ай;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді және тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін береді - 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына жібереді - 2 (екі) күнтізбелік күн;

құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыға орындау үшін жібереді - 2 (екі) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алғаннан кейін құжаттарды тексереді және сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынуы үшін облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді немесе Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - Мемлекеттік органдар) ұсыныс туралы хабардар етеді, немесе Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды - 7 (жеті) күнтізбелік күн;

мемлекеттік органдар хабарламаны алған күннен бастап сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы қорытындыны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 20 (жиырма) күнтізбелік күн;

мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, облыс әкімдігінің мүшелерімен келісімдейді және облыс әкіміне қол қою үшін жолдайды - 20 (жиырма) күнтізбелік күн;

облыс әкімдігінің қаулысы қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік орган арасында Стандарттың қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша сыйға тарту шарты жасалады - 15 (он бес) күнтізбелік күн;

мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде Стандарттың қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді - 14 (он төрт) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы хат жолданады - 5 (бес) күнтізбелік күн.

Мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті қорытындыны алған күннен бастап көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жібереді - 5 (бес) күнтізбелік күн.

2) болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін - 2 (екі) ай;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін береді - 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды және құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды - 2 (екі) күнтізбелік күн;

құрылымдық бөлімшенің басшысы қарайды және орындау үшін жауапты орындаушыға жібереді - 2 (екі) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алғаннан кейін құжаттарды тексереді және болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынуы үшін Мемлекеттік органдарға ұсыныс туралы хабардар етеді, немесе Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды - 7 (жеті) күнтізбелік күн;

мемлекеттік органдар хабарламаны алған күннен бастап болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы қорытындыны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды - 12 (он екі) күнтізбелік күн;

мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, облыс әкімдігінің мүшелерімен келісімдейді және облыс әкіміне қол қою үшін жолдайды - 17 (он жеті) күнтізбелік күн;

облыс әкімдігінің қаулысы қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік орган арасында Стандарттың қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша болашақта сыйға тарту шарты жасалады - 10 (он) күнтізбелік күн;

болашақта сыйға тарту шартына қол қойылғаннан кейін болашақта, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы хат жолданады - 5 (бес) күнтізбелік күн.

Мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті қорытындыны алған күннен бастап көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жібереді - 5 (бес) күнтізбелік күн.

3) болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін - 2 (екі) ай;

кемінде - 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті алушы болашақта сыйға тарту шартымен белгіленген мүлік құқықтарын мемлекетке нақты беру күніне дейін, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан мүліктің құны және мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарының жоқтығы туралы мәліметтерді сұратады;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мүліктің құны және мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарының жоқтығы туралы мәліметтерді алған күннен бастап болашақта сыйға тарту шарты бойынша, бұрын ұсынылған осы мүлікке мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі туралы қорытындыны растауды ұсыну үшін мүлік туралы құжаттарды мемлекеттік органдарға жібереді - 7 (жеті) күнтізбелік күн;

мемлекеттік органдар құжаттарды алған күннен бастап болашақта сыйға тарту шарты бойынша, көрсетілетін қызметті берушіге бұрын ұсынылған мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі туралы қорытындынын растауын жібереді - 10 (он) күнтізбелік күн ішінде;

бұрын ұсынылған мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы қорытындыны расталған кезінде мүлікті Стандарттың қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді - 15 (он бес) жұмыс күн;

қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету туралы жазбаша хат жолданады - 5 (бес) күнтізбелік күн.

Егер мемлекеттік орган бұрын ұсынылған болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыны растамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сыйдан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тартуды жазбаша түрде ресімдейді. Егер болашақта сыйға тарту шарты тіркелген болса, сыйды қабылдаудан бас тарту да мемлекеттік тіркелуге жатады - 5 (бес) күнтізбелік күн.

6. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Коммуналдық меншікке мүлікті сыйға тарту шартын және қабылдау-беру актісін (табыстау актісін) беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

5) мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдар.

9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында (бизнес-процесстердің анықтамалығы) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойыншаҚазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.





«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша



«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекетттік қызметті көрсетудің бизнесс-процестерінің анықтамалығы
1) Көрсетілетін қызметті алушымен көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасының тапсырылуы – 3 (үш) ай:




Құжаттарды тексереді және сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын меншік иесінің ақысыз беру жөніндегі ұсыныстың бары туралы мемлекеттік органдарға хабардар етеді

7 (жеті) күнтізбелік күн




Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттігі (қажеттілігің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды 20 (жиырма) күнтізбелік күн




Құжаттарды қабылдайды және тіркейді және тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін береді 15 (он бес) минут


Құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшенің басшысына жолдайды 2 (екі) күнтізбелік күн


Құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді 2 (екі) күнтізбелік күн



Қажеттік туралы қорытынды түскен кезде облыс әкімдігі шешімінің жобасын дайындайды және ұсынады

20 (жиырма) күнтізбелік күн





Қажеттіктің жоқтығы туралы қорытынды түскен кезде көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жолдайды 5 (бес) күнтізбелік күн




Облыс әкімдігінің шешімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік органдар арасында сыйға тарту шарты жасалады 15 (он бес) күнтізбелік күн;






Қабылдау- беру актісіне қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы жазбаша хат жолданады

5 (бес) күнтізбелік күн







Мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді 14 (он төрт) күнтізбелік күн;


2) Болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай:



Құжаттарды қабылдайды және тіркейді және тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін береді

15 (он бес) минут





Құжаттармен танысады және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшенің басшысына жолдайды 2 (екі) күнтізбелік күн


Құжаттарды тексереді және сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын меншік иесінің ақысыз беру жөніндегі ұсыныстың бары туралы мемлекеттік органдарға хабардар етеді 7 (жеті) күнтізбелік күн;


Болашақта сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттігі (қажеттіліктің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді 12 (он екі) күнтізбелік күн

Құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді 2 (екі) күнтізбелік күн







Қажеттік туралы қорытынды түскен кезде облыс әкімдігі шешімінің жобасын дайындайды және ұсынады

17 (он жеті) күнтізбелік күн





Қажеттіктің жоқтығы туралы қорытынды түскен кезде көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жолдайды 5(бес) күнтізбелік күн





Облыс әкімдігінің шешімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы мен мемлекеттік органдар арасында болашақта сыйға тарту шарты жасалады 10 (он) күнтізбелік күн








Болашақта сыйға тарту шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы жазбаша хат жолданады

5 (бес) күнтізбелік күн



3) Болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін - 2 (екі) ай;





Болашақта сыйға тарту шартымен белгіленген іс жүзінде беру күніне дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда көрсетілетін қызметті алушыдан мүліктің құны туралы және үшінші тұлғалардың мүлікке құқығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді сұратады







Мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растауды болашақта сыйға тарту шарты бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды 15 (он бес) күнтізбелік күн


Мемлекеттің осы мүлік құқығына ие болудың қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растауды ұсынуы үшін мүлік туралы құжаттарды мемлекеттік органдарға жолдайды 7 (жеті) күнтізбелік күн






Мемлекеттік органдар болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігінің жоқтығы туралы бұрын ұсынғаннан қорытындыны растамаған жағдайда,көрсетілетін қызметті беруші сыйдан бас тартады және жазбаша түрде бас тартуды ресімдейді 5 (бес) күнтізбелік күн





Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытынды расталған кезде мүлікті қабылдау- беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді 15 (он бес) жұмыс күн








Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы жазбаша хат жолдайды

5 (бес) күнтізбелік күн


Шартты белгілер:







мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы





көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы





келесі рәсімге (іс-қимылға) өту




жүктеу 231,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау