«Павлодар аумақтық басқару мектебі» ҚҚ



жүктеу 0,91 Mb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#19647
  1   2




Общественный фонд

«Павлодарская

региональная школа управления»









UNDEF қолдауымен
ЭЛЕКТОРАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУЫ және ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫ
ЖОБА


МЕН ТАҢДАЙМЫН!

Павлодар қ.


2011 жыл

Көңілдің ығын кім білген,

Жол таңдау қиын, жартаңдау.

Көшбасшы тауда мың бірден,

Қажет болмайды жан таңдау.
Еркіңді қолдан шығарма,

Заман бұл емес, бұғардай.

Әркімде таңдау өзінде,

Талғамы таңды жығардай.


Ж. Амантай


Осы басылым UNDEF қолдауымен жүзеге асырылды. Материалдардың мазмұны үшін бүкіл жауапкершілігі «Павлодар аймақтық басқару мектебі» қоғамдық қорына жүктелінеді, олар БҰҰ позициясын, БҰҰ-ның демократиялық қорынын, міндетті түрде көрсетпейді, UNDEF немесе оның Консультациялық Кеңесінің ұстанымынажәне Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сәйкес.
БҰҰ-ның жобасы мен БҰҰ-ның Демократиялық қоры туралы ақпарат

«Сайлау заңнамасына сәйкес ауыл жастарының саяси және азаматтық белсенділігін арттыру»

(1 кезең)
Жобаның дәйектемесі

Қазақстан – 2010 жылдағы ел ЕЫҚҰ–ның төрағағылымен дәлелденген демократиялық дамыған әрі дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында тұрған ең ірі мемлекеттердің бірі. Тәуелсіз елдің жиырма жылдық тарихы бар Қазақстанда заңнамаға және әлемдегі тәжірибеге сәйкес сайлау технологиялары үнемі дамып отырады және жетіледі.

1995 жылы қабылданған еліміздің Конституциясы демократиялық сайлауларда азаматтардың құқықтарына кепіл болады.

Осы жобаның өзектігі Павлодар облысының тұрғындарының белсенді бөлімдерін кеңейтілуде және 2010-2012 жылдар аралығындағы электоралдық мерзіміне дайындалуда.





Негізгі мәселе

Қоғамның саяси өмірінде елдің осал топтарының (мүгедектер, әйелдер мен жұмыссыз ауыл жастары) Конституциямен кепілдеген сайлау және сайлану құқығын жүзеге асырудағы белсенділігінің төмендігін шешу жолдары. Оның себебі: құқықтану және құқықсана саласында білімдерінің деңгейі жеткіліксіз болып табылады. Жоба осы мәселелерді шешуіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясының статистикалық мәліметтері сайлауға қатысқан жас азаматтар саны елдегі жастардың санынан пропорциялық төмендігін көрсетеді. 2007 жылы жергілікті маслихаттарға соңғы сайлау кезінде кандидаттардың тек 7,5 % 30 жасқа дейінгі жас азаматтар және маслихаттардың сайланған депутаттары тек 1,5 % жас азаматтар болды. Он алтыдан жиырма тоғыз жас аралығындағы азаматтар бөлшегі есейген елдің 30 %-нан жоғары болғандақтан ол төмен көрсеткішті біодіреді.

Депутаттардың жалпы санынан аудандақ маслихаттарда әйелдер - 17,3% және облыстық маслихаттарда – 10,9%, ол кейбір Европалық мемлекеттірдегі көрсеткіштерден бірталай төмен: Дания – 27%, Финляндия – 34%, Норвегия -42%, Швеция – 46.3%, Франция – 48%.

Бүгінгі таңға дейін заң шығару органдарында 484000 мүгедектерден немесе елдің 3 %-нан бір де біруі сайланған жоқ. Сонымен қатар елдің осы тобы сайлау кампаниялардағы тіркеу, дауыс беру және қатысу мәселелері бойынша осындай қиындықтар жиі кездеседі.
Мәселені шешу жолы: Жоба сайлау процессін кеңейтілген түрде демократиялық бағдарламаның интеграциясына мақсатталған. Оның жолы – қоғамның жеткіліксіз көрсетілген категориялардың электоралдық қатысуын күшейту мен жуырда қалыптасқан жергілікті органдардың мүмкіндіктерін жоғарылау.

Электоратты оқытуда озық ақпараттық технологиялар: интерактивтік тренингтер, компьютерлік ойындар, электрондық ждауыс беру – пайдаланылады. Осы әдістер құқықтық білімдермен қатар қатысушыларда коммуникативтік пен көсемді дағдыларды, саяси позициясын қалыптастыратын әдеттерді дамытады. Аталған жобаның бірегейлігі осыдан табылады.





Жобаның мақсатын тыңдаушы қауым: шектелген мүмкіндктері бар азаматтар, әйелдер мен жұмыс істемейтін ауыл жастары.
Жобаның таралу шегі:

Семинар – тренингтер:

Қарағанда облысы, Қарағанда қаласы – 2011 ж. 7 сәуірі,

Оңтүстік, Жамбыл, Алматы областары, Шымкент қ. – 2011 ж. 14 сәуірі;

Солтүстік, Ақмола облыстары, Петропавл қаласы - 2011 ж. 21 сәуірі;

Мангыстау, Атырау облыстары, Актау қаласы - 2011 ж. 28 сәуірі;

Шығыс-Казахстан облысы, Өсмен қаласы – 2011 ж. 5 мамыры.


Жобадағы ҚҚ серіктестер: облыстық мәслихаты, облыс аймақтық сайлау комиссиясы, аудандық мәслихаттары, облыстық ішкі саясаттың басқармасы, ішкі саясаттың аудандық бөлімдері.
Жобаның сарапшысы: облыс аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы – Сабырханова Әлия Жекенқызы ханым
Жобаға қатысушылар: ТОТ тренерлері

Ким Нина Михайловна – ҚҚ ОФ «Павлодар аумақтық басқару мектебінің» тренері,

Әшімбетова Роза Дүйсенқызы – С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Жобаның тұрақтылығы:

Жобаның қорытындылары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы арқылы таралады. Мультипликативтік әсері 10000 адам болады.


Жобаны орындау мерзімі: 1 кезең 2010 ж. тамыз – 2011 ж. қыркүйек;

2 кезең 2011 ж. қарашасы – 2012 ж. тамызы



«Мен сайлаймын!» оқулығы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері және дүниежүзілік тәжірибесімен пайданалуымен дайындалған.

Оқулықтың құрастырушылары: Исенова Г.К., Әкімбеков С.М., Ким Н.М. («Таң-даулы көшбасшы болуға дайынмын ба»эссесі)

Аударма – Дюсенова Алуа Жақанқызы (қазақ тілі)



Мазмұны


1.

Сайлау деген не?……………………………………………..

9

2.

Сайлау құқығының қайнар көздері ………………………….

12

3.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі …........…......

14

4.

Сайлау құқығы деген не? .............…………………………

15

5.

Сайлау құқығының принциптері .....…………………………

17

6.

Сайлау жүйелері …………............…………………………..

20

7.

Таңдау еркіндігінің кепілдігі ……………….…………………

23

8.

Сайлау комиссияларының жүйесі ......……………………

25

9.

Сайлау округтері мен учаскелері…………………………....

26

10.

Дауыс беру рәсімі ……………………………………...........

27

11.

Жас сайлаушыға жадынама ..………………………...........

30

11-1.

Жас сайлаушыға жадынама ……………………….............

32

12.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы....

33

13.

Қазіргі сайлау жүйесінің қалыптасуы ..........................….

39






















Қосымшалар







Қазақстан Республикасының әнұраны..................……

40




Қазақстан Республикасының Конституциясы (үзінділер)

42




«Қазақстан Республикасында сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы (үзінділер)……………………….......

52





Эссе «Таңдаулы көшбасы болуға дайынмын ба»……

92



















Неліктен сайлауға қатысу аса маңызды?

Біріншіден, осы құқық Конституциямен кепілденген, біздің еліміздің әр азаматының ерекше құқығы болып табылады.

Екіншіден, өз еліңнің болашағын қалауыңа қатысу үшін мүмкіндік. Еліміздің өсіп-өркендеуі, аман-есендігі тікелей біздің қолымызда.

Үшіншіден, әр азаматтың дауысы маңызды болып келеді және әрқашанда естіліп, есепке алынады.

18 жастағы әр ересек адам өз-өзін сезініп, өз іс-әрекеттерін және қылықтарын ақылға салып, әрбір қабылдаған шешімі үшін жауапкершілік таныта бастайды.

Таңдау – ол күрделі міндет, бірақ оның өзі – еркіндік. Таңдау құқығы тек еркін, тәуелсіз және дербес адамда ғана болады. Өз дауысыңызды кімге берем десеңіз, өз қалауыңыз!



Біз кімді таңдаймыз және біздің мүдделерімізді бүгінгі таңда кім қорғайды?

Қазақстан Республикасының Президенті

Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары,

маслихат депутатары



Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр

бастауы - халық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы
1. САЙЛАУ деген не?

  1. Ол демократияның ең маңызды институты

  2. Ол халықтың еркін білдірудің басты түрі

  3. Ол мемлекет басқарудағы азаматтардың қатысуының нақты механизмы

  4. Ол билікті қолға алудың ең бейбіт, тыныш әдісі

  5. Сайлау және таңдаулы болу құқығы Конституциямен кепілденген

Біздің еліміздің саяси жүйесі кез келген іс-әрекеттегі ағза сияқты өмірге бейімді болуы керек, яғни сыртқы (мысалы, әлемдік дағдарыс) және ішкі әсерлеріне тұрақты бола отырып, сонымен қатар, өсіп, дамып, жаңарып отыру керек.



Саяси жүйесінің жаңартулары қандай болуы мүмкін?

саяси институттарының өзгеруі;

жаңа партиялар және қоғамдық қозғалыстардың құрылуы;

билік тарауларының әрекеттесуін өзгертудің қажеттілігі;

Конституцияға өзгерістерді енгізу;

мемлекет пен қоғам дамуының негізгі мәселелері бойынша референдумдер.

Қазіргі қоғам өміріне және әр адамға сайлаулардың әсері алуан-түрлі:



  • Саяси өмірге қатысу (сайлау және сайланған болу) Қазақстан азаматының конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін мүмкіндігі болып табылады. 18 жас тола салсымен, біз мемлекетті басқаруына шын қатыса аламыз;

  • Билік институттарының қалыптасуы: біз өзіміз Президентті, Парламент, маслихат депутаттарын сайлаймыз, ал жақында жергілікті өз-өзін басқару органдарын сайлауды бастаймыз;

  • Билік институттарын бақылау. Барлық мемлекеттік өкімет органдары, Парламент, маслихаттардың қызметі қоғам үшін ашық әрі айқын болуы керек;

  • әр түрлі көзқарастар мен жалпы саяси еркінің дамуы. Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда 10 саяси партия, бірнеше әлеуметтік қозғалыстар (ең белгілі «Невада - Семей») тіркелген;

  • саяси партиялардың нақты абыройы мен салмағы және қазіргі саясатқа қатысу мүмкіндіктері. Сайлаулардың қорытындылары – ол тек партия бағдарламасын жоғары бағалап, қазақстандықтардың оны қолдауы ғана емес, сонымен қатар партиялардың көшбасшыларына сенім білдіру дәрежесі. Неліктен «Нұр Отан» партиясы үшін азаматтардың көбісі дауыс береді? Себебі оны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Дәл осылай өз таңдауын сайлаушылар да түсіндіреді.

  • елдің ішінде және халықаралық аренада «демократиялық құқықты мемлекеттің» имиджін сақтау мен нығайту. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі – әлемдік бірлестіктің Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде тануы;

  • елдің саяси әлеуметтенуі, оның саяси сезімі мен қатысуының дамуы және т.б. Қазақстан Республиксының азаматтары қоғамда өз маңыздылығын қаншалықты сезініп, барлық саяси шараларға қатысса, соншалықты біздің мемлекетіміз де нығая береді.

Сонымен, сайлаулар саяси және қоғамдық өмірде жиі кездеседі, басқарудың барлық деңгейлеріне таралып, қоғамдық өмірдің бүкіл түрлеріне әсер етеді.

Демократиялық мемлекеттерде сайлаулар азаматтарға лайықсыз президенттің немесе депутаттардың орнына сенімді өкілдерді жаңадан сайлауға мүмкіндік береді.



Сайлауларды қорғауыш қақпақпен салыстыруы бекер емес, халықтың наразылығы толған сәтте, саяси «қазанды» қызу мен жарылудан сақтау үшін, пайдаланылады.

Сайлаулар – демократияға ауысудың бірден бір құралы. Еркін сайлаулардың негізгі принциптері қамтамасыз етілетін авторитарлы мемлекеттерде олар әлеуметті демократизацияға бұрудың ең мықты құралы болып есептеледі. Сайлаулар арқылы азаматтар мен бүкіл әлеумет үшін демократияға ең жеңіл жол ашылады.

Сайлаулар саяси зорлықтарына мүмкіндік бермейді. Олар арқылы биліктің өзгерістері қан төгіссіз, бейбіт, ойрансыз т.б. болып өтеді.

Егер халық немесе оппозициялық күштер әрекеттегі билікпен қанағат болмаса, олар кезектен тыс парламенттік немесе президеттік сайлауларын өткізуін талап етеді. Ал Италияда өкіметтің бір болмашы қателігі үшін қызметтен босатылып, қайта сайлау өткізіледі.

Сайлаулар – демократизация жолында үлкен қадам, өйткені, сайлаулар мемлекетте демократиялық тәртіпті бекітеді немесе саяси жүйесінің қарқынды демократизациялаудың бастауы болуына көмек жасайды.



Сайлаулардың мәні демократияның өміршеңдігі мен тиімділігінің ең басты шарты ретінде еркін сайлаулардың негізгі принциптерін жүзеге асыруы сайлау процессін ұйымдастыруымен тікелей байланысты. Ол Конституция мен Сайлау туралы Заңына сәйкес белгілі құқықтық нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.


2. Сайлау құқығының қайнар көздері

«Сайлаулар өткізуді заңға қатаң сәйкестігін

қамтамасыз ету - біздің жалпы парызымыз»

Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына Президенттің жолдауы

«К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной

экономике, конкурентоспособной нации»,

Астана, 2004 ж. 19 наурызы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның сайлау саясаты мен сайлау жүйесін қалыптастырудың негізі (толығы 44 б.);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заң (толығы 55 б.);

«Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқық актілері мен басқа сайлау саласындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық актілер.


Біздің елімізде мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі -халық. Халық билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлаулар арқылы жүзеге асырады, сонымен қоса, мемлекеттік органдарға өз билігін орындауға құқық береді.

Қазақстан Республикасының Басты Заңы референдумды және еркін сайлауларды халықтың билігін білдіретін негізгі құрал ретінде белгілейді, олар арқылы азаматтар мемлекеттік істер басқаруға қатысады, өз өкілдерін сайлайды немесе мемлекеттік билік органдарына сайланады.



Соңғы жылдары сайлау компанияларының тәжірибесі Қазақстанның саяси өмірінің ажырамас бөлігі - сайлаулар болғанын көрсетеді. Парламенттегі орындар үшін әр түрлі партиялар күресін, маслихаттағы депутаттық мандат үшін үміткерлер бәсекелесін біз көріп жүрміз. Ол қалыпты процесс, ең бастысы - бекітілген ережелер мен процедуралардың орындалуы. Біз ережелеріміздің көпшілікке танылған бүкіләлемдік стандарттарға сәйкес бола отырып, ұлттық ерекшеліктер мен тарихи дәстүрлерді сақтап қалуға тырысамыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанда сайлау процессі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін қамтыды, ол елдің саяси жүйесімен бірге дамып, реформаланып жатыр.



Ыңтымақты елде күншуақ

3. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі сайлаулардың өзегі болып табылады. Ол сайлаулардың жалпы ұйымдастыру принциптерін, сонымен қатар сайлаушылардың дауыстарын мандаттарға, билік лауазымдарына ауыстыру әдістерін белгілейді. Сайлау жүйесінің басты мақсаты – халықтың қалауын қамтамасыз ету және биліктің өміршеңдігі мен тиімді органдарын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасының сайлаулар туралы» Конституциялық Заңымен қарастылылған Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс пен Қазақстан Республикасының Сенатының депутаттарын, маслихаттардың депутаттарын сайлаулардың тәртібі Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі болып түсіндіріледі.

Президетті, Парламент және жергілікті органдардың депутаттарын сайлау тәртібі констистуциялық-құқықтық нормалармен белгілінеді, бірігіп олар сайлау құқығын құрады.



4. Сайлау құқығы деген не?

«Сайлау құқығы» деген түсінік заң жөніндегі әдебиетте екі мағынада қолданылады: субъективтік және объективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы 1) азаматтардың органдар немесе мемлекеттің лауазымды тұлғаларды сайлауларына қатысуы,

2) осы сайлауларды ұйымдастыруы,

3) сайлаушылар мен үміткерлердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқықты нормалардың жинағы болып табылады.

Субъективтік мағынададағы сайлау құқығы жеке азаматтың (субъекттің) мемлекеттің өкілді органында немесе лауазымды тұлғаның сайлауына қатысуы.

Оны жан-жақтан қарастырайық.

Сайлау құқығы әр түрлі екі субъективтік құқығына бөлінеді: сайлауға қатысу құқығы (дауыс беру құқығы, сайлау құқығы), яғни белсенді сайлау құқығы;

Сайланған болу құқығы, яғни пассивті сайлау құқығы – Қазақстан Республикасының азаматының Президентке, Парламенттің немесе маслихаттың депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.

Пассивтік – ол сен сайламай (бірақ ешкім осы құқықтан айырылмайды), керісінше сені сайлау болып табылады.



Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1 тармағында былай делінген: «Жалпы белсенді сайлау құқығы – Республиканың азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы он сегіз жасқа толуымен, жалпылама белсенді таңдау құқығы – шығу тегіне, әлеуметтік, дәрежелік немесе мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дініне, тұрғылықты жеріне немесе өзге де керекті жағдайға қарамастан, 18 жасқа толған Республика азаматтары сайлауда дауыс беруге құқығы бар».



Бірақ, азаматтардың осы Конституциялық құқығына байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша нақты шектеулер қарастырылған. Ендеше, сайлау процессіне қатыса алмайтын тұлғалар :

18 жасқа толмаған жасөспірімдер;

Соттың шешімі бойынша жарамсыз адамдар, сонымен қатар, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтар.

Егер сот азаматты жарамсыз деп таныса, сонда ғана ел азаматы сайлау құқығынан айырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік органдардың қандай да бір мотив бойынша азаматтардың сайлау құқығын шектеуге құқығы жоқ. Мысалы, зерттеу изоляторында және уақытша ұстау изоляторында сайлау учаскелері мен тұлғалар пайда болады, соған байланысты өзінің конституциялық құқығын іске асырады. (п. 3 ст. 23 «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңы. ).

Белсенді емес сайлау құқығы Қазақстан Республикасының Заңнамасында да осындай өзіндік шектеулері бар:

- Республика Президентіне кандидат Қазақстан Республикасында туылған, 40 жастан кем емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда 15 жылдан кем тұрмаған азаматтар бола алады.

- Парламент Сенатының депутаты болып азаматтықта 5 жылдан кем болмаған, 30 жасқа толған, жоғары білімі бар және 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, республикалық мәні бар облысына, қалаға сәйкес территориясында немесе Республика астанасында 3 жылдан кем тұрмаған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламент және Маслихат депутаттығына, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заң тәртібі бойынша мерзімі өтелмеген және сотталған тұлғалар кандидат бола алмайды. (п. 4 ст. 4 «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңы ).

Қазақстан Республикасында бекітілген белсенді емес сайлау құқығының жастық шектеулері тек қана антидемократиялық шегі болып табылмайды. Әлемде осындай шектеулер кең таралған : мұны мақсатты категория деп түсіндіруге болады.

Мысалы, Жапонияда 25 және 30 жасқа толған тұлғалар Өкілдер Палатасына және Парламент Кенесінің Палатасына депутаттыққа үміткер бола алады. Францияда 23-ке толған азамат Ұлттық жиналысқа сайлана алады, пл Сенатқа 35 жасқа толған азамат ( Қазақстан Республикасының сайлау құқығы. Ғылыми-тәжірибелік оқулық, Астана қаласы, 2009 ж., 45-46 беттер)

Демократияның басты шыңы сайлау құқығы туралы, соған байланысты тіркеуден алдын бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке қатысты соттық тәртіпке қатысы бар ерекше бабы болып саналады (мысалы, жол ережесін бұзған және т.б.).


5. Сайлау құқығының принциптері

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі және сайлау құқығы халықтық егемендіктің пайда болуы болып табылады, себебі бұлар мемлекеттің жоғары лауазымды органдарының азаматтары.

Өзіндік әлеуметтік нормасына сай нақты мақсатта құрылған кезде ғана сайлау болады.



Бірінші топ: сайлау науқаны кезіндегі әрбір азаматтың жағдайын, дәрежесін анықтайтын сайлау құқығының принциптері;

1. Жалпылама сайлау құқығының принциптері

Нақты көрсетілген жасқа жеткен, қай ұлт өкілі болмасын, жынысына, нәсіліне, әлеуметтік ортасына, тіліне, діліне, дініне және т.б. қарамастан кез-келген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары белсенді (дауыс беруші ретінде) және белсенді емес (үміткер ретінде) сайлауға қатысуға құқығы бар.

Әлемнің кейбір мемлекеттерінде көп уақыт бойы

мүліктік және басқа да жарлы-жақыбайлы

тұрғындарды, әйел адамдарды (қазіргі таңда тек Кувейтте ғана әйел адамдар сайлауға дауыс бере алмайды), қара нәсілді адамдарды (АҚШ-та осы шектеулер тек 50-70 жж. аралығында қабылданған заңдарда толықтай алынып тасталды) сайлауға қатыстырмау сияқты цензалар(сайлауға қатысуға рұқсат етілетін шарттар) болған.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарындағы теңдігі жөніндегі принциптер

Дауыс берушілер республиканың сайлауларында тең құқылы және әрқайсысы әрине бір дауыс қана бере алады. Осыған байланысты мүліктік жағдайы да, дәрежесі де және басқа да жағдайлар дауыс беруші азаматтарға еш септігін тигізбеу керек. Әрбір дауыс беруші тек бір ғана тізімге енгізілуі керек, берілген сайлауда тек бір рет қана дауыс бере алады. Үміткерлердің де (Президенттікке, депутаттыққа) дәл осылай сайлау кезінде дауыс беруге құқықтары тең болып келеді. Сайлау құқығының теңдігі осындай шамалы дауыс берушілердің дауысы депутатты сайлағанда таразысы бірдей болып, сайлау округтарымен теңбе-тең болады.

  1. Құпия дауыс берудің принципі

Әрбір дауыс берушіге өз қалауы бойынша дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген, бұл жүйеде сайлау комиссиясының қазыларына да, басқа да тұлғаларға дауыс беруші кімге және кімге қарсы дауыс бергені туралы мәлімет белгісіз, яғни құпия түрде болады.

Бұл жабық жүйедегі дауыс беру түрінде, яғни әдейі жасалған кабиналарда және дауыс беруге арналған бірдей бюллетеньдер арқылы, сайлау урналары жазбаша тіркелген, сайлау құпиясын бұзғандарға қатаң жаза қолдану арқылы өткізіледі. Мұның барлығы азаматтардың соңынан түсу немесе парақорлаққа әкелмес үшін, жалпы еркін сайлау өткізуге жағдай жасалған.

Көп мемлекеттердің заңнамаларында құпия дауыс берудің принципі өз міндетіне әу бастан кіріспеген еді. Францияда бұл принцип 1789 жылы тіркелді, бірақ тәжірибе жүзінде тек 1871 жылы ғана іске асты. Англияда құпия дауыс беруге 1872 жылы тек Гладстон реформасынан кейін ғана қолданылды, ал бұған дейін сайлау кезінде ашық немесе ауызша дауыс беру жүйесі жүрген еді.

  1. Тікелей сайлау құқығының принциптері

Президент, парламент мәжілісі және маслихат депутаттарын, республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін әлбетте азаматтар сайлайды. Сайлаушылар мен үміткерлердің арасында олардың қалауларын жеткізетін арнайы құралдар болмайды.

Жанама (тура емес) сайлау құқығы Парламент Сенатына депутаттыққа үміткерлерді сайлау үшін арнайы сайлаушылар, яғни маслихат депутаты болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы береді.



Екінші топ: сайлау жүйесінің жалпы принциптері.

  1. Сайлау еркіндігі, немесе сайлауға өз қалауы бойынша қатысу принципі

Ешкімнің сайлау қарқынында дауыс берушіге бір немесе, өзге үміткерге қалауынсыз дауыс беруге немесе дауыс беруіне кедергі келтіру мақсатында қысым (саяси, административті, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық) көрсетуіне құқығы жоқ.

  1. Альтернативті үміткерлердің сайлауының болуы.

«Сайлау» термині өз бетінше әр түрлі сөйлемдерден құралған болып табылады. Егер тек бір ғана үміткер (немесе партия) болған жағдайда, онда оның болу-болмауын сайлаушылар шешеді, ал сайлау жүйесінің тура мағынада қолданылуының қажеті де жоқ.

  1. Сайлаудың тұрақтылығы мен ауыспалылығы.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасында бес жылдық электоралды жүйе қолданылып келеді: Президентті сайлау әр 5 жыл сайын, Парламент Сенатының депутатын - 6 жыл, Парламент мәжілісін - 5 жыл, маслихат– 5 жыл.

  1. Сайлаудың жарыстығы, бәсекелестігі.

Түрлі саяси күштер сайлау кезінде дауыс

берушілердің сеніміне күресуге, сайлау

алдындағы өздерінің бағдарламасы бойынша

таныстыруға, дұрыстыққа үйретуге теңбе-тең



мүмкіндіктері бар.

Барлық принциптің шарттарының қолданылуы бойынша ғана сайлау демократиялық күшке ие болады. Ол болмаса, онда сайлау антидемократиялық мақсаттарымен турадан керісінше әсерде қолданылады.




6. Сайлау жүйелері

Бүгінгі таңда ең маңызды екі сайлау жүйелері бар: мажоритарлық (альтернативтік) және пропорционалды (ұсынушылық). Екіншісінің біріншісінен айырмашылығы – дауыстың көптігін мақсат тұтпайды, керісінше ол жиналған дауыстар мен жаулап алынған мандаттар арасындағы пропорционалды мақсатты тұтады. Біріншісі болсын, екіншісі болсын – екеуінің үйлесуі дауыс берудің араластығын көрсетеді.

Сайлауға да мажоритарлық жүйе бойынша ( франц. majorite –көбі деген мағынаны білдіреді) дауыс берушілер сайлау округтарындағы (бір немесе көпмандатты) нақты үміткерлерге дауысын береді. Пропорционалды жүйе бойынша жасалынатын сайлау нақты үміткерлерге берілетін дауыс саны бойынша емес, керісінше нақты саяси партиялар мен партиялық тізімнің санына байланысты.

Қарастырылып отырған жүйенің екеуінің де дұрыс және бұрыс жақтары бар.



Мажоритарлық жүйенің жақсы жағы – ол өте қарапайым әрі сайлаушыларға да түсінікті. Олардың түсінігі бойынша көп дауыс жинаған үміткер таңдалынады.

Теріс жағы – сайлау жүйелерінде кейбір қоғамдық топтардың саяси көзқарастары сайлау органдарында ұсынылмайды. Яғни саяси топтардың алынған нәтиже бойынша әділ болмағанына қарсылық білдіртеді, ал билік көптік жүйе бойынша болғандықтан, мұндай олқылықпен келіседі.

Сондықтан көппартиялық пен көп басқа да партиялардың пайда болуы – пропорционалдық жүйеге берілді. Пропорционалдық сайлау жүйесінің оң жағы - әртүрлі саяси партиялардың алған жерлері, сіз бен біз арамыздағы пропорционалды мәртебесі мен шын таразылайтын жүйе.

2007 жылдан бастап Қазақстанда екі жүйе де қолданылады: мажоритарлық та, пропорционалдық та.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен мандаттыққа сайлау науқанында партиялық тізім бойынша саяси партиялар және жеті пайыздан төмен дауыс жинамаған үміткерлер болып өзара бөлінеді. Егер партия осы жеті пайыздық көрсеткішті көрсете алмаса, онда ол депутаттық мандаттыққа жіберілмейді.

Сайлауға дейін партиялар не істейді: олар халыққа кең танылған партиялардан бастап тізім жасайды. Бұл тізімді партияны көшбасшылары басшылық етеді: тұрғындардың қолдауына толық сенетін бір көшбасшы, яғни ол тізімге енгізілген қалғандарын да «суырып алады».

Тізім жасау – ол жай ғана елге танымал фамилияларды жаза салу деп ойлау керек емес, партия үшін үміткерлерді тізімге енгізудің қатарын бірінен соң бірін қоюдың да маңызы бар. Неге?



Әр түрлі елдерде екі ереже бойынша тізім жасайды: «еркін (жұмсақ) тізім» ережесі, «байланысқан (қатаң) тізімі».

Бізде - Қазақстанда «қатаң» тізімдер жасалынады. Бұл -

біз жалпылама дауыс береміз, әр адам тіпті дауыс



бермеуіне де еркі бар деген сөз, БІРАҚ партияларды ұсынған тізімге қандай да бір өзгерту енгізе алмаймыз (мысалы, үміткерлердің орын тәртібін ауыстыру, басқа үміткерлердің аты-жөнін енгізу сияқты).

Мұндай қатаң тәртіптердің болуы, егер партия бір квота жинаса, онда – тізімде бірінші тұрған үміткердің еншісіне тиеді, ал егер екі немесе одан да көп квота болса, онда екінші үміткер және әрі қарай кете береді.

Сонымен, егер партиялық тізім бойынша Мажіліске сайлануға 7%-дан көп дауыс жинаған партия жеңсе, онда Сенатқа сайлануға дәстүрлі «көптік» мажоритарлық жүйесі орын алады.



Сайлауға қатысқан елу пайыздан көп дауыс жинаған үміткер таңдаулы болып есептелінеді. Ал егер бірде бір үміткер керек пайызды жинай алмаса, онда басқаларға қарағанда ең көп жинаған екі үміткер қатыса алатын қайталама дауыс беру өткізіледі. Қайталама сайлауда екеуінің ішінде басым дауыс жинаған үміткер таңдаулы болыр есептелінеді.



Маслихатқа сайлануға басқа үміткерлерге қарағанда

дауыс санын көп жинаған үміткер сайланады.

Тағы да білуімізге қажет бір маңызды мәселе бар: сайлауға қатысқан дауыс берушілер саны.



Қазақстан Республикасында егер дауыс берушілер саны 50 пайыздан төмен болса да, сайлау болып есептелінеді.

«Демократия әрдайым даму жолына болады. Тіпті батыстағы ең ұлы демократиялар да саяси процесске өздерінің кемшілігімен толықтай кіріскен жоқ. Біз де әлі толық жүйе жасаған жоқпыз... Бұл мақсатқа жету үшін сайлау туралы заңдарымызды жеңілдету керек... Егер өздері қаласа, адамдар сайлауға қатыспауына да болады, дәл солай, дауыс беруге қатысуға да болады, яғни әркімнің өз еркі бар... Тіпті АҚШ мемлекеті сияқты тұрақтанған демократияларда да, жалпы тіркелген дауыс берушілер санның ішінде 50% пайыздан төмен болуы мүмкін. «Дауыс берсе - өз еркі, егер бергісі келмесе - ол заңды бұзған болып есептелінбейді» - дейді Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Елдің жағдайы мен ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттары: қоғамның демократизациясы, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және саяси реформалары». 1998 ж. қыркүйек айы)

Бұл ұсынылатын сайлаулар адамның бас бостандығы мен теңдігі жөніндегі демократиялық принциппен және әділ жолмен өтетіндігін дәлелдейді.



7. Сайлау еркіндігінің кепілдігі

Сайлау құқығының түрлі қағидалары мен сайлау үдерісін өткізу ережелерінен басқа Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы сайлау еркіндігінің материалдық, ұйымдастырушылық және заң кепілдігін қарастырады.

Осылайша, үміткерлер тіркелген күннен бастап сайлау қорытын-дылары жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиылыстардан босатылады, шығындары орташа еңбекақысы мөлшерінде өтеледі.

Сайлауға қатысқан уақыты мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі.

Үміткерлерді көрсетілген уақыт ішінде олардың келісімінсіз жұмыстан шығаруға, басқа жұмысқа ауыстыруға және т.б. болмайды.

Президенттіке үміткерлерді, Парламент депутаттарын олар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін тұтқынға алуға, келіп-кетуге мәжбүрлеуге, сот тәртібімен салынатын әкімшілік жазаға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды, яғни олар иммунитетті пайдаланады.

Мемлекеттік органдар сайлау еркіндігін қамтамасыз ету үшін жұмылады. Сайлау күні мен оның алдындағы күн сот, ішкі істер органдары және прокуратура үшін жұмыс күні болып саналады. Ішкі істер органдары сайлау комиссиясына сайлауды өткізуде және сайлау комиссиясының басқа да мәселелері бойынша қоғамдық тәртіп пен сайлау еркіндігін қамтамасыз етуде көмек көсетуге міндетті.

Сайлау саласындағы қоғамдық қатынастардың кең регламентіне қарамастан, қоғамның демократиялану үдерісі мемлекеттің даму деңгейіне жауап беретін сайлау заңнамасын бұдан әрі жетілдірілмей болмайды.

Сайлау жүйесін жетілдіру – жас қазақстандық демократияның саяси дамуының өзекті міндеттерінің бірі. Бұл салада қатынастарды ырықтандыру бойынша бірізді саясатты жүргізіп отырған мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың рөлі аса зор. 1998 жылы еліміздің Президенті кез келген демократияның өзегі еркін де әділ сайлау деген болатын. Біздің де демократияда ол осы рөлді атқару керек, өйткені сайлау – бұл халықтың өз пікірін білдіруге мүмкіндігі туатын уақыт.

Халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды

8. Сайлау комиссиясының жүйесі

Сайлау өзінен-өзі ұйымдастырылуы мүмкін емес, бұл күрделі үдеріс. Мемлекет сайлаушылардың еркін түрде қалауын білдіре алатынын және оның бұл үдеріске барынша қатысуына кепілдік беруі керек.

Сондықтан 2001 жылдан бастап біздің Президентіміздің тапсырмасы бойынша сайлау комиссиялары орын-орындарда сәйкес маслихаттармен құрылады.

Неге мұндай шешім қабылданды?

Сайлау – бұл қоғамды демократияландыру құралы болса, онда сайлау комиссиялары демократты түрде сайлануы керек, яғни халықтың қатысуымен. Былай деп те айтуға болады: сайлау – бұл халық ісі мемлекет тек оны ұйымдастырып, өткізуге көмектеседі. Ал нақты сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге халықты тартуға тек сайлау комиссиясын халық өкілдігі органдары – маслихаттармен құру арқылы мүмкін болады.

Сайлау комиссиясын құрудың мұндай тәртібі олардың заңдыдылығын, ал бұл өз кезегінде - сайлаудың және олар құратын маслихаттардың заңдылығын күшейтеді.

Сайлау комиссияларында сайлау кампаниясына азаматтарды кең ауқымда және белсенді тартуға көмектесетін түрлі қоғам қабаттарының көзқарасын, мүдделерін білдіретін саяси күштер ұсынылған.

9. Сайлау округтері және учаскелер

Сайлауларды өткізу үшін аумақтық сайлау округтерінің жүйесі құрылады.

Олар ҚР-нің әкімшілік-аумақтық бөлуін және сайлаушылардың шамамен алғандағы санын (айырмашылығы 15%-дан аспауы керек) есепке ала отырып құрылады.

Сайлау комиссиялары Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары болып құрылады.

Дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін аудандар мен қалаларда сайлау учаскелері құрылады.

10. Дауыс беру процедурасы

Сайлау бюллетені

Сайлаушылардың тікелей өз қалауын еркін білдіруі сайлау бюллетенінде бейнеленеді. Ол - дауыс берудегі негізгі құжат.

Сайлау бюллетенінде барлық тіркелген кандидаттар тегі, есімі, әкесінің аты мемлекеттік тілдің әліпби тәртібімен көрсетіле отырып, енгізіледі.

Саяси партияларға дауыс беру үшін жеребе салу тәртібі бойынша (жеребені Ортадық сайлау комиссия өткізеді) саяси партиялардың атаулары енгізіледі.



Бюллетеньдер сайлауға дейін бір күн бұрын учаскелік

сайлау комиссияларына жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері

сақталатын бөлімге сүргі салынады және ішкі істер

органдарының күзетіне тапсырылады.

Бюллетеньдерді сайлаушыларға (дауыс берушілерге) сайлаушылардың (дауыс берушілер) тізімдері негізінде жеке басын күәландыратын құжат ты көрсету арқылы беріледі.



Дауыс беру тәртібі

Дауыс беру уақыты және орны заң бойынша белгіленеді.

Президентті, Парламент Мәжілісі мен маслихаттар депутаттарын жергілікті өз-өзін басқару органдарының мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру өтетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден бастап жиырмаға дейін жүргізіледі.

Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беруідің басталуы мен аяқталу уақытын басқа мерзімге белгілей алады. Бірақ таңғы сағат алтыдан ерте емес және жиырма екі сағаттан кеш емес. Осы талаптарды орындамау сайлау заңнамасын бұзуы деп қарастырылады.

Дауыс беру арнайы бөлінген ғимараттарда өткізіледі. Олардың ішінде жасырын дауыс беру үшін жеткілікті мөлшерде кабиналар жабдықталған, сайлау бюллетеньдерін беру орындары белгіленген және дауыс беретін урналар орнатуылған болуы тиіс.

Сайлаушылар кабиналардан немесе жасырын дауыс беруге арналған бөлмелерден өту үшін урналар қойылады.

Сайлау урналары бақылаушыларға, сенім білдірген тұлғаларға, журналисттерге көрініп тұруы керек.

Дауыс беруді бір сағат бұрын учаскелік сайлау комиссиялары ашады. Учаскелік комиссияның төрағасы дауыс беру басталғанға дейін отыз минут бұрын комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен сайлау урналарын: олардың ішінде сайлау бюллетеньдерінің бар, жоғын, урнаның бүтіндігін тексереді, пломба салады және сүргі соғады. Бюллетеньдер беруге жауапты сайлау комиссиясының мүшелелері міндетті түрде белгіленеді.

Дауыс беру процедурасындағы ең басты ереженің бірі - әр сайлаушы (дауыс беруші) жеке өзі дауыс береді – дауыс беру құқығын басқа тұлғаға тапсыру не басқа тұлғалар үшін дауыс беруіге тыйым салынады.

Сайлаушы өз дауысын беретін кандидат тегінің (партия атауының) оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.



Бюллетеньде белгілерді қарындашпен қоюға, сондай-ақ оған түзетулер енгізуге болмайды.

Сайлау кампаниясының нәтижелерін анықтауы

Сайлауларды аяқтау стадиясы – олардың нәтижелерін анықтау, сонымен бірге әр кандидат және әр бір саяси партия бойынша дауыстар жеке саналады.

Дауыстарды санау комиссия төрағасы сайлаудың

аяқталғанын жариялағаннан кейін жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада басталады.

Урнаны ашудың алдында барлық пайдаланылмаған бюллетеньдер саналады және қайтарылады.

Бұдан әрі дауыс беруге арналған урналар ашылады.

Урналар ашылғаннан кейін сайлау комиссиясы бюллетеньдердің санын белгілейді:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (дауыс берушілердің) санын;

2) әр кандидат, әр партия үшін берілген дауыстардың саны;

3) бұзылған бюллетеньдердің саны;

4) учаскелік сайлау комиссиясымен алынған бюллетеньдердің саны;

5) пайдаланылмаған бюллетеньдердің саны.

Бюллетеньдер жарамсыз деп саналады, егер:



  1. ол белгіленмеген үлгісінде;

  2. онда комиссия мүшесенің қолы жоқ;

  3. онда бірден артық кандидат, бірден артық саяси партия белгіленген;

  4. кім үшін сайлаушы дауыс бергені белгілеуі болмаса.

Сайлаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


11. Сайлаушыға жаднама

Сен белгілі әлеуметтік топтың өкілісің бе?

Сен ен жар емессің бе?

Сен белсендісің бе?

Сен жігерлісің бе?

Сен Қазақстан Республикасының азаматысың ба?

Сенің дауыс беру құқығың бар!

Сен сайлануға құқылысың!

Сенің дауысың шешуші бола алады!

Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сенің келесі құқықтарың бар:

1. Сайлауға және сайлануға (ҚР Конституциясының 33-б. 2-т.).

  1. Сайлауға ерікті қатысуға (Сайлау туралы заңының 3-б.3-т.).

  2. 18 жасқа жеткен соң дауыс беруге қатысуға (Сайлау туралы заңының 4-б.1-т).

  3. Сайлауға тең негіздерде қатысуға және бі дауысқа ие болуға (Сайлау туралы заңының 5-б. 1-т., 41 б. 1-т.).

  4. Сайлау комиссияның шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап 10 күн ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым беруге (Сайлау туралы заңының 20-б. 6-т).

  5. Сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жеріңіздің тіркелу фактісі бойынша енгізілуге (Сайлау туралы заңының 24-б. 3-т).

  6. Сайлаушылар тізімдерімен дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда танысуға, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар жөніндегі деректердің дұрыстығын тексеруге (Сайлау туралы заңының 26-б. 1.3-т).

  7. Сайлау учаскелері мен округтерінің, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын, шекараларымен танысуға (Сайлау туралы заңының 22-б).

  8. Тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарып тасталғаны үшін шағымдануға (Сайлау туралы заңының 26-б. 4-т).

  9. Сайлау алдындағы үгітке қатысуға (Сайлау туралы заңының 28-б. 1-т).

  10. Кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау қорларына ерікті кайырмалдықтар енгізу (Сайлау туралы заңының 34-б. 3-т).

  11. Дауыс беруді бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтік комиссиялардың шешімі туралы дауыс беру күніне кем дегенде 7 күн қалғанда хабар алуға (Сайлау туралы заңының 38-б.).

  12. Дауыс беретін уақыт пен орын туралы дауыс беру өткізілетін күнге дейін 10 күннен кешіктірмей хабар алуға (Сайлау туралы заңының 38-б. 2-т).

  13. Сіз денсаулығыңыздың жағдайына, отбасыңыздың сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне байланысты дауыс беруге бара алмаған жағдайда тұрған жерңнңзде дауыс беруге (Сайлау туралы заңының 41-б.6-т).

  14. Бюллетендерді толтыру кезінде Өзіңіз сенетін адамның көмегін пайдалануға (Сайлау туралы заңының 42-б.1-т).

  15. Сайлау учаскесі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамамен танысуға (Сайлау туралы заңының 43-б.8-1-т).

  16. Сайлау учаскелерінен алынған дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалардың негізінде жасалған ресми жиынтық тізімдермен танысуға (Сайлау туралы заңының 43-б.8-2-т).

  17. Дауыс беруді өткізу, сайлау туралы заңдардың бұзылу мәселелері жөнінде соттар мен прокуратура органдарына жүгінуге (Сайлау туралы заңының 49-б.).


Барлық сұрақтар және қосымша мәлімет бойынша Орталық сайлау комиссияға, аймақтық комиссияларға, учаскелі сайлау комиссияларға тайсалмай бар
11 – 1. Сайлаушының жаднамасы

Қалай таңдау жасауға болады?

Өз кандидатураларын ұсынғандарды біл.

Олардың бағдарламаларымен таныс.

Сенің құқытарыңды кім қорғайтынын анықта.

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерге бар.



Өз таңдауыңды жаса – Дауыс бер!

Сен дауыс беруге қалай қатыса аласың?

Аймағында сенің тұрғылықты жерің тіркелген сайлау учаскесінің сайлаушыларының тізімде өзіңнің бар-жоқтығынды біл.

Егер сен тізімде болмасаң – сайлаушылардың тізіміне енгізілмегеніңе заң бойынша шағымдануға саған құқық берілген.

Сайлау күні сенің іс-әрекеттерің:

Сайлау учаскесіне сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін кел.



Жеке күәлігіңді ала баруды ұмытпа!

Егер дауыс беру қағаз бюллетеньдерді пайдаланумен өткізіліп жатса, сайлаушылар тізімінен өз тегіңді тауып, қолыңды қой да бюллетеньді ал.

Дауыс беруге арналған кабинада бюллетеньді толтыр.

Толтырған бюллетеньді мөлдір дауыс беру жәшігіне сал.



Егер дауыс беру электрондық дауыс беруді пайдаланумен өткізіліп жатса, жеке күәлігіңе жапсырылған штрих-кодты сканерлеудің көмегімен тіркел де, дауыс беру пультін ал.

Дауыс беруге арналған кабинада электрондық бюллетеньнің көмегімен өз таңдауыңды жаса.

Сенің дауысың кодталған цифраларды есте сақта немесе жазып ал. Олардың көмегімен өз дауысыңның қалай есептелгендігін тексеруге болады.

Дауыс беруге арналған кабинадан шыққан соң терминалды комиссия мүшесіне бер.
12. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

Бұл қызықты

Маңғолдар жаулап алған уақыттан бері, Ресейге қосылғанға дейін көп бұрын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен бірге қоғамның тұтас және оның жекелеген институттарының негізгі қызмет ету аспектілерін реттейтін бір қатар қалыптасқан заңдар мен ережелер болған. Құқықтың негізгі көздерінің бірі «Шыңғыс ханның ясы», мұнда «дүние жүзінің ұлы жаулап алушысы» хандық таққа ие болудың тәртібін берген.

Ясыға сәйкес жоғары билікке деген құқық көзі бұл «алтын тектің еркі» болып табылады; «алтын тектің еркін» тікелей білдіру құралы құрылтай – ханзадалар мен ақ сүйектердің жиыны болып табылады. «Алтан урганың» кез келген мүшесі, егер ол өзінің қасиеттерімен «алтын тектің» өкілдерінің басым көпшілігімен танылса және құрылтайда бекітілсе хан бола алады.

Жеке тұстары ауызба-ауыз таратылған, ал үзінділері фолклор материалдарында сақталып қалған «Жеті Жарғы» дала ережесінде де хандар халық көп жиналғанда текті шыңғыздықтар болғанда сайланатыны айтылған. Хандарды Шыңғыс хан ұрпақтарынан, сұлтан-шыңғысдықтардан немесе «ақ сүйектерден» таңдаған. Әдетте, сайлау тамыз айында, мал семіргенде, күздіктен қыстыққа көшуге дайындалғанда өткізілетін. Көне дәстүрге сәйкес қазақ хандарын сайлағанда үш жүздің өкілдері қатысқан. Барлық үш жүздің жиылысының (мәслихат) негізгі орны Сайрам қаласының жанындағы «Мәртөбе» төбесінде (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) болған.

Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі қабылданған заңдарының бірі бұл 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының жарғысы». Жарғыда да сайлаудың өткізілу уақыты мен орны жазылған.

Бұл жарғыға сәйкес ауылдарды старшиналар, болыстарды – сұлтандар, округтерді – аға сұлтандар, ал ауылдардағы сот істерін қарастыруды би деп аталатын құрметті қырғыздар (қазақтар) жүзеге асырған.

Старшиналарды қырғыздардың (қазақтар) өздері үш жыл мерзімге сайлаған және құрамы екі ресейлік қосшы биінен және екі құрметті қырғыздан (қазақтар) тұратын әрбір округте болатын округ Бұйрығымен бекітіледі. Қазақ халқынан қосшы билерді округтік Бұйрыққа билер мен старшиналар екі жылға сайлайтын. Бір старшина бірнеше мерзімге сайлана беретін. Старшиналар ауылдарда ауызша басым дауыспен сайланатын.

Сұлтандар атағы мұралық болатын, олардың болыстарды басқару құқықтары мұрагерлікке немесе туыстық бойынша берілетін болған. Бірақ бұл жағдайда да өз әдет-ғұрыптары бойынша басқа сұлтанды таңдай алатын қоғамның келісімі керек еді. Аға сұлтанды сұлтандардың өздері үш жыл мерзімге сайлайтын.

Билерді сайлау тәртібі жарғыда және басқа ережелерде былайша болған: «адамгершілігі бар, жиырма бес жастан кіші емес, ел арасында әділдігімен және халық заңдары мен әдет-ғұрыптарын білуімен белгілі болған және сот пен тергеуде болмаған қырғыздар (қазақтар) би болып сайлана алады». Билерді халық үш жылға болыс басшылары сайлаған уақытта сайлаған және бұл атақ та облыс губернаторымен бекітілетін болған.

1917 жылғы ақпан революциясынан кейін және билік уақытша үкіметке ауысқанда қазақ зиялыларының өкілдері, жергілікті буржуазия және шенеуніктер Уақытша үкіметке көп үміт артқан, қазақ мемлекетін құрудың жолдарын іздестірген Қазақстанның Ресей құрамындағы автономиясы және оны басқарудағы тәуелсіздік үшін сөз сөйлеген.

Бұл саяси қызметтің қорытындысы «Алаш» партиясының құрылуы (1917 жылы Орынбор қаласында қазақтардың съезінде). 1917 жылғы қарашадағы Құрылтай Мәжілісіндегі сайлауда алынған дауыстар мөлшері бойынша «Алаш» патиясы сол кездегі Ресейде болған алпыс партияның ішінде сегізінші орынға ие болды.

1917 жылы Орынборда Қазақстанның ұлттық автономиясы жарияланғаннан бастап және А. Бөкейханов бастаған «Алаш Орда» үкіметі құрылғаннан бері сайлау заңнамасы өзгертілді.

Мысалы, сайлаушы құқығы жынысы мен тегіне қарамастан барлық азаматтарға берілді. Заңнама органдарына депутаттыққа сайлау тура, тең және құпия дауыс беру арқылы жүргізілді.

Бірақ ойға алындар жүзеге асырылмады. 1917 жылы «Алаш Орда» үкіметі өз қызметін тоқтатты, ал 1918 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.


Кеңестік сайлау жүйесі

Ескі мемлекеттік машинаны жоюмен бірге жаңа билік өз органдарын – кеңестерін, революциялық комитеттерді және т.б. құрды.

1919 жылы РКФСР Кеңес халық комитеті «Қарғыз өлкесін басқару бойынша революциялық комитет туралы» Декрет қабылдады. Қырғыз ауылдары мен болыстарда сайлау құқығы сайлау күніне дейін 18 жасқа толған, осы ауылға тіркелген немесе осы ауылда тұрақты тұратын немесе онда бір жылдан аса уақыт тұратын барлық азаматтарда болды.

Ал «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданғаннан кейін бір жылдан соң жалданбалы еңбекті қолданатын тұлғалар сайлау және сайлану құқынан айырылды.

Республикадағы сайлауларды жалпы басқару ҚАКСР ІІХК-на тапсырылды, ал тікелей басқару губерниялық және уездік (аудандық) атқарушы комитеттерге жүктелді. Олар сайлау комиссиясының құрамын да бекітті.

1936 жылға дейін сайлау туралы кеңес заңнамасы олардың еркіндіктерін жоққа шығарды (әрине, егер оларды басқару ішкі істер комитетіне жүктелсе), ашық кемсітушілік орнатып, сайлау және сайлану құқығын тек «нанын өндірістік және қоғамға пайдалы еңбекпен табатындарға», сондай-ақ солдаттар мен еңбекке қабілетсіздерге берді.

1936 жылдан бастап КСРО - ның халқы, яғни, жасы 18-ге келген барлық қазақстандық азаматтар сайлауға қатысуға және сайлануға құқылы болды, ал барлық мүліктік және әлеуметтік шектеулер жойылды.

Бірақ сайлау заңнамасындағы барлық өзгерістер нақты мәніне – сайлау үдерісіне қатысты болмады. Сайлаушы, бұрынғысынша, таңдаусыз тек бір ғана үміткерді таңдауға мәжбүр болды, үміткерлерді депутаттыққа жылжытуда таптық көзқарас сақталып қалды.

Бұл жағдайда Конституцияда бекітілген кеңестік сайлау құқығының барлық демократиялық заңережелері барлық маңыздылығынан айырылып, декларативтік сипатта болды.
Қазақстанның тәуелсіздігіне алғашқы қадамдар

Сайлау туралы ескі кеңестік заңнама нақты бәсекелестік күрес жағдайына бейім емес еді, оның олқылықтары көп болды және сондықтан да теріс пайдалану үшін көптеген мүмкіндіктер қалдырды.

Жаңа саяси жағдайлар жаңа сайлау заңдарын талап етті.

1989 жылдан бері Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ¼ (жоғарғы билік органы) қоғамдық бірлестіктерден сайланатын болды.

Жоғарғы Кеңестің депутаттары депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажет мерзімге қызметтік немесе өндірістік міндеттерінен боса-тылуы енгізілген жаңалықтардың бірі болды. Бұл кәсіби парламентті қалыптастыруға қарай жасалған қадам еді.

1990 жылдың 25 наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ХІІ ша-қырылуында алғашқы демократиялық сайлау болып өтті. 360 депутаттық мандат үшін сайлау алды күресте екі мыңнан астам үміткер қатысты (бір мандатқа 6 үміткер). Республика бойынша жалпы алғанда 84% қатысты.

Кейіннен жаңа партиялар мен қоғамдық бірліктердің құрылғандарына байланысты қоғамдық ұйымдардан жоғары өкілдік органға депутаттарды сайлау алынып тасталды.

Қазақстан азаматтарының сайлау мүмкіндігі туды.



1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанда «Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын құру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Бұл заңға сәйкес Қазақ КСР-нің алғашқы Президенті Жоғарғы Кеңеспен алты жыл мерзімге сайланды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қаулысымен тәуелсіз Қазақстанның бірінші Президенті лауазымына сайлау бекітілді. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.

Бірінші Қазақ КСР Президентінің жалпы сайлауы 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді.



Тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесін

реформалау кезеңдері

1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конс-титуциясы қабылданғаннан кейін сайлау жүйесінің реформалауының бірінші кезеңі аяқталды.

1993 жылғы Конституция халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі деп жариялады және құпия дауыс бергендегі азаматтардың жалпы, тең және тура сайлау құқықтары негізінде тұлғаларды белгіледі:

1) Жоғарғы Кеңес (жалғыз заңнамалық және жоғарғы өкілдік орган),

2) Президент – мемлекет Басшысы, республиканың атқарушы билігінің бірыңғай жүйесін басқарушы (вице-президентпен бірге) және жергілікті сайланып қойылған органдар.

1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасында сайлау туралы Кодекс қабылданды. Сайлау органдары 1993 жылғы Коституция-да белгіленген Қазақстанның мемлекеттік құрылымы «жартылай-президенттік» республика нысанына сәйкес болды. Коституцияның өзі сияқты олар да ауыспалы сипатта болды: өткен кеңестіктен жаңа демократиялық мемлекетке.

Бұл кезеңде мемлекетті командалық басқару жүйесі бұзылып, ал жаңа демократиялық жаңа ғана құрылып жатты және мемлекеттің тұрақтылығы мен елдегі өткізіліп жатқан реформалардың жоғары қарқынын сақтап қалу аса маңызды болды.

Бұл үшін халықтың сенімімен қаруланған, ел тағдыры үшін өзіне жауапкершілік алатын күшті орталық билік қажет еді. Президентік билікті күшейту керек болды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау бойынша өкілетілік Республика Президентіне берілді, ал жергілікті сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен қалыптастырыла бастады.

1995 жылы Қазақстан Президенті оған Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігін пайдаланып, Конституциялық заң күші бар референдумды ұйымдастыру және өткізу шарттары мен тәртіптері нақты берілген Жарлық қабылдады. Атап айтқанда Жарлық референдумды өткізу құқығын Жоғарғы Кеңеске, Президентке, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне, сондай-ақ бір топ азаматтарға (саны 200 мыңнан кем емес) берді. Бұл конституциялық заңнамалық актіні қабылдаған-нан кейін мемлекеттік істерді басқаруға халықтың қатысуының ең демократты нысанын жүзеге асырудың құқықтық механизмі жасалды – мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелері бойынша тікелей дауыс беру.

Мұнда мәселелердің бірін Қазақстан халқы 1995 жылдың 29 сәуірінде 538 қазақстандық және шетелдік бақылаушылардың қатысуымен республикалық референдум арқылы референдумға қатысқан 95,46% сайлаушылар Қазақстан Республикасының қазіргі Президентінің өкілетін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту үшін дауыс берді.

13. ЖАҢА САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Қазақстанның жаңа сайлау жүйесінің құрылуы 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда президенттік билік нысанын нақты бекіткен қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конститу-циясының қабылдануына байланысты болды.

Атап айтқанда жаңа Конституция Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Республика Президентінің ұсынымы бойынша Парламент Мәжілісімен сайланатынын белгіледі. Осылайша, еліміздің сайланып қойылған органы орталық сайлау органын қалыптастыруға тікелей қатысатын болды.

1995 жылғы Конституцияның жаңалығы бұл Мәжіліс (депутаттары азаматтардың жалпы сайлауымен 2007 жылы сайланған, төменгі палата) және Сенаттан (депутаттары облыс, Астана мен алматы қалаларының мәслихаттарымен сайланатын, жоғарғы палата) тұратын екі палаталы Парламент.

2003 жылдан бастап ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Заңға түбегейлі өзгерістер енгізілуде:

сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынымдары бойынша қалыптасады;

партияның Парламентке өтуі үшін жетіпайыздық барьер қойылды;

Президенттің, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары-ның өкілеттілік мерзімдері бар;

бірегей бес жылдық электоралды кезең белгіленді;

Алғашқы Президент шексіз рет дауысқа түсе алады;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланады;

Парламентті Үкімет қалыптастырады;

Республикалық бюджеттен басқа мемлекеттік емес сайлау қорларын қалыптастыруға рұқсат етіледі.


Қосымшалар


    1. жүктеу 0,91 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау