Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет16/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62

34
мей 2014 г.
5.  Учебно-методическое пособие «Диагностический инструментарий в помощь учителю» в издательстве под 
ред Р.Ж. Аубакировой, Ш.Ш. Абишевой, Г.С. Турсунгожиновой, О.Г. Беленко, К.С. Адильжановой – Семей 
2014 г.
ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАР 
ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Берік А.Б. 
6М010300 «Педагогика жəне психология» мамандығының 1 курс магистранты
Жапарова Г.С.
 педагогикалық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қаласы
Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сəйкес келмеуі. 
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным проце-
стері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар 
өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, əл-
жуаз, тез шаршап, көп ауырады [1,2]. 
Психикалық  дамуы  тежелген  балалар  дегеніміз – оқу  бағдарламасын  меңгеруде  қиындықтарға 
кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мі-
нез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: 
мектепте  орнатылған  тəртіп  нормаларын  сақтау  оларға  аса  қиын.  Оқудағы  қиыншылықтар  олардың 
жүйке жүйесінің əлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, 
жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. 
Бүгінде  еліміздің  барлық  аймағында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беруді  қолдау  негізінде 
жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сы-
ныптардың  мақсаты:  əр  сыныптағы  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бір  сыныпқа  топтастырып,  əр 
оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына 
үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде əртүрлі сыныптан жиналған оқушы-
лар  оқиды.  Екіншіден  олардың  жас  ерекшелігі  əртүрлі  болғандықтан  əр  сыныпқа  өзінің  сыныбына 
сəйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының əртүрлілігі. Төртіншіден мұндай 
сыныпқа  сабақ  беретін  пəн  мұғалімдерінің  арнайы  педагогикалық  білім  көлемінің  аздығы.  Осының 
нəтижесінде  балаларды  оқытудың  бірінші  сатысынан-ақ  қиыншылықтарға  тап  болады.  Мұғалімдер 
бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай ин-
теграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады.
2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдарламаның басты мін-
деттерінің  бірі – еліміздегі  инклюзивті  оқытуды  дамыту  болып  саналады.  Мұндай  білім  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  өзге  оқушылармен  тең  дəрежеде  жалпы  білім  беру  процесіне  қатыстыруға  жол 
ашады [3]. 
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру 
ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу 
тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім 
беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесін-
де дəстүрлі түрде қалыптасқан жəне даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада əлеуметтенуі мен оның 
дамуына жəне оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады. 
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагоги-
калық қолдауды қамтамасыз етеді [4].
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тəрбиелеуді табы-
сты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамта-
масыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың негізгі жүйесі инклюзивті білім берудің 
практикалық адымы ерте ғылыми теориямен өзіндік үндестігін табуда.


35
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары-
ның түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
1. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
2. Шаршап кетпеуін қадағалау;
3. Оқу əрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
4. Ойын дағдыларын оқу əрекетіне аудару;
5. Арнайы əдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
6. Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Балалардың эмоционалды дамуын психологиялық түзету бағыты қазіргі кезде өзекті. Түзету-дамы-
ту сабақтарының мақсаты ойын арқылы баланың эмоционалды аймағын дамыту болып табылады [5]. 
Қойылған мақсаттарға жету үшін педагог-психолог өз кезегінде келесідей міндеттерді айқындайды:
- түсіну, сезіну, өз сезімдерін білдіре білуге, эмоционалды күйі, басқа адамның күйін символикалық 
жəне вербальді деңгейде қабілеттерін дамыту;
- психоэмоционалды жағдайын түзету;
- өзіне жəне қоршағандарға позитивті мінез-құлық түрін үйренуіне жəрдемдесу;
- ойын арқылы балалардың бір-бірімен серіктестік қарым-қатынас позициясын қалыптастыру; фан-
тазияны, шығармашылық қиялын дамыту.
Балалармен сабақты құрастыра отырып, келесідей қағидаларды ұстану қажет:
- мектепке дейінгі баланың даму кезеңінің қажеттіліктерін, құндылықтарын жəне ерекшеліктерін 
есепка алу;
- бұл даму кезеңіндегі ойын іс-əрекетіне тірек;
- баланың психикалық жəне əлеуметтік сапалары қалыптасуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Психикалық дамуы тежелген балалармен түзету жəне дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда төмен-
дегi бірқатар мəселелер басты назарда болып, қатаң ескерілуі тиіс:
- Баланың қоршаған ортаға бейiмделуге қабілеті.
- Баланың мiнез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы ерекшелiктері.
- Баланың өзін-өзi бағалау деңгейі.
- Баланың қоршаған ортаға сеніммен немесе сенбеушiлiкпен қарауы.
- Баланың өз күшiне деген сенімділігі немесе сенiмсiздiгi.
- Баланың белсендiлiк деңгейі.
ПДТ балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары келесідей қағидалар мен ережелерге сү-
йенеді:
- сабақта əрбір балаға индивидуалды-дифференциалды жол таба білу;
- сабақ барысында шаршаңқылық болмау үшін, əртүрлі құралдарды қолдану;
-  балалардың  танымдық  əрекеттерін,  сөздерін  дамыту  жəне  оқу  əрекетіндегі  керекті  дағдыларды 
қалыптастыратын, барынша белсендіретін əдістер мен технологияларды қолдану;
- балалармен жұмыста ерекше педагогикалық такттың көрінуі.
Сабақты жүзеге асыру шарттары:
- сабақ индивидуалды жəне топ бойынша жүргізіледі;
- бір сабақтың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс;
- сабақта белсенді түрде музыка қолданылады.
Əрбір сабақ бірнеше бөлімнен құралып, 25-30 минут болады.
Сабақтың дамытушылық эффектісі балалардың шығармашылық потенциалын, өз сезімдерін сөзбен 
білдіру жəне оларды сезіну қабілеттерін, балаларда психикалық процесстердің дамуын болжайды. 
Сабақтың  тəрбиелік  эффектісі  балалардың  денсаулықтарын  нығайту  жəне  сақтау,  өзін  жəне  қор-
шаған ортаны тану, ерікті-эмоционалды сапаларын, əлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру [5].
Сабақта балалардың денсаулықты үнемдейтін технологиялар: ойын терапиясы, динамикалық кідіріс, 
арт-терапияның элементтері, релаксациялық техникалар, психогимнастика қолданылады. 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Балуева Е.Б. Развитие психологических основ учебной деятельности у младших школьников с ЗПР. – Ярос-
лавль, 2007.
2.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла-
масы. Астана, 2010 ж.
3.  Психология детей с задержкой психического развития/ Под ред. Защиринской О.В. – СПб.: Речь, 2007. 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау