Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет12/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43

      1. Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі 
көзделмесе, жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге кемінде бір ай бұрын 
жазбаша хабардар етуге міндетті.
      2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан 
жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 
 1) тармақшасында 
1-тармағының
көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу
      1. Іссапарға жіберу – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді 
қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) еңбек шартына байланысты белгілі бір 
мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа заңды тұлғадағы басқа
лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы.
      Белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлерді:
      1) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаға акциялары (қатысу үлесі) тікелей 
немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға;
      2) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (қатысу үлесі
) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға іссапарға жіберуге жол беріледі.
      2. Іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу 
мақсаттарына қарай заңды тұлғалар арасындағы жазбаша келісімде белгіленеді.
      3. Жұмыскерді іссапарға жіберу талаптары, тәртібі және мерзімі заңды тұлғалар мен 
іссапарға жіберілген жұмыскер арасында қол қойылатын келісімде айқындалады.
      Жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның орташа тізімдік санының он пайызынан 
артық жұмыскерлер бір мезгілде іссапарға жіберілген жағдайда, жұмыскерлер жіберілетін заңды 
тұлға жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет.
      Келісу тәртібі заңды тұлғалар мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы тараптардың 
келісімінде айқындалады.
      4. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс 
берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орнының өзгергені көрсетіле отырып, еңбек
шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана 
іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші 
іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға 
міндеттенеді.
      6. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының 
ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, ол іссапарға жіберілген заңды тұлғаның жұмыс 
уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады.


      7. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, ол іссапарға 
жіберілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік 
жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, іссапарға 
жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      8. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен 
жұмыскер іссапарға жіберілген заңды тұлғаға жүктеледі.
41-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ жұмыскерді уақытша алмастырған жағдайда,
жұмыс берушінің жұмыскерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде үш айға дейінгі мерзімге
, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлей отырып, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа 
жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына 
байланысты қарсы көрсетілімі жоқ, сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа не жұмыс берушінің
басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне ауыстыруға құқығы бар.
      Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстырған кезде
жұмыскерге осы Кодекстің 
 көзделген мөлшерлерде өтемақы төленеді.
127-бабында
42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты
қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық кезеңіне 
ауыстыруға құқығы бар.
      2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде жұмыскердің 
еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі.
43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, 
кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына 
өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық 
қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге 
не кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым жеңіл 
жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған жағдайларда оны жұмыстан 
босатуға міндетті.
      2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік 
ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде не өндіріске байланысты емес
денсаулығы нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас 
тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 
 3) 
1-тармағының
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
44-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай 
отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа 
жұмысқа ауыстыруға міндетті.


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау